Үлпілдеген ерекше дәмді бауырсақ пісірудің құпиясы Наурыздан бері тек осылай пісіріп жүрмін

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 08. 2024
  • Сәлем достар! Наурыз айында жабдық(өмірден озған адамға берілетін ас бізде солай аталады, бір жерде құдай жолы десе, бір жерде иіс дейді, бізде оны жабдық дейді) берілетін болып, қазы мен қартаны үйден қайнатып апару керек болып, үйде қазы қайнатқанбыз. Үлкен сары ала май қазыны тұздап, сарымсақтың, бұрыштап, орап қайнатып едім, қанша баптап қайнатып да, барлық майы сорпаға шығып алыпты. Оның кәрі жылқының қазысы екенін сол кезде білдік. Тез дүкенге жүгіріп майы аппақ, жұқа ғана майы бар қазы алып келіп, басқасын қайнатып әлек болғанбыз. Бірақ содан кейін қалған қазының майына бауырсақ қуырып көрсем ең дәмді бауырсақтың көкесі сол екен. Сонымен бүгін сіздермен сол рецептті бөліспекшімін.
    қамырына:
    200мл 6%сүт
    200мл ыстық су,
    1,5 шай қасық ашытқы менде пакмая,
    0,5ш.қ. тұз,
    1ш.қ. аса толтырмай құмшекер
    видеода көрсетілген кесемен 5жарым кесе ұн керек.
    Бір 12-14адамдық дастарқанға екі жерден қоятын бауырсақ шығады.

Komentáře • 9

  • @Baltabai_28
    @Baltabai_28 Před 3 lety +4

    Айналайын, қызым, бауырсақ деген керемет қой. Анамның бауырсағының дәмі әлі аузымнан кетпейді. Қолыңа қуат берсін

  • @iglikalkhamin6827
    @iglikalkhamin6827 Před 3 lety +3

    Бәрекелді...🇰🇿👍🤲

  • @user-he6no8vg3d
    @user-he6no8vg3d Před 3 lety +2

    Қолың дерт көрмесін ,керемет

  • @user-kd8un2ey7h
    @user-kd8un2ey7h Před 3 lety

    Керемет

  • @user-sx9in3iy1b
    @user-sx9in3iy1b Před 3 lety +1

    Естесственно,со вкусом конины,это будет другой вкус!!))

  • @aigerimmuftildaeva7929

    Сәлеметсіз бе. Маған бауырсағыңыз ұнады. Қалай көбейтіп істесе болады?

  • @Kaiki3-Sov7A.
    @Kaiki3-Sov7A. Před 3 lety +1

    Бауырсақтарыңыз Тамаша көрінеді! Бірақ, майонездің не керегі бар? (Құрамы: уксустан бастап а. қ.) Қазір бәрі қосатын болған! Ертеде Апаларымыз онсызда пісірді емеспа! Міне қою сүт 6%, "ПАКМАЯ"-өте күшті ашытқысы бар. Бауырсақ -( пышный рус.) болғанымен, іші үрленіп, бос көрінеді. Жәнеде қазыр Қыз -келіншектің бәрі стақанмен кеседі, олда дұрыс емес! Қамырды есіп (шұжық сияқты) отырып, қолдың қырымен немесе пышақпен тез-тез кеседі. Оны біз Әже - Апаларымыз үйрендік. Сонда доп-домалақ болып Қазанда біркелкі піседі. Әйтпесе, не қазіргі " котлет методы "?!

  • @user-vf6uw6ru1p
    @user-vf6uw6ru1p Před 3 lety

    Салем.Сгущенканын банкасын аузын тегистеп урып алынызда астын 3-4жерден тесип бауырсак кесетин жасап ала гой.

    • @aidana1349
      @aidana1349  Před 3 lety

      Күшті лайфхак екен