40 жастағы азамат пен оның сүйіктісі үш жасар егіз қыздарды қорлады деп күдікке ілінді

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 10. 2023
  • Алматы облысы Бақанас ауылында үш жастағы егіз қыздарды қорлады деп күдікке ілінген ер адам мен оның азаматтық некедегі жұбайы ауыр қылмысқа бірге жауап беретін болды. Өйткені құзырлы орган өкілдері жаға ұстатар жағдайдан соң ауруханаға түскен бүлдіршіндердің нағашы әжесін де қамауға алған. Ал ауыл тұрғындарының кейбірі қыздардың анасы да, апасы да үйдегі азаматтың сұмдық әрекетінен хабардар болды дегенге сенеді. Бұдан бөлек, бақанастықтар полицейлерден қоғамдық бақылауды күшейтуді өтінеді. Өйткені егіздерді зорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ауылда такси жүргізушісі болып жұмыс істеген екен. Ал автобус тапшылығынан балаларын мектепке таксимен жіберетін жұрт көмек сұрамасқа болмайды дейді. Бақанастағы даулы мәселенің жай-жапсарын әріптесім Бауыржан Жақсымбет біліп қайтты.
    Үш жастағы егіз қыздар жақынынан жәбір көрді дегенді естіген Бақанас жұрты тыныш жата алмаған. Әсіресе бүлдіршіндерге сексуалды сипаттағы қорлық көрсетті деп нағашы апасымен бірге тұрған ер адам қамауға алынған соң жайбырақаттық таныту мүмкін болмады дейді. Тұрғындардың айтуынша, күдіктімен көңіл қосқан әйел өзінің қызы және жиен немерелерімен ер азаматтың үйінде тұрған. Ал үшінші қазан күні таңертең қансыраған үш жасар қызды анасы ауруханаға алып барғанын айтады жиналған жұрт. Сол уақытта айтуға ауыз бармайтын былықтың беті ашылды дейді.
    БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
    - Сұмдық жағдай дәл осы баспанада болған. Тұрғындардың айтуы бойынша қансырап қиын жағдайға түскен қаршадай қызды ауруханаға апарғаннан кейін егізін де бірден тексерткен екен. Сол кезде оның бұған дейін зорланғаны анықталыпты.
    ӘСЕЛ ОМАР, Бақанас ауылының тұрғыны:
    - Скорый помощьпен өзі анасы өз қолымен алып келіп тұр ғой баланы. Оны егіздің сыңары бар екенін естідік дейді. Содан кейін ол қызды да алдырған. Ол қызды алса ол қызға исключение жасап дәрігерлік заключение береді ғой, соны жасаған кезде ол қызға уже 6 ай уақыттай болған деп отыр ғой.
    Ауыл жұрты отбасының әлеуметтік жағдайы нашар екенін айтады. Ал бүлдіршіндерге жасалған мұндай сұмдықты ер адам әйелі мен оның қызын қорқытып жасап келген болуы мүмкін деп есептейді. Әрі тұрғындар анасы мен қызының жаға ұстатар жағдайдан хабардар болғанына сенімді.
    НҮРГҮЛ НАУШАБЕКОВА, Бақанас ауылының тұрғыны:
    - Кінәні мен бірінші милицияларға қоятын едім. Жұмыс жасамағандықтан. Бұдан бұл 2 жыл бұрын қозғалды жаңа естіп жатсыздар айтылды бұның бәрі. Одан кейін үш ай бұрын қозғалған нәрседе РОВД-мыз, біздің милициямыз жұмыс жасамады. Дұрыс жұмыс жасамады. Ол кісіні тоқтату керек еді.
    Қазіргі уақытта 40 жастағы ер адам мен оның сүйіктісі күдікті ретінде ұсталған. Ал прокуратурлар бұл іске қатысты тергеудің басталғанын хабарлады.
    АЙДЫН РАЕВ, Балқаш ауданының прокуроры:
    - Тергеп-тексеру өндірісі басталды. Зорлық-зомбылық деректері бойынша бұл ҚР 120, 121 қҚлмыстық кодексімен баптармен қозғалған болатын. Кеше ізделініп полиция қызметкерлерімен содан кейін сағат 17-де ұсталынған болатын өзі полиция қызметкерлеріне еркін түрде өзі келді.
    26 жастағы келіншектің егіздерден бөлек екі жастан асқан кішкентайы және үлкен балалары бар екен. Олар қазір жауапты мамандардың бақылауында. Ал, әбден қорлық көрген Айман мен Шолпан есімді егіз қыз және олардың анасы қазір облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.
    АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:
    - 2020 ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ЕГІЗ БАЛАЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ. БАЛАЛАР КЕЛГЕН КЕЗДЕ БАРЛЫҚ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ. БҮГІНГІ ТАҢДА БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ОРТАША АУЫРЛЫҚТА. ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАТҚЫЗЫЛДЫ. БІР БАЛАҒА ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУМЕН ОТА ЖАСАЛЫНДЫ.
    Бұл оқиғадан қатты шошып қалған ауыл тұрғындары соттың ашық өтуін талап етуде. Сонымен бірге жиналғандар аядай ауылда мұндай жағдай қайталанбас үшін құзырлы орган өкілдері такси жүргізушілерін де қатаң бақылауға алу қажет дейді. Себебі, егіз қыздарға қорлық көрсетті деген күдікті такси жүргізушісі болған екен. Оның үстіне автобустың тапшылығынан балаларын мектепке көлік жалдап жіберетін жұрт олардың болашағы үшін де алаңдайды.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Komentáře • 551

  • @user-xl8fm6dt8n
    @user-xl8fm6dt8n Před 9 měsíci +103

    Жылап отырмын,жүрегім қарс айрылып...Жаңалықтың барлығы осындай зорлау мен қорлау болып кетті.Не деген масқара ? Періштелер емес пе?Хайуанды халықтың қолына қолына берсін.Қатаң заң шығарылсын.Талап етеміз .Құрметті президентіміз Қасымжомарт Тоқаев мырза сізден сұраймыз!!! Қатаң заң шығарыңызшы?! Өсіп келе жатқан қыздарымызды кім қорғайды? Сіз қорғайтын заң қабылдамасаңыз.

    • @veneraakhmedova5358
      @veneraakhmedova5358 Před 9 měsíci +1

      Жанымау балапандар өмір бойы травма жасап берди ғой не жазығы бар балалардың

  • @user-fv8yk8un8s
    @user-fv8yk8un8s Před 9 měsíci +176

    Алла сақтасын, мына аюандыққа барғандарды халықтың алдына шығарып дарға асу керек, күнде еститініміз осындай жағдай, өлім жазасын бермесе бұл әлі жалғасады, жоғарыда отырғандар не күтіп отырсыздар? Екі күннің бірінде бала зорлау, қашан қатал заң шығарасындар ?

    • @user-rk2sn1gd9v
      @user-rk2sn1gd9v Před 9 měsíci +9

      Аиуаннаньда бетер болдго мына оңбаған куиеуи сымагы.Не деген аиел баидан өлип бара жатрма булдиршиндерн зорлатып ари билип отырып рас болса.Ана деген аты каида балдарға карамаи.Жалпы арак ишетин ата ананы балалардан алшактау керек

    • @user-lk5me8bq3i
      @user-lk5me8bq3i Před 9 měsíci +6

      Есірткі мен араққа құмар отбасыларды..
      Полиция есепке алып қойса боладығой. Құдайдан қорықпағандар...😢

    • @aigerimnarunova3795
      @aigerimnarunova3795 Před 9 měsíci +2

      Ote duris kaluka bersin aiuandardi kinap oltiru kerek mal dit ondailardi

    • @user-wz3li7tu7p
      @user-wz3li7tu7p Před 9 měsíci +1

      Олим жазасына кю занын шыгарыу керек

  • @user-cg9vs9pg8e
    @user-cg9vs9pg8e Před 9 měsíci +106

    Ату жазасын неге бермейді педофилдерге өлім жазасын беру керек 😢

  • @user-mb1sf4sq8o
    @user-mb1sf4sq8o Před 9 měsíci +122

    Ату керек халық алдында. Басқаларға сабақ болады!

    • @user-rr5so3mc2o
      @user-rr5so3mc2o Před 9 měsíci +3

      Ату, тым женил жаза...

    • @user-tz6kw3hn3r
      @user-tz6kw3hn3r Před 9 měsíci +1

      Азаймайды атпаса, мынау не сумдык жаналык ашсак педофилдер туралы шыгады да турады кунде, ату жазсын берсин, газ камерада кинасын.

    • @NesibeliNnn
      @NesibeliNnn Před 9 měsíci +1

      Ату жазасы аз ғой бұларға, оданда қиналып өлсінда малдар ешектер. Бірақ малмен ешекте олай жасамас.🤦🏼‍♀️🤦🏼‍♀️

    • @user-yy3pu2xy6z
      @user-yy3pu2xy6z Před 9 měsíci

      Жемкор билик кинали халыкты ойлап откан жок зан жок

    • @user-oc9vf5xc2w
      @user-oc9vf5xc2w Před 9 měsíci +2

      Аллаһым сактайгор, 3 жасар баланы деуге типти аузың бармайды😢 Кошеде оздерине дардай катындар курып калыппа

  • @mobilplus7729
    @mobilplus7729 Před 9 měsíci +56

    Не деген сұмдық бұл
    не болып бара жатыр
    3 жасар қыз , 5 жасар , 10 жасар қыз ,кіп кышкентай бүлдіршіндер
    жүрек ауру болдық ,зорлық зомбылық көрсеткен еркек емес ездерді халық алдында тас аттық жасау керек , мұндай індет сол кезде
    тоқтайтын шығар ,
    хайуандарды түмеге отырғызып тамақ берып
    төсек берып масыл етудің қаншалықты керегі бар

    • @user-ek1hg1rs7o
      @user-ek1hg1rs7o Před 9 měsíci +1

      3 айлық қызын да зорлаған екен бір “әке”… қалай?….

  • @user-gr2ze5hy5s
    @user-gr2ze5hy5s Před 9 měsíci +56

    Не болып барады Алла күнде еститініміз осындай сұмдық. Неге бұндай құбыжықтарға ату жазасы берілмейді. Ату жазасы талап етемін ауандарға😢

  • @user-zs7yg3rr5l
    @user-zs7yg3rr5l Před 9 měsíci +35

    Зорлагандарды ташагын шауп тастау керек халыктын козинше сол кезде тиылады

  • @zoiya4549
    @zoiya4549 Před 9 měsíci +39

    Педофильдерге олим жазасын берсін

  • @guljsjsjsndb
    @guljsjsjsndb Před 9 měsíci +57

    Ақыр заман келген сияқты екі күннің бірінде осындай зоролық болып жатыр 😢😢 Аллахым Астағфируллаһ Астағфируллаһ Астағфируллаһ

    • @user-ez5ko4ts5t
      @user-ez5ko4ts5t Před 9 měsíci +1

      Тышпаш

    • @guljsjsjsndb
      @guljsjsjsndb Před 9 měsíci

      @@user-ez5ko4ts5t ?

    • @user-uc8js5vx1j
      @user-uc8js5vx1j Před 9 měsíci +2

      Қыртпаш екі кунің бірінде деп. Алла сақтасын. Ақыр заман сенен немесе бізден сурап келмеиді. Хақ Келеді Ақыр заман ол кунді бырақ ешкім білмеиді. 40 жастағы еркекті айуанды тек өмір боиына қамау керек немесе өлім жазасын кесу керек!

    • @user-zf3ru7sf1w
      @user-zf3ru7sf1w Před 9 měsíci +2

      Надо принимать меры не медленно и , скором времени . это в голове не укладывается . Срочно примети меры

    • @juliahilton2889
      @juliahilton2889 Před 9 měsíci +1

      Кунде осындай жаналык. Кунде

  • @user-zj5gf9cr3v
    @user-zj5gf9cr3v Před 9 měsíci +29

    Әрине Қазақстанда педофилдерді жазаламайды,сосын білгендерін істеп жүре береді,неге өлім жазасын қолданбайды екен😢

  • @user-qo6ee6dz6j
    @user-qo6ee6dz6j Před 9 měsíci +72

    Ринат жалақы мәселесін көтергенше педофилдерге өлім жазасын кесуді талап етсін.

    • @user-ig7cd5le4c
      @user-ig7cd5le4c Před 9 měsíci +11

      Ринатта нелерің бар,ол көтеріп жатқан тақырып та,оңай шаруа емес.Аитсаңдвр сендер де де ауыз бар.өздерің неге аитпайсыңдар.Ринат бір өзі қай мәселеңді көтеріп аитып болады.Мәселе көтерме,сөзінен ілік тауып,аузын аштырмауға әрекет етіп жатыр емес пе?

    • @user-qo6ee6dz6j
      @user-qo6ee6dz6j Před 9 měsíci +4

      @@user-ot4ps2fi7w сен Оттава. Ринат халықтың қамын ойлап ,шырылдап жүр..Басқа депутаттар отыр мыңқииып үндемей.Алған ақшаларына мәз болып.Қайсысы күрделі мәселе көтерді?

  • @user-fw8yo5ku3y
    @user-fw8yo5ku3y Před 9 měsíci +27

    Уф Жүрегімай титтей балаларды калай аямайды адамдар неболып барады адам деуге келмейтін айуандар көбейіп кетті е алла бейкүна балаларға пана бола гөр жазаларын алсын екі аяқты айуандар😢

  • @user-sg9vt5sp4p
    @user-sg9vt5sp4p Před 9 měsíci +30

    Денем түршігіп кетті. Бұған анасыныңда кінәсі бар.

  • @user-jj8gx9mf4s
    @user-jj8gx9mf4s Před 9 měsíci +51

    Халықтын қолына берсін неістейтінін біледі, Тоқаевтын қолында кетсе аман қалады , Халық болып бір күнді белгілеп жиналып қатан түрде шара қолдануды талап етейк

  • @user-eg8sr2jt1t
    @user-eg8sr2jt1t Před 9 měsíci +22

    Алла сақтасын!!! Не болып кетті?
    Бала зорлау көбейіп кетті.
    Қатаң заң керек бізге, бұлай болмайды.

  • @Saxovat-sh4ut
    @Saxovat-sh4ut Před 9 měsíci +74

    Не боп кетті, екі күнің бірінде осындай жағдай😢

  • @user-xu5zh6ti6r
    @user-xu5zh6ti6r Před 9 měsíci +23

    Ату жазасын қабылдамаса жағдай мəз емес сұмдық!

  • @user-bc4yf3hh6k
    @user-bc4yf3hh6k Před 9 měsíci +18

    Дарға асу керек үшеуін де

  • @user-nk4hx6ho6w
    @user-nk4hx6ho6w Před 9 měsíci +28

    Алла сақтасын, ату жазасын шығаралсын деп ойлаимын, өте өкінішті осындай оқиғалар жиілеп кетті, қайда бара жатырмыз,тоқтау болама?

    • @user-bs2ul2bu4m
      @user-bs2ul2bu4m Před 9 měsíci +2

      Қытай заңында жас қыздарды зорласа тəндерін кесіп өздеріне жегізеді екен бізде де сендай қатал заң керек

    • @user-uh9wc5cd6e
      @user-uh9wc5cd6e Před 4 měsíci

      Обалай Астахфирулах

  • @user-zd3zg1uw7x
    @user-zd3zg1uw7x Před 9 měsíci +14

    Сұмдық айтарға сөз жоқ бұндай жауызға тек өлім жазасын беру керек

    • @user-rv9jn1tx7y
      @user-rv9jn1tx7y Před 9 měsíci

      Бул не боп Кетти ,казактарымау Биз осындай ма едик Баскасын койып булдиршиндеди зорлаганга кошкен сиякты педофильдерАлансыз,Бир бирииизден коркпай,зорлык ,асиресе булдиршиндерге зорлык дегенди естимеген ,кайран койдан момын казагым ай Не болып барады Баска,баска мына азгынды тасборан жасап,Ана Бир жериникнсип кансыратып,кинап олтиру керек. Турмеде оны асырап жургенше.Октмет кайда карап отыр,кулагы санырау,кози кормейме мына сумдыкты,занды неге катандатпайды ?????Бир белсенди шыгга калса,халыктын мунын ,жагдайын айтып ,Сонын сонына бирге полицейди байлап кояды Оданда мына сумдыкты кормейме ???Куннен кунге естимегенди естип,кормегенди корип,баласы,кызы барлар журек ауру боп биттик.Типти Отан согысы жылдары фашистерде ,кандай сумдыктарга барганын естип ,корип едик ,бирак булдиршиндерге ,карияларга зорлык жасады деп естилмеп еди Не мынау,кайда кетип барамыз ,баска баска ,биз Казак емеспизбе,,жетим,жесирин жылатпаган.Бир бала жетим калса,типти алыс болсын Бир агайындарынын уйинде журип ,Осип ,жетилип кете беруши еди гой Мына мен озим ,солай остим 7 жасымнан .Казир мине ,жетпистин Орта белинен аскан бакытты Ажемин.

  • @AnuarMaimakov-xm4zu
    @AnuarMaimakov-xm4zu Před 9 měsíci +16

    Еркек атың өшсін,кім айтады сені еркек деп,,адам емес екен.....

  • @user-vf8iz8rj8u
    @user-vf8iz8rj8u Před 9 měsíci +20

    АНАСЫН АТУ КЕРЕК ..ЖЫНДЫ БОЛСА ЖЫНДЫХАНАҒА ЖАТСЫН

    • @user-dz9el8ts2k
      @user-dz9el8ts2k Před 9 měsíci +2

      Қайдағы жындыхана ол оңай жаза болады оларға екеуінде халықтың қолына беру кк халық біледі өздері оларға не істеу керектігін қалайша осындай көбейіп кетті 3-жасар деген ана сүті аузынан кетпеген бөпе ғой әлі ☝️😢😢😢😢

    • @user-uc8js5vx1j
      @user-uc8js5vx1j Před 9 měsíci

      ​@@user-dz9el8ts2kАйтпа сукаларды😬😬😬 шетінен қыру керек іздеп журіп.

  • @user-yd1ir4ep9h
    @user-yd1ir4ep9h Před 9 měsíci +8

    Басын шауып тастау керек ел алдында,қалғандарға сабақ болады,түрмеде отырып шығады,ал балалар өмір бойы мүгедек болып қалады

    • @user-te8zm1fc2i
      @user-te8zm1fc2i Před 3 měsíci

      Ботен еркекти уиге акелип недеген аиелдер усак бала уиде чорттарды кангырып журген биреулерди сабилерге обал болды болапандар

  • @kelakela6428
    @kelakela6428 Před 9 měsíci +12

    мемлекет заңға өлім жазасын хаблдасын қатты қатты сұраймыз !
    атқара алмасаңдар тізгенді халыққа беріңдер адам құқығы жерге тапталып жатр не сұмдық мына елде заң барма өзі жынданайын дедік гой құрып кеткір 😮😢

  • @user-by8qv9jn4o
    @user-by8qv9jn4o Před 9 měsíci +14

    Заңға ату жазасын енгізбесе,көрген күніміз осы,бұлар зорлықшылар көбейіп кетті,күнде бір сумдық естиміз.Біреүін атса,қалғанына сабақ болар еді.

  • @saule9523
    @saule9523 Před 9 měsíci +17

    Алла жазасын берсін халыққа берсін немесе дарға асу заңға қол қойсын

  • @user-bc4yf3hh6k
    @user-bc4yf3hh6k Před 9 měsíci +10

    Ай айуан малғұн ай
    Ана екі қатындікі аз болды ма саған,не болды бұл малғұндарға,ай жүрегім ай үш жасар ...

  • @guljsjsjsndb
    @guljsjsjsndb Před 9 měsíci +13

    Малдар айуан сендердің алдыларыңда мейрімді. 😢😢 Не деген сұмдық мынау 3 жасар періштеде нелерің бар? Жылағым келіп отыр не деген сұмдық мынау?

  • @user-wu5ki7nz1q
    @user-wu5ki7nz1q Před 9 měsíci +11

    МАСҚАРА НЕ ЗАМАН БОЛЫП КЕТТІ .ОЛ МАЛҒҰННЫҢ КӨТІН БАЛТАМЕН ШАУЫП ,ӨМІР БОЙЫНА ОТЫРСЫН .НЕ АТЫЛСЫН.3 ЖАСАРҒА ҚАЛАЙ ОИЫ БАРҒАН .

  • @user-di3xx3um1x
    @user-di3xx3um1x Před 9 měsíci +5

    Дінмен күресе бермей осындай азғындықты орнына қою керек

  • @user-vz4md7dy6d
    @user-vz4md7dy6d Před 9 měsíci +8

    Осы оңтүстіктің қатындары байдан байға тиіп балаларды қорл 3:56 атып қандай жағдайға түсіреді масқара ғой

  • @user-up2ib5zi5u
    @user-up2ib5zi5u Před 9 měsíci +5

    Мына еркектерге не болған. Айуандыкка не себепші. Колдары босамай жұмыс жасаса бұндай жағдай түгілі, мұрынын сіңбіруге уакыт таппас еді. Еркек түз адамы, үйде жаткызбай қуу керек жаткандарды, мұрындары шаншылып жатарға бір-ак келсін. Істерге шаруа көп, соны жасамай тапканын ішіп, көттерін тыр-тыр касып ойларына келгенін істеп жатыр кейбір айуандар. Шығарсын елдің алдына. Кемпірге не жок, сүйікті хаяма керекпа, көтін кысып отырмайма, кызындада бай жок, өзіндеде бай жок. Небір оңған катындар дейсің

  • @user-kj6df6ux6h
    @user-kj6df6ux6h Před 9 měsíci +12

    Жүрек ауыртатын жағдай екен

  • @Bakhtigul_71
    @Bakhtigul_71 Před 9 měsíci +6

    Өлым жазасын беру керек айуандарга

  • @user-tb3hd7mu5t
    @user-tb3hd7mu5t Před 9 měsíci +16

    Көбейп кетті азгындар

    • @user-ft1wu8ms2p
      @user-ft1wu8ms2p Před 9 měsíci

      Оган бос белбеу укымет кыналы

    • @use96
      @use96 Před 9 měsíci +1

      ​@@user-ft1wu8ms2pүкімет азғын еркектерге бала зорла деп үйретіп пе?

    • @user-ft1wu8ms2p
      @user-ft1wu8ms2p Před 9 měsíci

      @@use96 уйретпеды
      Бырак тйым болуы керек
      Не олым жазасы не халыктын алдына беруы керек ондай малгун хайуандарды
      Жер басып журуге хакысы жок олардын

  • @user-jh7mx8pc1k
    @user-jh7mx8pc1k Před 9 měsíci +5

    Құдай жазасын берсін аюанның

  • @user-dd4jl4nu4b
    @user-dd4jl4nu4b Před 9 měsíci +3

    Сонда осындай қиын жағдайға түскен кезде ғана қозғалама .Еш түсінбедім. Қансырап болницаға бармағанда бұл сұмдық осылай жалғаса береме екен. Кейде адамдарды түсінуден қаламын. Жүректері тас болып бара жатыр. Кішкентай періштелер азап шегуде. Аллам өзің кешіре гөр.

  • @tabigi.resept
    @tabigi.resept Před 9 měsíci +3

    Бұндай жағдай күнде қайталанабереді қайталанбау үшін халыққа сол еркектерге қаратып қойып асып өлтіру керек заң шықсын сондай күнде күнде көбейіп кетті Алла сақтасын естігеніміз көріп жүрміз естімегеніміз қанша.Емін еркін жүреалмайтын болдық қыздарымызды уайымдап үйгеде тастауға мектепкеде жіберуге қорқатын болдық даже лифтке мінуге қорқады казір қыздарым.Қашан қатал заң шығады сонда қояды бұлар.Шықсын қатал заң.Дарға асып өлтірсін

  • @user-ic3cm4eq1c
    @user-ic3cm4eq1c Před 9 měsíci +4

    Ажыраскан Аиелдер кобиб бара жатыр осындаи оинас кумар Еркектер тауып алады акша ушн зан шгару керек баланы акесне беру керек казыр Ажыраскан Аиелдер баларын ата енесне бактыртат оздерi жумыс деп кангып журет оинас кафе акша га кумартат не баига шыкпаит коп бундаи Ажыраскан Аиелдер зан колдану керек тiрi жетм балар кобиб жатр Ажыраскан Аиелдер дурыс журмесе баларын акесне беру керек

  • @user-bs2ul2bu4m
    @user-bs2ul2bu4m Před 9 měsíci +4

    Зорлық зомбылық көбейіп кетті не деген сұмдық адамдар недеген хаиуан болып кетті алла сақтасын балаларды

  • @user-is4dm2mr7k
    @user-is4dm2mr7k Před 9 měsíci +3

    Олтырып тастау керек оны жандарым булдышындерым кор болды ау а😢😢😢😢😢😢😢😢😢

  • @user-od4iv5ji9o
    @user-od4iv5ji9o Před 9 měsíci +2

    Алла сақтасын, орамалға жабыса бергенше осындайларды өлтіру керек ғой😢

  • @aizhamalmaxambetova6019
    @aizhamalmaxambetova6019 Před 9 měsíci +1

    Өлім жазасына кесілсін Əке мен Ана сымақ

  • @user-me5sm1tn9l
    @user-me5sm1tn9l Před 9 měsíci +3

    Соңғы уақытта көбейіп кеттіғой балаларды зорлау. Әсіресе мектепте жиілеп кетті, мосын бала бақшада, өз үйінде😨😱

  • @user-wn6yv1nj5s
    @user-wn6yv1nj5s Před 9 měsíci +3

    Не сұмдық мынау😢Алла жазасын берсін 😢

  • @zhansayayerbozova1609
    @zhansayayerbozova1609 Před 9 měsíci +6

    Алла сактасын, не болып бара жатыр

  • @user-eg5is5st2g
    @user-eg5is5st2g Před 9 měsíci +3

    Аюанды маган бериндерш ломга отыргызып тастайын площадька шыгарып,баска осындай ойы барларга сабак болсын.

  • @user-ms4db7kb3q
    @user-ms4db7kb3q Před 9 měsíci +1

    Түрмеден шыгармандаршы осындайларды Өте көп осындай жаңалық

  • @user-yc6bg1ch2x
    @user-yc6bg1ch2x Před 9 měsíci +2

    Заңды қатаитсын алқаш шығар анасы балалардың обалы аи

  • @user-mq3tw2ii5y
    @user-mq3tw2ii5y Před 9 měsíci +1

    Өлім жазасын сұраймыз! сонда бұндайлар біржола тоқтайды ?😢?

  • @user-qy5hw8um9g
    @user-qy5hw8um9g Před 9 měsíci +3

    Сұмдықай😮
    Педофилдерге ату жазасы берылсын қатал заң керек бұндай аюуандарға төрт аяқты

  • @user-lm7wv9bu3u
    @user-lm7wv9bu3u Před 9 měsíci +1

    Ойбай бул не сумдық өршып барадыгой ауыл азаматтары қайда қарап жур ауылдың ортасын шығарып қорлаган қандай болатынын көрсетыңдер барлыгыңда ул кыз өсырып отсындаргой не тергемекшы булар будан артық не дәлел керек перыштегой перыште қалай адам емес қайуангойитты атқандай ату керек

  • @user-bn5nk1nt4f
    @user-bn5nk1nt4f Před 9 měsíci +3

    Екеуынде дарга ассын сумдык небыр сумдыктар болып жатыр
    Алла сактасын обал аи жандарымаи обал аи
    Сабыр берсын

  • @user-dp5ud1xb9g
    @user-dp5ud1xb9g Před 9 měsíci +3

    Наказать по всей строгости закона.

  • @user-ne2hl9gs2j
    @user-ne2hl9gs2j Před 9 měsíci +1

    Ату жазасын қайтару керек!Педофил т.б.сразу. ату керек.Жауыздар көбейді.Балалар қорғансыз

  • @user-nl2gj4kc7g
    @user-nl2gj4kc7g Před 9 měsíci +2

    Тергеп тескеру өндірістері басталды дегенге қалай түсінуге болады? Тергеп тексеру амалдары емес па?

  • @NurekeAvto
    @NurekeAvto Před 9 měsíci +9

    Міне осындайларға көңіл аудару керек. Қайдағы намаз оқып құлшылық етіп жүргендерге тисе бермей.

  • @2582ist
    @2582ist Před 9 měsíci +2

    Не болып барады Алла сақтасын , сұмдық қой,ату жазасын берсін

  • @jahppaijamila1786
    @jahppaijamila1786 Před 9 měsíci +2

    Басқа басқа балалар қянат көрмеу керек, олар жазықсыз періштеғой, қатаң жаза болмайынша бұл жалғаса береді, бұл беті ашылғаны ғана, беті ашылмаған қаншама қылмыс жүріп жатыр, қаншама бала жәбір көріп жатыр құдай біледі,,,

  • @user-ii7os4ve6r
    @user-ii7os4ve6r Před 9 měsíci

    Дурыс айтасын Ескендір Турысбеков те жүр 9жасар Балаң зорлап жумыс жасамайды ату жазасына берсін

  • @user-cb8nz4ot4j
    @user-cb8nz4ot4j Před 9 měsíci +2

    Ей..катындаар..педафил мен. тосекте аунаганша. БАЛАШАГАНЫЗГА. ИЕ. БОЛЫН❤❤

  • @user-cc8hw8yp7e
    @user-cc8hw8yp7e Před 9 měsíci +2

    ОЛ АЮУАНДЫ ОТКА ЖАНДЫРУ КЕРЕК))СҰМДЫҚ ,ҚАНДАЙ ОҢБАҒАН,ПОЛИЦИЯ ОСЫҒАН ДЕЙІН ҚАЙДА ҚАРАҒАН? АЯДАЙ АУЫЛ ДЕЙДІ,УЧАСКОВЫЙ НЕГЕ ЖҰМЫСЫН ДҰРЫС АТҚАРМАҒАН ,кімнің қандай екенін УЧАСКОВЫЙ біледі деп ойлаймын,ол да жауапқа тартылсын...Бейкүна періштелер -мынадай айуандар қалай жер басып жүреді екен ?????Неге күнде осындай сұмдық оқиғалар естиміз??? ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ОСЫНДАЙ ПЕДОФИЛДІ ТІРІДЕЙ ӨРТЕУ КЕРЕК....

  • @user-ur9pp3rc2t
    @user-ur9pp3rc2t Před 9 měsíci +1

    Неге карап отырсындар жогарыдагылар енди кандай сумдык болу керек неге полицейскийлер устамайды бундай адамдарды олим жазасы керек айтпесе шыгып тагы сондай арекет жасамауына ким кепил😢

  • @user-kc9kk7bk2x
    @user-kc9kk7bk2x Před 9 měsíci +2

    Ату керек барлығын

  • @user-pj4ut7bi9u
    @user-pj4ut7bi9u Před 9 měsíci +1

    Күнделікті жаналықты ашуға қорқам,ашсам бірнеше күн уайымдаймын,Алла сақтайгор ,мүндай адамдарды қатан жазалау керек,егер жас балдар мектептегі бүлдіршіндерге зорлық зомбылық көрсеткен болса, ата анасы мен отырғызып тастау керек,мүмкүн сол кезде жауап кершілік болады.

  • @altynaltyn6562
    @altynaltyn6562 Před 9 měsíci +4

    Маскара.....барлыгы калып 3 жасар периштелерге шапты ма мына педафильдар!!!
    АТУ жазасын колдансын!!!
    Мундайлардан солай кутылмаса болмайды!!!
    Жане шешесине де ,карамаган полициясын да барлығын жазаласын!!!
    😮 маскара.....

  • @user-oi6yr5du3v
    @user-oi6yr5du3v Před 9 měsíci +1

    Анасы мен апасының кінәсі жоқ ...Алдында құқық қорғау органдары неге істі уақытында қарамады? Ана бар АНА ,АНА жүрегі БАЛА леп соғады , балаларды жетім қалдырмаңыздар .Балаларға көмек берейік , осындай от басы бар екенін білетін акимат қайда қараған ? Неге осындай отбастарымен жұмыс атқармаған ? ?????

  • @Zeinesh45-xt1ci
    @Zeinesh45-xt1ci Před 9 měsíci +1

    Мына ауылда еркек адам барма неге устап алып котин жулып алмайсындарма сумдыкой зорлап 3 жасар баланы олдигой бала тапкан шешесин котине октау тыгу керек

  • @user-mp9mb8ss7w
    @user-mp9mb8ss7w Před 9 měsíci +7

    Не болиб кетти козок баурларимизга.😢😢 хаммага инсоф берсин.

    • @gulsimsarsenbaeva1694
      @gulsimsarsenbaeva1694 Před 9 měsíci

      қайдан білдің қазақ екенін…?

    • @user-mp9mb8ss7w
      @user-mp9mb8ss7w Před 9 měsíci

      Алма ата

    • @user-pp9iw8pf3r
      @user-pp9iw8pf3r Před 9 měsíci +1

      Әр бір елде де бар мұндай сұмдық

    • @user-mp9mb8ss7w
      @user-mp9mb8ss7w Před 9 měsíci +1

      Ха тура айтасиз ултнин жамани йук адамнин жамани бар.

    • @user-uc8js5vx1j
      @user-uc8js5vx1j Před 9 měsíci

      ​@@user-mp9mb8ss7wСоны білсең қазақ бауырлар демеи қысып жур. Өзбектерде жоқ деисіңба барлық жерде бундайлар. Бундай адамдарды бензин қуиып жағып жиберу керек. Аман бол Өзбек Ағайын.

  • @ahmetowaroza8157
    @ahmetowaroza8157 Před 9 měsíci +1

    Басқа ұлт болса намыстан көтеріліп бір жақты болар еді Біздің қазекен өсек айтқандай айтып қоя салады. Неге оларды қамау керек неге олады біз бағыумыз керек .өлім жазасын беру керек өмір сүрүге қақысы жоқ.бір жылда қаншасы тіркелді еш нәтиже жоқ.

  • @user-sl8yf8fr5d
    @user-sl8yf8fr5d Před 9 měsíci +3

    Надо вводить смертную казнь. Ужас. И посадить и мать, и бабушку.

  • @user-kp7ev9fn4s
    @user-kp7ev9fn4s Před 9 měsíci

    Жазасын түрмеде берсін айуанның

  • @user-io1ve3gi3k
    @user-io1ve3gi3k Před 9 měsíci

    😮Құдай жазасын берсін

  • @GULZHANAT93
    @GULZHANAT93 Před 9 měsíci

    Қаша маңғы осылай көз жұмып отырамыз халқым бұндай айуандарды өлім жазасына кесу заңын қолға алып қатаң заң қабылдау керек мына масқара елімізде күшейіп бара жатыр қазақ халқы құрдымға кетіп барады неге мұндац сұмдық жацт елімізде көбейіп бара жатыр жоғарыдағы басшылар не қарап отыр олар қозғалмайды митингке шығып осы жайтты қолға алу керек болашақ балдарымыз үшін

  • @Bakhtigul_71
    @Bakhtigul_71 Před 9 měsíci +1

    Әр куны жас кыздарды зорлады дегенды еститын болдыккой не боп кетты өзы елымызге сонда не жыгыттерымыз айуан боп кеттыме не

    • @user-wk4jx3wg9n
      @user-wk4jx3wg9n Před 9 měsíci

      Жас кыздар да емес , кишкентай булдиршиндер гой, бопе гой 3 жас

  • @user-fn4gv5se7o
    @user-fn4gv5se7o Před 9 měsíci

    Сұмдық жайт! Не болып кетті? Ату жазасын беру керек!

  • @user-cv9md4cb6s
    @user-cv9md4cb6s Před 9 měsíci

    Өлім жазасы берілсін

  • @user-wc1xi4wd7g
    @user-wc1xi4wd7g Před 9 měsíci

    Өлім жазасын берсін

  • @user-uy5wk2cc9j
    @user-uy5wk2cc9j Před 9 měsíci

    Ату жазасын берсін сүмелекті өлтіру керек мүшесінен сүйреп. Күнде осындай жағдайды есітетін болдыққой. Заң шығарсын.

  • @user-en2te2ph2r
    @user-en2te2ph2r Před 9 měsíci

    Уш жасар кыздар😢😢😢. Сокпалдай 40жастагы хайуан. Уш жасар Кыз деген кипкишкентай периштего. Осы уакытка Дейн зорлык корип калай Аман жур жандарымау

  • @user-iw8rj9iq4r
    @user-iw8rj9iq4r Před 9 měsíci +2

    Алла не болып баражатыр. Бизге заң кабылдау керек. Пиштирип тастайтын. Сосын койатын шығар. Немесе олим жазасын кесу керек.

  • @user-gh2cs9uv8h
    @user-gh2cs9uv8h Před 9 měsíci

    Енді оқып қарап жатырмын еркек десең бәріне тиеді аиуан азғындарға мың қарғыс Аллам жазаларын берсін
    Біздің жоғарғы үкімет ату жазасын берсін заң шығарсын недеген сумдық аиуаннан бетер болдығои осындаи іске барғандар өліп кетіңдерші жер басып жүрмеияқ қоиыңдаршы аитуға сөзім жоқ періштелерді оиласам көзімнен жас тоқтамады
    Мейрімсіз педофильдерге өлім жазасын сураимын

  • @user-rl4wt8dq9c
    @user-rl4wt8dq9c Před 9 měsíci

    Осындай сұмырайларға Құдай баланы да егіз қылып бере салады екен!

  • @user-lb8wm2lk5p
    @user-lb8wm2lk5p Před 9 měsíci

    Алла жазанды бергырлер ана еркекты мушесын кесыптастау кереккой ещакты кудай ау неге еркектерге не болды кышкентайгой ол кыздар не корды сонша сол кыздардан😢😢😢

  • @Whoareyou0000
    @Whoareyou0000 Před 9 měsíci

    Маа неге осыларды өлтірмейді жалмауыз айуан .Осыны дер кезінде қолға алмаған РУВДны жауапқа тарту керек

  • @user-tn3ls4xi6n
    @user-tn3ls4xi6n Před 9 měsíci +1

    Корермиз теларнасына бермесе болмайды. Жуып-шайып коя салады. Не маскара бар болганы 3-жасар буллиршинди 6-ай бойы зорлаган. Сол полиция оздери жаба салады.

  • @user-dc6qj2ds8h
    @user-dc6qj2ds8h Před 9 měsíci

    Қудай сақтасын.

  • @user-hw4nr6cf4w
    @user-hw4nr6cf4w Před 9 měsíci +1

    Айуан депте айталмайсың. Айуанда мұндайды өз тектестеріне жасамайды!!! Әбден рухани қаңғырып, қасиеттен жұрдай болып бара жатырмыз😢😢😢. Қатаң заң керек!!!

  • @donatzver2802
    @donatzver2802 Před 9 měsíci

    Олим жазасын берсін Аллам жазасын берсин

  • @SintesMc21
    @SintesMc21 Před 9 měsíci

    Карияада ұрлық жасаса қолын шауып тастайды екнширет жаса екінші қолин шабады бундай педофилдерге анық өлим жазасы беріледі Қазақстан азаматын көбейту керек деп тудыра бергенше заңды дурстамайма жоғары жақтағылардың оздернің балдарын зорласа анық өлтіріп жиберер еді қарапайым халықты кім естісін жаны ашыйтын Жан ашар қалмадығой 😢😢

  • @user-km8wu6bf5h
    @user-km8wu6bf5h Před 8 měsíci

    Өлім жазасын ел болып сурау керекпіз.Бұл сумдық булай тоқтамайды.

  • @user-ty8en9re6d
    @user-ty8en9re6d Před 9 měsíci +2

    Ужас бала зорлағандарға ату жазасы берілуы керек

  • @user-wb7oy1hi8y
    @user-wb7oy1hi8y Před 9 měsíci

    Астағфируллах яҚұдай пенденің айуандық хайуандығынан немерелеріммен жиендерімді сақтай көр өзімен кетсін тфəй тфəй тфə
    Ақыр заман ба аузынан ана сүті кетпеген бүлдіршінге көңілі шабатындай не сұмдық қылмыскерді халық қолына беру керек жазалаларды аямасын бəрі жауап берсін

  • @user-bg6dm1dm3k
    @user-bg6dm1dm3k Před 9 měsíci +2

    Түрмеде семіртіп бағады. Келесіде тағы шығып қылмыс жасайды. Өлім жазасын беру керек.

  • @nurgulnurymbetova0817
    @nurgulnurymbetova0817 Před 9 měsíci

    Аналар көтерілуі керек сияқты. Мынау деген сұмдыққо үндемей отыра беруге болмайды

  • @user-zj2xe7id6u
    @user-zj2xe7id6u Před 9 měsíci

    Жаңалық деген бір қазақ азаматы өнертапқыш тапты деу керек көбінде

  • @user-cg3oc5jp6f
    @user-cg3oc5jp6f Před 9 měsíci

    Үш жастағы немере, жиендеріме қарап менде жылап отырмамын естігелі құртақандай балапан ғой әлі жауыз қаюандар көбейіп кетті ғой алла сақтасын! Туған шешесінеде сенбеу керек олда біліп тұрып жол берген ғой ! Түгел жауыз! Сәбилер қалай қиналса оларда солай қиналсын барлық тесіктеріне темір тығып өлтіру керек!! Олар соттслсада осы халық оларды асырау керек ,иә халыққа берсін қалай жазалағанын көрсін!!

  • @user-gb6lt3yt9t
    @user-gb6lt3yt9t Před 9 měsíci

    Заңды күшейтіп ату жазасын беру керек бұндай аюандарды

  • @user-cq3vp6hd8h
    @user-cq3vp6hd8h Před 9 měsíci +3

    Мына Баканас деген сумдык жер екен гой😢

    • @user-wl7tc9tq2p
      @user-wl7tc9tq2p Před 9 měsíci

      Бақанас деген сұмдық жер емес сондай айуандыққа барған адам сұмдық бәріне бірдей топырақ шашпа

  • @user-qz7iz6zf9m
    @user-qz7iz6zf9m Před 9 měsíci

    Бундаи аиуандарды соттамау керек буларды тикелеи ортеп жиберу керек Алла жазасын берсин инщалла бундаи аиуандарды 😢