Алакөлде құлаған жеңіл ұшақ Қазақстанда тіркелмеген болып шықты

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 09. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алакөлде құлаған жеңіл ұшақ Қазақстанда тіркелмеген болып шықты. Әуе көлігінің ішіндегі екі адамның жағдайы ауыр дейді ақ халаттылар. Ақши ауылында болған оқиға демалушылардың да зәресін алыпты. Ал ұшқыштың лицензиясы бар ма? Ол әуеде кәсіп жүргізуге рұқсатты қайдан алған? Гидропланмен ұшу қауіпсіздігіне кім жауап береді? Келесі бейнематериалда
    Әлеуметтік желіге таралған бұл оқиға күні кеше Ақши ауылында болған. Әуеге көтерілген гидроплан кенет төменге құлдилап, аударылып суға құлағанын бейнежазбада анық көрінеді. Оның ішінде ұшқышты қосқанда екі адам болған. Абырой болғанда құтқарушылар мен еріктілер әуе көлігіндегі жандарды жағаға алып шығып, барынша көмек көрсетті.
    Жалпы, Алакөлде дельтаплан да, гидроплан да көп. Кәсіпкерлер демалушыларды әуемен 10 минутқа ұшып келгенге шамамен 45 мың теңге алады. Бірақ олардың қауіпсіздігін, қызметі қаншалықты заңды екенін ешкім қадағаламайтын көрінеді. Оған кешегі құлаған гидроплан оқиғасы дәлел. Апатқа ұшыраған жеңіл ұшақ ел аумағында тіркелмеген болып шықты. Ең сорақысы ұшқыштың лицензиясы болған, біліктілік мерзімі 2022 жылы өтіп кеткен екен. Демек екі жылдан бері оның әуе көлігін басқаруға құқығы жоқ.
    ЕСЕНГЕЛДІ НҰРДӘУЛЕТ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ" АҚ лицензиялау басқармасының аға авиациялық инспекторы:
    - Ешкім рұқсат берген жоқ. Себебі 2022 жылы соңғы біліктілігі біткен, одан кейін ол кісілер заңсыз ұшқан. Барлық материалдармен қазір құзырлы орган айналысып жатыр. Біз өз шеңберімізде барлық ақпаратты құзырлы органға беріп жатырмыз.
    Азаматтық авиация комитеті мамандары қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатқанын жеткізді. Ал дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр дейді. Олар Үшаралдағы ауруханаға жатқызылған. Көмекке Талдықорғаннан нейрохирург пен травматолог жетіпті. 40 жастағы келіншектің миы шайқалып, бет сүйектері сынған. 44 жастағы ер адам да басынан қатты соққы алған.
    ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
    - «Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, шокқа қарсы ем тағайындалды. Екі азамат та дәрігерлер бақылауында, медициналық көмек толық көрсетілуде».
    Ал, жарақат алған науқастардың туыстары сұхбат беруден бас тартты. Бұл оқиға демалушылардың зәре-құтын қашырыпты. Көбі әуе көліктеріне отыруға сескеніп қалғандарын жеткізді. Осы жайттан кейін демалыс орнында авиациялық қызмет көрсететін кәсіпкерлер жаппай тексерілуі мүмкін.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 13

  • @user-eq9zo5zy4l
    @user-eq9zo5zy4l Před měsícem +2

    Шипасын берсін!

  • @Askar-b6o
    @Askar-b6o Před měsícem +2

    Қазақстан ғой, енді бір нәрсе болған соң тексерулер басталады.... Алдын- ала қауіпсіздігін тексеруге болар еді ғой....😢

  • @user-sw6yd2ut5f
    @user-sw6yd2ut5f Před měsícem +1

    Шымбұлақтағы парапланды кім тексереді екен тексерілген бе екен, оған шет ел азаматтары да мініп жатыр.

  • @user-og5ot4op2u
    @user-og5ot4op2u Před měsícem +1

    Мүмкін емес тексеру керек

  • @user-zh1hx3kg8c
    @user-zh1hx3kg8c Před měsícem +2

    😢 байларға заң мүлдем керегі жоқ, әйтпесе аспаннан құламаған шығар.

  • @alma-ata1112
    @alma-ata1112 Před měsícem

    заң жоқ былыққа толған, міне көрінісі осылай

  • @user-of7lb2mm3u
    @user-of7lb2mm3u Před měsícem +3

    Қазақстан күннен күнге таң калдыруда жемкорлык деген шарыктау шегіне жеткен бәріне адамдар Оздері кінәлі кауіпті ма кауіпсіз ба карамаиды мініп фотога түсіп әлеуметтік желіге салса сол мактаныш

  • @fgggttvxxfg4355
    @fgggttvxxfg4355 Před měsícem +2

    Зан жок мемлекет деген аты гана,ар ким билгенин истеп жатыр.
    Осынын барин билмей отырыппа,биринши ушкан сатте ак келип кузырлы органнын адамдары улкен колемде пара алдыда жумысынды жасай бер дедигой.
    Айтпасада тусиникти нарсе,калмак букил казакстанды ширитти.
    Кандай ширик адам,букил казакты паракор алаяк жасап жиберди.

  • @danialkeliche9647
    @danialkeliche9647 Před měsícem

    Жаңа Қазақстанғой😂🫵🏻🤣

  • @user-ep5nt1eq2m
    @user-ep5nt1eq2m Před měsícem +1

    Сол керек баймын деп кутыргандар Аллах накажет

  • @user-bj3wp6zj7z
    @user-bj3wp6zj7z Před měsícem +1

    Тиркелген ущкыштын лицензиясы бар отирик айтудын кажети жок

  • @user-yc6zk6pm5z
    @user-yc6zk6pm5z Před měsícem

    Сонда кез келген адамдар ұшақпен сайрандап жүре бере ме??? Адамдарға қауіп болуы мүмкін еді ғой...

  • @user-bj6bn1qc6c
    @user-bj6bn1qc6c Před měsícem

    Смотреть тошно, сплошное враньё!!! Самим не тошно???!!!