Үнді мұхиты жағалауындағы екі апта.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 02. 2023
  • Гоа - теңіз толқыны, күн нұры, пальма жапырақтарының сыбдыры және Португалияның бір жапырақ бөлшегі. Қарама-қайшы көріністердің үйлесімі мен тыныштық, сабыр ұялаған мекен. Адамдар қарым-қатынасындағы ұлы үйлестікті, табиғатпен үндесе өмір сүрудің өзіндік картинасын, зәулім сарайлармен қатар тұрған картон лашықтарды, ананас пен бананның, кещюдің қалай өсетінін, ғарыш ағашы - баньянды көргіңіз келе ме? Онда, қоқыс арасындағы жауһарды іздеңіз.

Komentáře • 13

  • @user-tl3eq1eq5m
    @user-tl3eq1eq5m Před rokem +4

    Әр сапарың сәттілікке, жақсы әсерлерге толы болсын, Гүлеке! Сенің бейнебаяныңнан Үндістан халқының көптеген ерекшеліктермен хабардар болдық. Көп-көп рахмет, Гүлеке! Әрқашанда шығармашылық әлемінде орның төрде, көңілің өрде болсын!

  • @user-hp9oo5lr5w
    @user-hp9oo5lr5w Před rokem +4

    Тамаша! Өте әсерлі!

  • @user-ii4gj9mg6i
    @user-ii4gj9mg6i Před rokem +3

    Әсерлі. Тамаша, талмай саяхаттай беріңіз.

  • @user-qx3jn6eb5j
    @user-qx3jn6eb5j Před 11 měsíci +3

    Вы прекрасны!!!танец профи!!!пример как и где можно отдохнуть!!!!🎉❤

  • @user-wf3yp8qn5v
    @user-wf3yp8qn5v Před rokem +3

    Керемет, рақмет

  • @erkinajormanbekowa3864
    @erkinajormanbekowa3864 Před rokem +3

    Керемет, әпке! Тамаша сапар болыпты! 👍😍

  • @orosgulserikbay2303
    @orosgulserikbay2303 Před rokem +1

    🥰💞👍

  • @user-ep9hs9rl9u
    @user-ep9hs9rl9u Před 6 měsíci +1

    Гүлмәрия құрбымның Үндістанның солтүстік ГОА-ға сапарынан керемет әсер алдық. Оның сапары тек өзі үшін ғана емес, өзі сияқты сапарға шығатын адамдарға арналыпты. 2016 жылы мен де осы солтүстік ГОА- да дем алғанмын. Бірақ өзім ғана көріп таң-тамаша болған едім. Ал біздің Гүлмәрия өзінің нағыз журналист екенін көрсете отырып, сол жердің бар тарихын айтып, үндістердің қонақжай, қарапайым екенін, тұрмыстары төмен болса да жүректерінің кең екенін сондай ыстық сезіммен жеткізеді. Мен алғаш үнді жерінде кез келген жерде қоқыстардың шашылып жатқанын, көшелерде сиырлардың осы жердің қожайыныдай тайраңдап жүргенін көргенде біртүрлі күй кешкенмін. Кейін түсіндік қой. Сиыр малы олардың табынатын құдыреті екенін. Шын мәнісінде кейін көшедегі қоқысын көріп біз де елемей жүре бердік. Бұрын естуші едік Үндістанда ұрылар көп екен деп. Керісінше олардың ауылдағы дүкендері кілтке құлыптанбайды. Бір жіпке байлана салады екен. Осындай қызығы мол жайларды көркем тілмен, ерекше сезіммен жеткізген Гүлмәрия құрбыма мың рахмет. Осы видео хабарды оператор ретінде өзі түсіріп, өзі дыбыстап, музыкамен көркемдеп көпшілік көрерменге жеткізуі үлкен еңбек дер едім. Гүлмәрмияға айтарым жазарың да, айтарың да көп болсын деймін. Әлемнің түкпір-түкпірінен осындай жаңалықты жеткізе бер деп тілек айтамын .

  • @ainur8968
    @ainur8968 Před rokem +2

    Әйелі кайтыс болса ше,еркектер де солай аластатылады ма екен?