МЕН ОНЫ ӘЛІ ІЗДЕЙМІН

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 5. 07. 2024
  • Он жыл өтсе де ол оны әлі іздеп жүр.
    Оны бәрі іздейді. Әсіресе достары.
    Нағыз достықтың жөні бөлек. Өйткені бұл - адами кодтың рухани символы.
    Нағыз достар бірін-бірі қандай да бір терең құндылықтың деңгейінде көруге, түсінуге, сол деңгейде кездесуге тырысады. Кездесе алса, ондай достық Тағдырдың кез-келген сынағына төтеп береді.
    Абайды астанадан, Хами, Ербол, мен - үшеумізді Алматыдан, Бақтыгерей мен Қалжанды Атыраудан, Жаркенді Балқаштан сонау Шығыста жатқан Өскеменге жинап апарған да жарты ғасырға жалғасқан берік достықтың өзегінде өрілген терең құндылық еді.

Komentáře • 36

  • @user-st1ow6xf5b
    @user-st1ow6xf5b Před 18 dny +3

    Керемет

  • @karlygakasymova2976
    @karlygakasymova2976 Před 14 dny +1

    Өте керемет түсірілген өмірдегі адамгершілік, достық, шынайы өшпес сезімдерді паш ететін құнды түсірілім. Марқұм болған Кенжебек, Құрмаш, Сайлау ағалардың өздерін көргендей сезімде болдым. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торға, жандары жаннатта болсын. Гулмария апай, Сізге творчестволық табыс, ұзақ ғұмыр тілеймін! Алғысым шексіз! ❤

  • @user-tn5ef2hw8m
    @user-tn5ef2hw8m Před 18 dny +3

    Осындай Назардай ұлы бар Марқұм Сайлауханның жаны жанатта
    От басына риза болып отырмын. Сондай тәрбие берген анасын алладан нұр жаусын
    Дендери сау ұзақ омир сүру алладан насип етсин
    Ең бастысы балалары аман болсын атасынан келе жатқан тәрбие жолы Немерелерине тура жол болсын
    Рахмет от басына туыстарына ризашылық билжиремз

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      @@user-tn5ef2hw8m Сайлауханның жары Надяның кісілігі, парасаттылығы өте жоғары адам. Досымыз жар таңдағанда жаңылыспағанына әлдеқашан көз жеткен.

  • @user-md8he9pb9c
    @user-md8he9pb9c Před 10 dny

    Өте керемет бейне жазыпсыз ❤️🙏🏻Рақмет

  • @Mimim4
    @Mimim4 Před 18 dny +2

    Керемет.ота жасй ды деп бірге бола алмадым өкінішті жандары жәннатта болсын.🥲

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      @@Mimim4 Бұйырса, әлі талай бірге боласың достарыңмен. Өкінбе.

  • @user-hp9oo5lr5w
    @user-hp9oo5lr5w Před 19 dny +5

    Өте,тамаша,әсерлі.
    Сіздің түсірілімдеріңізді ұнатамын. Еңбегіңіз әрқашан көрермендердің жүрегінен орын алады. Жемісті болсын.

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 19 dny

      @@user-hp9oo5lr5w Рақмет, Шолпантай! Бұлар Кенжекеңнің жан достары ғой. Ұлы достықты паш еткен жандар. Жуырда Сайлауханның басына елдің әр түкпірінен жиналып барып, құран бағыштап қайтты.

    • @user-fu8ct3pj2x
      @user-fu8ct3pj2x Před 18 dny +1

      Мағанда қатты ұнайды

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      Рақмет!

    • @user-gr7eh9kl1r
      @user-gr7eh9kl1r Před 14 dny

      Адал достық тың куәсі болған бул туындыңыз өте тамаша екен.Даусыңызды естіп өстік, теледидардан талай хабарыңызды тыңдадым.Өнер жолындағы еңбегіңіз өрлей берсін. Ағалардың асыл бейнесі мәңгі есте болатындай әдемі әсер жаздыңыз.Алла разы болсын Сізге.

  • @user-fs7vs8rx5u
    @user-fs7vs8rx5u Před 18 dny +3

    Жақсы түсірілген-тамаша,тарихи фильм! Бізде,Абайдың туыстары(Сайлаудың досы),барлығын жақсы таныймыз.Өйткені, Алматының түрғындарымыз.Студенттік кездерінде,әке-шешеміздің үйіне Абаймен жиі бәрі еріп келетін. Сайлаудың,Қурмаштың,Кенжебектің-жатқан жерлері торқа болсын! Қалған бала-шағалары аман жұрсін🙏

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      @@user-fs7vs8rx5u Иә, ол кездегі достар отбасымен, туыстарымен араласатын. Кенжекеңнің де туыстары оның барлық достарын жақсы біледі, амандығын сұрап отырады.
      Амал не, өмір қамшының сабындай қысқа.

  • @bekayt4746
    @bekayt4746 Před 17 dny +3

    Достарына қарап адамның кім екенін білуге болады деуші едіғой... міне достықты бағалайтын нағыз адамдар!

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 17 dny

      Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді білейін деген. Әйтседе Сайлауханның бір ғажабы, ол кез-келген адамды (жаманды да, жақсыны да) өзіне тартып, жақсыға айналдырып жіберетін қасиеті болатын.

  • @OraskulOspanova
    @OraskulOspanova Před 18 dny +2

    Керемет,үлгі аларлық достық.

  • @user-of1fl4cc6i
    @user-of1fl4cc6i Před 18 dny +4

    Мәңгі жасайтын адамдар ғой.Әкем өлсе де, оны көрген ,қасында жүрген, адамдар өлмесін .😢

  • @user-wd8do4kf5x
    @user-wd8do4kf5x Před 17 dny +1

    Керемет, оте жаксы, профессионально шыгарылган! Шыркын кандай Ер азаматар дуниеден кетти, жандары жанната болсын!

  • @baurzhansakenovich6630
    @baurzhansakenovich6630 Před 18 dny +3

    Гулмария апай! Өте тамаша шыққан туынды фильм. Нағыз достықтың не екенін келешек ұрпаққа паш ететін тәрбиелік мәні зор! !Творчестволық жаңа табыстар тілей отырып нағашым Сайлаухан Шәрәпи ұлы бір аунап түскен шығар!? Сізге өте ризамыз. Рахмет үлкен! ❤❤❤

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      Достық деген жоғарғы, шынайы рухани құндылық. Екінің біріне берілмейтін бақыт.

  • @Mimim4
    @Mimim4 Před 18 dny +3

    Керемет өте маңызды оқиға
    Ия биз сондай уймшыл бир биримизге деген студенттик омирде көп азаматтар ортасында кездесе бермейтин шынай Достык болды
    Сол уакытта журегиме ота ж🎉асау жоспары тура келіп Өскеменге ьара алмадым
    Окинишке орай
    Шышындада бир биримизбен жолдастык сондай керемет уакыт😮 откенине омирге ризамын
    Маркум болған
    Сайлауханнын, Кенжебек ,Курмаштын жаткан жери жай , жандары жанната топырагы торка болгай
    Сайлау ханның,

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      @@Mimim4 Ең бастысы, достарыңды ұмытпай, мүмкін болғанда рухтарына құран бағыштау ғой.

  • @GulzhanZarkinova
    @GulzhanZarkinova Před 18 dny +2

    Керемет👏🏻

  • @user-cq8cn9zb5k
    @user-cq8cn9zb5k Před 18 dny +1

    👍🏻👍🏻

  • @abayaitmagambetov4124
    @abayaitmagambetov4124 Před 18 dny +2

    Өте жақсы шыққан! Рахмет!!!

  • @user-fu8ct3pj2x
    @user-fu8ct3pj2x Před 18 dny +3

    Керемет .Жыладым келіп кетті. Өмір деген сондай екен.Тәте үлкен рахмет.Творчестволық табыс тілеймін. Қызықтан қызық бейне баяндарыңызды асыға күтеміз .

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 18 dny

      Иә, өмір деген сондай... Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды.

  • @user-cq8cn9zb5k
    @user-cq8cn9zb5k Před 18 dny +1

    👍🏻👍🏻