ЖАЙЛАУДАҒЫ НОУ-ХАУ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 09. 2023
  • Тер төкпей-ақ ауқатты өмірге қол жеткізуге болады деп ойласаңыз қателесесіз. Тірнектеген тірлік қана жағдайды бағындыруға мүмкіндік береді. 78 жастағы Қайшан апаның тағдыры тым ауыр еді. 37 жасында 12 баламен күйеуінен қалыпты. Күннің бетінде, желдің өтінде, арқа еті арша, борбай беті борша бола жүріп, балаларының бәрін оқытып-тоқытып, жетілдіріпті. Бүгінде Қайшан апаның ұрпақтары үлкен әулетке айналған. Өріс толы мыңғырған малға иелік етеді.
    _____________________________________________________________
    Facebook: profile.php?...

Komentáře • 352

  • @user-md1cc4fm7d
    @user-md1cc4fm7d Před 9 měsíci +12

    Апам ау Алла сізге ұзақ ғүмыр берсін қандай керемет жайлау балалық шағымды еске алып жылап алдым

  • @aigul2331
    @aigul2331 Před 8 měsíci +5

    Журналист әпкемізге үлкен рақмет! Алла разы болсын! Ізіңіз алға баса берсін. Бар екенғой нағыз қазақи апаларымыз

  • @user-wv5bq4rt5w
    @user-wv5bq4rt5w Před 9 měsíci +12

    Керемет апа жасыңыз ұзақ болсын! Түсірушілерге рақмет.

  • @user-sn5gw8vy2z
    @user-sn5gw8vy2z Před 10 měsíci +23

    Шіркін нығыз қазақтың салт дәстүрі апамыз аман болсын

  • @user-iv7ln5tw8u
    @user-iv7ln5tw8u Před 8 měsíci +7

    міне осындаи болу керек урпағым аман болсын деп соққан АНА журегі беинеттің рахатына бөлене берің.

  • @nazira8362
    @nazira8362 Před 9 měsíci +7

    Алла берекесін берсін!
    Апам ұзақ ғұмыр кешсін!
    Аумин.

  • @user-xz9fb9ms9n
    @user-xz9fb9ms9n Před 9 měsíci +8

    Қазақтың кең дархан даласындай, кең пейіл алтын құрсақты анамыздың жасы ұзақ болсын. Әулетіне береке- бірлік, ынтамақ мықтап орныққан анамыздың өмірі үлгі-өнеге. Журналистерге мың алғыс. ❤❤❤

  • @user-lt4lj4wf3v
    @user-lt4lj4wf3v Před 10 měsíci +69

    Соңында, еріксіз көзіме жас келді. Білмеймін... мақтаныштанба, осындай аналар енді туылама...? Апамыздың бейнетпен өткен, бақытты ғұмыры ұзағынан болсын.

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 10 měsíci +9

      Тағлымды тағдыр.

    • @user-gc2xo8zq3k
      @user-gc2xo8zq3k Před 9 měsíci +6

      Апамай 38 жасында жесир калып, енбекпен бакытка жетип отырау, журегим аурып отыр

    • @user-fk3xl1zp4y
      @user-fk3xl1zp4y Před 9 měsíci +4

      Бұндай берекелі қарапайым еңбек адамдары, киелі аналар осы кісілермен аяқталады. "50-жылда ел жаңа" деген халық даналығы бекер айтылмаған. Мүлдем ата-кəсіппен айналыспай кетпес, бірақ дəл осы аналардай кең көйлек, ақ орамал, мейірімді болмыс қызыл кітапқа енеді.

    • @user-gc2xo8zq3k
      @user-gc2xo8zq3k Před 9 měsíci +2

      @@user-fk3xl1zp4y жалгаса берсинши

    • @user-yi6mc8nu1i
      @user-yi6mc8nu1i Před 9 měsíci +1

      ​@@gulmariyabarmanbekova7349😍😍👍👍🤝

  • @turgynturysbekov5934
    @turgynturysbekov5934 Před 9 měsíci +11

    Апаға мықты денсаулық және отбасылық бақыт тілеймін. Көрген қиыншылығы көп екен. Енді өзінізді күтіңіз. 💐✊🇰🇿

  • @user-ev1on3bl8u
    @user-ev1on3bl8u Před 9 měsíci +8

    не деген керемет апамыз 1000 мың жасаңыз

  • @user-ix2oq1bl4o
    @user-ix2oq1bl4o Před 8 měsíci +7

    Керемет сөз жоқ

  • @user-mn5sq7nl8l
    @user-mn5sq7nl8l Před 9 měsíci +7

    Алла жар болсын сізге апа.

  • @user-lu7py7bf7h
    @user-lu7py7bf7h Před 10 měsíci +8

    Апанын жасы узак болсын,баягынын адамдары журеги кен

  • @user-uw4cb3rb7q
    @user-uw4cb3rb7q Před 8 měsíci +7

    Керемет журналистерге рахмет осындаи паидалы материалкөрсеткендеріңе

  • @georgecarlin1317
    @georgecarlin1317 Před 10 měsíci +9

    Хаммеге
    Апанын жолы несип етсин Апамыз омири узак болп иинетинин рахатын коре берсин

  • @user-be7us5pu6g
    @user-be7us5pu6g Před 10 měsíci +11

    Қарияларымыз аман болсын еңбегіңіздің рахатын көріңіз,ұрпағыңызбен мың жасаңыз.

  • @user-bl2ft7uu4g
    @user-bl2ft7uu4g Před 9 měsíci +5

    Бала жүректі ,ақкөңіл анамыз
    ұрпағыңның қызығына бөлене бергей.

  • @user-ud4zq7en7u
    @user-ud4zq7en7u Před 9 měsíci +5

    Әже Сіге Бір Аллам денсаулық берсін. Кәсітеріңізге береке берсін. Міне адал еңбек.👍👍👍

  • @taupihahat
    @taupihahat Před 8 měsíci +8

    журналиіске көп рахмет осындай касіптенгендерді көрсету керек ғой жүлдыздардың сійіп тышқанын көрсеткенше

  • @user-ek1in9eo9h
    @user-ek1in9eo9h Před 8 měsíci +4

    Керемет Алла сізге күш қуат берсін аман болыңыз

  • @user-rr7ql3sg6b
    @user-rr7ql3sg6b Před 10 měsíci +9

    Апам мықты, жасыныз узақ деніңіз сау болсын.

  • @user-um6wn5gy4s
    @user-um6wn5gy4s Před 9 měsíci +6

    КЕРЕМЕТ ! Апамызға зор денсаулық , ұзақ бақытты ғұмыр берсін !

  • @musagaliutarov2044
    @musagaliutarov2044 Před 9 měsíci +9

    Апайға Алла тағала қуат берсін, жүз жасасын

  • @user-hs3ml4mo9m
    @user-hs3ml4mo9m Před 9 měsíci +4

    Қайран қазағым амандық тілеймін анамыз аман болсын бала шаға қызығын қуанышын көріңіз

  • @user-zw1fb6sm1r
    @user-zw1fb6sm1r Před 9 měsíci +5

    Керемет апа ға зор ден саулық Алла жар болсын

  • @user-tk6fd4lh5t
    @user-tk6fd4lh5t Před 9 měsíci +9

    Апамызға оңай болмаған. Ол түсінікті.Шаруашылықтың басын ұстап, нәтижесі өте керемет. Бала шағаларының тек қызықшығын көрсін. Алла жар болсын! Күш қуат берсін!

  • @user-qn5zy3it7v
    @user-qn5zy3it7v Před 8 měsíci +5

    Жаным апа өмір жасыңыз ұзақ болсын

  • @user-sj5br1xn2n
    @user-sj5br1xn2n Před 9 měsíci +5

    Журналист ханымға мың алғыс!
    Алла разы болсын!

  • @user-rw3cf3uo7y
    @user-rw3cf3uo7y Před 9 měsíci +6

    Қайшан ,тәте өте керемет.

  • @user-oj7fk4ej8f
    @user-oj7fk4ej8f Před 10 měsíci +8

    Керемет Анам есиме тусип кетти,қайран анашым.

  • @guldaryuldashova1968
    @guldaryuldashova1968 Před 10 měsíci +9

    Жараисыңдар осындай аналарды көрсетіңдер

  • @user-bx4fk6kg1k
    @user-bx4fk6kg1k Před 9 měsíci +8

    Күшті керемет тьфай Тьфай көз тимесін

    • @user-he3ul4lx5e
      @user-he3ul4lx5e Před 9 měsíci +1

      Жаным апа,сіздей аналар ғой,қазақты өсірген.Көргеніңіз тек жақсылық болсын,деніңіз сау болсын!!

  • @user-pe8fj8nf6j
    @user-pe8fj8nf6j Před 9 měsíci +5

    Анамды көргендей болдым!!
    Аман жүріңіз әпкетай❤❤

  • @wsr4qmjan_175
    @wsr4qmjan_175 Před 10 měsíci +15

    Қандай сауатты сыпайы сөйлейді.Алла берген қуатпен берекеңмен отбасының ұйытқысы болып отыра беріңізші қадірлі замандас.Осындай ернкше еңбек адамдарын насихаттаған журналист қызыма үлкееен рахмет.Айналайын еңбегіңнің жемісін көр бақытты бол.

  • @user-vs3gs5dy7k
    @user-vs3gs5dy7k Před 9 měsíci +8

    Апамыз аман болсын нағыз еңбек ері ғой. Осындай үлгі болатын кісілер жайлы көбірек көрсете беріңіздер

  • @user-ft6mg6ye1r
    @user-ft6mg6ye1r Před 10 měsíci +9

    Айналайын тұған жерден, қандай керемет. Ауылымызды көрсек мір марқайып қаламыз. Керемет, аман болсын осындай, апаларымыз. Ауылда тірлігін дөңгелетіп отырған, аман болыңыздар...

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 10 měsíci +2

      Қазақтың аналары шетінен мықты!

    • @hurlybaiturginbaev30
      @hurlybaiturginbaev30 Před 10 měsíci +2

      Алла сызге берекелі гумыр берсин. Апатай Осиріп отрган . Ул кыздарыңыз сыздердиң кадиринизди бағалайтын урпактар болсын. Аман болыңыз.❤

  • @user-nv1fr8dv5n
    @user-nv1fr8dv5n Před 9 měsíci +6

    Апа сізді көріп ,қуанып отырмын.Өміріңіз ұзақ болсынАпаның 60-жасың тойың тойлауға ,осы жайлауға барып,апаның дәмің жеп қымызың ішкен едік.Керемет жайлау ,айтып отырғаны бәрі рас.Мен сонау батыстан жазып отырмын .Мен кіші қызының 20-жылғы коршісі болғанмын.Оте керемет балдарға тәрбие берген.Бәрін көзіміз корген .Апаға басымды иемін.Сізді сағындық.

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 9 měsíci +1

      Иә, апа - бірегей тұлға.

    • @user-yo2vl4nv1d
      @user-yo2vl4nv1d Před 9 měsíci

      Апа абайлаңыз алюминде ағарған ұстауға болмайды у бөледі

  • @user-nq6by2zx9q
    @user-nq6by2zx9q Před 10 měsíci +8

    Гуля айналайын өркенің өссін .Мен сені мақтан тұтамын , еңбегіңді халқымыз елеп биіктен көріне беруді тілеймін .
    Деніңе саулық от басыңа
    амандық берсін .❤

  • @user-ru9in1yo3f
    @user-ru9in1yo3f Před 10 měsíci +7

    Керемет менде армандаймын осылай далада турсам деп мал бағып

  • @user-eo3dq7mp4x
    @user-eo3dq7mp4x Před 10 měsíci +8

    Осындаи батыр аналарды насихаттаңыздар, жастарға өнге, тәлім-тәрбие...

  • @user-st6tg6we2v
    @user-st6tg6we2v Před 9 měsíci +8

    Осындай ауыл көрінісін ауыл тіршілігін көп көрсетсеңдер жақсы болар еді кейінгі ұрпаққа үлгі бізге өткен өмірімізден естелік

  • @user-ze3ym2ne9q
    @user-ze3ym2ne9q Před 9 měsíci +5

    Қазақтың қасиетті жерлеріне жетпейді ғой,Қазақтарвмызға көбірек көңіл бөлу керек? Осындай қазақтың Қыздарымыз көп болсын, Елін,жерін,халқын ойлайтын,🇰🇿♥️

  • @fakiyaduisenova9366
    @fakiyaduisenova9366 Před 3 měsíci +2

    Керемет отбасы , неткен қайратты ана.Нағыз батыр ана ғой бұл кісі.Алла ұрпақтарын аман қылсын қызығын көрсін.Сізге көп рахмет артистерденде басқа өмір бар екен.👍👍👍🙋🙏

  • @user-ry9ji1jh2j
    @user-ry9ji1jh2j Před 10 měsíci +6

    Керемет көп көп рахмет.Апамыздың ғұмыры ұзақ болсын.Құлынды желіге байлап қандай керемет.

  • @user-ye6xy6yp5t
    @user-ye6xy6yp5t Před 9 měsíci +4

    Журналиске рахмет кеинги балаларга жастарга. Улгиапамыз коп жасасын кыздары,келиндери балалары аман болсын жайлау керемет

  • @user-xt3wq6hg3f
    @user-xt3wq6hg3f Před 10 měsíci +7

    Анамыз аман - есен БОЛСЫН 🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤❤❤☝️🤲🤲🤲😍😍😍,жайлауды, кең даланы көріп, жүрегіміз кеңіп қалды ғой 😊😊😊

  • @erkinajormanbekowa3864
    @erkinajormanbekowa3864 Před 10 měsíci +7

    Зор денсаулық тілеймін! 🤲🏼

  • @user-py8oi9zh1f
    @user-py8oi9zh1f Před 8 měsíci +6

    Апамыз аман болсын.

  • @gulmiramadiyarova1464
    @gulmiramadiyarova1464 Před 9 měsíci +5

    Апага узак омир тилеймен,Каракалпактан салем.

    • @user-kl7ky4dv8v
      @user-kl7ky4dv8v Před 9 měsíci

      Қарақалпақ еліне Алматыдан сәлем.

  • @tarbiyamoldabekova1610
    @tarbiyamoldabekova1610 Před 9 měsíci +3

    Қандай керемет! Жайлауда,таза ауа,ерен еңбек,таза қазақи тыныс,тіршілік.Апамызға Аллатағала күш-қуат беріп,ұзақ ғұмыр нәсіп еткей!

  • @user-tz3wk3rp9s
    @user-tz3wk3rp9s Před 10 měsíci +8

    Гүлмәрия қарындастың жүргізуі өте керемет, түсінікті нағыз қазақша

  • @user-bb5vr4vp7p
    @user-bb5vr4vp7p Před 9 měsíci +6

    Осы видеоны түсірген әпкелерге үлкен рахмет. Кейіпкер әжемізге ұзақ өмір нәсіп етсін Иншалла, ұрпақтарының қызығын көріп жүре берсін.

  • @user-yj5uc8kc9y
    @user-yj5uc8kc9y Před 10 měsíci +5

    Алла ұзақ ғұмыр берсін Анамызға❤❤❤❤нағыз бейнет адал еңбек. ❤❤❤❤

  • @user-vb2iy1tz1j
    @user-vb2iy1tz1j Před 9 měsíci +5

    Керемет апа

  • @user-uz4zr8zi5b
    @user-uz4zr8zi5b Před 9 měsíci +4

    Керемет !!!
    Алматыдагы балага ойлап малды багады. Осы кушты апамыз !!!

  • @user-tg5un5mk2g
    @user-tg5un5mk2g Před 10 měsíci +8

    Аналарымыз аман болсын оте жаксы апамызды тындаи бергын келеды

  • @user-ol4oz2tb9q
    @user-ol4oz2tb9q Před 10 měsíci +9

    Гулеке, жарайсын,казагымды кобирек корсетебер

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 10 měsíci +2

      Ниетіңе рақмет!

    • @user-xl2pk1si9z
      @user-xl2pk1si9z Před 9 měsíci +1

      Әр казак осылай бай куатты омир сүру керек озимиздин елимизде жеримизде адал еңбек етип

    • @user-xl2pk1si9z
      @user-xl2pk1si9z Před 9 měsíci +1

      Телефоны бар болса жиберинизши саумал ишуге

  • @user-ke6se9sn1o
    @user-ke6se9sn1o Před 9 měsíci +4

    Шыркын жаилау ай сагынамын❤

  • @user-rw2yn4zv4q
    @user-rw2yn4zv4q Před 9 měsíci +4

    Тапа нанды сағындым, Аман болыныз, Керемет.

  • @user-mr3si2ju3l
    @user-mr3si2ju3l Před 9 měsíci +3

    Керемет әкпетай. Қандай жақсы хабар жүргізгенсіздер. Қарқараның Мыңжылқы жайлауында балалық шағымыз өткен ғой.

  • @asar295
    @asar295 Před 9 měsíci +5

    Тау-тау Анам ,тау-тау анам деп өлең арнауға лайық адам екен.

  • @user-so1rk6uo9l
    @user-so1rk6uo9l Před 10 měsíci +4

    КЕРЕМЕТ АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІШІЛІК ҚАНДАЙ ТАЗА АУА ТАЗА ӨНІМ БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН ЖОЛДЫ ЖАЛҒАСТЫРЫП ОТЫРҒАН АПАМЫЗҒА АЛЛА КҮШ ҚУАТ БЕРСІН ЖАСАЙ БЕРІҢІЗ

  • @user-sb7us1fh5f
    @user-sb7us1fh5f Před 9 měsíci +5

    Аман болыныз апа тап туйнактай екенсиз. Исинизге саттилик.

  • @user-ji1mw5nb9j
    @user-ji1mw5nb9j Před 9 měsíci +4

    Керемет!!!

  • @user-bp3fv8jf1x
    @user-bp3fv8jf1x Před 9 měsíci +7

    Жанымыз тыныштык табатын канал табылды ау айтеуир.Алгыс айтамын сизге .Алла разы болсын

  • @alahsbaba
    @alahsbaba Před 9 měsíci +4

    Өте керемет сұхбат болды.....нағыз қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс жағдайын көріп...көңілім бір марқайып қалды....мың жасасын ақ пейіл аналар...елімізде осындай жайлаулар көбейе берсін деп тілеймін...Тәңірден...

  • @ryhanibailyk
    @ryhanibailyk Před 9 měsíci +8

    жаным апа аман болыңыз❤

  • @user-vz4pl5mf4u
    @user-vz4pl5mf4u Před 9 měsíci +7

    Апа, жарайсын. Казыргы келиндер бие тургайы сиыр саумайды, бузау сиырды отгонга айдап салады, сут майды сатып алады.

  • @user-jd1qi5zd9k
    @user-jd1qi5zd9k Před 9 měsíci +5

    Керемет!!!❤

  • @ush-ata2339
    @ush-ata2339 Před 9 měsíci +5

    Керемет Рахмет

    • @user-oq9ww7eg2l
      @user-oq9ww7eg2l Před 9 měsíci

      12 баламен кім алады бізің ұлт жасықтау ғои бұндаида

  • @user-sb8jr8ej5z
    @user-sb8jr8ej5z Před 9 měsíci +7

    Шіркін, бала кезімізде киіз үйдің түндігін түріп тастап жұлдызға қарап жататынбыз, айнала тып тыныш, тас қаранғы, аспанда ай мен жұлдыз ғана, адам кәдімгідей жақсы тынығып күш жинайды

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 9 měsíci

      Иә, адам таза ауадан нәрленіп, қуат жинайды. Оған сары қымыз қосылғанда нағыз денсаулық сонда болады.

  • @user-vh1tt8hz2y
    @user-vh1tt8hz2y Před 9 měsíci +4

    Машалла апа жуз жасаныз

  • @user-ux6uf4jk8s
    @user-ux6uf4jk8s Před 8 měsíci +4

    Керемет! нағыз еңбек!

  • @user-fl4bb2uv8c
    @user-fl4bb2uv8c Před 9 měsíci +2

    Міне нағыз еңбек! Қазағым ның аналары жасасын!

  • @aoclaser9956
    @aoclaser9956 Před 10 měsíci +4

    Осындай кең пейілді, мейрімді, еңбекқор, көп балалы қазақ аналары көп болсын!
    Апаға ұзақ бақытты ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!

  • @user-ql7co7lg6p
    @user-ql7co7lg6p Před 9 měsíci +3

    Күбінің тұтіндетүді әжемнен мен бала кезімде көргем.
    Жазда жәйләудва қандай рахат кезі болып еді: қымыз, бауырсақ, күні бойы өзенде шомылып, ойнап жүретінбіз!

  • @user-ow3pu6hx7d
    @user-ow3pu6hx7d Před 9 měsíci +3

    Апа бағыт тасысын балдарың ұрпатарыңның мерейі үстем болсын Қазақ елі мерейің үстем болып тілектер қабыл болсын

  • @user-pi1ev3ie8v
    @user-pi1ev3ie8v Před 9 měsíci +6

    Мен багам:барам кудай буюрса. Лайк 1000000 %

  • @Nuraika-2012
    @Nuraika-2012 Před 9 měsíci +6

    Керемет канал, қазақтың кең даласындағы өмірді сипаттайтың. Каналыңыз дами берсің🎉❤

  • @topi_rahmetova
    @topi_rahmetova Před 10 měsíci +6

    Жаным апам ❤

  • @user-xt9rl2jz1m
    @user-xt9rl2jz1m Před 9 měsíci +4

    Керемет мықты денсаулық тілеймін баршаңызға 👍

  • @user-ox3gk6jn1e
    @user-ox3gk6jn1e Před 9 měsíci +14

    Мына Ана байға тимей 12 бала өсірген бас идім Асыл Анаға аман жүріңіз

  • @user-hn4xf5iz6q
    @user-hn4xf5iz6q Před 10 měsíci +6

    Керемет

  • @user-wx8wo5ss1g
    @user-wx8wo5ss1g Před 10 měsíci +6

    Қайшан тәтеміз Батыр ғой,негізіЖылысай халқы тіршілігі мықты,тиянақты,Мақтанамыз

  • @user-uj1sy3bd8o
    @user-uj1sy3bd8o Před 9 měsíci +6

    Асылда Ардақты Аналарымыз аман болсын.Апамыздын өмір ұзақ болсын❤

  • @user-qy9ew4le3i
    @user-qy9ew4le3i Před 9 měsíci +2

    Міне нағыз жайлау деп осыны айт атақты қарқара жайлауы шөбі жазда адам бойына көтерілетін ғой, күбіні ыстап жатыр иә қарағайдың бүрімен ыстайтын, апамызға рахмет міне нағыз қазақтын әжесі мына табиғатпен етене араласқан жақсы адам мейірімді адамгершілігі мол болады ғой жүзге келіңіз апа еңбегіңіздің зейнетін көріңіз апа дұрыс мал мен басыңыз өсе берсін қашанда өркендей беріңіз әй алтын қазағым ай пакет пакет май құрт беремін деп те қояды апам кең жүректі апам ❤❤❤

  • @user-nm7cm4vu3c
    @user-nm7cm4vu3c Před 7 měsíci +2

    керемет жаным қазақ ❤

  • @user-pn5tt5vt9s
    @user-pn5tt5vt9s Před 3 měsíci +1

    Шіркін Қазақтардың бәрі осындай ауқатты болса

  • @user-hr4nr3im2j
    @user-hr4nr3im2j Před 9 měsíci +4

    Қандай тамаша өмір.Естен кетпес балалық шақ еске түскен керемет бейне баян болды.қаладағы тыр жалаңаш қыз қырқын әртістерді нәсихаттағанша осылай тамаша адамдарды көрсетіңдер.

  • @user-gp6tw1yl3u
    @user-gp6tw1yl3u Před 10 měsíci +5

    Керемет❤

  • @user-vu1xi8hw2l
    @user-vu1xi8hw2l Před 9 měsíci +3

    Оллох. Баракасини. Берсин

  • @bibiapa
    @bibiapa Před 9 měsíci +4

    Апаның дені сау болсын.Әдемі екені❤❤❤ көрініп тұр

  • @user-sy4qq5dv7w
    @user-sy4qq5dv7w Před 9 měsíci +3

    Ассаламалейкум Тамаша түсірілім осындай Адал Еңбек ететін адамдарды көріп қуанып көріп отырмын Қаладағы сары шашты сайтан шала қазақ аиелдері көргенше .Рахмет .

  • @user-xd4mm1jv9t
    @user-xd4mm1jv9t Před 9 měsíci +3

    Мына бейнефильміңіз де жан жадыратарлықтай дүние екен.Кейіпкері- қарапайым қазақ әйелі.Табиғаттың төл перзенті.Алтынның сынығындай асыл жан.Адами болмысы,өмір сүру үрдісі сүйсінтеді. Мұндай жандар азайып барады ғой.Сондықтан "Алтын шыққан жерді белден қаз" деп,осы тақырыпты тереңдете беріңіз.Еңбегіңізге жеміс тілеймін!

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 9 měsíci

      Кеңесіңіз үшін рақмет! Алайда мұндай кейіпкерді табу оңай емес.

  • @gulnarbaishokenova2837
    @gulnarbaishokenova2837 Před 9 měsíci +3

    Аллах тагалам жар болсын жандарым.Узак омир суриниздер.Апа Асыл суекти адамсыз❤❤❤

  • @user-fu8ct3pj2x
    @user-fu8ct3pj2x Před 10 měsíci +6

    Керемет.Аулға кеткім келіп кетті.

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 10 měsíci +1

      Бару керек.

    • @saryarqabalasy
      @saryarqabalasy Před 10 měsíci

      @@gulmariyabarmanbekova7349 Бұзау бағатын жер бермейді. Шөп шабатын жер бермейді.

  • @zhanyldzumakadyrova3659
    @zhanyldzumakadyrova3659 Před 9 měsíci +6

    Ане сизге ден соолук балдардын жакшылыгын коруп журо бериниз.😊

  • @user-vx9tg6pw8f
    @user-vx9tg6pw8f Před 10 měsíci +8

    Бұрынғы аналар бастарына қандай іс түссе де төзімділікпен жеңе білген. Қазіргі жастар екі-үш баламен не ажырасып не жесір қалса барлық қайырымдылық қорына алақандарын жайып сұрауға, қайыршылыққа бейім тұрады. Осындай рухты аналардан үлгі алса қайратты да қайсар аналарымыз көбейер еді.

  • @RaushanAijanova
    @RaushanAijanova Před 6 měsíci +3

    Апа молодчина!

  • @BuranMusabaev
    @BuranMusabaev Před 9 měsíci +4

    Көзге таныс,әдемі көріністер!Әкемнің інісі қой бағушы еді.Бала кезімде жазғы каникулда Рақымберді көкем тауға, жайлауға алып кететін. Бағдарламаны көріп отырып,сол кез есіме түсіп, босап алдым Шіркін, еңбек адамдары бір бірлеріне ұқсас қой. Көкем мен Гүлбаршын жеңешем есіме түсіп кетті. Аңқылдақ, ақкөңіл кісілер еді...Кейіпкер де, табиғатта,хабар да, авторы да бәрі ұнады!Аман-есен болыңыздар,көп рақмет!!!

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 9 měsíci

      Ізгі ниетіңе көп рақмет, Боран! Қазақ телевизиясының тәжірибелі режиссерінен мұндай баға алу үлкен мәртебе.