Ескендір Бестай: Үйренуді үйрену, вундеркинд бала, бақытты ғұмыр / Kitapal podcast #16

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 14. 09. 2023
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов Ескендір Бестаймен сұхбаттасады.
    Тайм-код:
    20 Педагогика мен мұғалім мәселесі
    5:00 Ескендір мырзаның кітаппен достығы
    8:30 Жастар неге кешігіп қалдым деп ойлайды?
    9:25 Мирас мырзаның тұлғалық тоқырау сәті
    11:45 Салыстырудың зияны
    14:00 "Студенттер асығыс"
    14:30 Кітапты не үшін оқисыз?
    16:00 Белгісіздіктен бас ала қашу
    17:20 Кітап оқымайтын адам талғамсыз адам!
    18:22 Баға бермесең бақытты боласың!
    20:00 Инстаграм "нәтижелер" көрмесі
    21:00 Процесті білмей нәтиежеге қызықпа!
    24:30 Инсайт
    26:40 "Кітап алатын күн"
    29:00 Тіл туралы
    33:20 Кітап мұқтаждықтан шығады!
    34:30 Мұғалім білім беруге міндетті ме?
    37:00 Ата-ана қылмыскер!
    39:00 Еркіндік лицензия емес!
    40:30 Түзеймін деме, танимын де!
    45:00 Үлкен күш үлкен жауапкершілікті талап етеді!
    45:20 Шразаддиннің бала қарауы
    47:00 Бейнет пен зейнет
    48:00 Бай мен кедейдің баласы
    50:00 Кітап оқылмайтын үй болашақ қылмыскердің панасы!
    51:00 Дара бала
    53:00 Іші пысқан бала ғана кітап оқиды!
    54:00 Табиғи робот
    55:15 "Тұлға болам" туралы
    57:00 Көп кітап оқу туралы
    1:00:23 Мектеп, мұғалім мәселесі
    1:04:10 Шразаддин феномені туралы
    1:07:07 Араласпау немқұрайлық емес
    1:09:15 Ұстаздыққа құлдық сияқты қарау
    1:10:23 Педагог нені білуі керек?
    1:16:00 Өтпелі кезең өткелі
    1:25:00 Онша емес кітап туралы
    1:27:01 Қарым-қатынас бәрінің кілті
    1:32:02 Картина мира
    1:34:10 Артық білім
    1:40:23 Лайық болу
    1:42:15 Травма туралы
    1:46:20 Қорытынды
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
    Ескендір Бестай: / eskenbestai
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Komentáře • 304

  • @user-wb3wd1pb7q
    @user-wb3wd1pb7q Před 7 měsíci +60

    1. Өзіңді өзгемен салыстырарда жарыстан алтын, күміс, қола алған жеңімпаздарды ойыңа елестет. Күміс алған адам мұңайып тұрады. Себебі: сәәәл тырысқанда, сәл мықты болғанда алтын алатын едім. Қола алған адам өзіне ырза, қуанышты. Себебі: қалғандарына қарағанда осы үштікке іліктім.
    2. Тақуалық, білімге келгенде мен неге сондай болмадым деп өзіңді өзіңнен мықтылармен, жоғарылармен салыстыр. Дүние-байлыққа келгенде өзіңнен төмендермен, сенде бар зат оларда жоқ адамдармен салыстыр. Шүкір ет
    3. Баланы ойнатып, жаңа нәрсе көрсетіп, үйретіп бірге отырудан қашып жыламас үшін ұйықтатып тастайтын болсаңыз, сол таңдаған нұсқаңыз өмір бойғы бейнетіңіз болады. Жыламас үшін, тыныш отыруы үшін, сұрақтарымен миды ашытпас үшін телефон, теледидар беріп қоятын болсаңыз сол таңдаған нұсқаңыз өмір-бойғы бейнетіңіз болады. Ұйықтай беретін, телефонға телміретін баланың фундаментін өзіңіз қалыптастырасыз.
    4. Баланың білім жолына, өмірдегі жолының қалыптасуына араласпау керек, алайда бұны немқұрайлылықпен шатастырмау керек. Араласпаудың психологиясы: “Мен бірінші қадам жасамаймын. Бірақ, бала кеңес, бағыт, көмек, жол сұрап келетін болса шын көңіліммен, шынайы түрде бағыт-бағдар беріп, көмегімді бар ынтаммен көрсетемін
    5. Талғам көп затты тұтыну арқылы пайда болады. Тамақтағы талғам тамақтың көп түрін тұтынып көргендіктен; Қ.Талапбектің мысалында көп видеоны көргендіктен; кітапқа, ойға талғам көп кітапты оқығандықтан пайда болады.
    6. Тек қазақ тілін білетін адамның еліне, тіліне деген махаббаты мен патриоттылығы амалдың жоқтығынан. Тіл білмегесін айыбын патриоттылықпен жуып-шаяды.
    7. “Баланы қалай жылатпауға болады?” деп емес, “бала не үшін жылайды, жылау себебі неде?” деп сұрақ қою керек.
    8. Ана жасанды, өтіріктен, өзі қаламаса да амал жоқтықтан баланың көзінше дауыстап кітап оқыса баланың кітапқа деген оң көзқарасын қалыптастыра алады. 9. Баланың ой-өрісіне отбасы жағдайы, ата-ана мамандығы әсер ете алады. Шәй басында айтылатын әңгіме баланың сөздік қорына, сөйлеу әдебіне әсер етеді. Көрегенді әңгіме айтуға қабілеті жоқ отбасы мен кәсіп, ғылым күрделі құрмалас сөйлемдермен әңгіме талқылап айта алатын отбасының айырмашылығын ойлай беріңіз.

  • @dzhigitbek
    @dzhigitbek Před 10 měsíci +62

    Жүргізуші жігітке риза болдым. Подкаст желісін шебер ұстап отырды.

  • @aqguli
    @aqguli Před 10 měsíci +141

    Мәссаған 🤯
    Әр подкаст сайын деңгейдің өскені байқалып жатыр. Жай сұрақ қою, жауап беру, құр қағидаларды айта салу емес. Терең ойлау, зерттеу, жан-жақты пікірлермен тақырыпты қызықты етіп аштыңыздар.
    + арасында күлкі сыйлайтын әзіл де бар😉
    Кітапал подкаст тоқтамасын🔥

  • @Zzz-fb7tb
    @Zzz-fb7tb Před 9 měsíci +24

    Оқу, білімді болу модаға айналса екен. Әншілік, шоу бизнестің орнына, ғылым популяризацияланса екен. Осындай жігіттерді қолдау көрсетейік, ең болмаса лайк басайық, жазылайық.

    • @bahabaha1910
      @bahabaha1910 Před 3 měsíci

      модаға емес норма айналса екен,тамақ жеу мода емес ол қалыпты жағдай

  • @nur4588
    @nur4588 Před 4 měsíci +10

    Шынымды айтсам, мына кеңестерді қолданып, өміріме араластыру үшін тағы 5-6 рет тыңдау керек сияқты)

  • @Alima.y
    @Alima.y Před 10 měsíci +148

    Ескендір Бестайдың подкасттары аз. Ал КітапАл+Ескердір Бестай ағамыз ваще топ🫡💥

    • @alashbalasi6260
      @alashbalasi6260 Před 8 měsíci

      Нағыз мал ғой. Адам өзін олай жоғары ұстамау керек. Мына сөздерден кейін қалай жақсы адам дейсін? Уақыт 30:08

    • @nurbqlq.
      @nurbqlq. Před 3 měsíci

      @@alashbalasi6260алаш жауы

  • @nurbekkqyzy
    @nurbekkqyzy Před 10 měsíci +74

    Ескендір Бестай қатысқан подкаст, интервьюдің бәрінде ми шашылады ғой. Ескендір ағаны 2019-да тыңдап танысып бастағанмын. Өте білімді жан. Педагогика бойынша айтқан инсайттарыңыз үшін рақмет.

  • @marhaboyusupova592
    @marhaboyusupova592 Před 10 měsíci +62

    Бүкіл мұғалім қауымы көрсеғой мынаны. Недеген күшті подкаст , негізінде көп подкастарды тірлік жасап жүріп тыңдаймын , бірақ бұл подкасты үйтіп көре алмадым , паузаға қойып терең ойланып миыма жайғастырып дегендей 😂😂😂.
    Аллам баршамыздың зейінімізді ашсын , ақыл иелерінен қылсын, осы ер азаматтарымыз сияқты кітап сүйер қауым ,елді ойлайтын білімді ді ілімді ұрпақ көбейе берсін 🤲🤲🤲

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j Před 2 měsíci +7

    7 ай болыпты шыққанына кемі 10 рет көруім

  • @InkarS-fz5jd
    @InkarS-fz5jd Před 10 měsíci +43

    Ескендірді көріп қалсам болды, қандай подкаст болса да міндетті түрде тыңдаймын. Жалықтырмайды. Беретін пайдалы ақыл-кеңес, ақпарат, қажетті дүниелері өте көп.
    Көп-көп рақмет! Аман жүріңіздер!

  • @kuanyshergashbay5549
    @kuanyshergashbay5549 Před 2 měsíci +5

    1) қазіргі кезде кітап оқуға талпысыс жоқ немеса аз себебі дофомин аса көп миымыз үйренбеген кітап сияқты заттарға, не істеу керек өзімізді іш пысатын состаениеге алып келу,телефонды тастап 3-5 мир жатсан пайдалы және істеу керектер заттар ойына келе бастайды нәпсіге ұнамайды құр ойланған
    2) сообщение арқылы сөйлесу
    Мысалы: досым жағымсыз әрекет жасады оған мен өзімнің состаниемен ойымды қоса айтсам ол өзін менің орнынма қояды
    3) білімді қалай өлшейді? Білім өлшем бірлігі ол адамнын мінезі,білімді өлшейтін құрал күндегі әрекеттері.
    Мінез қылықтарына қараймыз,бұл исламда да бар зат намаз немесе басқа құлшылық қабыл болады ма білуге болады. Ол өзініз жақсы жақа өзгерістер байқау
    4) адам кітәпті қандай себебпен оқыса оны табады,өзіміздің басымызда шешім бар шығар бірақ кітап сол бастағы тола пазл бар бірақ олар өзі орындарында емес кітап осын орындарына қойып реттейді
    5) бір затты өзгерттің келсе ол затты басқара алу керексің, басқара алу үшін ол затты өлшей алатын болу керек

  • @gazizakuandykova7732
    @gazizakuandykova7732 Před 10 měsíci +14

    Қазақстанда осындай ақылды азаматтар көбейе берсе өркендей береміз бұйырса👍

  • @qazaqguest9032
    @qazaqguest9032 Před 10 měsíci +26

    Ағайындар, сіздерге көп рахмет, біраталай подкастарыңызды тыңдадым. Жиі-жиі әртүрлі саладағы мамандар шақыра беріңіз, әсіресе өзгеше көзқарастары бар кәсіби мамандарды шақырыңыз.
    Ізгі тілекпен,
    Амерканың Қазағы

  • @wwerty_20
    @wwerty_20 Před 3 měsíci +5

    Подкастты енді тыңдап бастадым, Бұйырса хайырлы болады деген ойдамын😊

  • @armanmalikov3031
    @armanmalikov3031 Před 4 měsíci +3

    Сіздің подкасттарыңызды, барша Қазақстанның тұрғындары көру керек.

  • @user-vu2sp1zb6r
    @user-vu2sp1zb6r Před 8 měsíci +7

    Ескендір Бестай ағамыздың ой саптауы мүлдем ерекше уровеньғой.Подкастты көріп өзімнің ой саптауым өте төмен екенін көрдім.Рахмет сіздерге осындай подкасттар дәл қәзіргі уақытта өте керек дүние-ақ.

  • @user-ex6bx2qe3k
    @user-ex6bx2qe3k Před 3 dny

    Мына подкасттан кейін өз мамандығыма деген құрметім артты 👏🏻👏🏻👏🏻 Мектепте жұмыс жасап жатқаныма енді 1 жыл болса да неше түрлі адамдарды кездестірдім . Мен сабақ бергенде мүлде асықпайды екенмін , сол үшін бір кабинетте отыратын басқа апай менің үстімнен шағым айтқан талай рет 😂😂😂 5-6 сынып оқушыларыммен тіпті жақып әпкелері секілді сөйлесуге тырысатынмын

  • @user-ch1pw8uh3n
    @user-ch1pw8uh3n Před 9 měsíci +14

    Болашақ педагог ретінде өте құнды ақпараттар алдым. Еңбектеріңіз жана берсін!

  • @aikenaltai3423
    @aikenaltai3423 Před 9 měsíci +9

    Керемет подкаст. Үшеуі үш жүз сияқты, бір бірін толықтырып тұр. Қайталап көре бергің келеді. Тіл байлықтары, рухани байлықтары керемет

  • @merkebayeva_
    @merkebayeva_ Před 9 měsíci +8

    Ескендір ағаның даусы жағымды екен, подкасттарын тыңдап отыра бергің келеді😊

  • @aikunyesimbai2345
    @aikunyesimbai2345 Před 10 měsíci +10

    Абылай Ахметқалиді шақырынызшы өте жақсы адам білімге Дамуға өзін арнаған психолог🎉🎉🎉сіздер подкаст кезең кезең дамып жатыр керемет🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤

  • @aqniyetzhetkirbay
    @aqniyetzhetkirbay Před 10 měsíci +5

    Ескендер Бестайда бір артық сөз жоқ.👏👍

  • @user-qm9vo2nm1d
    @user-qm9vo2nm1d Před 8 dny

    Керемет 🤯🤯🤯
    Не деген дана адамдар😇
    Сіздерге қарап тіл үйренгім келіп жүр. Кітап оқуға құлшылығымды аштыныздар☺️

  • @amankakubash6818
    @amankakubash6818 Před 4 měsíci +2

    Осы каналдың подкасттарын тындап, жібермей карап жургеніме бірнеше кун болды. Оте кызык екен. Ыдыс жуып, дауысын бакыртып косып коямгой👍. Әрбір подкасттары бірінен-бірі өткен екен. Сіздерді караганнан кейін кітап ашып, куніне 3-4 бет болса да улгеоіп окитын болыппын. Ағылшын тіліне еріншектік басым еді, сабағымды колга алып, оятып жібердіңіздер ұйқымнан. Оте керемет, пайдалы подкасттар екен халыққа жанларыныз ашитыны корініп тур, білімді болсыншы деген. Улкен алгыс. Аллах разы болсын. Булай баска подкасттарды тындамаган болармын, или аударып жіберетін едім іш пыстырып жібереді кобі. Осе беріңіздер. Казакка жаны ашитын мыктылар, білімділер кобейе берсін🤲🏻.

  • @user-or7de9bp2w
    @user-or7de9bp2w Před měsícem

    Керемет. Өте пайдалы ақпараттар. Бірнеше рет қайталап көру керек екен.

  • @Nuraiym04
    @Nuraiym04 Před 10 měsíci +18

    Мұғалімдерге арналған жақсы нұсқа подкаст болды😍

  • @bakytberdikuatkhan4949
    @bakytberdikuatkhan4949 Před 10 měsíci +29

    Керемет коллаборация, Тұнып тұрған инсайт, визуалды контент🔥🔥🔥

  • @nurlantuletaev2303
    @nurlantuletaev2303 Před 10 měsíci +5

    Маш Аллах жігіттер өтте дұрыс бағдарлама екен !!!

  • @user-uk4mt4nm6g
    @user-uk4mt4nm6g Před 10 měsíci +8

    Фокуспен тындалу керек подкасттардың бірі болды.

  • @fatoshhakimova4522
    @fatoshhakimova4522 Před 9 měsíci +11

    мәә қандай тамаша адамдар,Алла тағала бізгеде Ескендір аға айтқандай ата - ана,оқушы,мұғалім болуды нәсіп ет🤲

  • @user-sb1yp1vj5c
    @user-sb1yp1vj5c Před 9 měsíci +5

    “Тұлға болам” жобасы мен үшін өте керемет болды.Сол жобаның арқасында кітапқа деген қызығушылығым арта түсті.Тағыда сондай кітап оқу жарыстары болса, нұр үстіне нұр болады

  • @user-lh5bh7fq4r
    @user-lh5bh7fq4r Před 10 měsíci +3

    Саяхатшы Руслан Мелдебек.Темирлан Мукашбеков.Ернар мен Жазира сол кисилерди шакырсаныздар.

  • @user-ej9go7et9t
    @user-ej9go7et9t Před měsícem +1

    Мен 33 жастамын енді бастадым кітап оқуды 😊

  • @user-ct7bn7nc7f
    @user-ct7bn7nc7f Před 9 měsíci +5

    Айтқан әр сөздері тереңінен ойланатын подкаст болды. Керемет👍

  • @subyektive_soz
    @subyektive_soz Před 10 měsíci +4

    Негізі қарапайым сөздер өміршең келеді, мысалы: балаң сабырлы болғанын қаласаң өзің сабырлы бол, балаң кітап оқысын десең өзің кітап оқы, тағысын тағы … нені өзгертуді қаласақ та өзімізден бастау маңызды! Осы орайда ислам ғұламалалары мен стоиктердің ойына басымдық берген жөн, барлық істің себебін өзіңнен іздеу!
    Жақсылық көрсем өзімнен,
    Жамандық көрсем өзімнен,
    Тағдыр ісі дегенді -
    Шығарамын сөзімнен.
    (Сұлтанмахмұт Торайғыр)

  • @meruert.rahymhan6
    @meruert.rahymhan6 Před 10 měsíci +6

    Сұмдық подкаст!
    Маған ұнады,миым жарылды былайша айтқпнда.Біраз сұрақтарыма жауап алдым,қателіктерімді түсіндім.Бестай ағанын миына,әр сұраққа керемет ,нақты. жауабы дайынына таңғалдым

  • @user-gv9mz5kv5w
    @user-gv9mz5kv5w Před 10 měsíci +10

    Керемеет
    Тағыда келсе жақсы болар еді
    Қолдасаңыздар❤

  • @_qruzhqn_
    @_qruzhqn_ Před 10 měsíci +6

    Ия, шыныменде кітапалдың подкасттары өзге сияқты емес жалықтырмайды 🔥

  • @neat2023-rk1rm
    @neat2023-rk1rm Před 10 měsíci +8

    💬Әссәләмуғалейкум! Сіздердің подкасттарыңызды үзбей көріп жүрген оқырман, көрермендеріңіздің бірімін. Соның арқасында кітаппен достығым басталды. Тек ол ғана емес өз бойымнан ілім талап етушілік қасиетті байқадым. Ізденуді көбейттім. Қандай сұрақ немесе мәселе туындай қалса жауабын ең әуелі діннен, сосын кітаптан іздейтін болдым. Ал подкасттарыңыздың орны ерекше!💯 Сәйкесінше пайдасы да мол!🤓
    Қандай тақырыпты талдасаңыздар да нақты әрі құнды мәліметтерді айтып жатырсыздар!!! ❤ Тек Алға! Алла баршамыздың зейінімізді ашсын! 🤲Әмиин!

  • @nauryzbayunic
    @nauryzbayunic Před 10 měsíci +6

    Подкаст өте өнегелі өтті. Өңшең өкіметте өкілеттілігін өткізетін өрендер. Өркендеріңіз өссін.

  • @Gaukhar_Zhumatay
    @Gaukhar_Zhumatay Před 10 měsíci +6

    Осы күнге жеттік-ааау🥹🫶🏻

  • @jadyrajaqsylyq
    @jadyrajaqsylyq Před 8 měsíci +3

    Пештің тамызығын оқып отыратыным есіме түсіп кетті😂
    Подкасттар жалғасын таба берсін🔥

  • @lashynbakytbek2999
    @lashynbakytbek2999 Před 9 měsíci +2

    Білімнің бірден бір өлшем бірлігі-мінез.
    -мінез өлшем бірлігі болса , өлшем құралы не?
    -күнделікті әрекетім
    Білімнің үш деңгейі
    1. Тәкәппарлыққа алып келетін білім
    2. Менің білмейтіндерім де бар екен
    3.дым білмейді екем

  • @UBT_PRO
    @UBT_PRO Před 10 měsíci +4

    Ескендір Бестайдың әр подкастты миды жарады 😅

  • @user-zi6ht4cq7m
    @user-zi6ht4cq7m Před 10 měsíci +3

    Іздеген подкаст алдымнан шықты, рақмет!

  • @user-lb8np9yd4c
    @user-lb8np9yd4c Před 3 měsíci +1

    Дами беріңіздер істеріңізге береке берсін🤲🏻❤️

  • @_qruzhqn_
    @_qruzhqn_ Před 10 měsíci +4

    Пайдасыз жері болмаған подкаст болды🔥

  • @user-ks4lz8bt7o
    @user-ks4lz8bt7o Před 10 měsíci +11

    Мұғалім болуға, ісіті сүюге құштарлықты оятыңыздар🔥

  • @newchemist
    @newchemist Před 9 měsíci +2

    Кітап алуға арналған күні ұнады ана кісінің!

  • @GuljamalAlimova-lt5px
    @GuljamalAlimova-lt5px Před měsícem

    Китеп ал жамаатына жана келген конокко ыраазычылык!

  • @user-uu1ok9py6l
    @user-uu1ok9py6l Před měsícem

    Жігіттер көп рахмет

  • @user-cc5ip8ni2d
    @user-cc5ip8ni2d Před 10 měsíci +9

    Көп рахмет ❤ Алла разы болсын ❤ 35+ жасқа да өте пайдалы )) игіліктің ерте кеші жоқ ешқашан оқу да үйрену де кеш емес, дегім келеді. Мен өзім үздіксіз оқушымын, ақыл жастан деп жастардан да үйренетін нәрселер көп

  • @Qubylys_ozger
    @Qubylys_ozger Před 10 měsíci +3

    Өзіңе де,өзге де баға бермеу.
    Ескендір Бестай✨

  • @user-ks4lz8bt7o
    @user-ks4lz8bt7o Před 10 měsíci +4

    Керемет подкаст 🔥🔥🔥🔥

  • @subyektive_soz
    @subyektive_soz Před 10 měsíci +4

    Ең бір деңгейі жоғары подкасттардың бірі болды👍

  • @frzqwjkk
    @frzqwjkk Před 8 měsíci +2

    Недеген керемет, ойтолғаулы подкаст!! Тыңдау арқылы біраз нәрсеге көзім жетіп, біраз инсайт алдым. Ескендір Бестай ағамызды тыңдап оның сөйлеген сөздері, позициясы, принциптары маған ұнады!! Нағыз ойын ашық, мысалдар арқылы жеткізе алатын өте сауатты, көпті көрген азамат екен!!👏🏻👏🏻👏🏻
    Осындай пайдалы, танымдық, өзекті тақырыптарға толы қоғамға пайдалы подкасттар көбейе берсін!!🥰

  • @user-yh5rg6xg9v
    @user-yh5rg6xg9v Před měsícem

    Ойлы, ақылды сөздер алдым,сөздік қорлары көп,тыңдайтын жастар көп болса екен өзім үлкен жастағы әжемін

  • @aibektorri
    @aibektorri Před 9 měsíci +7

    Үзбей көріп, тыңдап отырмын. Сапалы шығарылым. Диолог пен тыңдай алу деңгейі от қой 🚀

  • @perizatorazbai
    @perizatorazbai Před 10 měsíci +6

    Өте пайдалы подкаст!😍
    Бір психологты шақырсаңыздар қонақ ретінде, себебі қазір псевдопсихологтар көбейіп кетті.
    Әлеуметтік желіде де көп)

  • @user-ll2du1lr7x
    @user-ll2du1lr7x Před 10 měsíci +4

    Миымда бомба жарылып жатыр😁 керемет подкаст болды, өзім де жас маман едім,кей қателіктерімді түсіндім, қайталап қарау керек екен тағы

  • @Armansaidulla
    @Armansaidulla Před měsícem

    Өте керемет подкаст болды. Өз ойымды айта кетсем, кітап оқитын Қазақстанда азаматтар көп, біздер бәлки байқамайтын шығармыз. Бірақ білімді азаматтар көбейіп бара жатыр ✊

  • @yakamozumi
    @yakamozumi Před 10 měsíci +3

    Үздік комбо🎉
    Ескендір Бестай ағайды тыңдаған ұнайды❤

  • @zhaulanbek
    @zhaulanbek Před 10 měsíci +3

    Пайдалы подкаст болды, рақмет!

  • @user-re1pf8bq4w
    @user-re1pf8bq4w Před 7 měsíci +1

    Ең басты түйін: кітапты оқу арқылы білім жинау, үйрену өнері дағдысын қалыптастыру

  • @aigerimazat7180
    @aigerimazat7180 Před 10 měsíci +2

    Керемет миым бомба болып жаатыыр 😍
    Кооп дуниелердын есыгын ашугы комек бере алдыныздаар 🪄

  • @subyektive_soz
    @subyektive_soz Před 10 měsíci +4

    Шыны керек ТТБ, админ анон т.б подкасттар жақсы, бірақ мағынасы жағынан Кітап алдың шаңында қалады, кітапты дәріптеуде көбірек мағына жатқаны рас

  • @user-tz2im8pb2g
    @user-tz2im8pb2g Před 8 měsíci

    Алла разы болсын!

  • @user-kk9zk9qk5l
    @user-kk9zk9qk5l Před 10 měsíci +3

    38:20 толыктай келисемин.мен универге тускенде агылшын тилине солай болган...👍

  • @AselyaArmankyzy
    @AselyaArmankyzy Před 9 měsíci +2

    Көп-көп рақмет сіздерге! Шығармашылық табыс тілеймін!😍🙌🏻

  • @balama_taraz
    @balama_taraz Před 9 měsíci

    Рахмет сіздерге

  • @balama_taraz
    @balama_taraz Před 9 měsíci +3

    Алла разы болсын сіздерге🤲🏻

  • @dr_aigerim
    @dr_aigerim Před 10 měsíci

    Алла істеріңізге береке нәсіп етсін

  • @JannatJannat-jb8bj
    @JannatJannat-jb8bj Před 10 měsíci +4

    Керемет подкаст болды 👍👍

  • @user-ru1fp6mh2o
    @user-ru1fp6mh2o Před 10 měsíci +3

    Пайдалы подкаст болды👍🏻👍🏻👍🏻

  • @erbolibraimov7887
    @erbolibraimov7887 Před 9 měsíci

    Керемет. Дами беріңіздер

  • @user-cg3qu1cl5f
    @user-cg3qu1cl5f Před 10 měsíci +1

    Рахмет улкен ❤️

  • @user-sc9bq3un3w
    @user-sc9bq3un3w Před 6 měsíci +1

    Өте көп рақмет,подкаст өте пайдалы болды,көптеген білмей жүргендерімді түсіндім,әсіресе педагогтар көру керек подкаст екен

  • @gulsaraserikbaeva3831
    @gulsaraserikbaeva3831 Před 10 měsíci +2

    Өтееее керемет подкаст😊😍😍😍😍

  • @qanataldiyev9515
    @qanataldiyev9515 Před 5 měsíci

    Алла берекесін берсін жігіттер 👍👍👏👏✊

  • @sabyrperizat5947
    @sabyrperizat5947 Před 4 měsíci

    Керемет жандармен керемет подкаст 🎉

  • @dr_aigerim
    @dr_aigerim Před 10 měsíci

    Машалла, керемет 😊

  • @user-qd3fi8jp7w
    @user-qd3fi8jp7w Před 10 měsíci +1

    Қуаныштымын❤

  • @Kunekeeeva
    @Kunekeeeva Před 10 měsíci +1

    Өте пайдалы подкаст😍

  • @arunaabdikerimova4011
    @arunaabdikerimova4011 Před 10 měsíci

    Керемет подкаст пайдалы инсайт😍👍🏻

  • @user-it9mh7qk4f
    @user-it9mh7qk4f Před 10 měsíci +3

    Керемет подкаст болды

  • @user-kr1pv2fm1m
    @user-kr1pv2fm1m Před 10 měsíci +1

    Өте керемет заманға сай сұхбат болыпты

  • @user-fw6nh7rm1t
    @user-fw6nh7rm1t Před 6 měsíci

    Берері көп подкаст!

  • @Snnurrai
    @Snnurrai Před 10 měsíci +2

    Әң керемет коллаборация болды 😍🔥

  • @user-dg1ho6ci2c
    @user-dg1ho6ci2c Před 8 měsíci

    Вааау , өте керемет болды , қолдаймын , рахмеет көп ✨✨

  • @Aikaalalimova
    @Aikaalalimova Před 9 měsíci +1

    Алла разы болсын❤ өте пайдалы болды ,көп рахмет

  • @user-qd2bd3ti4m
    @user-qd2bd3ti4m Před 9 měsíci

    Керемет Подкаст! Аллаһ разы болсын осы кісілерге!

  • @user-wk8ik8gk6o
    @user-wk8ik8gk6o Před 9 měsíci

    Қандай мәдениетті, білімді, санасы жоғары жігіттер👍👍👍🌟🌟🌟

  • @user-dk7kb3if6n
    @user-dk7kb3if6n Před 10 měsíci +3

    Өте пайдалы эфир🔥

  • @user-qe4zf8yf5l
    @user-qe4zf8yf5l Před 8 měsíci

    Керемет подкаст👍🏻. Өте пайдалы

  • @doszhanabzhanov3408
    @doszhanabzhanov3408 Před 10 měsíci

    Подкаст 👍👍👍👍қатарымыз көбейе берсін

  • @user-qu2xv2bt9c
    @user-qu2xv2bt9c Před 10 měsíci

    Ең күшті подкаст

  • @MoldirOrynbaeva-wb1ll
    @MoldirOrynbaeva-wb1ll Před 9 měsíci

    Өте керемет покаст болды .ой түйгендерім көп болды

  • @yerlandarzhan2629
    @yerlandarzhan2629 Před 10 měsíci +3

    Керемет! Түртіп алатын жерлері жетіп артылады. Нәрікби Мақсұтты күтеміз келесіде🤗

  • @ersultanmen1890
    @ersultanmen1890 Před 10 měsíci +1

    Ёёё чисто легендалар😍😍

  • @kuralaidunentaeva6034
    @kuralaidunentaeva6034 Před 10 měsíci +1

    Керемет . Рахмет сіздерге . Ойға ой қоосатын поскат болды