Мұрат Есжан: "Оян, қазақ!", сценарий өнері, киноға айналған кітап / Kitapal podcast #17

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 09. 2023
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов белгілі режиссер, сценарист Мұрат Есжанмен сұхбаттасады.
    Тайм-код:
    0:10 Кіріспе
    1:30 Мұрат Есжан кім?
    3:10 Кітаппен достық
    6:00 Қазақ ертегілері
    7:30 Йогова кітаптары жайлы
    11:00 "Алғаш боп "Қыз Жібек" дастанын оқығанмын"
    13:30 "Алтын орданы жетінші сыныпта оқыдым"
    17:40 Тоқсаныншы жыл балалары кітап оқыды ма?
    26:00 Қажеттілікпен ғана оқу
    30:00 Дамудың төте жолы
    34:01 Біз білген бірақ түсінбеген пәлсапа
    40:50 Әркімге басқаның өмірі бал көрінеді
    43:00 Шығармашылық бастауы ақындық жол
    51:22 Мирас мырзаның автобустағы махаббаты
    53:20 Кез келген нәрсенің астарында сценарий жатады
    59:31 Кітап жазу сценарийі
    1:01:43 "Менің атым Қожа" феномені
    1:05:11 "Қарапайым оқиға - күрделі кейіпкер"
    1:05:50 Кітап желісімен түсірілген фильмдер
    1:11:05 Кино ма, кітап па?
    1:17:25 "Кино әдебиеттің мойнында отырған өнер"
    1:19:50 Қазақ киносы мен кітабындағы сын мәдениеті
    1:22:01 Он алты жасар чемпион
    1:24:12 Жиырма бірінші ғасыр көшбасшысы
    1:36:00 Кейіпкердің жоғалтары болса көрермен тақымын қысады
    1:37:25 "Өкіл әке" фильмі феномені
    1:38:45 Көрермен пісе ме, киногер пісіре ме?
    1:40:00 Midnight in Paris
    1:41:30 Twelve angry mens
    1:42:45 Тарихи тұлғаның кемшілігін көрсету қажет пе?
    1:46:25 Сәбит Мұқановты жауыз қып көрсету қиянат болады
    1:47:50 Адам жақсы мен жаман нәрселердің жиынтығы
    1:48:35 Инфобизнестегі story telling
    1:50:15 "the most creative is the most personal"
    1:52:30 ""Ахмет.Ұлт ұстазы" фильмі үшін үйімді сатуға қойдым"
    1:54:00 "Жеп қойыпты"
    1:56:00 МІРЖАҚЫП. ОЯН ҚАЗАҚ!
    1:58:35 Америкалық арман
    2:02:25 Қорытынды
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
    Мұрат Есжан: / murat_yeszhan
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Komentáře • 182

  • @MrMirassus
    @MrMirassus Před 9 měsíci +115

    “Оян, қазақпен” тұспа-тұс келген подкастты бөлісіп жіберейік!

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Před 9 měsíci +29

    "Оян,қазақ" киносына Ақтөбе қаласында басталғаннан бастап бүкіл қаладағы жастар, ересектер ұжым болып барып,залда орын жоқ болып жатқанын естіп, қуанғаннан көзіме жас келді... Ұлттық рухымыздың әлі бойымызда екендігіне...Мұрат мырзаға Алла разы болғай! Ұлтына қызмет етер сіздердей саналы,білімді жандар көбейе БЕРГЕЙ ❤️

  • @yakamoz-i4z
    @yakamoz-i4z Před 9 měsíci +47

    Кеше ғана "Оян,қазақ!" фильміне әріптестерімізбен барып қайтқан едік. Фильмді жыламай көру мүмкін емес... Өзім мұғалім болғандықтан кинодан алған құндылықтарым көп болды.
    Енді осы подкасттың шыққанына қуанып отырмын 🎉Рақмет,Кітап ал жобасына,Мұрат ағамызға Алла разы болсын ❤

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Před 9 měsíci +13

    15 сағатта 1,8мың адам қарап,28 адам пікір қалдырған екен... Осындай игі іс жасап жүрген жақсы жандарға қолдау көрсетіп,жылы лебізімізді білдіріп, әрі қарайғы жұмыс жасауларына мотивация беріп жіберсек тіпті КЕРЕМЕЕЕТ болар еді...☺️👏

  • @ukiliqyz
    @ukiliqyz Před 9 měsíci +4

    Данияр ағаның подкаст арасында өзі алған инсайтты айтып, одан ой қорытындылап идея шығарып отыратыны ұнайды

  • @user-cg3qu1cl5f
    @user-cg3qu1cl5f Před 9 měsíci +7

    Осы подкаст болса - уй жинау да ляззат ,😂❤

  • @user-gn6yy4th2f
    @user-gn6yy4th2f Před 9 měsíci +10

    Мен қазақ тілінің мұғалімімін. Студентім Осы подкастты көріп, маған мазмұнын айтып береді. Өте сапалы ақпарат❤

  • @Aibat_Omirzhanuly
    @Aibat_Omirzhanuly Před 9 měsíci +12

    Мұрат Есжанды қазақ киносын дамытуға өзінің үлесін барынша қосып жүрген ағамыз ретінде танимыз.Ісіңіз берекелі болсын! Подкастқа келетін болсақ өте қызықты,жан-жақты болды.

  • @user-gy8hy8eu8l
    @user-gy8hy8eu8l Před 9 měsíci +10

    Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық❤

  • @Gulzat_amirali
    @Gulzat_amirali Před 9 měsíci +13

    Осындай тұлғалардың елімізде болғанына қуаныштымыз.Подкаст жалғасын кутеміз🎉

  • @sayasselk
    @sayasselk Před 9 měsíci +16

    Kitapal дың әр подкастында бұрын естімеген бірнәрсемді біліп аламын, рақмет!

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Před 9 měsíci +6

    ЕҢ ҚЫЗЫҚ ЖЕРІНЕ КЕЛГЕНДЕ БІТІП ҚАЛДЫ.. ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖІГІТТЕР, ҚАЗАҚТЫҢ ОСЫНДАЙ ЖАП-ЖАС,БІРАҚ ЖАН-ЖАҚТЫ, БІЛІМДІ, САНАЛЫ ЖАСТАРЫНЫҢ БАРЫНА, ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕНДЕРІНЕ ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН ❤️
    Мен жасым елуден кеткен тәжірибелі мұғаліммін,сіздердің әр подкасттарыңызды тыңдап, ой түйіп отырамын...Ал жастар үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз өте пайдалы екені сөзсіз!!! Сондықтан барымша сіздерді насихаттап, ұсынуға тырысып жүремін.Жалғасын күтеміз!

  • @epsilon_math
    @epsilon_math Před 9 měsíci +10

    Қазақ 🇰🇿 тарихының киносын жаңа сатыға көтере білген Мұрат ағамызға мың алғыс. Керемет подкаст болды👍. Екінші сериясын асыға күтеміз!

  • @meruertospan9731
    @meruertospan9731 Před 9 měsíci +6

    Kitapal-дың подкастын тыңдаған сайын деңгейімнің өсіп жатырғаны анық байқалады.Жаңа подкасттарды тағатсыздана күтеміз.Қазіргі жастардың дамуға,білім алуға деген ұмтылысы мен жастарды ізденуге шақыратын жандардың бары жан жылытады✨
    Осындай мүмкіндік барына шүкір!❤️

  • @user-gx1hc2go7q
    @user-gx1hc2go7q Před 2 měsíci

    "Келқұла атты Кендебай", "Қамбар батыр" менің оқып өскен кітаптарым, қайта-қайта қоймай. "Абай жолын" менде 5-6 сыныпта өзімді қамшылап оқығам, ұят деп😊. Бірақ, шыдамай әр жерін бір оқығам, соңын шыдамай оқып қойғам. Мен 1990 жылы мектепке барғам. Менің анамда ағылшын пәнінің мұғалімі болған. Сол кітапты тығып қойып, басқа біреу алып кетпесін деп, тез жұмыстарымды бітіретінмін, есіме түсіп кетті ғой😊. Бізде ұрыс еститінбіз, "таста кітапты малға шөп сал, су бер, от жақ, күбі піс" деген сөздерді, солай жүріп оқитынбыз, сол кезде свет өшіп қала беретін, майшаммен оқитынбыз. Сызу дегенде сабақты өткенбіз.Әке-шешеме шексіз алғыс! Жатқан жерлері жайлы болсын!

  • @aydanaabdimalik962
    @aydanaabdimalik962 Před 9 měsíci +3

    Біз де күні кеше ғана "Оян, қазақ!" фильміне Шымкенттегі Зияткер мектебінің барлық оқушылары мен кураторлары болып барып қайтып едік.
    Өте әсерлі, сол кино ішінен де зер салып қараса, ҰБТ-да Қазақстан тарихының осы төңәректегі біраз сұрағына оңай жауап бере алар еді)
    Түсірілім сапасын әлі де жақсарту қажет, дегенмен қазақ фильмі әлі де даму үстінде ғой. Әрдайым қолдаймыз!

  • @atajurtkazakhhumanright
    @atajurtkazakhhumanright Před 9 měsíci +4

    Мен жеке басым ұзақ подкасттарды жақсы көрем. Өйткені іште тереңде жатқан ой пікірлер білімдер шыға бастайды. Жарайсыңдар жігіттер!!! Тоқтамаңдар!

  • @user-mh5xp4iq8u
    @user-mh5xp4iq8u Před 9 měsíci +3

    “Оян, қазақ” фильмін кинотеатрдан барып көрдім. Өте керемет түсірілген😍👍 Барлығымыз жылап, біраз ой түйіп шықтық🔥 Мұрат аға бұл киноны шығарғаныңызға алғысым шексіз😊
    Қазағымыздың атақты жазушысының қолынан шыққан туындысын кино түрінде кинотеатрдан бірінші рет көруім☺️Ақтөбедегі кинотеатрда билет жоқ сеанстарға🤭 Соған қарағанда, қызығушылық жоғары бұл киноға👍 Мұрат аға еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз🤲🏼
    Киноны көргеннен кейін, подкастты қарап жатырмын)
    Өте керемет!👍
    Мұрат ағаны жақынырақ енді танып жатырмын🙂
    “Kitapal” ұжымына көп рахмет! Әр подкасттарыңызды жібермей қарап жүрмін) Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!🤲🏼
    Мен негізі комментарий жазуға жоқпын. Бірақ осы жолы жазғым келіп кетті)☺️

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Před 9 měsíci +1

    Адамның дүниелік, рухани таным көкжиегі кітап оқудан, ықыласпен көңілге тоқу арқылы қалыптасады.

  • @izbasarzhumanov
    @izbasarzhumanov Před 9 měsíci +1

    Әр подкаст сайын, кітаппен достығымыз, кітапқа деген көзқарас артып келеді. Кейде елестетем, егер осы кісілермен подкаст барысында отырсам қалай отырамын, қандай әңгіме айта аламын: Дакеңнің сұрақтары шамам жеткенге дейін елестетіп жауап беріп жатқаным, сол жақтан Шразаддиннің ойлары, арғы жақтан Макеңнің тұңғиық ойлары, бір тооуфф деп қоямын өзіме =) Бұл ойлар келген сайын бір қандай да шабыт келеді екен кеудеге. Жобаларыңыз дами берсін, мүмкін бір күні барып қалармын ))
    P.s: "Міржақып. Оян, Қазақ" фильмінің прокатына үлгеріп көрулеріңізге шақырамын !

  • @user-yb6sc5ol5q
    @user-yb6sc5ol5q Před 5 měsíci

    ең керемет шығарылымның бірі болды. Әсіресе Мурат Есжан мен Мирас Кесебаев паралельдері)

  • @alinurraiymbekova5163
    @alinurraiymbekova5163 Před 9 měsíci +2

    Мұрат мырзамен болатын подкасттар ұнайды, осы түсірілім де ерекше болды.

  • @user-lp9us2cu1e
    @user-lp9us2cu1e Před 8 měsíci

    жүргізушілердің де, қонақтардың да сөз саптаулары ,әңгіме айту мәнерлері керемет, өз-өздерін ұстауы керемет, дауыс тембрлері,интонациялары құлаққа сондай жағымды, қазақилық әдемі жарасып тұр.
    Рахмет сіздерге!

  • @nureke6931
    @nureke6931 Před 9 měsíci +1

    Бәрекелді! Мұрат Есжанға мың алғыс

  • @bagzadamaratovna
    @bagzadamaratovna Před 9 měsíci

    Керемет!!!

  • @sagyndyksveta3825
    @sagyndyksveta3825 Před 9 měsíci

    Тамаша подкаст!

  • @Snnurrai
    @Snnurrai Před 5 měsíci

    Пайдалы ақпараттар өте көп болды, рахмет ❤️❤️

  • @malikdaneev8405
    @malikdaneev8405 Před 9 měsíci

    Керемет

  • @user-ix2yi1tn4e
    @user-ix2yi1tn4e Před 8 měsíci

    Жарайсыңдар! Жап-жас жігіт екенғо "Ұлт ұстазы,Ахмет!, пен "Оян,қазақ Міржақып! Сериялдарын түсіріп жүрген! "Уникум" - деген атқа осы жігіт лайық екен! Мұрат Есжан.

  • @azzamat19
    @azzamat19 Před 9 měsíci

    Керемет подкаст 📚

  • @drawing.art_13
    @drawing.art_13 Před 9 měsíci

    Күшті

  • @Ls_chemistry
    @Ls_chemistry Před 8 měsíci +1

    Подкаст үшін көп рақмет. 2 бөлімін күтеміз 😍

  • @tore_sultan_kz
    @tore_sultan_kz Před 9 měsíci

    Керемет подкаст! Рахмет

  • @n.t.zhannnnel
    @n.t.zhannnnel Před 9 měsíci

    жақсы падкасть болды, рахметтт❤️

  • @asiya_alihanqyzy
    @asiya_alihanqyzy Před 9 měsíci

    2 ші бөлімі шықсын!

  • @Qubylys_ozger
    @Qubylys_ozger Před 9 měsíci

    Тамаша❤❤❤

  • @ulpanaaa
    @ulpanaaa Před 9 měsíci

    Рахмет! 2-ші бөлімін күтеміз.

  • @zhun1sova
    @zhun1sova Před 9 měsíci

    Жалғасын күтеміз 😍

  • @user-ek8nn5db9k
    @user-ek8nn5db9k Před 9 měsíci +1

    Ассалаума алейкум рақмет Алла разы болсын! Санамызға сәуле беріп жатырсыздар! Алла берекесін берсін істеріңіздің

  • @user-pq5ke2df5y
    @user-pq5ke2df5y Před 8 měsíci

    Рақмет 🌺

  • @user-ke5yd2pe3j
    @user-ke5yd2pe3j Před 9 měsíci

    Керемет екінші бөлімін күтеміз

  • @user-rb7no6cv5h
    @user-rb7no6cv5h Před 9 měsíci +1

    Өте құнды подкаст болды, көп рақмет ұжымға, Мұрат Есжан мырзаға табыс тілейміз

  • @_gulnaz_myrza
    @_gulnaz_myrza Před 9 měsíci

    Өте керемет подкаст! Жалғасы болсыншы!

  • @korlanaskar
    @korlanaskar Před 9 měsíci

    2ші бөлімін күтеміз😊

  • @ormanbekdosbol5147
    @ormanbekdosbol5147 Před 9 měsíci

    Рақмет ағалар!
    Өте жақсы болды🔥🔥🔥

  • @veneraazhgereyeva4058
    @veneraazhgereyeva4058 Před 9 měsíci +1

    2-інші бөлімді күтеміз.Керемет подкаст болды.Рақмет.

  • @user-iv2dg5gx8d
    @user-iv2dg5gx8d Před 8 měsíci

    Өте керемет❤❤❤

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Před 9 měsíci

    Классикалық дүниелердің қабаттары әр оқыған, немесе көрген сайын ашылады. Өте дұрыс айтып отыр. Азаматтардың әңгімесі тамаша. Бірақ қазақтың қазіргі әдебиетін сонша білмейтін сияқты.

  • @qaueset
    @qaueset Před 9 měsíci +2

    Күшті подкаст❤

  • @user-ny2uj2cg5s
    @user-ny2uj2cg5s Před 9 měsíci

    Керемет! Жалғасын асыға күтеміз!

  • @syrman20
    @syrman20 Před 9 měsíci

    2 болимин кутемиз оте кызык болды

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před 9 měsíci +1

    Аллага шукир аман болыныздар

  • @toktabekkyzy
    @toktabekkyzy Před 9 měsíci

    Бұл подкаст жеңіл әрі қызықты болды, еркін😍✌🏻

  • @user-xc4mv1vt6h
    @user-xc4mv1vt6h Před 9 měsíci

    Подкаст керемет болды👍👍 2-бөлім түсіру керек міндетті түрде👏

  • @user-ru5ny4su8m
    @user-ru5ny4su8m Před 9 měsíci

    Рақмет,көп білім алдым

  • @y46trggyttgtrhgag99
    @y46trggyttgtrhgag99 Před 9 měsíci

    Керемет 🎉

  • @aruuzj
    @aruuzj Před 9 měsíci +1

    Толық сериалын көргенмін, өте керемет туынды.

  • @user-pf5mw7fj8i
    @user-pf5mw7fj8i Před 9 měsíci

    Бір сарынмен тыңдай бергін келеді😍😍

  • @erkeshmahuda
    @erkeshmahuda Před 9 měsíci

    2- бөлімін түсіріңіздер

  • @user-hw8oo7qc4j
    @user-hw8oo7qc4j Před 8 měsíci

    Дами беріңіздер

  • @ayaulymkurban2075
    @ayaulymkurban2075 Před 8 měsíci

    Екінші бөлімін күтеміз✊

  • @user-bs1ji5or3z
    @user-bs1ji5or3z Před 8 měsíci

    Өте пайдалы,қызық подкаст.Рақмет!

  • @user-ve2jw9se5f
    @user-ve2jw9se5f Před 9 měsíci +1

    Керемет подкаст болды, размет сіздерге! Келесі сериясын күтеміз ❤❤❤❤😊

  • @meirzhansultangaliyev8353
    @meirzhansultangaliyev8353 Před 9 měsíci

    Жургизуширге коп рахмет, оте сапалы ,сауатты сурактар аркылы конакты аша алгандарынызга

  • @user-pi7up4rt2c
    @user-pi7up4rt2c Před 9 měsíci

    Тамаша подкаст болды, 2-серия туралы идеяны қолдаймын.

  • @user-be5yz2gv4e
    @user-be5yz2gv4e Před 9 měsíci +1

    Өте керемет дүниелер айтылды , көп рахмеет !!! 2 сериясын күтеміз😊

  • @ainurakhmetova4630
    @ainurakhmetova4630 Před 9 měsíci

    Міржақып. Оян, Қазақ! Фильміне бізде барып қайттық. Енді өте сапалы түсірілген, қатты ұнады! Қазақтың зиялылары қазақ елі үшін істеген еңбектері жан тебірентеді. Біздерге осы шақ жастарымызға естен шығармау керек тарих екенін еске салған мұра десек артық болмас. Падкаста айтылғандай қазіргі таңда комедия жаныры көп деп. Арзан қол комедиядан көрі осындай ерекше рух беретін фильм көрген, жүрекке басқаша нәр, қуаныш сыйлайды екен!
    Фильмдегі әдеби, қазақи, көркем сөздер- кітап оқығандай күй кешесің! Жалықтырмайды адамды. Актерлердің шеберліктері бір бөлек әңгіме өте шынайы. Голливуд жұлдыздарынан асады😊👍
    Сіздерге үлкен алғыс! Аллаһ разы болсын жасаған еңбектеріңізге🤲

  • @zhannatnagmedollakyzy8381
    @zhannatnagmedollakyzy8381 Před 7 měsíci

    2 бөлім күтеміз😊

  • @aitolkynsatybaldy4464
    @aitolkynsatybaldy4464 Před 4 měsíci

    Жалғасын күтеміз😊

  • @sabr.1143
    @sabr.1143 Před 9 měsíci

    Keremet!

  • @user-tf2wv7bq1j
    @user-tf2wv7bq1j Před 8 měsíci

    Какие все добренькие, вежливые 🥹❤️

  • @sandugashasylbek1468
    @sandugashasylbek1468 Před 9 měsíci

    Керемет! 2 сериясын асыға күтемін! Подкасттарыңыз әр шығарылымын сериал сияқты күтіп көретін болдық! Сапалы қазақша контент көбейе берсін

  • @darynmalik1964
    @darynmalik1964 Před 9 měsíci

    🇰🇿өте жақсы білімді азаматтар көбейе берсін

  • @user-tv1py4ks1d
    @user-tv1py4ks1d Před 3 měsíci

    Керемет шығарылым 👍🔥
    ЖАЛҒАСЫН КҮТЕМІЗ😍

  • @user-dk7kb3if6n
    @user-dk7kb3if6n Před 9 měsíci +1

    Жалғасы болсын🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
    От шығарылым қаншама жаңа ақпарат, өтініш жалғасын күтеміззз😢🎉🎉🎉🎉🎉

  • @user-cr1wz6ww9f
    @user-cr1wz6ww9f Před 9 měsíci +1

    Жарайсыңдар қазақ жігіттері! Алла қаласа, киноға барамыз

  • @tore_sultan_kz
    @tore_sultan_kz Před 9 měsíci

    2ші сериясын жалғасын күтеміз! Мұрат мырзадан аларымыз көп екен!

  • @jumnaz18
    @jumnaz18 Před 8 měsíci

    Мен үшін кітап алдың подкасты номер 1.Барлық подкасттары керемет.

  • @user-rk1lu4ld7f
    @user-rk1lu4ld7f Před 8 měsíci

    Керемет дүние.Жаңа идеялар туды ойымда.Рақмет.Дамый беріңіздер👍

  • @sholpankenjesh6821
    @sholpankenjesh6821 Před 9 měsíci

    Подкастты жасаушы адамдарға үлкен рахметімді айтамын 🫱🏻‍🫲🏼🫶🏻😍подкасттың әр бөлімі one ❤️

  • @user-ls4ty1nh8i
    @user-ls4ty1nh8i Před 9 měsíci

    асыға күтеміз😊

  • @user-jb2rp4un6v
    @user-jb2rp4un6v Před 9 měsíci

    Келесі подкастты күтеміз

  • @AlyaMagazovna
    @AlyaMagazovna Před 9 měsíci

    Керемет подкаст,баршанызға Алланың нұры жаусын!
    Жалғасын күтеміз кино калай тусірылгені жайлы айта отырса

  • @ayaulymkurban2075
    @ayaulymkurban2075 Před 8 měsíci

    Подкаст өте қызықты , жүргізушілер де активный маған қатты ұнады👍

  • @miss_kolumbiya
    @miss_kolumbiya Před 9 měsíci

    2 сериясын түсіріңіздер, мен күтемін👍🫰🏻😅

  • @user-hh8ie8ww3u
    @user-hh8ie8ww3u Před 9 měsíci

    Керемет Аллаһ ниет еткендеріңізденде артығын нәсіп етсін осындай подкастарыңыз арқылы қанша адамның кітапқа деген махаббатын аштыңыздар шаршамаңыздар

  • @zhurttin_balasy
    @zhurttin_balasy Před 9 měsíci

    Лайк аз екен ... лүпілдетіп жіберіңіздер

  • @user-ty6ch1ol4v
    @user-ty6ch1ol4v Před 9 měsíci

    Мұрат ағаны күтеміз❤❤❤👏👏👏

  • @salimkoishybay
    @salimkoishybay Před 9 měsíci

    Өте кішіпейіл екен Мұрат ағамыз. Ешкімнің сөзін бөлмей, ынтамен де тыңдай алады

  • @user-hc5im6qb4n
    @user-hc5im6qb4n Před 9 měsíci

    Әртүрлі кітап жанрларын оқығанда алатын әсер туралы керемет айтылды.

  • @meirzhansultangaliyev8353
    @meirzhansultangaliyev8353 Před 9 měsíci

    Маке ,керемет, интелект аркылы ,окушы кезинизде Акеменизге колик алып бергениниз Сизгеде деген Курметимди одан ары арттырды

  • @Gaukhar_Zhumatay
    @Gaukhar_Zhumatay Před 9 měsíci

    Керемет! Мұрат аға адам ретінде де маман ретінде де үлгі аларлықтай тұлға. Дән ризамын🙌🏻👍🏻

  • @aibekzhaksynbet4305
    @aibekzhaksynbet4305 Před 7 měsíci

    Подкаст очень интересный и интеллектуальный получился жаль что просмотров мало но не беда. С нетерпением ждём второго подкаста.

  • @_gulnaz_0485
    @_gulnaz_0485 Před 9 měsíci

    Менінше даумушы тұлғаға арналған теле шоулар жоқ бұрынғыдай

  • @user-nt5yr3kz9d
    @user-nt5yr3kz9d Před 9 měsíci

    Жастар қазақша білімді , өте қүанышты.

  • @user-zt2tf4ht1i
    @user-zt2tf4ht1i Před 9 měsíci

    Оте жаксы ангме! Разговор очень интересный.Я филолог.Кокшетау.
    Сумский пединститут.

  • @user-dm5qv7rl4s
    @user-dm5qv7rl4s Před 9 měsíci

    Подкаст өте ұнады, айтылған әңгіме, ақпараттар өте қызықты, өзекті, құнды болды. Әрі қарай осындай құнды, әр адамды ойландыратын, алға ұмтылуға жағдай жасайтын подкасттарды түсере беріңіз деп тілеймін. Қызым "Оян, қазақ" киносына барып өз пікірімен бөлісті. Екеуміз әр қараған киноны талдаймыз, ой қозғаймыз. Ал мен денсаулығыма байланысты кинотеатрға бара алмадым, бірақ "Мыржақып. Оян, қазақ" киносының түгел бөлмедерін қарадым. Сосын осы тақырып бойынша басқа да бар материалдарды қарадым. Осындай ақпарат бұрын болмаған. Біздің жатымызды жойып тастаған сияқты болды. Бірақ осындай кинофильмдер, подкастар және басқа да қазақтың тарихына байланысты материалдар тағыда шықса екен деп ұсынамын. Көп рахмет Сіздерге.

  • @user-ou1uo9wg3u
    @user-ou1uo9wg3u Před 9 měsíci

    Қазақ тіліндегі жақсы көретін бағдарламам👍

  • @user-wy1ez1kl4n
    @user-wy1ez1kl4n Před 9 měsíci

    Аллам жар болсын інім.Осы кино арқылы нағыз қазақты көрдім

  • @Yerbol_Orda
    @Yerbol_Orda Před 9 měsíci

    Ассалаумағалайкум ағайын! Егова деген тақырыпқа келсек, Қызылорда ға келді, 90 - 93 жылдар болу керек. Кітаптары өте мықты жазылған, сапасы жоғары, әр түрлы суреттер түрлі-түсті. Корші көшелерде тарататың, үйінен алып кететінбіз көтергенше. Ол кезде пеш жағамыз, сол мақсатта алатынбыз. Жагуға кимайтынсын кейде сапасы өте мықбы, суреттеры анық түрлі түсті....