«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 15. 12. 2021
  • Сериалдың негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі сөзіндегі әрекет ұғымы алынып отыр.
    Бұл сериалда ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әркеті насихатталады.
    Режиссері: Мұрат Есжан
    Сценаристері: Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы
    Басты кейіпкер: Байғали Есеналиев
    Қазақстан - qazaqstan.tv/
    Facebook - / qazaqstantv
    VK - qazaqstan_tv
    Twitter - / qazaqstantv
    Instagram - / qazaqstantv
    Telegram - t.me/qazaqstantv
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    AppStore - apps.apple.com/ru/app/qazaqst...
    Google Play - play.google.com/store/apps/de...
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 898

  • @user-dx3hk7cz6b
    @user-dx3hk7cz6b Před rokem +562

    Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов аталарымыздың киноларын екі күнде көріп, әбден жылап, бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың киносына тоқтадым. Өзім тарихшы бола тұра, көптеген ақпараттарды алдым. Жастар көрсе, қазағымның Алаш зиялыларын көріп, ой түйіп, өмірге, еліне, жеріне басқаша қарар еді.😢

    • @user-fv5xi3sr5t
      @user-fv5xi3sr5t Před rokem +10

      Ехх қазагымаи не кормеи д дисын

    • @user-sh7to9bo6o
      @user-sh7to9bo6o Před rokem

      Аттары калай брат

    • @Cghrtu
      @Cghrtu Před rokem +5

      @Manzura 26k . "Міржақып,оян қазақ"

    • @user-cf8tm3tr1c
      @user-cf8tm3tr1c Před rokem +2

      Мағжан Жумабаев туралы кино қалай аталады

    • @biolog_manzura
      @biolog_manzura Před rokem +4

      ​@@user-cf8tm3tr1c Мағжан Мен жастарға сенемін

  • @user-dy2tj5nq1p
    @user-dy2tj5nq1p Před 2 lety +332

    Өзбектер мен түрік қытайлардың тарихы мен киноларын көргенше осы мың есе артық! Жалғасын табаберсін!

  • @nazgulabilkasimova6099
    @nazgulabilkasimova6099 Před 2 lety +560

    Бүгін телевизордан көріп көзіме еріксіз жас келді. Тарихта қалсын ұрпағым білсін деп жан пида еткен ұлы тұлға. Керемет түсірілген фильм екен

    • @user-gw1nh7vm6f
      @user-gw1nh7vm6f Před 2 lety +32

      Бүгінгі шығарылымды қарап отырсақ, сіңілім басқа арнаға ауыстырып жіберді. Мен ренжіп неге ауыстырдың десем, жүрегім шыдамайды деді. Оның қорқынышты фильмдерді де қарайтынын тілге тиек еткенімде. Жоқ оны кино ғой деп қарап отырамын, мұнда ұлт ұстазы Ахметтің шын тағдырын көрсетіп жатыр, тарихты көрсетіп жатыр, жүрек шыдамайды деді😭

    • @user-wq1wt3db6v
      @user-wq1wt3db6v Před 2 lety +13

      @@user-gw1nh7vm6f Шынындада аталарымыз рухтары биік болған

    • @altynbekshotabekov
      @altynbekshotabekov Před 2 lety +12

      @@user-gw1nh7vm6f не деген әңгіме, мына коментарияларды көріп менің көзіме жас келді.

    • @user-cp5cc1wy2r
      @user-cp5cc1wy2r Před 2 lety +4

      @@user-gw1nh7vm6f 😭😭😭😭😭 Мен али бастап кормесем де сиздин жазбаныздан егилип жылап отырмын

    • @user-kj2lp7bt3b
      @user-kj2lp7bt3b Před rokem +1

      Жылап жылап отырдым білмимін бірақ шықпай жатыр жас ,❤️❤️😭😭😭😭😭😭😭😭😭😱😠

  • @Nigmetova
    @Nigmetova Před 2 lety +421

    Соңғы кездері көңілшек боп жылауық боп кетіп ем. Менің жылауым Ахмет бабаларымыздың тағдырының қасында ерігу екен ғой. Қандай ауыр тағдыр еді… сатқындықтың шегі болмайды екен-ау… Осыншама табандылық танытып, еңбек ету үшін жүрек қаншалықты махаббатқа толы һәм кең болу керек? Біздің қазіргі тірлігіміз Ахмет атамыздың тырнағына да татымайды екен ғой… Кино шынымен жылатты. Атамыз үшін бір жыласам, сатқын да, жандайшап та болған өз қазағымыз үшін өкінгеннен екі жыладым.
    Фильм түсіру командасына бек рақмет!!!! Актёрлік құрам ОТ🎉.
    Бүгінгі мереке тойлататын емес, жылап еске алатын күн еді. Бұл кино соған дөп келді🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @dastankhatau7293
    @dastankhatau7293 Před 2 lety +181

    Репрессия кезінде Қазақ ұлтынан 25мың зиялы қауымның көзін жойып жіберді соның бірі дара тұлға Ахмет Байтұрсынов бабамыз жаны жәннатта болсын әмин

  • @Anel-Raimkul
    @Anel-Raimkul Před 2 lety +217

    Осындай қазақтың ұлы тұлғаларына арнап көп кинолар сериалдар түсірсе екен. Кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болады деп ойлаймын.

    • @katiraiskakova2956
      @katiraiskakova2956 Před rokem

      Әй,қайдам,соны көретін көз,еститін ,ұғатын жүрек бар ма,казіргі жастарда....неге мұнша кесірлі болып кеткен,ызадан жылағым келеді

  • @nauryzgul373
    @nauryzgul373 Před 2 lety +1008

    "Қазақтың әр баласы оқуы керек!" дегенде жүрегім ауырып кетті. Ахмет ата, қазақтың бар баласы оқуын оқыды, бірақ көбісі оқуын көкейге тоқымады. Сізді қинаған орыстың тілінде шүлдірлеп, сонысына мәз, шет ел асып, сатып кеткеніне мәз. Кешіріңіз бізді...

    • @yerassyl.sarsembay
      @yerassyl.sarsembay Před 2 lety

      🥲

    • @user-nf8gn7ku2r
      @user-nf8gn7ku2r Před 2 lety +17

      Уят екен дурыс брак

    • @user-cz7in1lh8m
      @user-cz7in1lh8m Před rokem +3

      @@user-nf8gn7ku2r Несі ұят

    • @erknazamat2826
      @erknazamat2826 Před rokem +23

      Ехх қазір Ахмет атамыз тірі болғанда қатты күрсінер еді, амал нешік қазіргі адамдар әлсіз, нашар болып барады, түзеліп тура жолға түсерлері аз, болашағымыз жарқын болады ма? Қап-қара түнектей болады ма? Беймәлім, анығын алла біле жатар.

    • @musrepovazamila
      @musrepovazamila Před rokem +7

      Менің жүрегім ауырып кетті 🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺

  • @lauraimanbek1237
    @lauraimanbek1237 Před 2 lety +92

    Мына сериалды бастағалы менің мұңым мұң емес екеніне көзім жетті. Расымен-ақ тар заман-ай.) Қаншама тер мен қан төгіліп бізге жеткен қазақ қаріптерін неге біз бағаламайды екенбіз💔

    • @user-ld1hb8oh4o
      @user-ld1hb8oh4o Před rokem +2

      Жастар осындай киноны көрмейді, сол ауыр тиеді маған...

    • @lauraimanbek1237
      @lauraimanbek1237 Před rokem +5

      @@user-ld1hb8oh4o көретін жастар көп, шүкір. Артса кеміп жатқан жоқ, жақсыға көбірек сеніп, мән беріңіз сонда ауыр, негатив дегенге орын болмайды

    • @user-yx3qy9nn7l
      @user-yx3qy9nn7l Před 9 měsíci

      ​@@user-ld1hb8oh4oкөріп бастап жатырмын😢 қызық екен ұлт ұстазы сериалы

  • @freedomfree5911
    @freedomfree5911 Před 2 lety +131

    Ассалаумағалейкүм қазақ бауырым , арзан әзіл жастарымыздың (болашағымыздың) миын улайтын қарапайым қайрат жездуха пизнесмен тсс. пайдасыз сериалмен толтырғанша осындай ұлт жанашары болған бабаларымыздың өмір жолын, патриоттықтарын танып білу үшін көрсетіп бірге көрейік!

    • @Madikaspan
      @Madikaspan Před 2 lety +1

      Salem social media әдейі шығарып отыр

  • @---yo3mc
    @---yo3mc Před 2 lety +56

    Қазақ тіліндегі туындылар осылай көп болса екен.Тұнып тұрған тарихты көрерменге ұсынып отырған ұжымға алғысым шексіз!

  • @KausarSamatkyzy
    @KausarSamatkyzy Před 2 lety +98

    Телевизордан үш бөлімін бір деммен көріп шықтым. Өте керемет шыққан туынды. Актерлерге де, режиссерға да алғысым шексіз. Өте әсерлі, жыламай көру мүмкін емес. Ел үшін, ұрпақ үшін бар өмірін арнаған ұлы тұлға, есіл азаматтар жандарыңыз жәннатта болсын! Бар қазақ көру керек фильм.

    • @KausarSamatkyzy
      @KausarSamatkyzy Před 2 lety +10

      Әсіресе, бүгінгінің шала қазақтары көру керек фильм екен.

    • @ellielovesjennie
      @ellielovesjennie Před 2 lety +1

      @@KausarSamatkyzy дұрыс айтасыз

    • @aqqystau_06
      @aqqystau_06 Před 2 lety +1

      Кай уакытта болады

    • @user-mi6jj7bh4q
      @user-mi6jj7bh4q Před 2 lety +1

      Ютубта 1бөлімі ғана тұр ғой? Телевизордан 3 бөлімін бірақ көрсетті ме?

    • @user-wv5es4oo5d
      @user-wv5es4oo5d Před 2 lety +1

      Айтпаңыз өте әсерлі, жылып отырып көрдім. Керемет , актерлердің ойнауы бәрі шынайы. Рахмет осындай туындыны ұсынғаныңызға

  • @daniyardikhanbayev4603
    @daniyardikhanbayev4603 Před 2 lety +83

    Шүкір Аллаға !!! Міне сый ! Міне қуаныш !
    Егемендігімізге арнауларыңызға мың алғыс!!!
    Аллам разы болғай батырларым!

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 Před 2 lety +316

    Қазағым деп жүректері соққан ата-бабаларымызға, аға-әпкелерімізге мың тағзым! Тарихи фактілерге негізделген керемет сценариймен түсірілген екен. Көздің жасы еріксіз келді...

  • @samalbelgibaeva6902
    @samalbelgibaeva6902 Před rokem +54

    Тіл жанашыры, ұлт ұстазы Ахмет атамыздың, Алаш зияларының жаны жанаттық болсын,қандай аталарым батыр мінезді болған,осы кісілердің арқасында тіліміз әліде сақталып тұр. Қандай қиын заманда, жан күйзелісте өмір сүрді,қазіргі біздердікі тойынғандық. Осындай тарихи фильмдер көп шығарыңыздаршы😘

  • @user-er8jp1eh9p
    @user-er8jp1eh9p Před 2 lety +79

    Қаншама қиыншылықты бастан кешірген қазағым-ай😢Бастарынан не кеп,не кетпеді.Жүрегім езіліп,көзіме еріксіз жас төгілді.

  • @aruzhanseidulla8895
    @aruzhanseidulla8895 Před 2 lety +54

    Әрбір қазақ көруі тиіс фильм☝
    Сіздерге үлкен рахмет!. Еңбектеріңіз жана берсін🥰

  • @Nmd-ux2um
    @Nmd-ux2um Před 2 lety +33

    Мұрат Есжан аға өте керемет , осындай сериалдар көп болса екен, түк пайдасы жоқ үнді, түріктің мылжыған сериалдарды қаптап пайдасы жоқ

  • @user-jy8wu2kt4o
    @user-jy8wu2kt4o Před 2 lety +28

    Аллахым қабірлерін нұрға толтырсын. Біздің болашағымыз үшін жанын бергендер. Қазақстанда тройницки ауылдарын көшелерін өшіру керек

  • @user-si2tc3ys9f
    @user-si2tc3ys9f Před 2 lety +35

    Ахмет атамызға Алла жәннәтті нәсіп қылғай. Бар қазақ көріп сабақ алып ана тілімізді қоолдауымыз керек.Ақаңның еңбегін ақтау керек орысша сөйлеуді қою керек қазақтар.

  • @ukilidenrecep
    @ukilidenrecep Před rokem +26

    Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың сериалдары бар. Тағы да көп ұлы зиялылардың, ақын-жазушылардың көп сериалдары шықса екен!

  • @user-kj9mv7qx4n
    @user-kj9mv7qx4n Před 2 lety +148

    Қай жақтан қарасаң да, сөз жоқ, КЕРЕМЕТ!!! Сценарий, операторлық жұмыс, актерлардың органикалық ойыны және маңыздысы сол кезеңнің атмосферасы! Барша ұжымға үлкен алғыс, әрі қошемет!!!

  • @SEKIRA474
    @SEKIRA474 Před rokem +58

    Основатель казахского алфавита! Внёс огромный вклад развитию казахского языка!!! Меня тревожит что современные дети , да не только дети некоторые взрослые люди не знают нашу историю и таких людей как Ахмета Байтұрсынова и других.....

    • @Mrs.Tolqyn
      @Mrs.Tolqyn Před 9 měsíci +8

      Соның құрметіне қазақша сөйлесеңіз ғой...

    • @user-fl7pz4cq1m
      @user-fl7pz4cq1m Před 9 měsíci +3

      қазақша жаз!!

    • @user-pf9oc2qt9x
      @user-pf9oc2qt9x Před 9 měsíci +3

      Ойыңды қазақша жеткізсең орынды болады

    • @user-tq2ft4rr9q
      @user-tq2ft4rr9q Před 8 měsíci

      Осы сөздерді айтқанына рахмет,бірақ қазақша жазсан жақсы болар еді

  • @dilyaraichshanova5090
    @dilyaraichshanova5090 Před rokem +19

    Қазақ зиялыларымызбен улкен мақтаныш етемін!О Ахмет Байтұрсынов 😔

  • @user-kf3ol2pu1r
    @user-kf3ol2pu1r Před 9 měsíci +6

    6-бөлімінде көзден жас тоқтамады.Біздер үшін қанша қиналып,недеген еңбек.Нағыз ұлт үшін жанашыр аталарымыз.Мәңгі біздің есімізде қалады😢.Осындай кинолар көп болса болашақта.Мықты🔥Сөзбен жеткізу мүмкін емес көріп сезінген дұрыс екен.

  • @user-dx7ro6qw3u
    @user-dx7ro6qw3u Před 2 lety +24

    Қандай жүрек толқытар пікірлер деші. Аман болыңыздаршы. Көөөп рахмет!

  • @user-id3bx1sk3c
    @user-id3bx1sk3c Před 2 lety +10

    ТТБ дан кейін келіп қарап отырған қазаққа бір сәлем!Әр қазағым оқу керек ,не деген керемет және актуалды сөздер!Білім мен еңбек біздің халқымызды жеткізеді биік шыңдарға!!

  • @moontara5823
    @moontara5823 Před 2 lety +43

    Қазақи иіс сезіліп тұр . Керемет шыққан. Бүкіл фильм үстінен еңбектенген адамдарға рахмет

    • @Gasta1983
      @Gasta1983 Před 2 lety

      Фильм үстінен? Над фильмом трудились дегенді тура аудардыңыз ба? )))

    • @moontara5823
      @moontara5823 Před 2 lety

      Сіз жақсы аударатын сияқтысыз , сізге бірдім ол жағын :)

  • @user-on3jt5us1h
    @user-on3jt5us1h Před 2 lety +47

    Елім деп еңіреген арда азаматтарымыз бізге сенді. Сенген жастардың түрін көріп жүрегім езіледі. Қайран қазағым ай!!!

  • @aknurshamshadinkyzy8389
    @aknurshamshadinkyzy8389 Před 2 lety +71

    Тек алға Қазақ киносы жасасын
    ✓біз сіздерді әрдайым қолдаймыз
    ✓көреміз
    ✓төл туындыларымыз көп болсын

  • @user-hg4fr1kv5n
    @user-hg4fr1kv5n Před 2 lety +29

    Керемет кино. Жыладым, жүректі сыздатты. Рақмет ата бабамызға. Мың алғыс. Соңындағы айтылған өсиет 😪

  • @Janqojaqyzy
    @Janqojaqyzy Před rokem +18

    Барлық жағынан керемет шыққан. Әсерді 100% жеткізе алды... режиссерлер, сценариисттерге, оператор,т.б барлық үлесі бар қызметкерлерге Алла разы болсын..

  • @user-bx6yx2dw9x
    @user-bx6yx2dw9x Před 2 lety +16

    Сөніп бара жатқан рухымызды оятатын фильм. Осындай ұлы тұлғалар жайлы кинолар көп шығара берсе екен. Ұрпақ көрсін білсін Қазақ қандай ауыр жолмен жүріп келе жатқанын. Рахмет фильмнің авторларына.

  • @kymbatmantayeva9746
    @kymbatmantayeva9746 Před 2 lety +50

    Қандай керемет сериал. Жүректі тебірентіп, көңілді босатып, көзіме жас алып қарадым. Ұлы тұлға, елдің ері, жасаған еңбектері мен артынан қалдырған ұлы істері. Осы репрессия жылдарында құрбан болмағанда әлі қаншама жұмыстар атқарар еді. Әттең қилы заманның құрбандары. Қабірлері нұрға толып, жатқан жерлері жайлы болсын😭😭😭

  • @nemuri3703
    @nemuri3703 Před 2 lety +4

    Ассаломагалейкум мусылмандар бул негизи дурыс оте кажет кино қазақ тили сабагында өткемиз керемет жаксы кино қазакша кино кобейе берсин анау милионер қазақтарды тарту керек осындай т.б қазақша кинолар шыгаруга инвестисия құйып дегендей кино

  • @user-Azon
    @user-Azon Před rokem +2

    Тәкаппарлық, көреалмаушылық. Қазақ Алаштарын құртқан сатқын екі жүзді қазақтар. Әлі күнге дейін көріп келе жатқан осы қасірет. Өз жеке басын ойлайтындар қазағымның басын біріктірмей отыр емеспе. Несін айтасыздар қазіргі заманда көршілеріміздің басын қоса алмаймыз. Алаш аталарымызды Аллам өзінің рахымына бөлесін. Жатқан жерлері жайлы болсын. Әумін.

  • @user-xq9dz2yw2f
    @user-xq9dz2yw2f Před 2 lety +77

    😭😭😭 Еріккен орыс патшасының кесірінен қанша ата бабамыз қиналды-ау. Өз қазағымыздың ішіндегі сатқындардан.

  • @user-wj1ip6ix3u
    @user-wj1ip6ix3u Před 2 lety +5

    Ахмет ата Байтұрсын ұлы шексіз алғыс білдіремін Тәңірдің төрін нұрын бүйырсын

  • @user-xn5qd3zp4w
    @user-xn5qd3zp4w Před 2 lety +80

    Иә, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
    "Қинамайды абақтыға жапқаны,
    Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
    Маған ауыр осылардың бәрінен
    Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны, - деп айтқаны еріксіз еске түседі.
    Фильмді жарыққа шығарған барлық қатысушыларға көп рахмет! Алдағы уақытта да Алаш арыстарының өмірінен сыр шертетін осындай сапалы дүниелеріңізбен қалың көрерменнің көңілінен шыға беріңіздер!

    • @user-jl5kf6zh6h
      @user-jl5kf6zh6h Před rokem

      Керемет тусырыльген фильм, ерыксыз козыме жас алдым , кандай кыин тагдыр , елим , жерым деп жанын азапка салган , оз казагы саткындык жасаганы, фильм ушин актерга, режиссерга жане командасына барыне рахмет, осы фильмды бес рет кордым , жане коргым келе бергым келет , ар казагым елин ойласа, елим аман болсаекен , баска елге ульгы болсак , АХМЕТ БАЙТУРСЫНОВ ар казактын журегынде , жаткан жеры торка, жаны жанатта болсын.

  • @user-dg8fd2wj5s
    @user-dg8fd2wj5s Před rokem +64

    Әйелі жақсы екен, Ахаң кеткеннен кейінгі өмірі оңбай, қаңғырып қайтыс болыпты. Мазары да белгісіз. Ұлт ұстазына жар болған орыс қызы бүкіл қазақ халқының сыйлауына лайықты жан. Өзі мұсылман дінін қабылдаған, қиыншылықта орысшылығына басып тастап кетпей жанынан табылған.

    • @Dosymm
      @Dosymm Před rokem

      Татар болган ау

  • @user-lb8pv7zw1t
    @user-lb8pv7zw1t Před 2 lety +13

    Осындай ұлы ұстаз,тұлғаларым болғанына Аллаға шүкір етемін, бір қынжылтатыны қазақ тілінің кәзір бағаланбауы жастар қазақ ұрпағы осындай еңбектің оңай келмегенін түсіну керек.

  • @user-bn5tn5yw4k
    @user-bn5tn5yw4k Před 2 lety +4

    Жазықсыз жандарды өлтіруге,қалай дәті барады екен..Не көрмеген қайран қазағым ай

  • @user-tr3fo8zc8x
    @user-tr3fo8zc8x Před 9 měsíci +6

    Казақстан телеарнасына, осындай ұлы да, батыр аталарымыздын атын ұмыттырмай, жастарымызға мұрат етіп қалдырып, осындай туындынын шығуына қаржылай көтеріп отырғандарынызға мыңда бір рақмет! Халқымыз аман болуы енді біздін қолымызда, аталарымыздын қан мен тері зая кетпесін, жатқан жерлері жайлы болсын, алла тағала жәнәтән орын берсін. 🤲

  • @wannabeme7126
    @wannabeme7126 Před 2 lety +14

    Қараңғыдан шарасыз жарық іздеген қазағым-ай!
    Керемет фильм, жүрегімде патриоттық сезімді оятты!

  • @user-mv9kn9qr8w
    @user-mv9kn9qr8w Před 2 lety +17

    Керемет шығарылған дуние,бас кейіпкер Байғали аға,өз рөлін тамаша сомдаған. Мың алғыс,осындай біздің баға жетпес тарихымызды,бетке тұтар Ұландарымыз,Ел қайраткерлерін еске тусіретін тарихи кино шығарғандарыңызға. Мың Алғыс.
    Еріксіз жылап алдық.
    Қазағым не деген мықты Ел.
    Қазақ болып туғаныма тәуба.

  • @user-eq3br3bw3n
    @user-eq3br3bw3n Před 2 lety +56

    Тамаша.Актёрлардың дауысы сондай тұнық.Біз білмейтін тарих беті ашылып жатқандай.Қазақстанда осындай туынды шығаратын адамдардың бар екені қуантады🗯

  • @QvZvQ-GeO
    @QvZvQ-GeO Před 2 lety +18

    Мұрат Есжан ағамызға және осы сериалдың бас-аяғында жүрген шығармашыл топқа, актерларға рақмет. Еңбектеріңізге мың алғыс. Алла разы болсын. Керемет дүние шығыпты. Осындай шынайы дүниені тәуелсіз кезімізде көрсету керек. Ақиқатты көрсету керек. Ата-бабаларымыз осы үшін жандарын қиды ғой. Жарайсыңдар👍

  • @user-kc9zt4ie7z
    @user-kc9zt4ie7z Před 2 lety +18

    Теледидардан көруге мүмкіндігім болмай қалды. Ютубтан көруге тура келді. Сондай әсерлі. Қандай қиындықтардан өтсе де ұлт үшін ерен еңбек сіңірген Ахметтей тұлғаны танып жатырмыз. Жас ұрпақ көрсе тіпті керемет болады. Фильмді әр мектепте, университетте көрсету керек. Шығармашылық, техникалық ұжымға алғсымды білдіремін.

  • @kulzyabeisekina599
    @kulzyabeisekina599 Před 2 lety +7

    Тамаша! Қандай жақсы,әр қазақ көру керек! Кейінгі ұрпақ білу керек! Ахаңның даусы өте жағымды!

  • @user-zt3er2yz5r
    @user-zt3er2yz5r Před 9 měsíci +5

    Кезінде хандарымыз бен батырларымыз осы шошқаларды аямай түбімен қырып тастағанда ғой қаншама оқыған ғалым азаматтарымыз аман болатын еді. Қазағымның рухын көтерген кісілер ғой. Аллам жәннаттық етсін.

  • @tiginsheberi_kausar
    @tiginsheberi_kausar Před 2 lety +14

    Мұрат Есжан бастаған дер кезінде Әр Қазаққа жеткізе білген, Қазак жігіттеріне , фильмді алып шыққан ұжымға алғыс айтамын!
    Әркімнің қолы жете бермейтің тарихи шындықтарга толы!
    Осыны Әр Казак түсінсе екен! Болашақ...?

  • @backgord9404
    @backgord9404 Před 2 lety +8

    Өте тамаша фильм міне қазақ міне қазак филімі қанша уақыттан бері телевизор көрдім жыладым жылап отырып көрдім қазақтың мұрын мыңдаған нағыз ұлт қаһарманы елім деп еңреген ерлер

  • @naurizbaytanatarov5255
    @naurizbaytanatarov5255 Před 9 měsíci +11

    Оқу керек, оқыту керек перзенттерімізді. Осы заманныңда көкейкесті мәселесісі болып тұр.

  • @user-ep3tx1oe9b
    @user-ep3tx1oe9b Před 2 lety +26

    Осындай тарихи киноны жарыққа шығарған режиссер сізге алғыс болсын!
    Қаншама білімді, зиялы қазақтың көзін жойған жауыз ақпатша заманы ай😢
    Шет тіліне аударып кітабын ,киносын басқа мемлекеттер көрсін, мектептерде бір уқыт көрсетсе.

  • @gibratgazizov8017
    @gibratgazizov8017 Před 2 lety +25

    Мая Веронская Бәдрисафа жеңгеміздің рөлінде керемет жарасып тұр.

  • @user-nf3mb5ew6w
    @user-nf3mb5ew6w Před 2 lety +30

    Қандай керемет туынды. Ахмет бабамыздың өмір жолын, өмір дастанын, ұлтшыл ұлы тұлғанын ұрпаққа аманат қылып қалдырған, ұлы мұраларың бізге жеткізген тұлғаларға рахмет! Әрине қазақ әдебиетінен қанша оқып білсек те, Ұлт Ұстазының басынан кешкен өмірбаяны қара халқым деп шыққан жап айқайы, жеккен жазаларын осы туынды тарихынан көріп сезініп отырмын. Еріксіз көзіме жас келді. Алаш зиялыларын насихаттап кейінгі ұрпаққа жеткізу бізге парыз! Өз заманы ғана емес осы заманның үлгі тұтар, бой түзер мәңгілік өшпес аты қалған ұлтжан ұстазымыздай ұрпақ тәрбиелеп өсіруді нәсіп қылғай! Ұлт жаңашыры Ахметтей ұстазымызға мәңгі тағзым! Қандай Ұлы тұлға, Ұлы ұстаз, Ұлтшыл тұлға!

  • @user-mj5bi5vz8s
    @user-mj5bi5vz8s Před 2 lety +7

    Қазақ жастарының баршасы көретін кино екен. Алаш зиялыларының арманы, мақсаты, ұраны жас ұрпақтың білімді, елі үшін қызмет ететін жастар тәрбиелеу еді. Қолынан смартфоны түспейтін бүгінгі ұрпақты көрсе, жүректері ауырары сөзсіз...

  • @tiginsheberi_kausar
    @tiginsheberi_kausar Před 2 lety +7

    Қайран Ағаларымыз ...?!
    Қазағым!- деп, соңғы демі біткенше күрескен, Ұлы Ұстаз!
    Осындай еңбекпен келген Қазақ Әліппесінің

    • @tiginsheberi_kausar
      @tiginsheberi_kausar Před 2 lety

      Қадір Қасиетін түсініп, жауапкершілікпен Ұрпақ Болашағына қаз қалпында қалдыру Алладан бұйырса екен!

    • @tiginsheberi_kausar
      @tiginsheberi_kausar Před 2 lety

      Туынды өте керемет!
      Сценарий де әдемі шынайы , актёрлар да рольдерді аша білген!!!
      Осындай тарихи құнды туындыларды көптеп күтеміз!
      Рухани керемет тәрбие!
      Павлик Морозовты үлгі тұтып, мәңгүрт болған күндер ай...

    • @tiginsheberi_kausar
      @tiginsheberi_kausar Před 2 lety

      Мұхамедәли керемет оқып шықтың! Еңбегің жансын!
      Қаншама іздеп жүрген,күтіп жүрген Қазаққа Рухани Азық!
      Ақ жол!

  • @-tiktok-889
    @-tiktok-889 Před 2 lety +10

    Сіздерге Алла жар болсын осындай мағыналы кино түсіргендеріңзге

  • @user-ct1bn7rv8m
    @user-ct1bn7rv8m Před rokem +1

    Керемет тарих ашылады шындық ашылуда осындай тарихи деректі фильмдер көп болсын теле арналарда

  • @Cs-ly1nj
    @Cs-ly1nj Před 2 lety +71

    Әр қазақ баласының көзі ашық надан болмасын деп әр жазған қағазын тығып барынша келер ұрпаққа білім нәрі болсын деп әр парағын аман сақтауда ойлаған нағыз тұлға.

  • @user-vs6eg1tt4o
    @user-vs6eg1tt4o Před 2 lety +24

    Жалғасы қайда??? Өте қызығып көріп жатыр едім, сұмырайлардың бізге жасамағаны жоқ екен ғой ( көккөздердің)!!! Бұндай киноларды балалар түгілі ата-аналары бізге де көру керек, осы көккөздердің ішінде өстік қой, қазақ мектептері болмай, орыс мектептері ғана болды!!! Қазіргі ата-әжелері де орысша шүлдірлейтіндері сол ғой!!! Осындай киноларды көп салыңдар! Өте жақсы шығарылған!!! Көп рахмет режиссерларға, актёрларға!!!

  • @azimyerkinov6355
    @azimyerkinov6355 Před 2 lety +4

    Фильм өте керемет шыққан!
    Өзімнің ұққаным: қазақтың бір туар азаматтарын өзіміздің көре алмайтын қазақтар көрсетіп, сатып отырған. Қазағым, жалғызым бөлінбей бірге болайықшы.Әйтпесе Кенесары ханымыз Қазақ елінің қай қиырында жүргенін анау Ресейде отырған патшалар қайдан білген?

  • @user-js7qs5mx2m
    @user-js7qs5mx2m Před 2 lety +5

    Елім, жерім деп тұратын азаматтар өте аз қазір. Керемет түсірілген

  • @user-dx7ro6qw3u
    @user-dx7ro6qw3u Před 2 lety +7

    Рахмет баршаңызға!

  • @user-gi1jy8dd4q
    @user-gi1jy8dd4q Před 2 lety +17

    Жандары жәннатта болғыр қайран арыстарым, Жаным арымның садақасы деп жан қиярлықлық ерлік жасап өшпес мұра қалдырған ұлт зиялыларым. Әрбір саналы қазақ бұл телехикаяны көру керек, көріп қана қоймай көңілге тоқу керек. Тарих қайталанады одан сабақ алу керек

  • @erakha019bolat3
    @erakha019bolat3 Před 2 lety +8

    Өте керемет көзге ыстық жас келді осындай тарихи киноларды көбейту керек сіздерге көп рахмет айтамын 🇰🇿

  • @user-oy8bz5pr3g
    @user-oy8bz5pr3g Před 7 měsíci

    Қандай керемет басталу. Қандай керемет кіріспе сөз. Қандай керемет дауыс. Қандай керемет түстер. Дәл сол заманды елестететін қандай керемет ағаш үй. Бәрі- бәрі аса үйлесімді. Түстер өте өте дәлдікпен таңдап алынған!

  • @user-ox5cr8ev1m
    @user-ox5cr8ev1m Před 9 měsíci +2

    Тарих шындығы. Қазақ деп соққан жүрегі. Ел басқарар арлы азаматтарым. Жандары жанната болсын.

  • @user-to9kt8dd4x
    @user-to9kt8dd4x Před 2 lety +2

    Рахмет сздерге оте керемет

  • @user-nt9xk9or7r
    @user-nt9xk9or7r Před 2 lety +6

    Өте керемет фильм. А.Байтұрсыновтың өмір жолын көріп көзіме жас алдым. Мағыналы сапалы фильм екен. Режиссерге мың алғыс. Рөлді сомдаған актер Ахмет Байтұрсыновтан аумайды екен

  • @nike3316
    @nike3316 Před 2 lety +10

    Керемет туынды.Козиме жас келды

  • @kek9223
    @kek9223 Před 2 lety +31

    Телехикаяның идеялық һәм көркемдік жағы зор. Режиссер мен сценаристтерге алғысымды білдіремін. Техникалық жағы керемет👍👍👍

  • @kaldygulzhuzbayeva7191
    @kaldygulzhuzbayeva7191 Před 10 měsíci +8

    Ғалымның хаты да аты да өлмейді.
    Мәңгі есімізде болу керек, режиссерға рахмет құнды тарихи қазынамызды толық білуімізге септігін тигізді🙏🏻

  • @serikahshaev7183
    @serikahshaev7183 Před 2 lety +8

    Өте керемет, барлық жағынан. Актёрлер, режиссер, сценарист, техникалық жағы да бәрі тамаша. Рухани жағынан сөз жоқ. Таратайық, лайк басайық.

  • @gulmiraismagulova7952
    @gulmiraismagulova7952 Před 9 měsíci +1

    Керемет, тамаша ,мың алғыс. Ахмет атамыздың жатқан жері жәннәтта болсын.

  • @user-nm6ns8mq4c
    @user-nm6ns8mq4c Před 2 lety +5

    Ахаң- еліміздің мақтанышы!
    Барлықтарыңызға осындай керемет телехикая шығарғандарыңыз ушын мың рахмет!

  • @HuaweiY-sb3cj
    @HuaweiY-sb3cj Před 2 lety +27

    Жүрек қан жылап отырып, бір жағынан осындай өр рухты қазақтың ұрпағы екеніміе мақтанып отырып көрдім. Керемет!

  • @nartaysaudanbekuly7257
    @nartaysaudanbekuly7257 Před 2 lety +5

    Рахмет баршаларыңызға!
    Құрметпен түзелген Саңғытов

  • @sagadatabdrakhman7517
    @sagadatabdrakhman7517 Před 2 lety +5

    Алаштықтардың алдында қарыздармыз, ол кісілерге Алла разы болсын, жандарын жәннатта етсін!

  • @Kerderi_Jambas
    @Kerderi_Jambas Před 2 lety +6

    Керемет 👏👏👏 ҰЛТ ҰСТАЗЫНА БАС ИЕМІЗ..

  • @inkarnurlan2881
    @inkarnurlan2881 Před 2 lety +11

    Қазақ үшін жанын пида еткен Ахмет атамыз туралы кино түсірудің өзі ерлік қой. Көптен беру көруге жүрегім дауаламай, бүгін тоқтатып, көздің жасын сүрте-сүрте көріп шықтым.
    "Қазақ" газеті ғылым туралы жазады деген тұсында губернатордың мысқылдап күлген пиғылына қаным басыма теуіп кеткені. Қазақтарды Ахметтің көзінше дарға асу жүрегді тілгілеп кетті.

  • @eralife5618
    @eralife5618 Před 2 lety +14

    Өте қорқынышты өтее !! Сол жылдары-ай қырылдығой көп халық, кәзіргі тілмен Хаус апокалипсис болды, соны көріп естіп отырған осындай ұлт жанашырлары қарап қалмады барынша арпалысып соңғы өлімге дейін демі қалғанша күресті, бірақ құйтұрқы Орыс Патшалығы соңында қырып жойды барлығын 🥺

  • @balausashalbai1778
    @balausashalbai1778 Před 2 lety +6

    Керемет 😊,нағыз көретін туынды екен👍

  • @islammusyrman2892
    @islammusyrman2892 Před měsícem

    Жаткан жерлеры жайлы,жандары жаннаттан болсын елі үшін жанын берген зиялыларымыз

  • @user-sx5mh8gk2k
    @user-sx5mh8gk2k Před 2 lety +4

    Қазағым деп жапа шеккен қайран Ахмет ата,жаныңыз жәннатта болсын!көзім жасқа толды.

  • @user-sd4ml4vc1w
    @user-sd4ml4vc1w Před rokem +3

    Керемет түсірілім,көбірек көрсету керек.

  • @user-pc5he9mu1v
    @user-pc5he9mu1v Před 2 lety +19

    Ахмет ағамыз ұлт көсеміз қазақ үшін адал еңбек етті қазақтарды орыстар басынды соны біле тұрсақта бұл күні орыстың тілін де сойлеп жүрміз әттең ояанайық қазақтар Алихан ағамыз айтып кеткендей ояанайық

  • @user-lf8ny7gl4i
    @user-lf8ny7gl4i Před 2 lety +5

    Бабаларым ай! Әр Қазақ менің жалғызым!!!

  • @antivirus3674
    @antivirus3674 Před rokem +32

    Бұрын ұлтын ойлағандар азаматтар болса, қазір құлқынын ойлаған адамдар көп!

  • @user-fm1yr4nt7n
    @user-fm1yr4nt7n Před 2 lety +7

    Өте мағыналы түсіріліпті. Әрбір әктер өз ролін жақсы көрсетіпті. Түсіруші топқа және өнер иелеріне алғысымыз шексіз!

  • @user-rp9nu9vz4x
    @user-rp9nu9vz4x Před 2 lety +6

    Өте керемет кино
    Керемет постановка, режиссура. Актерлер де мықты таңдаған. Соңында ату жазасына кесіліп, камерадан алып шығып, бірақ атқанын көрсетпегені- режиссер дің мықтылығы,қорламай. Тек ұзап қараңғылық қа кетіп бара жатқанын көрсетеді...
    Өзім отбасыммен екі рет көрдік

  • @abldablabldabl9232
    @abldablabldabl9232 Před 2 lety +4

    Өте керемет шығарылым. Мен осы кезге дейін толық білмеген екенмін. Осы киноны көріп біраз нәрсені білдім өте қызықты үлкен рақмет!

  • @ukraine2696
    @ukraine2696 Před 2 lety +6

    Қазақстан ұлттық телеарнасына мың алғыс!

  • @user-sh9vz8hn8t
    @user-sh9vz8hn8t Před 2 lety +6

    Осындай сериал түсіруге рұқсат берген Тоқаев мырзаға алғысым шексіз.

  • @muratnurtas6750
    @muratnurtas6750 Před 2 lety +3

    Өте тамаша сериял, еңбектеріңіз жемісті болсын. Ұлттық санамыздың тағы да өсуіне септігін тигізетін келелі жұмыс болған екен. Осы жұмысқа еңбегі сіңген барша жанға алғысымыз шексіз!

  • @ergandinara
    @ergandinara Před 2 lety +13

    керемет, Қазақтың бес арысы үлкен еңбек еткен, өтініш жалғасын салыңызшы күтудемін

  • @MissAssem
    @MissAssem Před 2 lety +19

    Қандай қиын заман бастарынан өтті деп жаным ашымайды. Не деген ерлік және халқын сүю деп таң қаламын. Бұл кісілердің алған қойған мақсаты болды. Елім деді, жерім деді. Елін сүйген бұндай Батырларды Елі де сүйеді. 😭😊

    • @user-xq9dz2yw2f
      @user-xq9dz2yw2f Před 2 lety

      Неге жаның ашымайды

    • @MissAssem
      @MissAssem Před 2 lety

      @@user-xq9dz2yw2f батырларға неге жаным ашиды. Оларды мақтан тұтам.

  • @user-dj8zd7oz5n
    @user-dj8zd7oz5n Před 2 lety +6

    Өте керемет.Алла разы болсын.

  • @user-km4oi1lh6u
    @user-km4oi1lh6u Před 2 lety +4

    Өте керемет түсірілген фильм, көп ой түйгізеді Алаш арыстары көрмеген қиындықтары жоқ

  • @user-oe4gm2yx4r
    @user-oe4gm2yx4r Před 2 lety +1

    Өте әсерлі керемет туынды қозғалмастан көрдім