«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 6-бөлім (субтитрмен)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 17. 12. 2021
  • Қазақстан - qazaqstan.tv/
    Facebook - / qazaqstantv
    VK - qazaqstan_tv
    Twitter - / qazaqstantv
    Instagram - / qazaqstantv
    Telegram - t.me/qazaqstantv
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    AppStore - apps.apple.com/ru/app/qazaqst...
    Google Play - play.google.com/store/apps/de...
    Арнаның ең танымал жобалары:
    -Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
    • Жаңажылдық бағдарлама ...
    - Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy
    - • Айнұр Тұрсынбаеваға ер...
    - Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - • Жаңа Қоныс
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 1,3K

  • @NNN-ck4pn
    @NNN-ck4pn Před 2 lety +883

    Қайдағы бір болмайтын Жездуха сияқты сериалдар млн просмотр жинайды🤦‍♂️ осындай киноларды жастар неге көрмейді. Барлық мектептерде міндетті түрде көрсету керек.

    • @user-dv2cu8hd3l
      @user-dv2cu8hd3l Před rokem +8

      Ия. 👍

    • @nikoniko8337
      @nikoniko8337 Před rokem +34

      Сауатты адамга бундай критика жараспайды Жездухамен салыстыратын кино емес бул кино кози ашык кокиреги ояу азаматтар кореди жездуханы жаппай кореди

    • @bakhtiyardusenov8172
      @bakhtiyardusenov8172 Před rokem +17

      Келісемін, оны мектептердің,университеттердің оқушыларына министерство арқылы көрсеттіру керек міндетті түрде

    • @kausarlife3644
      @kausarlife3644 Před rokem +1

      Дұрыс айтасыз

    • @aiym12
      @aiym12 Před rokem +24

      Жасым 16 да, осыны көріп ерекше бір әсерге ие болдым. Қуаныштымын осындай киносериалдардың түсіріліп жатқанына.

  • @danas2849
    @danas2849 Před rokem +206

    Кеше Оян, қазақты! көріп біраз ой салды, осылай жүргенімізге ата-бабаларымызға мың алғыс!!! Бүгін үзбей Ахмет атамызға арналған киноны көріп одан сайын толқып отырмын, тарихымызды ұмыттырмай осындай кино түсірген ұжымға мың алғыс👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 сәтті шықты деп осыны айт

    • @user-ob3rm3oc3v
      @user-ob3rm3oc3v Před 9 měsíci +1

    • @aialhoja9115
      @aialhoja9115 Před 9 měsíci +3

      Дұрыс айтасыз,Оян қазақты көріп,Ахмет атамыздың осы киносын көріп қатты қынжылдым ,недеген сатқындық,жауыздық болған сол кезде -ақ,өзіміздің қазақтар сатып отырған екен ғой.Алдында Қызыл жебе кітабын оқып бір еңіреп жылаған едім ,ол жерде де тым аянышты,Тұрар Рысқұлов атамыз жайлы.

    • @asqazan
      @asqazan Před 9 měsíci +1

      Менде де осы жағдай 😢

  • @user-ls2qz5gd8m
    @user-ls2qz5gd8m Před 2 lety +102

    Саңғытовтың дұрыс жолды таңдағанына өте қуаныштымын. Атамыздың бір ауыз "Балам" деген жылы сөзі оған қандай əсер етті?! Қандай жағдай болмасын, кімге болмасын жылы сөздерімізді аямайық. Бір адамның тура жолға түскені, бүкіл ұрпағының тура жолда болуына əсер етеді. Аянбайық. Білімімізді арттырайық, пайдалы болайық!

  • @user-gw7rf8di9t
    @user-gw7rf8di9t Před 2 lety +418

    Осы фильмнен кейін мен тек қазақша сөйлеп тек қазақша жазуға өз өзіме сөз бердім. Қазақ тілін біз үшін қорғап кеткен екен ғой аталарымыз . Өмірде көрген қызығы жоқ,тек қазағым деп өткен екен ғой 😭😭😭

    • @user-pj3sk5md1q
      @user-pj3sk5md1q Před rokem +14

      Бұл тек бер жағы ғой түсірілген, шынына келсек оңбағандардың істемегені жоқ

    • @user-dq3zf3nf8n
      @user-dq3zf3nf8n Před rokem +9

      Көзімізді ашық, көкірегімізді ояу қалыпта сақтаған Аллаға шүкір. Сіздей түсінігі мол, текті апа-қарындастар барда АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ізі жалғасын табатынына үмітіміз зор!. Себебі "алып - анадан туады" емес пе

    • @user-xv5yj9bm6l
      @user-xv5yj9bm6l Před rokem +6

      Жарайсыз. Менде солай шешкенмін бір екі жыл бұрын. Орыстарға қазақша сөйлесем түсінеді, түсінбегені кетеді түсінбей

    • @user-mu5zu4ew4c
      @user-mu5zu4ew4c Před rokem +4

      Тарихты оқып қана емес көріп көз жеткізген қандай тамаша. Фильм супер

    • @user-ii6lj4hl7t
      @user-ii6lj4hl7t Před 10 měsíci +2

      Ия, шын тарих осылай жәйләп ашыла берер

  • @batyrsultanuly
    @batyrsultanuly Před 2 lety +720

    Бұл хикаяны жүрген жерімде көріңдер деп айтып жүремін ин ша Аллаһ. Осы менің бұл еңбектеріңе қосқан тамшыдай үлесім болсын. Әзірге қолдан келері осы. Арыстарымыз жаны пейіште болсын!

    • @assasinff7372
      @assasinff7372 Před 2 lety +10

      Менде Аитып журем каида болсам да

    • @user-qx3rg5qg1d
      @user-qx3rg5qg1d Před 2 lety +18

      Мен де айтып отырамын .Керемет түсірілім. Қандай ұлы Азаматтар... Алашорда... Қандай еңбек - қазақ тіліне жасаған ҰЛЫ ҰСТАЗ!!!

    • @user-ee2xs6fg3p
      @user-ee2xs6fg3p Před 2 lety +7

      Дұрыс, елге таратып айту керек

    • @user-uz1ox7xz4o
      @user-uz1ox7xz4o Před rokem +5

      Әмин!!

    • @user-qm2jn9gw7w
      @user-qm2jn9gw7w Před rokem +7

      Көздің жасы парлап жүрегіміз тілім -тілім болды кино оқиға желісін толық мағаналы көрсеткен екен рахмет
      Қайран Алаштың Азаматтары-ай. Елі -жері ,халқы үшін күресіп өткен тұлғаларға мың тағзым жандары жаннатта болғай Орыстың осынша зұлым саясаты болмағанда осы күнде қандай керемет ел болушы едік пе Қазақты аштықтан қырды атты зиялыларды тұқым туяғына дейін жойып жіберді бас көтертпей азаппен өлтірді сондада орысты жақтап мақтап отырғанымыз ....

  • @zanylsyn-rakymkan
    @zanylsyn-rakymkan Před 2 lety +541

    "Жоқ, өлген жоқ олар "😭😭😭
    Дүниеде не өлмейді? " Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді! "жандарың жәннатта болсын! Өздеріңдей ұлтын сүйген азаматтарды мәңгілік өмірде жәннат бағында күтіңдер! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭😭😭😭

  • @madiagybayev1705
    @madiagybayev1705 Před rokem +132

    Айналайын ағатайлар, Алладан рақым тіледім сіздерге. Ұлт мүддесі деп көрмеген қорлықтарыңыз болмаған екен. Ал ендігі кезекте ел мүддесін қорғап, халыққа қызмет ету біздің мойнымыздағы міндет!

  • @ailanaserik2890
    @ailanaserik2890 Před rokem +78

    Ахаңдай азаматы болған қандай бақытты ел едік. Елім деп шырылдаған жандардың жаны жаннатта болсын.🥺

  • @user-br5me1kd3e
    @user-br5me1kd3e Před 2 lety +200

    Фильмді түсіргендерге рахмет,не деген дана кісі болған Ахмет Байтұрсынұлы,қандай бақытты ұрпақпыз осы кісілердің арқасы екен ғой барлығы

  • @user-cd6tn9tb7z
    @user-cd6tn9tb7z Před 2 lety +385

    Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы болған Ахаңның өмірі жайлы керемет, тарихи туындының осыншама аз қаралым жинағаны өте өкінішті, халыққа арзан дүние қызығырақ!!!

    • @user-zf9zx2gt6o
      @user-zf9zx2gt6o Před 2 lety +16

      Ең өкініштісі ол солар үшін өмірін берді ғой. Мына біздер білімді болсын деп, өз ұлтын тарихын, тілін білетін жұрт болуымыз үшін бұның барлығын жазған. Келер ұрпаққа жетсін деп адамдар өз өміріне қатер төнсе де олардың шығармаларын сақтаған. Ал бұл ұрпақтың көбісі осы шығармаларды білмейді де ғой. Ал Ахмет аға да басқалары да өмірлерін қатерге тігіп, асыл уақытын бөліп біз үшін шығарған. Көбісі олардың шығармалары түгелі өздерін білмейтіні білгісі келмейтініде өкінішті ақ... Бір ризашылықтың болмағанынын белгісі

    • @orazakynulynurseit3056
      @orazakynulynurseit3056 Před 2 lety +11

      Иә. "Отыздан асып барамын"-ды 5,4 млн адам қарап үлгеріпті. Халыққа, ән-күй, одан қалса даңғазалық, жаңа жыл қызығырақ.

    • @nurbolsaliev3108
      @nurbolsaliev3108 Před 2 lety +6

      Иеееее қайран бабаларым ай. 100 жылдан кейін осындай болатынын білсе олар не істер еді.... Тараз Шаһардан деген ән (ән деуге де келмейді ) соның жинаған просмоторын жинай алмайтыны өкінішті. Қашан ел боламыз ..... ей қалың қазағым ай.....

    • @user-xm6nh2bv6e
      @user-xm6nh2bv6e Před 2 lety +6

      Болщевиктердің ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙМАҒЫМЕН БАСЫНАН айырған. жылдарғой бұл.. Ашаршылықта. қаншама қазақ. қырылып қалдыЕнді тәуелсіз Қазағым мұндай сұмдықты көрмесе екен

    • @user-vu8zr2sb8m
      @user-vu8zr2sb8m Před 2 lety

      біздің қазаққа ережесіз жекбежек бокс той жалтырап кійнген әншілерді көп қараса болды тәрйқ деген басына кірп шығама тәрйқ тыңдайтын ұлтұн сұйетін жандардың тамырнна байағда балта шауып қйптастағаны осы кйноданақ көруге болмады енді олардің ізін жалғайтындар жұзден біреуі болуы мұмкұн

  • @user-pq5gs4bd3j
    @user-pq5gs4bd3j Před 2 lety +137

    Бұл хикаяны. көрген сайын жылаймын. Қандай Ұлы тұлғаларымызды халық жауы деп өлтірген. Олар халық жауы емес.... Ахмет Байтұрсынұлы Қазақтың шамшырағы, көсемі. Жандарыңыз Жаннатта болсын, барлық қазақтың қорғаны!

  • @user-bl5uz7hk7b
    @user-bl5uz7hk7b Před 2 lety +96

    Қазіргінің жастарына қарап ішім ашыйды😭осындай қан мен термен келген бостандығымызды, ана тілімізді қадірлемейді. Осындай дүниелерді көп көріп, насихаттап жүрейікші ағайын🙏

  • @riuayat1838
    @riuayat1838 Před 2 lety +136

    Басты рөлде ойнаған Байғали Есеналиев ағамыз қалай сәтті, әдемі таңдалған мына сериалға, керемет рахмет

  • @esbolat.j6925
    @esbolat.j6925 Před 2 lety +212

    Алаш арыстарын екі көзімнен ыстық жасым еріксізден парлап отырып түгелімен аса ыждағатпен көріп шықтым! Ол кісілердің Қазақ халқына жасаған еңбектеріне өскелең құрмет білдіремін !
    Шексіз құдірет иесі ол кісілердің жатқан жерлерін бейіштің төрінен бұйырғай,аумин!

  • @user-hu8dh2wm4i
    @user-hu8dh2wm4i Před 6 měsíci +2

    Өте РУХТЫ телехикая болды, Үлкен рахмет! Өз тілімізді ұмытпайық, Бабаларымыздың жаны жаннатта болсын!Не деген мықты, рухты, намысты болған біздің бабаларымыз!

  • @Hani_posh
    @Hani_posh Před rokem +41

    Қазағым дейтін қазағым барда, осындай сериалдар шығуына үлес қосып жатқан азаматтар барда , қазақ өлмейді ❤

  • @user-iv6vr4vs9l
    @user-iv6vr4vs9l Před 2 lety +242

    Жандары жаннатта болсын. Осы телехикаяны түсіру арқылы олардың рухын тірілттіңіздер. Алла риза болсын. Оқыған бір бөлек, көзбен көрген мүлде бөлек. Тағы да осындай құтты қадамдар бола берсін.

  • @bota_kazakh8460
    @bota_kazakh8460 Před 2 lety +194

    "Күрделі уақыт тудырған күрескер перзенттер!.. Тұрақтарың пейіш болғай!.. Қара жердің бетінде қазақ барда, Сендер барсыңдар!"
    Жүрекке жеткен, жүректі езген туынды болды.. Алла баршасының жандарын жәннаттық еткей! Түсіруге атсалысқан ұрпақарына Алла екі дүниеде де разы болсын! Ахмет, Міржақып аталарымыздай қазақ көп болса екен!

  • @bekzatsagat5609
    @bekzatsagat5609 Před 2 lety +70

    Анық Шаһид болған осы ағалар, елі үшін, жері үшін Алла жолында жанын пида еткен нағыз батырлар! Жандары жәннатта болсын 🤲

  • @ulzhankarimbek6349
    @ulzhankarimbek6349 Před rokem +35

    Осыншалық әсерлі кино көрмеппін ешқашан.. Аллаһым Ахан атамызды Қазағымызға бекерден бекер бермеген.. Елін сүйген нағыз ер азамат Ахан атамыздай ақ болар. Бұл жәй фильмдегі оқиға, ал шын өмірде қаншалық қиындық көрді екен .. қайран Ахан атам ай.. бір демде табжылмай көзіме жас толвп отырып көрдім. Өте дана кісі болған ғой . Жаныңыз жәннаттан болсын, Аха💔 Аллаһымның өзі панасына алсын..

    • @user-vi1hi2wg9x
      @user-vi1hi2wg9x Před 9 měsíci +1

      ❤аи айттың ау
      Менде жасым елуден асқасса да көзіме жас ала отырып көрдім

  • @user-mk4un9ew9q
    @user-mk4un9ew9q Před 2 lety +165

    Не деген керемет тусірілген! Коз жасын еріксіз кете береді. Актёрлардын шеберліктері оз алдына болек ангіме!

  • @user-xw2iq9if5u
    @user-xw2iq9if5u Před rokem +31

    Қазақ тілін менсінбейтін мәңгүрттер осы фильмді көрсе , игі болар еді.Қайран елім,жерім деп өткен асыл ерлер! Жандарың жанатта болсын!

    • @user-fg1po3fw6n
      @user-fg1po3fw6n Před 7 měsíci

      Олар муны тусинбейтинде болу керек шамасы

  • @user-db1tg9ez1p
    @user-db1tg9ez1p Před 2 lety +56

    Алаштың арыстары жатқан жерлерің жұмақ болсын. Осы фильмді түсірген студияға алғысым шексіз. АЛЛА разы болсын сіздерге. Ұрпағымызға мұра дүние.

  • @ahmetov_sunkar
    @ahmetov_sunkar Před rokem +33

    " Әрбір Қазақ баласы оқу керек " осы бір ауыз сөз үшін өмір бойы қарыздармыз 🤲 🇰🇿

  • @user-ju6xd2zv3f
    @user-ju6xd2zv3f Před 2 lety +71

    Түсірілім ұжымына мың алғыс! Ахмет атамыздың жатқан жері Жұмақ болсын!

  • @kualalumpur9161
    @kualalumpur9161 Před 2 lety +104

    Телехикая түсірілім барысында жұмыс жасаған баршаларыңызға мың алғыс! Алла разы болсын...

  • @Zhazok797
    @Zhazok797 Před 2 lety +23

    Керемет телехикая. Қазақ тілінің дербес тіл болуына негіз болған - Ахмет Байтұрсынұлына рақмет... Тіпті тергеуші Саңғытовтың тергеуді орта жолдан аяқтағаны - сөзбен жеткізе алмайтын көрініс. Осындай тарихымызды телехикая ретінде есімізде мәңгі сақтатуға үлес қосқаны үшін алғыс!

  • @user-nu4hl7gr6m
    @user-nu4hl7gr6m Před rokem +19

    Ұлы тұлға, Ұлы адам!!! Қазағымның маңдайына туылған ерекше жан!!! Керемет түсірілім! Рахмет көп көп!

  • @makomak354
    @makomak354 Před 2 lety +57

    6 бөлім емес оданда коп болганда тіптен күшті болар еді,
    Бірак керемет болды, үлкен әсер алдым, актерларга ұжымға мың алғыс

  • @user-lj8tx6hg3q
    @user-lj8tx6hg3q Před 2 lety +75

    Киноның соңында өкіріп жылағям келді тек өзімді ұстадым егіліп жыладым Осы тұлғаларды қайтадан тірілтіп жіберетін күш болсағой дедім ...
    Отбасымызбен 6 серияны қарап шықтық Ұжымға мың алғыс АЛЛА разы болғай !!!
    30 жылда осындай киноны көргеніме қуанамын !
    ҚАЗАҚТЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ МӘҢГІ ТІРІ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @parisru5230
      @parisru5230 Před rokem +4

      Мен жылдың басында щыққан бойда қараған едім. Әр сериясын жылап отырып көрдім) Жайбарақат көру мүмкін емес( Осы Ахмет атамыз болмағанда қазір қандай күйде болар едік деген сұрақ тұрды санамда. Ұйықтамай түнімен, өз өмірін, бостандығын тәрк етті ғой болашақ үшін. Болашақ мүлде бұлыңғыр еді. Ешқандай гарантия болмады ғой еңбегі еленетіне, бірақ болашақ біздер үшін аянбады. Не деген рух ол кісідегі. Қазағым, бабаларымыз мықты болған. Еңсемізді биік ұстап, мақтана білейік қазақ болғанымыз үшін! Сериалды көріп бітірген соң, жан-жағымдағы адамдарға кеңес бердім көруге. Бүкіл қазағым көріп, рухтанса екен. Білімге ұмтылса екен!

  • @user-cc1pu6mc9j
    @user-cc1pu6mc9j Před rokem +26

    Тәңір жарылқасын сіздерді! Ұлт зиялыларының әруағы разы болсын!

  • @aikhanymkhuatbekkyzy4568
    @aikhanymkhuatbekkyzy4568 Před 2 lety +36

    Алла разы болсын, осы сериалды жасап шыққан барша адамдарға! Халқымыздың асыл азаматтарын танып-біліп, ізін жалғастырау барлығымызға парыз.

    • @Jazira17
      @Jazira17 Před 2 lety +1

      Жандарың жәннатта болғай Асыл аталарым! Қазақ барда мәңгі барсыздар! Тебіренбей көру мүмкін емес!

  • @zanylsyn-rakymkan
    @zanylsyn-rakymkan Před 2 lety +66

    Жандарың жәннатта болсын қайран аталарым-ай, Алла сіздерді шапағатына алсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭
    Жылап отырып барлық бөлімін көріп шықтым. Өте керемет түсірілген жұмыс екен! 😭😭😭

  • @user-sk5gh6jg6u
    @user-sk5gh6jg6u Před 2 lety +34

    Жылатты! Қазақ киносы бір белесті бағындырғанына қуандым. Денем бір ысып, бір суынды. Толқыдым, тебірендім, шаттандым....... Әр Қазақ сөзсіз көруге татитын бір егей еңбек!

  • @user-zz9kv9uc9o
    @user-zz9kv9uc9o Před rokem +9

    Мыржақып Дулатұлының образы өте анық, сенімді шыққан! Актер, тамаша! Ең керемет рөлі👏👏👏👏

  • @Aisha-gl1sl
    @Aisha-gl1sl Před rokem +25

    Жатқан жерлеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, жандарың пейіштің төрінде шалқысын! Сіздердің алдыңызда бас ием, қазақтың есіл ерлері! Арманда кеткен арыстарымыз-ай…💔
    Осындай сүттің бетіне шыққан қаймақтай зиялыларымызды сатқан құзғындар көрінде өкірсін!!!

  • @BoxinginKAZAKHSTAN
    @BoxinginKAZAKHSTAN Před 2 lety +53

    Өте керемет кино ! Осы киноның жарыққа шығуына ат салысқан барша мамандарға МЫҢ АЛҒЫС! Осындай тарихи киноларымыз көп болсын!

  • @zerek_balaqai
    @zerek_balaqai Před 2 lety +42

    Қандай керемет! Жыламай көру мүмкін емес! 😪 Рақмет, рақмет бәріңе!

  • @user-sr1ir8ib6g
    @user-sr1ir8ib6g Před rokem +12

    Аллахым разы болсын фирдоуси жәннәтін нәсіп етсін мақтан тұтатын осындай бабаларымыздың барына сансыз шукірлер болсын

  • @shanzharkhankanadil
    @shanzharkhankanadil Před 4 dny +1

    Жандарыңыз жәннатта болғай арыстарым😭😭😭😭😭.
    Алла жәннаттың фирдаусын нәсіп етсін

  • @user-bc6sk6lg9k
    @user-bc6sk6lg9k Před 2 lety +34

    Осы киноны орысша сөйлеп қазақ тілін менсінбейтіндер көріп ойланса екен, балаларын орысша сөйлеткеніне мәз болған қазіргі ата-әже, ата-аналар! Қазақ тілін сақтап қалу үшін қанша зиялы, ер жүрек батыр, ақын, жазушыларымыз жанын берген! 👆Осындай тарихи киноларымыз, құнды дүниелеріміз көп болаберсін! 👍Рахмет

    • @aika8812
      @aika8812 Před 2 lety

      солардын кормейтини окиништи,парламентке апарып осыны койып берип букил министрди камап койса

  • @aidyndusenba4439
    @aidyndusenba4439 Před 2 lety +30

    Елі үшін жері үшін жанын қиған асыл ер азаматтарымыздың жаны жәннатта болсын 🤲 Аллаһтың рахымына бөленсін ИншаАллах 🥺😓

  • @Maestro786
    @Maestro786 Před 2 lety +30

    Әттеңай 😥😥😥😥😭😭😭😭😭😭 Кәдімгідей жылап отырмын. Жандарың жәннаттық болғай 🤲 Кәзіргі шенеуніктер болардың тырнағының ішіндегі кірге тұрмайтын арам тамақ болды ғой. Беттері табақтай табақтай болып, мұрнын шұқып, көтін қасып, ұйқтап отырып миллиондар алады. Онымен қоса миллиондап ұрлайды. Өңшең боқжегір айуандар. Әттеңай осы Алаштың ардақтыларынан перзенттер қалғанда халқының қорғаушысы болар ма еді. Әййй, Ахан аға! Тәуелсіздік алғанымыз жақсы ғой кәзір, бірақ өз қазағымыз өзімізді тонап жатырғой әттең 😭😭😭😭😭😭😭😭 Елге керек қаражаттың бәрі ұрланып, шет елдердің банкінде жатырғой

    • @user-ev7fz8oe6s
      @user-ev7fz8oe6s Před rokem

      Әттен-ай.Ертерек шығару керек еді.Мекиепте оқушыларға көрсету керек.Қазак халкы үшін жанын қиған аталарымыздын еңбегін терең түсіндіру керек.Әліппенің атасв кім екенін терең түсіну үшін.

  • @user-xy9hs4yj7l
    @user-xy9hs4yj7l Před 2 lety +10

    Арыстарым, қайран заман, көзімнен еріксіз жас тама береді, осы киноны көріңізші деген ұлыма рахмет, өте ақылды,саналы,зиялы азаматтарымыздың болғаны, мен үшін үлкен мақтаныш, биік абырой, біз осы ағаларымызбен мақтана аламыз, мен де өзімнің айналамдағылардың бәріне осы киноны көруге ұсыныс жасадым, елің үшін қызмет еткің келсе, өткеніңе көз жүгірту керек! Мың сан рахмет, мың сан тағзым, арыс ағаларым! Сіздердің салып берген сара жолдарыңыз- тәуелсіз Қазақстан!

  • @user-id7cj5op2v
    @user-id7cj5op2v Před 2 lety +16

    Осындай тарихи кино түсipген ұйымға мың алғыс,керемет шыққан.

  • @DakeZhaksybai
    @DakeZhaksybai Před 2 lety +40

    Қазақ халқыма, еліме, жеріме берілген Ұлы ұстаз, жандары ЖӘННАТТАН етсін АЛЛАҺ тағалам! Өз елімізге де енгізу керек әліпбиді, өзге жерде жүріп қолданыста қолданып жүр, өз елімізде тұрып өзіміз қолданбаймыз, қазақша сөйлегенге ерінеді

    • @user-eu3dc8kx2y
      @user-eu3dc8kx2y Před 2 lety +5

      Керемет туынды! Тәуелсіздіктің 30 жылдығына нағыз тарту осы. Жандары жәннатта болсын Арыстарымыздың, түсіруші ұжымға Алла разы болсын. Алда тағы осындай керемет туындылар күтеміз.

  • @user-mu5zu4ew4c
    @user-mu5zu4ew4c Před rokem

    Осы Қазағымды аямаған ұлтты Құдай өзі кешірсін жек көремін. Қайран қазағым көрмеген азабы жоқ.

  • @ulzhalgastuimebay6364
    @ulzhalgastuimebay6364 Před 2 lety +23

    Ахмет Байтұрсынұлы-ұлы тұлға!👏👏👏👏👏👏👏

  • @user-qz2zr1rt6v
    @user-qz2zr1rt6v Před 2 lety +20

    Басы бар, аяғы бар, салар ойы бар, берер рухы бар, керемет сериал шығыпты. Осы сериалға атсалысқан барлық қолы ізі бар қатысушыларға мың алғыс! Қолдарыңа Құдай қуат берсін.

    • @technodom5458
      @technodom5458 Před rokem

      Елім, жерім деген Азаматтар. Сіздердің есімдеріңіз мәңгі өшпейді! Жандарыңыз жәннәтта болғай!

  • @user-qr1gc4hk4p
    @user-qr1gc4hk4p Před 2 lety +31

    Рахмет үлкен. Жүректе үлкен із қалдырды! Өте керемет, сөзім жоқ!

  • @freedomwriter647
    @freedomwriter647 Před 2 lety +8

    Алланың нұры жаусын осындай нағыз батыр, батыл, қазақтың нағыз тәуелсіздігін жан-тәні, өмірлерін қия қалаған ҰЛЫ ҰЛТ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ жайынды керемет туындыны кейінгі ұрпақ білсін, көрсін деп сыйлаған адамдарға! КӨП РАХМЕТ!!!

  • @tolganbaevaasylzat3716
    @tolganbaevaasylzat3716 Před 2 lety +76

    Қазақ деген атыма сай боламын. Елім үшін қызмет етемін. Даналығыңмен , қайтпас қайсарлықтарыңызға таң қаламын бабаларым.Сіздер аманат еткен ұлт мүддесі үшін әрқашан қызмет етемін. Уәде беремін . Адам деген атыма , қазақ деген ұлтыма адал перзент боламын.

  • @kualalumpur9161
    @kualalumpur9161 Před 2 lety +23

    Халық қамы үшін жан қиған ата-бабаларымыздың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Алла рақмет етсін 🤲🤲🤲🤲

  • @user-gd8su5je7t
    @user-gd8su5je7t Před 2 lety +29

    Қандай керемет түсірілген кино.Нағыз патриоттық сезім оятатын фильм

  • @user-bv9ez4yo6y
    @user-bv9ez4yo6y Před rokem +9

    Сабырлы қалпымен, болмыс-бітімімен, ешкімге бас имеген құдіретіңнен, намысыңнан айналдым, Алаш ерлері. Мәңгі жүрегіміздесіздер. Жандарыңыз жаннат төрінде болсын. Түсірілім тобы мен актерлерге мың алғыс!!!

  • @gulnarzhumash7438
    @gulnarzhumash7438 Před 2 lety +13

    Аллаһ жәннаттың төрінен орын берсін аяулы арыстарымызға, алаштың нағыз азаматтарына. Аллаһ еңбектерін еш етпесін. Осы сериалды түсірген азамматтарға да осы тілек. 30жылда көрген ең тамаша жоғары деңгейде түсірілген сериал деп білемін. Аллаһ істеріңіздің берекесін берсін. Осындай жасампаз түсірілім көп болсын! мектепте көрсетілуі, насихатталуы керек деп ойлаймын. қазір орысша шүлдірлегендер түсінер ме еді. сонда латынға тек қана қазақты көшірген бе? мәңгүрттендіру түрленіп әлі келе жатқан сияқты

  • @user-er8jp1eh9p
    @user-er8jp1eh9p Před 2 lety +25

    Тарихын білмитін қазақтарға нағыз көретін туынды екен,керемет!Осыдан соң көздері ашылып,көкіректері оянар.

  • @yerbolat_oljabekuly
    @yerbolat_oljabekuly Před 2 lety +15

    Адамның рухын оятатын телехикая! Керемет еңбектеріңіз жана берсін! Біртуар ағаларымыздың еліне адал қызмет етіп, қалдырып кеткен мұрағаттарын одан әрі қызығушылығын пен танытуға зор үлесін қосатын туынды екен. Алла разы болсын баршаңызға!

  • @shugylakerimkulova7841
    @shugylakerimkulova7841 Před 9 měsíci +1

    Керемет, Рахмет режиссер мен актерларга. Сол заманның лебі сезіледі. Түп санаға жетерліктей жеткізді.

  • @user-wr3mc3gy3t
    @user-wr3mc3gy3t Před 6 měsíci

    Алла тағала жандарын жанаттан,жатқан жерлерін жарық етсін ,ел үшін жер үшін шыбын жандарын құрбан еткен ұлы тұлғалар, тізерлеп басымды иемін .

  • @user-vp3qv3vo3s
    @user-vp3qv3vo3s Před 2 lety +19

    Керемет туынды. Алаш азаматтары, тіл, ел жанашырлары ешқашан өлмек емес! Жандарыңыз жәннатта, орындарыңыз пейіштің төрінде болсын! 🤲🏻

  • @user-zf9zx2gt6o
    @user-zf9zx2gt6o Před 2 lety +70

    Бір сөзбен керемет. Мектептерде көрсету керек балалар бұл тұлғалардан үлгі алсын деп. Жанындағы халыққа адал қызмет еткен асыл ерлер. Қазір ондай адамдар барма? Алысқа бармай әркім өзімізге қарасақ біз халыққа демейік, осылай ақ көңілдікпен жақындарымызға, туыстарымызға, көршілерімізге көмек қолын ұсынамыз ба, игі істер істеймізбе? Егер әр қайсымыз осылай істесек ортам өзгерермеді... Оларға деген нағыз құрметімізді тек сөзбен ғана емес олардың жақсы қасиеттеріне еліктеу арқылы көрсетеміз.

    • @user-lj8tx6hg3q
      @user-lj8tx6hg3q Před 2 lety

      Өте дұрыс айтасыз мен қосыламын

    • @user-uz2fv9fk5s
      @user-uz2fv9fk5s Před 2 lety +2

      Әр отбасы балаларымен көретін телехикая. Мектепке итере бермеңдер

  • @user-bl5uz7hk7b
    @user-bl5uz7hk7b Před 2 lety +18

    Жүрегім сыздап, жылап отырып көрдім. Ей шіркін айнплайын ұлт жанашырлары 😭😭😭 ел үшін деген жүректерінен 😢

  • @k.s.k0224
    @k.s.k0224 Před 9 měsíci +1

    Жандары жәнәтта болсын Әумин! 🤲

  • @farizakasimbekova712
    @farizakasimbekova712 Před 2 lety +10

    Не деген шыдамды, сабырлы кісі...... 😔жаны Жаннатта болсын

  • @user-sz7sj8vw6i
    @user-sz7sj8vw6i Před 2 lety +14

    Ахмет Байтұрсынов нар тұлғалы аталарымыздың өмірлеріне байланысты туындының үлкен әсермен жан терең жүрегімен мұқият, тиянақты, ұқыпты ғажайып қазақтың жүрегінің түбіне терең түсіріп баяндайтын нағыз қазақ жаным да қазақ тәнімде қазақ деген диктор деп фильмдегі иісі қазаққа сайрап түсіндіріп жеткізе білген дикторды айтар едім өте әсерлі баяндайды жаса бәрекелді дән ризамын!

  • @sabrkerimkulov298
    @sabrkerimkulov298 Před 2 lety +24

    Не деген керемет сериал. Соңғы серияны жыламай көру мүмкін емес шығар. Ахаңның денесінде рухында (духын) сындыра алмапты. Эмоцияға берілмей өзін өте сабырлы ұстау өте қиынғой негізінде. Қазақтың бір туар ұлы. Қайран Ахмет ағамай.

  • @user-qx5ux6uv2y
    @user-qx5ux6uv2y Před 2 lety +41

    Бедер,белгісі жоқ бейіттеріңе себілген бір-бір уыс топырағымыз болсын дедік.. Телехикаяның түйіні👍

  • @user-mp7lk3uu4i
    @user-mp7lk3uu4i Před rokem +10

    Қайран Алаштың ардақтылары-ай... Жандары жәннатта болсын!!!

  • @user-zd3ko7gv7f
    @user-zd3ko7gv7f Před rokem +5

    Алла разы болсын бұл кісілердің ғұмырна.

  • @user-oj6ek5cr3h
    @user-oj6ek5cr3h Před 2 lety +8

    Қазақ үшін жанын берген бабаларымыз жандары жәннатта болсын. Әмин.

  • @lauraimanbek1237
    @lauraimanbek1237 Před 2 lety +8

    Жүрегім жылады шын💔🥺. Өте ауыр.
    Міндетті түрде қайтадан көремін.
    Түсірілім тобына, осындай дүниені бізге жеткізуге атсалысқан ұжымдағы әр адамға алғысым шексіз!💌

  • @muslimorazgulov5641
    @muslimorazgulov5641 Před 2 lety +26

    "Қазақфильм" бәрекелді! Сол кезеңді шынайы суреттеп, әр кейіпкердің күйзелісін керемет көрсете білді. Көрермендердің жанын дір еткізді. Тамаша!

    • @shynarnessipbayeva4017
      @shynarnessipbayeva4017 Před 2 lety +5

      Муны тусирген Казахфильм емес, Казакстан арнасынын тапсырмасымен тусирилген Мурат Есжаннын енбеги

    • @user-tt4rr1dh1y
      @user-tt4rr1dh1y Před 2 lety +1

      Продюсерлер и телеарнанын тапсырысымен
      казакфильм болса басында Казакфильмдеп шыгады.

  • @ahmetbegdilla4096
    @ahmetbegdilla4096 Před 2 lety +22

    Өте керемет түсірілген. Әр сәтінде көзге жас келеді. Жайлары жаннатта болсын, арыстарымыздың.
    Осында туынды үшін рақмет, @Qazaqstan tv!

  • @QazaqOrdakz
    @QazaqOrdakz Před 2 lety +78

    көзге Жас алмау мүмкін емес. Әсіресе Сангытов пен А.Байтұрсынұлының соңғы тергеуінде.
    6 сериямен бітіп қалғаны өте өкінішті. Негізі осындай Кинолардан ақшаны аямау керек.

  • @user-fm1yr4nt7n
    @user-fm1yr4nt7n Před 2 lety +13

    Қоюшы - түсіруші топқа және барлық актерлерге алғысымыз шексіз. Өте құнды әрі мағыналы түсірілім болыпты.

  • @damiraslyamkul2979
    @damiraslyamkul2979 Před 2 lety +8

    Көзге жас келді. Әттең, әттең азат болғанымызды көре алмады 😓😓 осындай қазағымыздың мықты , батыр азаматтары туралы көп кинолар түсіріле берсін! Жүрегім ауырып кетті

  • @raihangaziz2643
    @raihangaziz2643 Před 2 lety +17

    Армысыздар! Осындай керемет тарихи дүниені жарыққа шығару, халыққа паш ету жолындағы еңбектеріңізге алла разы болсын, өсіп келе жатқан ұрпаққа жасаған баға жетпес қазына үшін түсірілімге бастан аяқ қатысқан әрбір пендеге сан мыңдаған алғыстар жауа берсін, әумин...

  • @user-wt9fo6fd7v
    @user-wt9fo6fd7v Před rokem +6

    Жаткан жері жәннәттің төрінен болсын! Сіздер ешқашан өлмейсіздер. Мәңгілік халық есіндесіздер. Жыламай көру мумкин емес. Рахмет көп ,!!

  • @user-un4kw2qz2q
    @user-un4kw2qz2q Před 2 lety +30

    Ұрпаққа ұлт зиялылары туралы осылай керемет жеткізгендеріңіз үшін мың алғыс! Олар өлмек емес, жадымызда сақтап, аманаттарын орындауға тырысамыз!😭😭😭

  • @serikniyazov2312
    @serikniyazov2312 Před 2 lety +28

    Алла оларды рақымына алсын, олар біздің біртуар тұлғаларымыз

  • @user-gd2hu3od7h
    @user-gd2hu3od7h Před 2 lety +13

    Керемет түсірілген, елім деп өз жанын құрбан еткен бабаларыма мың тағзым.

  • @ttteee2394
    @ttteee2394 Před 2 lety +12

    Аруагыннан айналайн Асыл Ерлер Жандары Жаннаттык болсын.Але Казак Шынга шыгады Аллам Насип етсе Бабалардын жетеалмай кеткен жетистигине.

  • @user-hi3le2qr7w
    @user-hi3le2qr7w Před rokem +2

    Е, Жаратқан ием осы Қасиетті Ұлы Ата Бабамыздың Аруағы үшін қазіргі шүлдірлеп жүрген қазақтардың санасын оятшы🤲

  • @user-wm8ws3vo7p
    @user-wm8ws3vo7p Před 2 lety +7

    Керемет, қайталанбас туынды үшін түсірілім тобына, актёрлік құрамға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Тек осымен тоқтамай қазақ үшін шырылдаған, күрескен Алаш арыстарына жеке- жеке тарихи кино арнасаңыздар. Рахмет!

  • @baurzhan2360
    @baurzhan2360 Před 2 lety +11

    😭😭😭 Қайран арыстай аматтарымыз-ай. Әттең😭😭. Алла өз рахымына алсын аталарымызды.

  • @user-jx7ye6oy7s
    @user-jx7ye6oy7s Před 2 lety +7

    Өте тамаша түсірілген. Сценаристтер мен режиссерларға респект! Актёрлардың ойнау өнері бір төбе! Жүрекке жетті. Ғұмырлы болғай! Осындай телехикая көп болсыншы!

  • @user-hr4cc6sh8o
    @user-hr4cc6sh8o Před 2 lety +7

    Алла сіздерге разы болсын!
    Қазақ тілінің қадірін түсініп, енді оны құрметтеуді,қазақ тілімнен еш ұялмауды бұл кино маған түсіндірді.
    Елім,жерім деп істеген еш іс босқа кетпейтінін түсіндім.
    100 жыл өтсе де, өздерінің сүйегі баяғыда шіріп кетсе де, істеген істері мәңгілік жасамақ. Шыныменде, күш береді.
    Ахмет Байтұрсынұлының ұстамдылығы, көркем мінезділігін әдемі жеткізгенсіздер, Актерлердің шеберлігіне бөлек алғыс.
    Қазақ елі дами берсін, тарихымызды ұмытпайық.одан күш алайық,үлгі алайық.

  • @user-um4jq6zv2i
    @user-um4jq6zv2i Před 2 lety +23

    Өте әсерлі, барлық актёрлар аянбай жоғары деңгейде өздеріне тапсырылған рөлдерін алып шықты, ұжымға көп рахмет. Тарихи тұлғаларымыздың жандары жанәттің төрінде болғай🤲🤲🤲
    Қазақтың рухын оятатын кино!

  • @nuraiseitbek6840
    @nuraiseitbek6840 Před 2 lety +21

    Қара жерде қазақ барда сіздердің аттарыңыз ешқашан өшпейді 🙏🏻

  • @KamilaBakytkali
    @KamilaBakytkali Před rokem +2

    Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары-ай! Өзегім өртеніп барады! Осындай ұлы адамдарымыздың жанын алып, ағартушылық істеріне кедергі келтірмегенде еліміз қандай болатын еді ?! Жандарың жәннатта болсын! Қиындықпен, ауыртпашылықпен келген қазақ тілімізді кейде қадірлемей, елімізге қорлық көрсетіп, адам басына келмейтін құйтырқы іс-әрекеттерді істеген орыстардың тілінде сайрап кететініміз - ай! Аталарымызға мың алғыс!!! Дінімізді, тілімізді,тарихымызды сақтап қалу үшін жаның беріп, сан қиындықтарды бастан кешірген! Осы фильмді түсіргендерге басымды иіп алғыс айтамын! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН сіздерге!!!! Түйгенім өте көп! Тәуелсіздігімізді, тілімізді, елімізді, жерімізді бағалайық!

  • @user-ob7vb3vr3c
    @user-ob7vb3vr3c Před 9 měsíci

    Онбаған Совет Үкіметі, қарғыс атты советтерді.
    Мың алғыс сіздерге !!!!!

  • @user-ff1gj5po3v
    @user-ff1gj5po3v Před 2 lety +16

    Ел ағалары, аталары! Жандарыңыз жаннатан болсын!

  • @historyke8463
    @historyke8463 Před 2 lety +18

    Қайран, қазағым деп өткен ерлерім. Ахмет ата алдыңызда бас иемін. Алмағайып заманда ешқашан өзін жоғалтпай білімге ұмтылып, қазағымның көзі ашылсын, білімді болсын деген аталар мен ағалар.

  • @user-du8cd7gx7d
    @user-du8cd7gx7d Před 2 lety +9

    Өте жоғары деңгейде түсірілген фильм. Сіздерге мың алғыс, мен қазақ киносының жаңа деңгейге шыққанына қатты ризамын. Енді Әлихан Бөкейханов туралы осындай фильм түсірулеріңізді өтінемін

  • @Zhan822
    @Zhan822 Před 2 lety +4

    Тұрақтарың бейіш болғай🤲🏻 Керемет түсірілім, көзі ашық, көкірегі ояу адамзаттың санасын оятары айдан анық🥲

  • @aishadan9091
    @aishadan9091 Před 2 lety +9

    Әдемі түсірілім. Жүздері, ұлы адамдардың есімдері, ұлы істер. Бәрі де еңбек. 👍📝✍

  • @maksutdoshanov2349
    @maksutdoshanov2349 Před 2 lety +3

    Керемет түсірілген актерларға осы туындыны түсіріп шығаруға атсалысқан барлық кісілерге Алла разы болсын ұлт жанды кісілер көбейе берсін әмин

  • @sausau2854
    @sausau2854 Před 6 měsíci

    Ахмет атамыздың рөлін сомдаған Байғали ағаға көп рақмет!
    Киноның режиссерына мың алғыс!
    Өте керемет шыққан дүние болды.
    Балаларымызға міндетті түрде көрсететін фильм.
    Қазағым жасасын!

  • @alewqa604
    @alewqa604 Před 2 lety +4

    Керемет! Арыстарымыздың қандай жанкештілікпен, қанмен, жанымен тастап кеткен асыл қазыналарды бағалайық жұртым🤲