Жолы болатын және болмайтын адамдар / Kitapal podcast #21

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 07. 2024
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұхбаттасады. 2023 жылға қорытынды жасайды. Бір жыл бойына қандай мақсат орындалды, қалай орындалды, қалай мақсат қою керектігін айтады.
    Тайм-код:
    00:00 Кіріспе
    01:14 Өткен жылға есеп
    02:35 Мақсат қою құпиясы
    05:40 Мақсатты айтамыз ба, айтпаймыз ба?
    8:38 Мақсатты қашан жазған дұрыс?
    12:10 Мақсатты айтар орныңды біл
    16:55 Данияр мырза праваны қалай алды?
    18:25 Ниет күші
    23:07 Жолы болатын және болмайтын адамдар
    27:11 Шетел қызықтары
    30:00 Kitapal Podcast
    35:00 Kitapal Classics
    37:00 Ауылға кітап жобасы
    42:00 Kitapal Club
    45:15 Осы жылы қанша кітап оқыдық?
    49:07 Келесі кітабымыз не туралы?
    56:00 2023 жылы неге өкіндіңіз?
    1:00:05 Келер жылды қалай жоспарлаймыз?
    1:13:01 Елім деген ер қандай болады?
    1:17:00 Қорытынды
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
    Daniyar: @dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: @miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов: @shrazadddin
    Kitapal instagram: @kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Komentáře • 471

  • @dzhigitbek
    @dzhigitbek Před 7 měsíci +380

    Данияр Жігітбектен келгендер лайк

    • @PerishteAqyn
      @PerishteAqyn Před 7 měsíci +7

      сізден, сізбен, сізге келдік)

    • @Qwert-ob6im
      @Qwert-ob6im Před 7 měsíci

      Жаңа видео шыққанын сіздің телеграм арнаңыз арқылы білдім

    • @user-pt5pb2nt8q
      @user-pt5pb2nt8q Před 6 měsíci

      Жүрек қалауымен келдім

    • @user-og8vp5gh8f
      @user-og8vp5gh8f Před 6 měsíci

      Қайырлы уақыт!
      Мақсаттарды жазудың маңызы жайында "Ответ. Проверенная методика достижения недостижимого" Аллан Пиз, Барбара Пиз
      Кітабында ғылыми тұрғыда айтып өткен. Ключевое слово: ретикулярная активирующая система.

  • @Kazakh.professor
    @Kazakh.professor Před 7 měsíci +233

    2024 жылы жетістікке жетемін дейтіндер лайк😉❤️👍

    • @koktemzhazkuzkys
      @koktemzhazkuzkys Před 7 měsíci

      Жетістік деген не сіз үшін?

    • @zharas.koskulakovvv
      @zharas.koskulakovvv Před 2 měsíci

      ​@@koktemzhazkuzkysкөп лайк жинау шығар , лайк сұрағанына қарағанда))

  • @user-ky2vf4pw8m
    @user-ky2vf4pw8m Před 6 měsíci +13

    Мен үшін бұл кісілер Әлихан,Ахмет,Міржақыпқа ұқсайды.
    Көш бастап отырған Данияр аға Әлихан Бөкейхан секілді,Ахмет Байтұрсынұлы Шразаддин аға секілді,ал Міржақып Дулатұлы Мирас аға секілді елестейді🙌🏻
    Сол кісілер секілді елге пайдасын тигізіп жүрген азаматтар,тамаша🔥🔥👍🏻

  • @Jandosahmedov
    @Jandosahmedov Před 7 měsíci +57

    Данияр Жігітбектің ой өрісіне тәнті едім, қазір дауысына да тәнтімін❤😂

  • @user-cx2rn7co2v
    @user-cx2rn7co2v Před 7 měsíci +46

    Сіздерге улкен рахмет 😍Кітапқа деген қызығушылығымызды арттырдыныздар 🤩 сіздердін подкастарыныздан кейін осы уакытка дейін 25кітап оқып тастаған екенмін 🫶🏻 бұрын бір жылда 1кітапта оқып бітере алмайтын едім 🌸Сіздерге улкен рахмет 🫶🏻Алла разы болсын❤️

  • @ayimstar490
    @ayimstar490 Před 7 měsíci +42

    Жігіттер!!! Жарайсындар!!!
    Мықтысыңдар!!!
    Әр Қазақ- Менің жалғызым…
    Әр адамның өмірін Жақсы жаққа өзгертер бағыт беріп жатсыздар…
    Сәттілік!!! Елге, халыққа береріңіз таусылмасын🙏🙏

  • @aigulkerimbay8222
    @aigulkerimbay8222 Před 7 měsíci +49

    Менің былтыр 2023жылға арналған жоспарымда 12кітап оқу,яғни айына 1 кітап оқып бітіру мақсатым болған.Алланың қалауымен клубқа мүше болып,сол көрсеткішті 3айда жеткізіп орындап тастадық.Рахмет сіздерге алғысым шексіз.Керемет орта құрып бергендеріңіз үшін❤❤❤

    • @gabitgabduyli9236
      @gabitgabduyli9236 Před 6 měsíci +2

      Сәлеметсіз бе? Қандай клуб қосылуға болады ма клубқа?

    • @yerlanovv
      @yerlanovv Před 6 měsíci

      ​​@@gabitgabduyli9236Kitapal клуб

  • @user-jc8zy3jy3z
    @user-jc8zy3jy3z Před 7 měsíci +27

    Мирас ағаның жазайын деп жатқан кітап идеясы өтее ұнады әсіресе қыздардың самооценкасын көтеріп жіберейін деп тұр ғой ешқандай курс өтпей ақ керемет👍👍

  • @mue1e
    @mue1e Před 7 měsíci +18

    Биылғы мақсаттарды міндетті түрде көпше жазайық, иә😅🫠

  • @sport1385
    @sport1385 Před 7 měsíci +30

    Құдайға шүкір, сіздер кітапқа деген қызығушылығымды оятыңыздар, қарап тұрсам таным көк жиегім кеңейіп келеді, кітапқа деген махаббаттым артуда, 13 кітап оқып бітірдм бүгнгі күні,сіздерге шығармашылық табыс тілеймін, Алла разы болсын 👍❤ 2024

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Před 7 měsíci +6

    Алдағы жылы сол жасөспірімдер көп қарайтын Тик-токта кітаптың пайдасын насихаттауды қолға алсаңыздар деген өтінішім бар...Мектепте сол ұялы телефонның шырмауынан шыға алмай, Тик-токтағы арзан дүниелерді көріп, біртіндеп ойлау, сөйлеу, сараптау қабілеттерін жоғалтып жатқан балаларды, жасөспірім оқушыларды көріп жүрегім ауырады... Сонымен қатар қазір балалар орыс тілінде, ағылшын тілінде кітаптар оқуға құштар😢Қазақша терең ойлай алмайтын жастар өсуде,себебі көбі қазақ тілінде кітаптар оқымайды... Осындай мәселелерді де шешуге тырысуымыз керек...

  • @PerishteAqyn
    @PerishteAqyn Před 7 měsíci +9

    Ойы, сөзі, ісі бірікпейтін адам депрессияға түседі

    • @Bauyrzhan24
      @Bauyrzhan24 Před 7 měsíci

      Осы сөздерді подкаста кім айтты?😊

    • @symbatshynybekova4269
      @symbatshynybekova4269 Před 7 měsíci

      ⁠​⁠@@Bauyrzhan24Шразаддин мырза☺️

  • @user-oy5cr2bg5p
    @user-oy5cr2bg5p Před 7 měsíci +6

    “Жүргізушінің сұрақты қою тәсіліне тәнті болдым” деп Данияр аға өзі жазушы еді әр кез 😅

  • @user-lf8uk3ih2d
    @user-lf8uk3ih2d Před 2 měsíci +1

    Бұрын мүлде өзіме мақсат қоймайтынмын. “Бұған жету қайдааа”-деп өзімді шектетеді екенмін. Енді сіздерді көріп отырып қатты қалаған мақсатымды жазып орындауға әрекет етуіме шабытып ашылып ұшып кетердей болып отырмын. Мақсатсыз тірі өлік болып жүрген маған бұл подкаст үлкеен мотивация болды. Енді дисциплина сақтасам болғаны. Рахмет сіздерге. Алла разы болсын🙌🏻❤️❤️❤️🤗

  • @Medettv01
    @Medettv01 Před 6 měsíci +4

    мен гой Абай жолын 31 ге кеп окып битирген)) Шираздын айтканы отти Абайды окыган адам омирин жолга коя билген адам дегени

  • @sharbannu
    @sharbannu Před 6 měsíci +4

    Бір құрбым бар орыс тілді, қазақша аз сөйлейді, бірақ сіздердің подкасттарыңызды көріп маған: “қазақша подкасттар да қызық екен ғой, оның үстіне кітап жайында екен, қатты ұнады, қазақ тілді контентке деген ойым қатты өзгерді” дейді. Осылай жаймен орыс тілді қазақтарға да әсер етіп жатыр екенсіздер🔥

  • @mariabdrashidkizi4530
    @mariabdrashidkizi4530 Před 3 měsíci +1

    Менің жасым 22 де осы уақытқа дейін кітап оқымайтын едім сіздерді тыңдап кітап оқимын деген шешім қабылдадым 2 кітап сатып алдым 1 бітірдім 2 шісін оқып жатырмын
    Сіздерге рақмет кітап оқыған негізі маған ұнайды екен мектепте өзіме ұнамайтын кітаптарды оқуды мәжбурлеген екен😂
    Кітаптың маған қазіргі сәттегі сезген пайдасы ойымды жинақтауға көмектесіп жатыр Алдағы уақытта айына 2 3 кітап оқуды ниет еттім подкастты көп шығара беріңіздер бізге берер пайдасы өте көп

  • @nuurdauulet
    @nuurdauulet Před 7 měsíci +11

    2024 жылы өмірдің ақиқатын ,өлімнен кейін не болатынын таптым . 100кітап оқыдым . Бақытты болдым, денсаулығым керемет, осы жетістіктерге жетуге адамдар барынша көмектесті.

  • @Yerzhan46
    @Yerzhan46 Před 7 měsíci +6

    Келесі жылдың подкастына Қайрат Жолдыбайұлын қонаққа шақырсаңыздар екен

  • @altyntaszulzalyel1125
    @altyntaszulzalyel1125 Před 7 měsíci +13

    Моңғолиядан сәлем🙌. Әдеттегідей ерекше шығарылым✨🔥Кітапал-мен бірге берекелі жыл болды😇 Кітап баяу оқитын адамдардың қатарынанмын.
    Осы жылы 13 кітап оқыдым. 2024 жылы бұданда көп кітаптар оқуды жоспарладым. Әрине оқумен ғана шектелмей, амал етуге, өмірде қолдануға барынша тырысамын🤲
    Бұйырса келесі нәтижелеріммен де бөлісемін😊 Баршаңызға сәттілік тілеймін✊🏻📚

  • @user-pn1cu2kn6n
    @user-pn1cu2kn6n Před 7 měsíci +19

    “Ауылға 50 кітап” жобасын кітапал подкасттан көріп мектебімізге алдық. Кітапханада тұрмайтын қолдан қолға түспейтін кітаптар қатарында👍

  • @talantkyzy
    @talantkyzy Před 7 měsíci +18

    осы кісілер ұнайды ,керемет трио подкасттарыда басқалардан қарағанда ерекше атмосферада

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 Před 6 měsíci +1

    Дос баласын айттығо мысал ретінде, дәл сол мысал менде де бар, тек кейіпкері басқа. Мен де кітап оқымай қалсам, бүгін бітіре алмадым, бүгін пайдалы істерім аз болды дегендей бір кішігірім "өкініш" бар. Бірақ жанымдағы адамға қарап, қалай деп таңқаламын. Тек ойын ойнап уақыт өткізу "ессіздік" дейін десең ақылы, ойлауы менен күшті. Ештеңе ойламайды десең, жасалатын шаруалар жасалып жатқан сияқты. Сонда миын әбден реттеп тастаған адамдарда уақыт көп болады ма деп ойлап қалдым...

  • @Top-Music-777
    @Top-Music-777 Před 2 měsíci

    Мақсат жаздың ба, жан қаласын қаламасын оны орындауға әрекет жасау керек. Желанияны қойып, керек дүниеге көңіл бөлу керек!

  • @user-vv7gm4rc4p
    @user-vv7gm4rc4p Před 6 měsíci +2

    Қазір түйген түйіндемем: Бүгін өзгелер жасағысы келмейтін дүниелерді жаса,мысалы ол(спорт,дұрыс тамақтану,кітап оқу,қаржылық интеллектіні дамыту, инвестиция жасау, өзіңді тұлғалық дамыту т.с.с) сол жағынан өзіңді дамытсан, Ертең өзгелер қол жеткізе алмайтын деңгейде сен өмір сүресін!
    Қазір бұл амалдарды жасау нәпсіге ауыр болуы мүмкін…Бірақ бұның бәрі болашақ үшін
    Бүгін біз өзімізді басқарып, дұрыс қадам жасай алсақ, алдағы болашақта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз‼️

    • @user-vv7gm4rc4p
      @user-vv7gm4rc4p Před 6 měsíci +1

      2024 ке қойған алғашқы мақсаттарымды бастадым ол 50📚кітап бітіру жобасы,

  • @user-uy4tm6uc2k
    @user-uy4tm6uc2k Před 6 měsíci +3

    Кыргызстанда туруп угуп жатам аябай мыкты денгээлде тартылыптыр 🔝

  • @user-ux4ci4st7w
    @user-ux4ci4st7w Před 3 měsíci

    Жігіттер жарайсыңдар осымен үшінші подкастыңды тыңдап жүрмін, басқаша прям ішіме түстіңдер енді сол шырақты жағуым керек. Қанша том кітаптарым жатыр шаң басып жылағым келіп кетті обалына қалдым ау деп кітаптардың. Рақмет керемет жоба екен.

  • @PerishteAqyn
    @PerishteAqyn Před 7 měsíci +7

    Адамның ақшасы мен уақыты қайда бағытталса ниеті мен қалауы да сол

    • @bornqazaq1
      @bornqazaq1 Před 7 měsíci

      тұнып тұрған психолог екенміз ғой 😍

  • @user-yc1pw9hj8g
    @user-yc1pw9hj8g Před 7 měsíci +2

    Кітап маған жаңадан дем берді

  • @aikerimashirbek6308
    @aikerimashirbek6308 Před 7 měsíci +11

    Өте керемет подкаст💗
    Мартин Иден үйімде 2 жыл құры тұрған еді. Осы подкасттың арқасында оқып бітірдім. Жеке өз алдыма ой қалыптастыруға, белгілі бір мақсатқа жетуге құлшыныс беретін ерекше подкаст!

  • @user-il5yv4dl8n
    @user-il5yv4dl8n Před 7 měsíci +4

    Осы күнге дейін тіркелмей тыңдап жүр едім😁. Шынымен, сіздердің әр подкасттарыңызды асыға күтіп, әр тақырыпқа мән беріп, түсінуге тырысып, өзіммен жұмыс жасай бастадым☺️
    Мен 1 жыл бойы кітап оқымай кетіппін. Қаржылай мүмкіндік болғанын күтпей, кітапханаға барып, кітап алып оқи бастадым. Өзіме еркіндік беріп, өзімнің шамам келгенінше оқимын. Қазірше қатты талап қойып жүрген жоқпын. Рақмет сіздерге🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @Jandosahmedov
    @Jandosahmedov Před 7 měsíci +8

    Ары қарай подкасттарыңызды жалғастыра беріңіздер.

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 Před 6 měsíci +2

    Біреудің жоспары, арманы дегені рас!
    Менің де ішкі қалауым бөлек, бірақ инстаәлемдегі қызықтар "как будьто" менің де қалауым сияқты болып кетеді. Бірақ расымен, орындалмаса іште дым өкініш болмайды екен. Қуанады екенсің, ооо бұл менің қалауым емес екен деп. Сіздердің подкастты 1-2 сөйлемнен тыңдап, соңына дейін қарап болғанша "инсайт" деген 1 кітап жазып тастауға болады екен❤ Расымен, пайдалы, рухани бай, даму жолын іздеген адамға керемет мүмкіндік ❤ шексіз алғыс айтамын👍

  • @nurdosanuarbekov5906
    @nurdosanuarbekov5906 Před 6 měsíci +4

    Келесі жылдың подкасты тақырыбы әйел адамдар қыз балалардың қоғамдағы орыны жайлы подкаст шығарсаңыздар
    Осы жылы осы тақырып аясында көп резонанс туды
    Жақсы тақырып деп ойлаймын!

  • @_akyn_kyz
    @_akyn_kyz Před 7 měsíci +1

    Менің ойымша ішкі сезімге ле байлынысты сияқты. Мысалы мен жазған 100 арманның көбі орындалады дегенге сенбей сонда да жаздым, почти вообще сенбедім. Бірақ ішінен 10 шақтысы ғана орындалыпты(жарты жылдық арман ғо).Мүмкін толық сеніп,Аллаға тапсырып жазғанымда көбі орындалар ма еді деп қоям😂. Сол 10 арманның орындалғаны маған сенімділік алып келді шыны керек. Арманды жазу деген өте дұрыс нәрсе екенін мойындадым. Расымен де ол арманды шынайы қалау керек па деп те қаласың.Бір апта бойы бір екі арманды қайталап күнде жаза бердім. Жаза бергесін ба ол нәрсе өмірімде болып жатты, жаза берсең ойыңа да әсер етеді екен,қайта қайта миға сигнал лақтырасың,істе осыны деп. Көп нәрсе сол сенімге де байланысты сияқты

  • @alimaMuratovna
    @alimaMuratovna Před 7 měsíci +5

    Көкейімде жүрген сұрақтарға жауабы табылған шығарылым болды❤

    • @PerishteAqyn
      @PerishteAqyn Před 7 měsíci

      Алғашқы 5минутта ма?😂

  • @_Karatau_2024_
    @_Karatau_2024_ Před 7 měsíci +1

    Кітап оқу ол дана кісімен сөйлесумен бірдей.

  • @Babalarsozi
    @Babalarsozi Před 6 měsíci +1

    Келесі подкастқа Санжар Керімбай ағамызды шақырсаңыздар

  • @user-jz6ey8wt1i
    @user-jz6ey8wt1i Před 4 měsíci

    Мен осы үшеуіңізді жақсы көремін ше...Адам ретінде,тұлға ретінде, менің рухани туысқандарым,жасай беріңіздер,❤❤❤

  • @shrazadddin
    @shrazadddin Před 7 měsíci +5

    Бұл подкаст бұрыңғы подкасттан өзгерек🖤

  • @user-qg2ip2kg5r
    @user-qg2ip2kg5r Před 5 měsíci +1

    Осылай подкасттарды көп шығарыңызларшыы

  • @lawliet4744
    @lawliet4744 Před 7 měsíci +9

    Өте керемет ағалар! Келесі жыл бәрімізге берекелі болсын!❤

  • @erbolbolatuli397
    @erbolbolatuli397 Před 7 měsíci +3

    Ассалаумағалейкум,мен осы кітапал подкатстарын мүмкін бұрын тыңдап жүрдім мүмкін тыңдамадым. Бірақ бүгін тыңдап отырып арнаға жазылып қойдым👍 лайк бастым. Коммент жаздым.

  • @diauren
    @diauren Před 7 měsíci +2

    мен сені күттім, күттім,күттім, күттім ай❤

  • @dinarakumar5429
    @dinarakumar5429 Před 6 měsíci +7

    Тек сәттілік болсын жобаларыңызға, мақсаттарыңызға,ниеттеріңізге! Аман жүріңіздер! Әрқашанда тілекшіміз, подкасттарыңызды тыңдаймыз, басқаларда тыңдауға үлес қосудамыз.Сіздердей ұлдары бар ұлт мықты дамиды деп ойлаймыз❤😘✊

  • @user-bf3mj7fn7g
    @user-bf3mj7fn7g Před 7 měsíci +7

    Келесі де гэллапты талдап бір подкаст түсірсеңіздер 🙌🏻

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 Před 6 měsíci +1

    Жоспарлауға қатысты. Кеше ғана күнделігімді алып, "күліп" алдым. Мақсатымды жазып, жоспарын жазбаппын. Сәйкесінше, Мирас мырзаның инструкциясы дегені есіме түсіп, мен мақсатыма сай инструкция таңдамағанымды түсіндім.
    Ютубта қоңырауды байқамай қалыппын бүгінгі подкаст туралы, сіңлім айтқаннан кейін рахаттанып көріп жатырмын. Мақсатты, жоспарлауды түсіндім. Керемет подкаст үшін рақмет! Әр тарауда әртүрлі инсайт❤

  • @user-zh9wd8zy5b
    @user-zh9wd8zy5b Před 6 měsíci +1

    Менің кітап оқуға зейінімді ашқан өздеріңіз, сіздердің Не үшін кітап оқу керек деген подкастты көргеннен бастам менің кітап оқуға деген құштарлығым ашылды и қарап отырсам осы дылға 9 кітап оқыппын сіздерге көп рахмеи ❤

  • @user-mj2nr5ry3i
    @user-mj2nr5ry3i Před 6 měsíci +4

    Моңғолиядағы жерлестеріміз сіздер мықтысыздар❤😍

  • @user-li6un1ch5m
    @user-li6un1ch5m Před 6 měsíci +1

    21 - гасырдын Ахмет - Миржакыптары бул жыгыттер . 🎉

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Před 7 měsíci +11

    ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖІГІТТЕР 🎉❤КЕРЕМЕТ ПОДКАСТ БОЛДЫ👏🏻👏🏻👏🏻Кітаптың,білімнің пайдасын өздерің сияқты жас та болса мықты тұлға болып қалыптасқан өздеріңізден көруге болады 👍🏻👍🏻👍🏻 Жасым елуден кеткен,өмір бойы кітап оқып келе жатқан тәжірибелі мұғалім менің өзім осы бір подкасттан біраз ой түйдім...Сіздердің атқарып жүрген істеріңіз өте маңызды, игілікті іс ☀️Алла қолдаушыларыңыз болып,барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын нәсіп еткей ❤️

  • @neat_2023
    @neat_2023 Před 7 měsíci +2

  • @suyaa127
    @suyaa127 Před 7 měsíci +3

    Бұлда бір Алланың берген үлкен нығымеиі ғой пайдалы білім алу біреуге пайдалы болу❤

  • @user-wj7he6zs1w
    @user-wj7he6zs1w Před 6 měsíci +2

    Kitapal clubқа қосылып үлгергеніме қуаныштымын.

  • @user-qg2ip2kg5r
    @user-qg2ip2kg5r Před 5 měsíci +1

    2024те кітапалдан өте көп үміт күтемізз

  • @user-km8cr5lm2z
    @user-km8cr5lm2z Před 4 měsíci

    Kitapal подкастка улкен рахмет 💜 шынымен де бурын китап окып, битире алмайтын едім. Подкастты тындап жургелы бери күнде хотябы 20-30 бет окып, китапты сонына дейын оки алатын болдым🥹

  • @tyndarman
    @tyndarman Před 6 měsíci +1

    Дуолинго жүктеп,тіл үйрену және мақсаттарыңды брондау керек деген 2 инсайт алдым. Рахмет

  • @hadkka_574
    @hadkka_574 Před 6 měsíci +1

    Тараздан кім баааар🙋🏾‍♂️🙋🏾‍♂️🙋🏾‍♂️

  • @user-kh4ox4yb8j
    @user-kh4ox4yb8j Před 6 měsíci

    Осы жылы 10 кітап оқыппын, енді 2024 жылға 2 есе немесе 3 есе тіпті одан да көп кітап оқимын деп алға мақсат қойдым. Әр подкастты көрген сайын өзіме бір мотивация, жаңа серпіліс аламын. Осы kitapal подкастын көрмей тұрып, кітап оқып жүргенмін. Бірақ осы подкасттарды көрген сайын кітапқа деген қызығушылығым таусылған емпс. Сіздерге алғысым шексіз! Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру миссияларыңыз орындалып жатқанына кәміл сенемін, ерен еңбектеріңіз бағаланатыны сөзсіз!!! 😍😍👏🏻

  • @user-zv8ys8km6t
    @user-zv8ys8km6t Před 6 měsíci

    Молодцы! Оте манызды такырыптар!!!
    Поднимите вопросы об учебниках на казахском языке в вузах, приглашайте академиков, докторов наук (,их у нас море,) спросите какие учебники, монографии на каз.яз опубликовали.возникпет вопрос как студенты, магистранты пишут дипломные, диссертации???

  • @moldirkydyrova
    @moldirkydyrova Před 7 měsíci +6

    Пайдалы кеңестерге тұнып тұрған подкаст. Барлық шығарылымдарыңызды көргенмін. Бірінен-бірі өткен қызықты. Тыңдармандар жәй тыңтап қана қоймай, өмірлерінде қолданса екен ИншаАллах! Уақыт бөліп, осындай дүниені жасап жүргендеріңіз үшін,баршаңызға мың алғыс! 🙌 Жұмыстарыңызға шығармашылық шабыт тілеймін.Жасаған жұмыстарыңыз берекелі болсын.Осындай ғажап дүниелермен қуанта беріңіздер. Алла разы болсын! Көп-көп рахмет! ✨

  • @user-vb4wq7ro5k
    @user-vb4wq7ro5k Před 6 měsíci +1

    Сөз саптауларына енді сөз жоқ

  • @user-tl4ec4ut9m
    @user-tl4ec4ut9m Před 5 měsíci

    Мықты жігіттер, келіп тұр, артығымен шабыңыз

  • @balganymzhanbolatkyzy96
    @balganymzhanbolatkyzy96 Před 6 měsíci +2

    Тіл үйрену бойынша ойын керемет екен. Бірден скачать етіп алдым👍🏼🤩

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před 6 měsíci +2

    Бийикке шыга бериндер жандарым 2024 шы жыл сендерге бахыт улкен табьс акелсын❤

  • @Khadisha_Yessim
    @Khadisha_Yessim Před 7 měsíci +3

    KitapAl жасай берсің ! Еңбектеріңізге жеміс тілеймін !
    Кітап оқу клубтарына қосылғаныма 1 ай болады ! 1 айда 1 кітап оқу деген ниет болған Фокус группалары арқасында 4-кітап оқып жатырмын ! Осы айда тұрақты кітап оқылды өзім үшін үлкен жетістік !

  • @ayaulymkurban2075
    @ayaulymkurban2075 Před 4 měsíci

    Подкаст өте адамды жігерлендіреді, маған тақырыптар өте қатты ұнайды🫰🫰🫰🫰

  • @user-yl1qc4wg8o
    @user-yl1qc4wg8o Před 6 měsíci

    Рақмет, жігіттер. Қазақ тілді подкастің шыққанына қуаныштымын. Қандай кітап оқуға кеңес бересіздер, 9 жастағы ұл балаға

  • @user-su6jg6lp4m
    @user-su6jg6lp4m Před 6 měsíci +1

    Бұл падскаст осы жылдың Ақпан айында басталып еді,содан бері түрлі тақырыпта ой өрбітіп,халықтың білімге деген құлшынысын арттырып жатыр.Әр шығарылымы, қызықты оқиғалармен байланыстырылып кітапқа деген құлшысысын арттыра түспек.Мен үшін жылдың ең үздік жобасына айналды,кітап құмар жандарымыз көбейе берсін.Алла істеріңізге береке берсін.

  • @user-hw3cb4bk7l
    @user-hw3cb4bk7l Před 7 měsíci +3

    Ата- аналарыңа рақмет ❤жігіттер тек алға🎉🎉🎉қандай керемет жастартардың кітапқа деген қызығыушылығын оятып жатырсыздар❤❤❤❤.

  • @bak847
    @bak847 Před 6 měsíci +2

    Лайфхак кітабын мектеп кітапханасынан көріп алған болатынмын,кейіннен сол кітап арқылы телеграм,инста,каналдарыңызға өттім.Осыдардың бәрін оқып осы подкастқа жеттім.

  • @asiyadaniyarkyzy-sv8oz
    @asiyadaniyarkyzy-sv8oz Před 6 měsíci

    блакнотқа мақсат жазу өте дұрыс. ол мида істеу керек деген ой қалыптастырып өзіміз ақ білмей ол мақсатты ми өзі орындауға ұмтылады екен яғни бұл миды алдау тәсілі сиякты 😄

  • @user-pb5cx9mf6f
    @user-pb5cx9mf6f Před 6 měsíci +2

    Данияр аға қоғамға қызмет ету жайлы жазатын кітабыңызды асыға күтеміз🔥

  • @_akyn_kyz
    @_akyn_kyz Před 7 měsíci +1

    Иа расымен де жолым болғыш деп әрі соған күмәнсіз сенсең сол болады.Мен де тура солай ойладым,бірақ арасында адамдардың шалатынын байқадым,бір жағдай болып қалады сөйтіп адамдар айтады"Жолың болмайтын адам екенсің ғой" деп. Сонда сол сөзге сынып қалмау керек екен, моментте іштей өзіме"Бұлы жолы болмағыштықтан емес,ол сол адамдардың сондай болғандығынан деп өзімді ақтап,сеніміме күмән салмадым. Бұл жағдай бірнеше рет болды. Бірақ сондада іштегі сенімге күмән түспеді.

  • @aii_kizi
    @aii_kizi Před 6 měsíci +4

    Осы сіздердің подкасттарыңызды тыңдап көп мәлімет алдым. Бастама ретінде үйдегі кішкентай бауырларыма энциклопедия алып бердім. Менің ғана емес бауырларымның да кітапқа деген зейіні ашылсын деп ниеттендім. Шетелге шығу үшін үлкен бір мотивация алдым. Өркен ағамен болған подкаст қатты ұнады. 2023 жоспарларым өте керемет орындалды. Келесі жылға бел буып шектеусіз жоспарлар құрып көрейін деп шештім. Үлкен алғыс сіздерге!❤

  • @user-ek8nn5db9k
    @user-ek8nn5db9k Před 6 měsíci +1

    Рақмет ағалар әдеттер қалыптастыра бастадым,енді мақсаттар жазам

  • @contentuser08
    @contentuser08 Před 7 měsíci +2

    Данияр ағаның кітабының идеясы супер

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před 7 měsíci +2

    Жандарым аман больньздар

  • @study_9
    @study_9 Před 6 měsíci

    Әдеби ,классика оқи беремін. Ұнайды. Мектеп кітаптарын:физика ,алгебра,география дейтін вообще оқығым келмиді. Қиналып оқып жүрмін😕

  • @Aibat_Omirzhanuly
    @Aibat_Omirzhanuly Před 6 měsíci +2

    Подкаст өте керемет болды.Kitap al подкасттарын үзбей көретін көрермендеріңіздің бірімін!

  • @user-tu7jh3bf9w
    @user-tu7jh3bf9w Před 7 měsíci +2

    Керемет,жигиттер!калдырмай коремин,миымызды козгап жатыр

  • @PerishteAqyn
    @PerishteAqyn Před 7 měsíci +3

    Өмірдің қиындықтары сен ол нәрсені қалайсың ба, жоқ па көрсетіп береді

  • @sarahamankeldi
    @sarahamankeldi Před 6 měsíci +4

    Өте керемет адамға жігер беретін подкаст болды,Алла разы болсын сіздерге ағалар
    Мен не үшін кітап оқу керек деген подкасттан кейін 2айдың ішінде 5кітапты оқып бітіп 6,7- кітаптарды оқу үстіндемін абай жолының 2томына келіп қалдым оқып білген сайын кеңістіктерің ашыла түседі екен . Менде келесі жылға өзіме бір жақсы орта сұрасам деп отырмын Алладан.
    Маған негізі бұрыннан кітап оқыған ұнайтын бірақ мүлде оқымайтынмын😅

  • @user-gs6yy7dt3d
    @user-gs6yy7dt3d Před 6 měsíci +1

    Мен кітапты бірден бастап оқып кетпедім,кете де алмадым.Бірақ Данияр ағаның сторисн қарап жүріп Кітапал подкасттарын жаздан бастап жібермей тыңдап,кітап оқуға дағдыландым,өзімді дайындадым.Соның арқасында әлі күнге дейін бір күн кітап оқымасам өзімді біртүрлі сезінетіндей жағдай жеттік.Өзіңді кітапқа қатысы бар тұлға ретінде сезіну басқаша сезім екен.Осы подкасттардан кейін кітапал клубқа қосылып жаңа орта таптым.Клубқа бір адам қосылса олда қарай жүрген жерінде кітап туралы сөйлейтіні сөзсіз.Осындай жақсылықтың таралуына,еліміз үшін деп тыным таппай жүргендеріңізге Аллаһ дәрежелеріңізді көтеріп,берекетін берсін.

  • @yerassyldzhainaqov3987
    @yerassyldzhainaqov3987 Před 6 měsíci +1

    Керемет буйрса менде сіздер секілді бір іспен айналыссам деймін немесе сіздерге қосылсам деймін блокнотыма жазып койам

  • @sandugashasylbek1468
    @sandugashasylbek1468 Před 6 měsíci +3

    Рахмет сіздерге! Көп қазақ жастарына жақсы ой бағыт бердіңіздер! Мен бұрын кітап оқып жүретін едім.. Соңғы уақыттарда мүлдем бетін ашпай кеткем. Сіздердің подкастты тыңдай беріп кітап оқуға құлшыныс артты. Мирас мырза айтқандай сіздер ұсынған кітапты кітап дүкендерінен іздедім өзімде😊

  • @kundyz_blog
    @kundyz_blog Před 5 měsíci

    Данияр аға күтеміз 🎉

  • @user-kaidauyl
    @user-kaidauyl Před 4 měsíci

    Меніңше жазбасаңызда дұға жасасаңыздар Алла барлығын көруші естуші, барлығын білуші.

  • @symbatshynybekova4269
    @symbatshynybekova4269 Před 7 měsíci +3

    Керемееет! Келесі жыл бұдан да жемісті болсын! 🙌

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před 7 měsíci +2

    Алла колдасын сендерды

  • @nurkeldiakyl8858
    @nurkeldiakyl8858 Před 6 měsíci

    Мирас Кесебаев ағаның кітап жазу идеясы қатты ұнады. Менде де комплекс бар ұялатын. Сол себепті қатты күтемін осы кітапты

  • @maralmatkassym4917
    @maralmatkassym4917 Před měsícem

    Потом сіздерге сатуға көмектесіңдерш деп түскен, кітаптарды жарнамалап кетпеңіздер
    Сатылымды күшті жасайды екенбіз деп

  • @user-fi8bh9yp4z
    @user-fi8bh9yp4z Před 4 měsíci

    Тағы бір айта кететін, Наурызбай ауданы Шұғыла дан ашсаңыздар кітап ал дүкенін немесе ТЦ Апорттан, сонда бізге кітап алу оңай болатын еді. Балаларды айында аптасында қыдыртамыз, сонда өздері барып таңдап көріп алатын мүмкіндік болса..

  • @aiaulymbaimakhanbet3997
    @aiaulymbaimakhanbet3997 Před 6 měsíci +1

    Дәл солай ғой Жүрекке билет кітабы. 3 сағатта оқып аяқтағанмын. Соңына жетпей тастап қоя алмадым. Керемет кітап, болған жағдайды көз алдыма елестетіп, сезімге кітіп отырып күліп, мұңайып отырып оқығанмын 😁😌👏🏻

  • @salauatzhastalapuly6433
    @salauatzhastalapuly6433 Před 6 měsíci

    Керемет, бәрі тамаша 💯

  • @salamatjhangazin6976
    @salamatjhangazin6976 Před 6 měsíci

    Керемет жігіттер🎉🎉👏🇰🇿

  • @mgzhnm
    @mgzhnm Před 7 měsíci +5

    Өте керемет жобалар жасап жатырсыздар істеріңізге Алла береке берсін подкастта түртіп алатын көп жақсы дүниелер айтылды 👍

  • @englove1
    @englove1 Před 6 měsíci +1

    Жумыстарынызға тек кана табыс,бір ғана подкасттан қаншама инсайт аламыз!Үлкен рахмет,

  • @AzamatMustay
    @AzamatMustay Před 6 měsíci +1

    Ас саламу алейкум баршанызға! Мен жақында Қазақстанға келіп, Қазақ тілі үйрену барысындамын. Кемел Адам кітапты оқып бастадым, бірақ кішкене қиындау, әлі ерте деп шештім. Қандай кітапты бастау кенес бересіз, сәл жеңілірек?

  • @user-tc3lj9qu7l
    @user-tc3lj9qu7l Před 4 měsíci

    Ойы сөзі бірікпейтін адам депрессия ға түседі 🔥🔥🔥