Махамбет Өтемісұлы кесенесі. құлпытас зерттеу.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 18. 06. 2021
  • Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері көтерілістің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіп, наразылық үлкен қозғалысқа айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты ақын толғауы, ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс тапты. Бұл оқиғалар ақынның «Соғыс» жырында бейнеленсе, «Жабығу», «Ереулі атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі. 1838 жылы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жылдар жалғасып, 1841 жылы наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілеков деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түсті. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде ұстады, кейін Орынборға айдады. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. Сот 1841 жылы шілденің 7-інде «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазаланасың деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті. 1841-1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер тым аз. 1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборда болды. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.
    Дерек көзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

Komentáře • 148

  • @user-kw5mk8fy5y
    @user-kw5mk8fy5y Před 3 lety +48

    Алла жар болсын !!! Светқали Нұржан ағамыз ( Маңғыстаудан) бастаған топ екен. Жолыңыз болсын !!! Ағамыздың ақындық жолынан басқа, осы тарих қойнауынан сыр шерткенде, Маңғысттаудың әрбір тасын сөйлетеді десем, артық айтқаным емес. Алла жар болсын, ата- баба қолдасын !!!

  • @user-ew6um1mo4f
    @user-ew6um1mo4f Před 4 měsíci +8

    Жаны жәннәттә болсын бабамыздың қаиран бабам аи

  • @tenelbaisuiesinovich5005
    @tenelbaisuiesinovich5005 Před 2 lety +42

    Махаббат Бабамыздың зиратына баратын жол салу керек!!!

    • @zhzhhk3930
      @zhzhhk3930 Před rokem +8

      Махаббат емес.
      Махамбет Өтеміс ұлы!

  • @user-ng8ce8gz1j
    @user-ng8ce8gz1j Před 2 lety +27

    АЛЛАНЫҢ қазағымның маңдайына берген, ел үшін еңіреп , жер үшін , ұрпақ үшін жанын пида еткен ер- жүрек батырларымызға мың тағзым . Осы салада жұмыс істеп жатқан жігіттерге рақмет ! Ұрпақ білу қажет.

  • @user-gc8xv1ni9l
    @user-gc8xv1ni9l Před rokem +8

    Иманды болсын елі үшін еңіреп жүріп жан пида еткен қайран бабам. Барша Қазақ өзіндей болса қашааан өркендеп кететін едік өңшен жемқор жәдігөйлер тұрғанда еліміз дамымайды

  • @user-pz9ez1nx2u
    @user-pz9ez1nx2u Před 3 lety +35

    Па шіркін аруағыннан айналдым еңіреп өткен ерлерім

  • @user-jw7tq1pb4j
    @user-jw7tq1pb4j Před 4 měsíci +3

    Казактын рухын котерген батыр жыршы куйши баба ескеркишин салган комектескен мусылман Бауырлар коп коп рахмет Халык билу керек тарих та жасаган Елге манги иманды дери торка жанатта жумак та болсын жаны Махамбет Отемисулы

  • @user-md7lh8gx5k
    @user-md7lh8gx5k Před 27 dny

    Ассалаумағалейкум, Алашым!!! Өтемісұлы Махамбет атамыздың жаны жаннатта болғай!!! Алла рақымына алсын!!!

  • @user-qf7bm1pb1x
    @user-qf7bm1pb1x Před 3 lety +34

    Осы, хабарды беріп отырған, қатысып отырған азаматтар! Сіздерге алла, амандық берсін! Денсаулықтарың мықты болсын, жүрген жерлерің құтты болсын! Сөйлеп отырған азамат айтып отырған: "о, алла, бір кезде мықты болған, қазір күлкі боп жүрген қазаққа: ЕС БЕРЕ ГӨР! Басын біріктіре гөр!" деп отқан кісіні айтам: тура, мен де соны ЖИІ айтып отырам... Тура осылай ойлайтындар баршылық екенбіз... Құдайға, шүкір... Мекендеріңді жазыңдаршы осы, жерге: тауып аламын, өзім. Мүмкін, жөндеу жұмыстары т.б. болса, көмек берсем деген, ойым бар... Ин-ша-алла! Мақсаттарыңа жетіңдер! Әумин!

  • @user-gj5he6do2d
    @user-gj5he6do2d Před 2 měsíci +1

    Әумин. Ер болса,Махамбет бабабыздай болсын.

  • @user-lz1pd4kt4n
    @user-lz1pd4kt4n Před rokem +8

    Қазақ елінің нағыз азаттығын нәсіп ете көр қапыда кеткен ерлердің арманына ұрпақтарын жеткізе көр

  • @user-if1vy1nt1r
    @user-if1vy1nt1r Před 2 lety +9

    Жаны жәннатта болсын

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 Před 2 lety +18

    Ер Махамбет бабамыздың жаны жәннәттің төрінде болсын. Светқали абыз ғой сөз саптауы бөлек. Жігіттер баршаңызға Алла жол берсін. Аталарыңа рахмет азаматтар

  • @user-jn5kb1bd8k
    @user-jn5kb1bd8k Před 2 lety +29

    Аруақ тарды Тәңірім қолдасын, жер Ана жарылқасын!!!

  • @user-wj3qz4zl6o
    @user-wj3qz4zl6o Před rokem +7

    Өтемістен туған он едік
    Онымыз атқа мінгенде
    Жер қайыстырған қол едік.

  • @user-hr4oc4mj2w
    @user-hr4oc4mj2w Před 3 lety +17

    Көріп риза болып отырмын.
    Ата-баба аруактары риза болып, желеп жебеп жүргей.
    Тоқберген Байтасов ағамыздың айтып жатырғандарын тыңдаса екен халық.
    Ол кісі ата-бабалар басын көтеру керектін айтып жатыр.
    Халықтың қазақый болмысқа қайту, ата - дәстүрді жаңғырту, т. б.
    Ата заңы, ақсақал, кемпірлікті меңгеру. сияқты айтып жатыр.
    Әулиеге бару шерк, серк деп жастарды тыңдап отырғанша, осылай сіздердей ағалардың бастап жатқан амалдары қандай керемет.

  • @user-sd9ig8hl8w
    @user-sd9ig8hl8w Před 2 lety +6

    Елы.ушын.жеры.ушын.еныреп.откен.бабаларымыз.жандарыныз.жаннатта.тандерыныз.рахатта.болгыр.быр.туар.бабаларым

  • @argyn7334
    @argyn7334 Před 2 lety +14

    Алла разы болсын сіздерге!

  • @daniyarv9902
    @daniyarv9902 Před rokem +2

    Риза болдым Агалар осындай Батыр бабаларымыздын Видиоларын коп шыгарсаныздар екен

  • @user-hb8jm2vl9o
    @user-hb8jm2vl9o Před 3 lety +20

    Ассалаумағалейкүм жігіттер, істеріңе береке берсін,арман мақсаттарыңа жете беріңдер, Рахмет Қуаныш бауырымызга керемет !!!👍👍👍

  • @ii.1378
    @ii.1378 Před 2 lety +11

    Ассаламалейкум курметтi, агалар, сiздерге алгысым шексiз, сiздермен бiрге барып келгендей болып отыр, батырымыздын жаткан жерi жайлы болсын.

  • @user-kt4rj2jf8j
    @user-kt4rj2jf8j Před 9 měsíci +1

    Елімді,жерімді жан пида деп қорғаған,қолдарында дұрыс қару-жарақ та жоқ,қайран бабам,не пайда қазіргі кезде ,ішпей-жемей қолдан беріп отырмыз,кешірсін АЛЛА,Бабаларымыздың аруақтары ...қолдан келер қайран жоқ дейміз,бірақ бұған да шүкіршілік етейік,жаңа жаңа батырларымыздың аруағына,рухына бас иіп келе жатырмыз ғой..бұл күнге де жеттік..уф АЛЛА деп,шүкір,шүкір....

  • @serikkalibarlykbaev6567
    @serikkalibarlykbaev6567 Před 3 lety +15

    Жетісудан бір дәм тартпай жүр. Барып қүран бағыштап қайтса, қандай тамаша болар еді

  • @user-dk6mj8lu1q
    @user-dk6mj8lu1q Před 2 lety +10

    Зиярат қабыл болсын .

  • @user-mw6zr7so2k
    @user-mw6zr7so2k Před rokem +6

    Асқақ рухты бабамыздың рухы биік болып, бүткіл қазақ халқын амандығын желеп-жебей жатқай. Аллатағалам, ниетімізді қабыл еткей!

  • @user-dk6mj8lu1q
    @user-dk6mj8lu1q Před 2 lety +15

    Жуынгер ақын М .Өтемісұлының жырлары қашанда рухты .
    Айқайлап жауға тигенде
    Ағатай Беріш ұраным .
    Исатай басшы ,
    Мен қосшы .
    Исатайдын сол күні
    Ақтабан аты астында
    Дулығасы басында
    Зығырданы қайнайды .

  • @yerbol1668
    @yerbol1668 Před 2 lety +10

    Ақтабаны астында
    Дулығасы басында
    Исатай басшы мен қосшы
    Шабамын деп мен тұрдым
    Исатай басшы білсін деп
    Қалың əскер қол тұрды.

  • @user-vx4rk8hy6f
    @user-vx4rk8hy6f Před rokem +4

    Казактын байлығы арамзанын колдарына тусип, батырының басы жаудың канжыгасында кетти, орнына апарып койды мекен. Байлык билик адал
    жандардын колына түспей бул корлыкты көре беремиз. Махамбет батырдың жаны жумакта болсын !!!!!!

  • @kanatsarsenbin4271
    @kanatsarsenbin4271 Před 3 lety +11

    Ақ жол бауырлар. Керемет мағлұматтар 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @sport.atyrau
    @sport.atyrau Před rokem +5

    Ата-баба батыр ақындарымыздың жаны жәннәтта болсын🤲

  • @almasisin1923
    @almasisin1923 Před 3 lety +8

    Ақтамберді Доспамбеттерден сонғы жырау ақын батыр бір туар адам заманында тумады Алла жар болсын

  • @atyrauatyrau8306
    @atyrauatyrau8306 Před 2 lety +6

    Осы жерде айту керек бул биздин атамыз

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Před 3 lety +24

    Тебіренгенім сонша, айтарымды айта алмай отырмын! Алла жанын бейіштің төрінде, жұмақта н орынын берсін!

  • @isataykazmagambetov1165
    @isataykazmagambetov1165 Před 11 měsíci +2

    Махамбеттің ата иманды болсын

  • @Baybaqty2023
    @Baybaqty2023  Před rokem +2

    Махамбет Өтемісұлы мазары...
    Қазақ халқының көрнекті тұлғасы, ақын, арқалы күйші-сазгері, батыр
    Махамбет Өтемісұлының жерленген жеріндегі қауымдағы
    құлпытастар туралы не білеміз?
    Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат селолық округіне қарасты Қараой қырында Махамбет Өтемісұлы жерленген қауым жатыр. Батырдың сүйегі жерленген қауымға 1995 жылы 30 қыркүйекте мазар салынып 2003 жылы арнайы жөндеуден өткізілген. Мазар бүгінгі таңда арнайы қорық болып мемлекет қамқорлығына алынған. Қараой жеріндегі бұл қауымда сақталуы өте нашар 13 құлпытас бар. Құлпытаста Беріш руы, Қаратоқай бөлімінен тарайтын марқұмдардың аты-жөндері, өмір сүрген уақыттары араб hаріпімен шағатайша жазылған. Шағатай тілінің сөз қорында араб және парсы тілдерінен кірген сөздер өте көп. Сонымен бірге оған көшпенді қазақтардың тілі де қатты ықпал етті. Сол себепті құлпытаста жазылған кейбір сөздер түсініксіздеу болуы мүмкін. Құлпытастар табиғат факторының әсерінен мүжіліп мүлдем жойылып кетуге шақ қалған. Мұндай киелі жерлердегі тасқа қашап жазған құнды деректерді енді бір 10-20 жылда мүлдем жойып алуымыздың қауіпі бар.
    1-інші құлпытаста: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, 1801 -деген сөздер мен цифрдан басқа Беріш руының таңбасы бейнеленген. Басқа жазулары табиғат әсерінен мүжіліп жойылып кеткен.
    2-інші құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай, 1805.,
    3-інші құлпытаста: Әль-Мархом,
    Әль-Махфур,
    Беріш руғынікі,
    Қартоқай тайпасынікі,
    Аққұлы аймағы,
    Құрмаштай Жәкенұлы,
    Офат болды
    57-інші яшында
    1879-ыншы иылында
    Алып қойды
    Бұл ташыны
    Жағасы
    Жайлыбай мурза.
    Бұл құлпытас басқаларына қарағанда жақсы сақталған. Төменде беріш руының таңбасы бейнеленген. Құлпытастың артқы бетінде құран аяттары жазылған.
    4-інші құлпытас: Жазуы мүлдем жойылған.
    5-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қаратоқай тайпасынікі, Аққұлы аймағы, Қылышбай Сақи баласы, Офат болды, 1849 иылда 63 яшында, Бұқашы.
    6-ыншы құлпытас: Мүлдем жойылған.
    7-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қартоқай тайпасы, Аққұлы бөлімі, Салы Бегісбай баласы Құлыншақ, Офат болды 1877 иылнда.
    8-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Қартоқай тайпасынікі, Албат хажы Жұқа мурза 23 яшында.
    9-ыншы құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, Сағырбай қызы Төреқыз, Офат 32.
    10-құлпытас: Мүлдем жойылған.
    11-інші құлпытас: Беріш руғы, Қаратоқай тайпасы, Хожамақұл халалы,
    Офат 50 яшында, 1889 ыншы иылда.
    12-інші құлпытас: Мүлдем жойылған.
    13-інші құлпытас: Беріш руғынікі, Құлмәлі тайпасы, Кәди Ибраhим баласы, 1883-25 яшында.
    Бұл құлпытастағы Кәди Ибраhим баласы Өтемістің төртінші әйелінен туған - Махамбеттің інісі Ибраhимның баласы болуы әбден мүмкін.
    Құлпытастар туралы ғылыми зерттеулер мұнымен ғана шектелмеуге тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақ бұл мәселемен келешекте де айналысар,- деп кейінге қалдырмауымыз керек. Ашық аспан астында табиғаттың әсерінен жойылып бара жатқан құлпытастарды сақтап қалуымызды уақыт күттірмейді. Бабалардан қалған көшпенділер архитектурасының
    маржандарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз, ол парызымыз деп ойлаймын.
    (17 маусым 2017 жылы жазыппын)
    Тарих магистрі, өлкетанушы
    Мираш Сейілхан Аманқұлұлы,
    Атырау қаласы
    2023 жыл, шілде
    Құлпытастардағы мəтінді оқыған:
    Тарих магистрі, эпиграфист маман
    Қуанов Руслан Ерболатұлы

  • @maxatibragimov1432
    @maxatibragimov1432 Před 2 měsíci

    Аллаһ Тағала алдыннан жарылқасын батырды

  • @yerbol1668
    @yerbol1668 Před 2 lety +13

    Ереуіл атқа ер салмай
    Егеулі найза қолға алмай
    Еңку-еңку жер салмай
    Қорамсаққа қол салмай
    Қозы жауырын оқ алмай
    Ерлердің ісі бітерме?

    • @user-fd2zg3tm5r
      @user-fd2zg3tm5r Před rokem

      Ереуіл атқа ер салмай.Егеулі найза қолға алмай.👍👍👍

  • @user-kh6ze7qq8v
    @user-kh6ze7qq8v Před 2 lety +9

    Аумин аумин аумин бир Алла колдасын аркашан Казагымды жасасын Казагым алга Алаш журты.

  • @user-gw5zu2ky4i
    @user-gw5zu2ky4i Před 3 lety +11

    Алла разы болсын сіздерге.Істеп жатқан игі істеріңіз ұрпаққа үлгі болсын.Қазақтың сіздердей азаматтары көп болсын!
    Бірақ,қазақи киіну керек баста тақия,жеңді ұзарту керек,шапан ,аяққа мәсі .

  • @user-xm2ig5og5e
    @user-xm2ig5og5e Před 3 lety +16

    Жигиттер Исатай бабамыздын өлең Жолдары керек еди таппай журмин бир мемлеккетте өз тилдерине аудара алмай қойған екен сол өлеңи керек жаттап алғанға, Алла жарболсын

    • @user-pd2wy2hq1y
      @user-pd2wy2hq1y Před 2 lety +5

      Ол Махамбеттің Арқаның қызыл изенi деген өлеңі. Франция да бір музейде, аудара алмай сол қазақша қалпында жазып қойған.

    • @user-pd2wy2hq1y
      @user-pd2wy2hq1y Před 2 lety +10

      Арқаның қызыл изенi.
      Басы күрдек түбі арал
      Қыдырып шалар аруана.
      Ақсақалы елдің болмаса,
      Жастары болар дуана.
      Бiр сынаған жаманды,
      Екінші қайтып сынама.
      Тiрiде сыйласпаған ағайын,
      Құм құйылсын көзіңе
      Өлгенде маған жылама.
      Махамбет Өтеміс ұлы

  • @user-ps8vh9np7w
    @user-ps8vh9np7w Před rokem +1

    Махамбет. Әруағы. Барқазақтыөолдайкөр
    Бастау. Дұрыс. Билікке. Махамбет. Иматац. Әруақтарв. Қолдайкөр. Эоддарыңболсын. Әкин. Дұғаларыңқабылболсын. Әумин. Іумин. Әумин. Әуиин. Айтқандарыңөаюыд. Болсыг

  • @user-fv6fi1uz9b
    @user-fv6fi1uz9b Před 3 lety +11

    Жақсы іс👍

  • @yerkinzhanaev7528
    @yerkinzhanaev7528 Před 3 lety +12

    Ассалаумағалейкум Қуаныш бауырым!!! Істеріңізді бір Алла қолдасын!!! Ақ жол!!!

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 3 lety +2

      уағалейкумассалам. әумин!🤲🏼🇰🇿

  • @user-fd2um9oq1m
    @user-fd2um9oq1m Před 2 lety +5

    Айкайлап жауга тигенде Ағатай Бериш ураным артымыздан келип кол жетти аз жетпеди мол жетти кайран батыр бабам жаның жаннатта болсын

  • @atyrauatyrau8306
    @atyrauatyrau8306 Před 2 lety +5

    Бул меним атам руым агатай бериш

  • @serikaizhan1079
    @serikaizhan1079 Před měsícem

    Ер есімі ~ Ел есінде🤲🏻

  • @user-xm2ig5og5e
    @user-xm2ig5og5e Před 3 lety +8

    Әумин аға жигттер еңбек териниз алға өр лесин

  • @user-gk1jd8wf9v
    @user-gk1jd8wf9v Před 2 lety +4

    АССАЛАМАЛИКУМ МЕН ЖАУБАСАРДЫҢ ҮЛКЕН БАЛАСЫ ӨМІРЗАҚТАН ТАРАҒАН ЕКІНШІ БАЛАСЫ ТОҢАШАНЫҢ ҰРПАҒЫМЫН ОСЫ АҒАЙЫНДАРДЫҢ ІШІНДЕ КҮЛМӘЛІНІҢ ҰРПАҚТАРЫ БАРМА

  • @batyrkhanrakhmatullaev8302

    Махамбет Бабамыздың құлпытасына суретті босқа салған. Қалғанының бәрі керемет. Жол салып , жас ұрпақты осы жерге әкеліп зират жасатып , айтып тұру керек. Бір Құдайдың,Ана дниелік Бабаларымыздың арқасында, осы жерге ие болып отырғанымызды біліп жүрсін жасұрпақ.

  • @user-cs2gr9gp3y
    @user-cs2gr9gp3y Před 3 lety +8

    Оң болсын, бәрі жақсы тек кімді дұрыстау керек, бастарыңа да үстеріңе де. Күлкілі болып тұр жасқа лайық киінбегесін. Біліміңізге сай болса киміңіз.

  • @user-sk8dm8jd4g
    @user-sk8dm8jd4g Před 4 měsíci +1

    Ердің соңы-Исатай мен Махамбет!

  • @user-xn5pp5cz9g
    @user-xn5pp5cz9g Před 3 lety +7

    Жол болсын.

  • @user-sk5wu4ms7j
    @user-sk5wu4ms7j Před rokem +2

    Жол жоқ.Бұдан 2-3жыл бұрын іздеп,жол жоқ болғандықтан бара алмай кеткенбіз…

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 Před 2 lety +10

    Махамбет - Атырау топырағында, яғни Тайсойған құмында Борсаң елдімекенінде туылған. Атырау обл, Индер ауданы, Қараой ауылында жерленген.

    • @beksultann07
      @beksultann07 Před 2 lety +1

      Бөкей Ордасында Атырау емес ол кезде Атырау болмаған
      Бөкей Ордасына тиесілі !

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +1

      @@beksultann07 картадан қара, қандай жерлердің бөкей ордасына қарағанын. Бұрынғы Гурьев, Астрахань аумағы, Құрманғазы ауданы (бұрынғы Теңіз ауданы Құрманғазы Сағырбайұлының туған жері, Жиделі ауылы), Тайсойған құмы, қазіргі Атыраудың бүкіл аудандары барлығы ішкі Бөкей Ордасы деп аталған! Ежелгі картада бәрі түсірілген. Менде скриншоты бар, әттең мына жерге қалай жіберетінін білмеймін. Исатай-Махамбет көтерілісінің бүкілі қазіргі Атырау жерінде болған екен, картада көрсетіліп тұр. Махамбеттің ауылы қай жерде болғаны, Исатайдың Тайсойған құмында дүниеге келгені және ауылы қай жерде болғаны, Исатайдың Қарауылқожамен қай жерде кездескені, көтерілісшілердің қазіргі Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тұсынан Жайықтан қалай өткені, Махамбет Ө.ұлын қай жерде тұтқындағаны, көтерілістің қай тұста басталғаны, Махамбеттің қай жерде өлтірілгені, Исатайдың қазіргі Сарайшық ауылында тұтқында отырғаны, бәрі-бәрі сол көне картада көрсетілген. Барлығы Атырау аумағында болған екен, яғни бұрынғы ішкі бөкей ордасында.

    • @beksultann07
      @beksultann07 Před 2 lety +2

      @@kalifornya6486 я не болсада
      Батырлар белгілі бір аумақ облысқа емес
      Қазаққа тиесілі түбі бір Барлығы Бөкей Ордалық
      Ол дегеніміз Екі облысқа да ортақ батыр
      Қазаққа ортақ Батыр

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +3

      @@beksultann07 иа әрине, барлық қазаққа ортақ қой. Дегенмен нақты туған жерлерін, ақиқатын айтып жатқаным ғой.

  • @user-hz4zi4dx5o
    @user-hz4zi4dx5o Před 2 lety +7

    Аллахым ,Советхан агамыздын тылегын кабыл алгайсын.😭Аллахым озынен озге панам жок,урпагыма,казагыма берекелы омыр берегор.Душпандарымыз алланын каргысына ушырасын.Алладан озге панамыз жок.🤲Аллам бабалардын урпагы болып туылганым ,Мусылман болып туылганым Алланын суйген кулы екендыгым.Алла осылай урпагыма береке, бакыт,денсаулык берегор.🤲аумйн,аумйн,аумйн.

  • @user-ms1oi4mn6k
    @user-ms1oi4mn6k Před rokem +3

    Жайық бойының Батырлары

  • @esetoteuov4566
    @esetoteuov4566 Před 3 lety +10

    Байғанин ауданында көп осындай көне қорымдар жем өзенінің бойында

    • @user-ip6rj8bk5i
      @user-ip6rj8bk5i Před 2 lety +3

      Қарауылкелдіде Адайлар көп қой.

  • @AhAN951
    @AhAN951 Před rokem +2

    Аумин Алла разы болсын

  • @user-nt8ri2hd6v
    @user-nt8ri2hd6v Před 2 lety +7

    Аумин🤲

  • @Ghgfrygxhbifjbcyykkvb
    @Ghgfrygxhbifjbcyykkvb Před rokem +3

    *АЙТАРҒА СӨЗ ТАППАДЫМ ІШІМ ҚАН ЖЫЛАДЫ СОЛ КЕЗДЕГІ ҚЫРЫҚ СІДІК КЕЛІМСЕК ОРЫСТЫҢ ІСТЕГЕНІНЕ.*

  • @gamerplay2007
    @gamerplay2007 Před 2 lety +4

    Осы Беріштің жайығынанан тарайтын Сатыбалды оның ұлы Айбас деген кісі туралы мағұлмат барма

  • @nurjanimanaliev2709
    @nurjanimanaliev2709 Před rokem +2

    Бәрекелді!
    Алла қабыл етсін, зияраттарды?!.
    Тілек дұғалар қабыл болсын!

  • @user-yy3pk7nv7w
    @user-yy3pk7nv7w Před rokem +3

    Батырдын кесенесине баратын жолын жондеу керек.

  • @kazakhstan91
    @kazakhstan91 Před rokem +2

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-zg3rl9ds8m
    @user-zg3rl9ds8m Před 3 lety +11

    Жол неге салып коймайды алтыннан салсада лайыкты

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +4

      Дұрыс айтасыз! Алтыннан салса да лайықты!

  • @user-zo5kd1iq5n
    @user-zo5kd1iq5n Před rokem +1

    Біз,БҚО,Бөрлі ауданының Жаңаталап ауылы тұрғынымыз.Ауылымыз ресей елімен шекаралас жерде орналасқан,5 шақырым жерде Елек өзені ағып жатыр.Ауылдан 2 шақырымдай жерде " Золотое", яғни " Алтын көл" деген көл бар,аңыз бойынша ,сол көлге ,Елек өзені тасығанда, сұлтан Баймағанбет Айшуақов суға кеткен дейді.Қасындағылар су тасқынын күтейік дегенді дейді, бірақ Баймағанбет айтқан дейді: " Елек суы ,енек суы" басыңдар деген ,сол Алтын көл тұсына келгенде қайықты су айналдыра бастапты, сонда Баймағанбет сұлтан қалтасынан алтын теңгелерді алып суға шашыпты мыс, ал сүйегі Қаракемер ауылының зиратында жерленген, қазірдің өзінде ,Баймағанбет сұлтан моласы деп жергілікті халық айтады.Өте үлкен зират, кезінде қорғаны болған қызыл кірпіштен салған, революциядан кейін коммунистер тасын бұзып ,Бөрлі ауылына " маслобойка" кентін тұрғызған.Ал ,қызыл кірпіш сынықтары осы уақытқа дейін зират төңірегінде жатыр, қазіргі кірпіштерден анағұрлым енді.Махамбет пен Исатай аталарымыздың топырағы торқа, иманы жолдас болсын, олардың обалына қалғандардың ұрпақтары оңбасын,қарғыс атсын,сатқындар.Қазақты құртатын орыс емес, біз өзіміз бір бірімізді құртатын.

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem

      Баймағамбетті өлтіріп батырдың кегін алған, Асау Тұрланұлы деген адам. Махамбеттің туған бажасы болып келеді, Беріш-Қаратоқай руының азаматы. Баймағамбет Петербордан келе жатқан уақытында арқанды қиып, салды суға ағызып жіберген. Сөйтіп етжеңді Баймағамбет Елек өзеніне лезде батып кеткен.

  • @amanbaikoishygulov8536
    @amanbaikoishygulov8536 Před 3 lety +9

    Ассаламагалейкум жолдарыңыз болсын қарабау мен индер (дөңдер)жол ескі 70км ,тана руынан Жиенбет атамыз туған жері Есімханның қол басшысы болған Жиенбет жырау .Орбұлақ шайқасында жеңіспен оралған .қандай да бір ескі мағлұматтар кездессе ескерусіз қалдырмауыңызды өтінеміз (Жиенбет жырау туралы интернетте бар Тана руынан) рахмет

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 3 lety +1

      уағалейкумассалам. сіз Тана руының ағайынсыз ба?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 3 lety +2

      @@amanbaikoishygulov8536 бәрікелді. Малайсары Би атамыздың кесенесі аздап жөндеу сұрап тұр. соған назар аударсаңыз.

    • @amanbaikoishygulov8536
      @amanbaikoishygulov8536 Před 3 lety +2

      @@Baybaqty2023 түснікті фезбуктагы Таналар жиынтығына (чать)сәлеміңізді жеткіземін жазамын жолдарыңыз болсын олжалы оралыңыздар

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 3 lety

      @@amanbaikoishygulov8536 әумин!🤲🏼

    • @user-dh7vv4mb8w
      @user-dh7vv4mb8w Před 2 lety +6

      @@Baybaqty2023 Ассалаумағалейкүм, жасым 15те Махамбеттің ұрпақтары барма, жалғызда ұлым Махмұт дегені бар еді жырында. Махамбет менің атам Ерназардың, туған інісі Жаубасардан тараған. Сол Ерназардың тұңғыш ұлы, Алдар би туралы бірдеңке білесіздер ме?

  • @attan4187
    @attan4187 Před rokem +2

    телек тылеймыз бабалар рухна

  • @user-ft8mc6no7x
    @user-ft8mc6no7x Před 2 lety +4

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍✊✊✊☝☝☝☝

  • @user-ws7il7ve2f
    @user-ws7il7ve2f Před 2 lety +2

    👍👍👍

  • @user-qz7pk7iy8z
    @user-qz7pk7iy8z Před rokem +3

    Махамбет атамыздың ұрпақтары қайда екен

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem +1

      Башқұртқа асырып жіберген

  • @user-ip6rj8bk5i
    @user-ip6rj8bk5i Před 2 lety +5

    Махамбет Атамызға мың тағзым.Өмірінің соңғы жылдарында Маңғыстауға келіп кетіпті дейді сол рас па?Кім біледі.

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +2

      Рас болар. Картадан қарасаңыздар Исатай мен Махамбеттің қай жерлерде болғанын көресіздер.

    • @user-os2lp7tc6s
      @user-os2lp7tc6s Před 2 lety +2

      Рас

    • @user-zd4tb5vm9b
      @user-zd4tb5vm9b Před rokem +1

      Иа Маңғыстауға келген есіме түспей тұрғаны бір жырда айттылады келгені жөнінде .....

    • @drzz00
      @drzz00 Před 8 měsíci +1

      Барған иа. Көне картада көрсетілген, Жылыой мен Маңғыстаудың арасында болғаны.

  • @user-cd9mk7mf6o
    @user-cd9mk7mf6o Před 2 lety +2

    Сол замандарда да ақсүйек билеушілер орыстарға одан алдын парсы.мен арабтарға иек артып қара қазақты қырумен болған сияқты

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety

      Оңбаған болғанғо қазақтың хан сұлтандары. Орыс патшасына жағынып өз қазағын жығып беріп отырған, дәл қазіргідей.

    • @aragiarararagi7988
      @aragiarararagi7988 Před rokem

      @@kalifornya6486 Ал атақтары жер жарған Керей, Қасым, Есім, Тәуекел, Абылай хандарды да онбаған деп ойлайсыз ба әлде тек орыстармен қалмақ елдеріне бағынған ит хандармен сұлтандарды айтып жатырсыз ба?

  • @user-vk8ww9ng6k
    @user-vk8ww9ng6k Před 11 měsíci +1

    Мына термеші Махамбеттің өлеңіндегі "қатын" деген сөз ден неге қашты,бет моншағы неге төгілді?!

  • @user-oy1gv1yd8d
    @user-oy1gv1yd8d Před rokem +2

    Маңғыстауда руы Медет Есболаев Байғали деген ақсақал Махамбеттің туған жиені.
    Немерелері бар.
    Есболев Мамай, Орақ, Құсайын деген

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem

      Руы кім?

    • @user-oy1gv1yd8d
      @user-oy1gv1yd8d Před rokem

      @@drzz00 Адай-Бәйімбет- Медет.

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem

      @@user-oy1gv1yd8d қалай сонда туған жиені?

    • @user-oy1gv1yd8d
      @user-oy1gv1yd8d Před rokem

      @@drzz00 Иә.

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem

      @@user-oy1gv1yd8d Батырдың туған қызынан тараған ба? Оның бір қызы қарт нағашыларына, яғни Алашаларға ұзатылған делінетін еді ғой жазба деректерде. Қарт нағашылары сол бұрынғы Бөкей ордасында қоныстанған. Атырау мен Оралдың ортасы. Махамбеттің екі қызы болған дейді деректерде, батырдың бірінші әйелі Ұлболсын деген шеркештің қызынан туған. Екінші әйелі Типан есімді Байбақты руының қызы. Одан Махмұт атты бір ұл қалған екен!

  • @KuanyshADAY
    @KuanyshADAY Před 2 lety +5

    Ассалаумағалейкүм Қуеке!Алла қуат берсін өзіңе,береке берсін ісіңе!
    Қуеке Махамбет атамыз бен Исатай аталарымыздың кесенелерінің арасы қанша шақырым?Жақынба бір-біріне?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 2 lety +2

      Уәғәлейкумассалам. жобалап 350 км. 5-6 жыл бұрын Беріш ағайындарға ұсыныс айттым атпен жорық жасайық деп. көлікпен де болады. талай тарихи орындар ашылар.

    • @KuanyshADAY
      @KuanyshADAY Před 2 lety +3

      @@Baybaqty2023 👍👏👏👏
      Керемет!Алла қолдасын✊
      Қуеке экспедиция мүшесі болуға бола ма екен?Қалай болады екен сол жағы?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 2 lety

      @@KuanyshADAY биыл шығамыз ба? әлі жоспар жоқ нақты.

    • @KuanyshADAY
      @KuanyshADAY Před 2 lety +2

      @@Baybaqty2023 Жақсы.
      Қуеке осы Қызандағы Үлек әулиеде жатқан Есен Ермембет би туралы деректер бар ма?Кесенесіне жол түскендер жоқ па екен?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 2 lety

      @@KuanyshADAY Нұрлан білмесе. менде деректер жоқ.

  • @user-bs2wp8pt4w
    @user-bs2wp8pt4w Před rokem +1

    Аяз атаны бір күтіп, Кыдыр атаны бір күтіп, мола кезгенді пір тұтып. Адасып жүрген кайран казагымай.

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem +2

      Қойшы-ай, саляфит🤮

    • @user-bs2wp8pt4w
      @user-bs2wp8pt4w Před rokem

      @@drzz00. Сопыит или Матрудит деген жокпынгой. Сәләфи деген не екенін білесің ба, саған сұрак? Маған емес сен сәләфит деп ол сөз кайдан шыққан болса, соларға сөз тийлирип жатырсың акмак. Ақылды акмактан акыл алатын заман келді.

  • @user-cu3ct9ox4k
    @user-cu3ct9ox4k Před 2 lety +7

    Ассаламу ғалейкүм! Осы Махамбет атамыздын қалған ұрпақтар барма?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Před 2 lety +1

      Уағалейкумассалам. қалмаған сияқты.

    • @user-dh7vv4mb8w
      @user-dh7vv4mb8w Před 2 lety +5

      Белгісіз жасым 16да махамбетті көп оқып зерттедім. Менің атам Ерназардың, інісі Жаубасардан тарайды, оның екі ұлы болған деседі, Махмұт мен Нұрсұлтан шатаспасам. Екеуін тығып кеткен секілді, атын тегінт өзгертіп ал ұрпақтары болу болмауы тариқ қойнауында

    • @erbolabaev5776
      @erbolabaev5776 Před 2 lety +1

      @@user-dh7vv4mb8w Махамбет атамыздың Нәдір Шахтың тұқымы деген әңгімеге не айта аласыз?

    • @user-dh7vv4mb8w
      @user-dh7vv4mb8w Před 2 lety

      @@erbolabaev5776 ағасы, Оны оқығам Әбіш Кекілбайдың Шандоз деген кітабынан. Нөмер қалдырсаңшы,ватсаптан айтам.Мәлі сол Нәдір шахтың баласығо, Өтемістің әкесі. Қызыл Бас Нәдір шах Иранмен соғыста менің атамның інісі Жаубасар батыр сол баланы тауып алып, құлбаласы қылдырып алған. Солардан Махамбеттер өрбейді..

    • @erbolabaev5776
      @erbolabaev5776 Před 2 lety

      @@user-dh7vv4mb8w Манғыстауда Ералының қолтығына желмен ығып келген қайықта екі бала бір қыз болған дейді.Бір баланы Беріштер , қалған екеуін Адайлар асырап алған.Атырауда бір үлкен жиылыста сөйлесіп тұрған Беріш пен Адайдың лауазымды жігіт ағаларының қасына барып Әбіш ағамыздың айтқаны бар дейді : Уа тумалаластар бір бірлеріңді таптыңдар ау деп. Соған қарағанда ұрпақтары бар.Бейнеу ауданын Назарбаевтан қалмай 30 жылдай басқарған халқына сыйлы болған Басшы ағамызға жаңағы қыз әжелері болады екен.Текті жерден текті адамдар шыққан.Бәріде Қазақ болып қалады.

  • @user-ps8vh9np7w
    @user-ps8vh9np7w Před rokem

    Биліктіәруақтарьасьалөагқылакөр

  • @amanjolkutanov6150
    @amanjolkutanov6150 Před rokem

    Бабаларымыздын кундулугын шал кайтыс болганда дурустап алу керек.бабалар рухы кетти даладан!!кытай желкеден аларда карыздарды шалдан кайтару керек!!!сумдук алда !!

  • @kasimylis8064
    @kasimylis8064 Před 11 měsíci

    Махамбет ақын батыр неше жасында, қандай жағдайда мерт болған екен

  • @user-yl2vw9bm5b
    @user-yl2vw9bm5b Před rokem

    Светқали өтіріктен жіберіп отыр

  • @user-ol6dw6ox1i
    @user-ol6dw6ox1i Před rokem

    АТАМЫЗДЫН БАСЫН 1980 ЖЫЛДАРЫ РОССИЯНЫН ЭКСПЕДИЦИЯЛАРЫ АЛЫП КЕТТЫ ГОЙ. ОРНЫНА АКЕЛДЫМА.

    • @drzz00
      @drzz00 Před rokem

      Атырау азаматтарының хабар салып жүгіруімен, келген ғой батырдың басы кері мазарына.

  • @bilenkabdulov5979
    @bilenkabdulov5979 Před rokem +1

    Махамбетин атын дурыс айтпаган жолаушыга дол жабык

  • @user-jv9ry9hs2z
    @user-jv9ry9hs2z Před rokem

    Биліктің құйыршығы ғой мынау ақынсымағың, Қорлама Махамбет бабамыздың аруағын .

  • @manshukzhumashbaeva3794
    @manshukzhumashbaeva3794 Před 3 lety +18

    Қазақ азаматтарына асқан биік рухты, қайтпас қайсарлық, өрлік, ауызбіршілік бере гөр, Алла!!!

    • @zhannatkuanyshbay5147
      @zhannatkuanyshbay5147 Před 2 lety

      Әумин! Айтқаныңыз келсін!!!🤲🤲🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤️❤️❤️