Бекет Атаның асасы. Жиренқопа.Ақтөбе облысы.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 09. 2021
  • Қос «Көк асаның» тарихы
    Белгіленген оқу дәрістері аяқталған соң, Бекет ата шәкірттеріне былай дейді:
    - Ал,шырақтарым,мешіттегі дәрісті аяқтадыңдар. Енді білім нәріне сусындап қанат қомдап, жан-жаққа ұшқалы тұрсыңдар. Ауылдарыңа барып ел балаларын оқытып, сауатын ашыңдар.
    Менің баршаңызға ұсынар сыйым бар. Ол мешіт миғрабында тұрған Көк аса. Қазір көз алдарыңызда мешіт төбесінен лақтырғалы тұрмын. Асаны кім тапса, сол иелік ететін болсын, таба алмағандар өкпелемейтін болсын. Бұған қосымша айтарым: асаны кім тауып иелік етсе, иншалла, шарапатым жеті атасына кетер» - деп асаны шәкірттерінің көз алдында лақтырып жібереді./И.М./ Мұнан соң, Аққошқардан - Шектібай атадан тарайтын Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылының тұрғыны Тұсынғали Латыпұлымен сұхбатты ұсынамыз.
    Т.Л: - Содан соң Атаның шәкірттері аса лақтырылған бағыт бойынша іздеп қуалай жүгіріп кетеді. Тек екі шәкірті жүгірмей, ата жанында қалып қояды.
    Бекет ата оларға:
    - Шырақтарым, балалардың бәрі шарапат иесі болуға құштарлық танытып, асаны іздеп жүгіріп кеткенде, неге қалып қойдыңдар?», - дейді.
    - Ата, біздер сіздің Ақ батаңызды алып жүргелі отырмыз. Сол кезде Бекет ата айтыпты дейді:
    - Осы Аса таяқтың Кетенің сары баласына бұйыратынын сезіп едім, - дейді. Бұдан кейін Бекет ата әлгі екі жасөспірім жігітке батасын беріп жібереді.
    Т.Л: - Сонымен Құлшан мен Шектібай асаны іздеуге жаяу жолға шығады. Олар мешіттен едәуір ұзаңқыраған соң, жолда бір баланы кездестіріп жөн сұрайды. Бала асаны көрдім, шаншулы тұр деп аса тұрған жерге бұл екеуін ертіп барады. Құлшан Шектібайдан 1-2 жас үлкен көрінеді. Қазақтың жасы үлкенді сыйлау ғұрпы бойынша Шектібай ағасы Құлшанға:
    - Аға сіздің менен жасыңыз үлкен,сондықтан жолыңыз үлкен. Жолыңызды алып асаны сіз суырыңыз, - дейді.
    Құлшан асаны суыра алмайды. Содан соң інісіне береді. Кезегін алған Шектібай асаны ұстап жоғары қарай тартып қалса, манадан бері бір орнында міз қақпай, қозғалыссыз тұрған аса жаратқан Жаббар Иеміз кереметімен суырылады.
    - Екеуіміз де осы араға түнейік, аға: «асаны жатарда бас жағымызға шаншып қоялық. Таңертең ұйқыдан оянғанда Аса қайсымызға қарай бұрылып тұрса, сонымыз оған иелік етейік», - деп әділ төрелігін айтады. Таңертең оянса, «Көк Аса» інісінің бас жағына бұрылып тұрғанын көреді.
    Сонымен, Бекет атаның «Көк асасы» кереметпен Шектібайдың еншісіне тиеді. Сөйтіп, Тұрсынғали өз басынан өткен бір хикая туралы баяндайды.
    Біз жоғарыда, екі «Көк аса» бар екеніне тоқталдық. Біріншісі, өнегелі Ұстаз Бақыржан қожаның шәкірті Бекет атаға берілген «Көк аса» болса, екіншісінің Бекет атаның өзі ұстаздық еткенде шәкірті Шектібайға бата арқылы берілуі баяндалады. Бекет атаның сопылық ілімін меңгергені осы ұстанымдар, яғни тариһат (өзіңді тану), мағрифат - (айнала әлемді тану, сұлулық), шариҺат - (осыған жетудің жолы),ақиқат - Алланы тану сияқты күрделі де қиын жолға төтеп беріп, келешек ұрпаққа мәңгі мұра «Көк асасын» қалдырды.
    Сәрсенбек Ерқасымов,
    этнограф, тарихшы

Komentáře • 21

  • @user-rl7lu3ec9n
    @user-rl7lu3ec9n Před 2 dny

    ЗЙАРАТТАРЫНЫЗ КАБЫЛ БОЛСЫН! АУ МЙН.

  • @SamsungA23-le5lf
    @SamsungA23-le5lf Před 4 měsíci +2

    Ассалаумагалейкум. Бауырларым. Пир. БЕКЕТ . .Бабамнын. Аруагы. Баршамызды. Желеп. Жебеп. Колдап. Журсин. Инша АЛЛА Амин Амин

  • @user-dk1ej1ws2d
    @user-dk1ej1ws2d Před 2 lety +10

    Рахмет ! Жиренқопаға , жете алмай жүрміз ! АЛЛА Қолдасын 🤲❤

  • @user-hx1dn3cm1j
    @user-hx1dn3cm1j Před rokem +2

    Ой жарыктык Бекет Атам жар болсын!

  • @user-fi1jb2dn1n
    @user-fi1jb2dn1n Před 2 lety +13

    Байғанин ауданында Қарауылкелді мен Жарлының ортасында Жолөткен пунтінде тұрғанбыз, сол жерде Шектібай деп аталатын үлкен төбе бар, және басында үлкен Шектібай деген қауым бар, ескі арабша жазылған құлыптастар мен қойтастар бар. Мүмкін сендер іздеп жүрген Шектібай ата осы қауымда жатырған болар. Халық қасиетті адам, немесе, батыр, би, бай адам болмас төбеге атын бермейді. Арабша оқыйтындар болса осы төбеде көп тарих жатыр.

  • @erjantilek2810
    @erjantilek2810 Před 2 lety +3

    Оте керемет куаныш ага рахмет саган

  • @user-ed7dt3qr5c
    @user-ed7dt3qr5c Před 2 lety +2

    Керемет алла қолдасын ❤🙏🤲🤲🤲

  • @user-ed7dt3qr5c
    @user-ed7dt3qr5c Před 2 lety +3

    Жол амандығын берсін🙏🤲

  • @user-xn5pp5cz9g
    @user-xn5pp5cz9g Před 2 lety +2

    Рахмет, оте керемет.

  • @user-pm8vv7uj2s
    @user-pm8vv7uj2s Před 8 měsíci

    ЛЯ ИЛЯХА ИЛЯЛЛАХ

  • @naizagainomad7254
    @naizagainomad7254 Před 2 lety +2

    👍🏻🖐🏻✊🏻

  • @ergaliybaxtibaev9172
    @ergaliybaxtibaev9172 Před měsícem +1

    Атаның неше асасы болған Манғыстау облысы Ақтауда Батыр елді мекенінде 1аса бар

  • @user-sh1zi7wb4k
    @user-sh1zi7wb4k Před 8 měsíci +1

    Бул Аса Бекет Атанын урпактарына берилуи керек

  • @user-ds8yh6hs1u
    @user-ds8yh6hs1u Před 2 lety +2

    Ақ кете Әлімнен тарамайды. Шөмекей ден тарайды.Өз руыңды, Жеті Атаңды білген дұрыс.Алты Арыс Әлім бөлек. Төрт Ата Шөмекей бөлек. (Шөмекей- 4 еу.Аспан ,Бозғыл , Тоқа , Көнек.).

    • @user-lb6yu8ud4m
      @user-lb6yu8ud4m Před 2 lety +1

      Ауели, Алим адам емес екенин тусину кажет.Екинши Алим ели хандардын шешимимен Казак даулети кезинде(Касым ханнан кейин) акимшилик тугырыгымен коп турли ру-тайпалардын бириктирилген косымы. Сол кезде - коп колданатын адис болган. Себеби казактын хан-султандарында туракты аскер болмаган,жер мекендерди сактау елге-ру- тайпаларга жуктелген. Ал ел-ру-тайпалар оздеринине болинген жерлерди коргай турып, касибине колданган. Жалпы казактын биринши касибы мал багу. Коктемдик(бул кезде кыстан котерем шыккан мал коректенеди, куш жинайды, тол оседи)- жаздык(жайлау; бул кезде мал семиреди, тол маркаяды)- куздик(мал кыркылады; коктемге жакын толдету ушин куйек байланатын мезгил; семизи баска заттарга айырбасталуга базарга айдалады) - кыстак(мал ыктайтынга ынгайлы орындар тандалган; согым сойылады; жалпы кыс тыныштыгында журт жиналатын орын) болып, бир жагынан журтка суйкимди колем, жаудан тасалау; малга жайлы болып -карда туйягын канатпай жайылатын жерлер изделген. Сонсын, адейи саясат - жерди малдын, адамнын мужип, таптап тастамасы ретинде, уакытында жылжып кошип-конып отырыу кадагалаган. Кош уакыты, асиресе жастарга рахат уакыт, баскалармен танысу, гашыетасу, шешелеримиздын торкиндеримен жолшыбай кездесип калу мумкиндиги, куда-жегжаттардышакыру, соз болису, шартка отыру, жер шектерин тузету;.аксуйек, алты бакан. Мысалы "Кыз Жибек дастанында бираз айтылган.
      "Алим улына" елендемесинизде болады. Бул ертеден саяси максатпен - кара журтты бириктирип устау кимылы. Кейин, карага "осылай болган" деген кулагына куйыла бергесин - канына синип кеткен. Ал Шомекейлар аталас екенине ангиме жок. "Шомекей" ботен тилдин бурма сози екенин былайда байкайсыз. Мысал ретинде, тагы ой. Жаугершилик кезинде колга тускендерде кейин отбасын курып, сол руга синген. Иа болмаса жетимдер асыралып алынган, оларда осип-онип сол рудын атагына откен. Бунын бари омир манисине жатады.
      "Алимнен тарамайдыныз", менин айтканымды даледегендей болады. Ягыни, сиздин бабаларыныз, Алим куралганнан кейин Алимге костырылган деп айтсада артык емес. Сиз аталарыныздын айтканын кайталап отырсыз, сондыктан казирги урпактырынында есине жеткен.

    • @user-cl8np7nz6s
      @user-cl8np7nz6s Před 2 měsíci

      Ақ кете шөмекей емес қара кете шөмекей

  • @user-sp1sw9sj8i
    @user-sp1sw9sj8i Před 2 lety +1

    бул хасаны устазы хорезмде лактырады сол киси

  • @ponidon4632
    @ponidon4632 Před rokem

    Это посох Пророка МУСЫ алейхи салям !

  • @user-qj5ol9zs3e
    @user-qj5ol9zs3e Před 2 lety +1

    Ақ кете Әлімнен тарамайды інім .
    МАЙЛЫБАЙ ҰРАНДЫ КЕТЕ БАЙСАРЫ ШЕЖІРЕСІ
    Бұғы бабамыздан
    |
    Құба жырау
    |
    Кетбұғы
    |
    Байсары
    |
    Майлыбай (ұрпақ жоқ)
    Бозаншар
    |
    1. Адамқожа .
    2. Түменқожа- (Қара кете)
    3 Тойқожа ( Ақ кете)
    Тойқожадан тарайсың. бауырым.

  • @user-rl7lu3ec9n
    @user-rl7lu3ec9n Před 2 dny

    ШОПАН АТА ШЫГАР...