"Туым - тұғырым" әні

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 02. 2024
  • "Туым - тұғырым" әнінің тарихы.
    Бұл әннің тарихын естелік қылып жазуға ұлым Елдос түрткі болды.
    Өз кезінде Қалдыбек Құрманәлі ағамыз @kaldybek_kurmanali қаншама шығарма жазып, оларды үлкенді-кішілі саханаларға шығарып, шығармашылық адамдарымен етене жұмыс істеседе, Шәмші Қалдаяқов атамыз "сазгер" деп танымайынша, өзін сазгермін деп сезініп, танымағаны сияқты мен де бұл әнге дейін қаншама шығарма жазсамда, өзімді танымағандай болдым. Қазір талай уақыт өткенен кейін ойласам, сезсем де, танымағанан көрі мойындамағандай сияқтымын.
    Шыны керек, бұл ән тарихын жазбас бұрын Елдоспен біраз әңгімелестім. Иә, қызық екен, кей дүниеге еш кідірместен қалам тербей беретін мен, басында не жазарымды білмей бірталай ойға баттым. Ұлым да менен бұл тарихты, ойларымды қағаз беттеріне түсірту үшін бірталай сарсаңға түскендей.
    Бұл ән сонау 2011 жылы біз отбасымызбен Қазақстан және Қытай шекарасында орналасқан Достық атты кентте тұрғанда туып еді. Жаздың соңғы айы, тамылжыған тамыз, мен Қазақстан Темір Жолында аудармашылық жұмысымды уақытша тоқтатып, декретке шыққаныма бір жылдан асты. Үшінші балам, кенже қызым, Айданада бір жасқа толуына аз қалды. Біздің теміржолшыларға арнаулы кент сыртынан салынған, халық арасында "сегіз үй" атанып кеткен сары керпішті тұрғын үй кешеніндегі үшінші қабатта орналасқан, сол кездегі нөмірі алтыншы үш бөлмелі пәтеріміз расымен кең еді. Уақыт кеңдігі мен кеңістік кеңдігі ой қеңдігін сиялайды екен. Сол кеңдікте мен талай затқа сауал қып, ой толғайтынмын. Мемлекет жеткен жетістіктері, мәдениет, тіл мен діл жайы, елде болып жатқан өзгерістер, шекарадағы жаңалақтар және келер шақ толғандаратын. Әрине, өз атажұртын аңсап келіп, бар ғұмыры мен тағдырын осы көк отауға байлаған адам үшін осындай ойда болу заңды сияқтанды. Бұл ойлар ортасында мен әсіресе тәтті тілі енді шығып, енді ғана жүріп үйренген, бірақ бесікке бөлер кезде ұстатыртмай қашқысы келетін кіші қызыммен, сабақтан келе салысымен киімін лезде ауыстырып, аулаға шығып кететін, келер айда төртінші сыныпқа бармақшы ойын құмар ұлым және ойы ұшқыр әрі өнерлі бесінші сынып оқушысы атанбақшы үлкен қызым болашақтары жайында көп ойланатынмын. Бұл осы ойлардан туған сезімдер тоғысында дүниеге келген ән десемде болады.
    Бұл әнді күйеуім ести сала бейнеге жазып алды. Бір естігенен осы әнге үлкен әрі жоғары баға бере отыра: "Сен - шын сазгерсің!"- деді. Бұл сөз мені лезде шабыттандырып әрі сергіткендей болды, оятқандай сияқтанды. Қызық, сол кезде менің Шәмшім, менің күйеуім болғандай. Сондан бері өз қабілеттеріме сенімім нығая түсіп, іште сақталған байлығымды халқыма төге бергім келді. Сол сәттен соң қатарынан көркем бірнеше әндер туды.
    Сол жылдары күйеуімнің қолында ықтиярхат бар еді. Сол ықтярлықпен шекара асып талай сауда жасап еді. Сол іс сапарларының бірінде, күйеуім түсірілген бейнені арнаулы түрде Зарқан Олжабайұлы атты досын Манас қаласына іздеп барып, нотаға түсірткізген еді. Деседе, тіршілік әлегімен алыса, ол ноталар біздің өлеңдер жинағымыздың беттері арасына орналасты, бірақ ұмытылған жоқ. Міне, араға он үш жыл салып, бізбен бірге талай өмір мен уақыт сынағын өткеріп, өз уақытын сабарлық және ыждағатылықпен күтіп, саханаға шығып отыр.
    Ал бұның саханаға шығу тарихы болса, бөлек пост арнайтын әңгіме...

Komentáře • 3

  • @qul-kerim
    @qul-kerim Před 4 měsíci +2

    Бисмилләһи
    Машаллаһ!
    Аллаһу әкбар!

  • @bazarbekkazhykan3866
    @bazarbekkazhykan3866 Před 4 měsíci +2

    керемет

  • @user-es4tk8mu9q
    @user-es4tk8mu9q Před 2 měsíci +1

    Мереке қүтты болсын асқар балам жасың үзақ болсын тамагың қарлықпасын