КОЛЛЕКТОРЛАР ҚЫЗДЫ АНАСЫНЫҢ ҚАРЫЗЫ РЕТІНДЕ 15 ЖЫЛ ҰСТАЙДЫ | Кино Шолу | Кино Айтушы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 08. 2022
  • #киноәлемі #киношолу #казакшакино
    Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу
    Фильм: Залог (2020)
    Фильм 2 кезеңді суреттейді. Қазіргі кез бен 90-шы жылдарды сипаттайды. Жас қыз мемлекеттік жиынды ұйымдастырып, оның еңбегі жоғары бағаланады. Бикеш өте бақытты. Себебі алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Кенеттен телефоны шырылдап, ар жағынан ер адамның табылғанын айтады. Қыз шұғыл аэропортқа жол тартады.
    1993 жыл. До Сок есімді коллектор мен оның інісі қарызын төлемегендерді іздеп, қайтаруды талап етумен айналысады. Екеуі борышкер әйелді көшеде ұстап алып, қарызын төлеу керектігін айтады. Әйел күйеуі жақында қайтыс болғандықтан өзінде ақша жоқ екенін мәлімдеп, қарызын келесі ай тауып беруге серт береді. Мұны естіген До Сок әйелдің қызын кепілге алып кетеді. Қызы үшін ақшаны тез тауып беретініне сенімді. Інісі ағасының бұл әрекетіне таңғалады. Анасы қызын қайтарып алмаса не болады?
    Менджа не істерін білмей күйеуінің бұрынғы жұмысына келіп, бастығынан ақша сұрайды. Алайда басшы ештеңе бермей, әйелдің мұнда заңсыз жүргенін бетіне басады. Амалы қалмаған ол туысқанына хабарласып, көмектесуін өтінеді. Ағасы бір тапсырманы орындаса қаражат жіберетінін айтады. Телефон будкасынан шыға бергенінде алдынан полиция күтіп тұр екен.
    Ағалы-інілі коллекторлар ертесіне қызды жұмыс орындарына әкеледі. Анасы келмеген. Енді не істемектерін жоспарлайды. Бастығы қызды тездетіп қайтаруды тапсырды. Олар мекен-жайға бара жатқанда кенеттен қыз көліктен түсіп қашып кетеді. Ол бұрынғы өздері тұрған жерге келеді. Бір кездері анасы оған тақта сыйға тартқан болатын. Егер анасы бір жаққа кетсе, сол тақтаға хат жазып қалдыратын еді. Бірақ бұл жолы тақта бос тұр.
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 21