ОЛ ТҮРМЕДЕН ҚАШУ ҮШІН САУСАҒЫН ӘДЕЙІ СЫНДЫРҒАН / Кино Шолу / Кино Әлемі / Кино Айтушы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 17. 07. 2022
  • #киноәлемі #киношолу #казакшакино
    Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу
    Фильм: Отчаянные Меры (1998)
    Түнде екі жігіт клиникаға кіріп, компьютерді асыға қосып, мониторға қарайды. Біреуі теледидардағы хабарландыруға уақыт кетірмей, бұрыннан бері осыны істеу керек еді дейді. Олар міндетті түрде донорды таппақшы. Экранда адам аттары жазылған тізім көрсетіліп жатады. Осы кезде жарық қосылып, күзетші ғимаратты тексере бастайды. Жігіттің бірі күзетшіні ұстап алады. Осы сәтте мониторда Питер Мак Кэйб деген есім шығады. Дәлме-дәл сәйкестік. Бірақ, кейіпкер туралы мағлұмат жігіттерге ұнамайды. Ол 2 рет адам өлтіріп, мәңгілікке түрмеге қамалған екен.
    Фрэнк Конор Питерді табу үшін түрмеге жол тартады. Оның басқа амалы жоқ. Питер Мак Кэйбтың қолына кісен салынады. Ол өте қауіпті қылмыскер болғандықтан, камера есігі ашылмай тұрып, қолы бұғатталады. Күзетшілер Питердің өте айлакер екенін және адамдармен ойнағанды жақсы көретінін ескертті. Сонымен олар кездесіп, Фрэнк келген себебін баяндайды. Оның баласы лейкемия ауруына шалдыққан. Балақайдың жілік майын ауыстыру қажет. Ал Питердің көрсеткіштері донор болуға сәйкес келіп тұр. Сондықтан көмектесуі тиіс. Мак Кейб баланың тірі қалуына ең соңғы үміті екенін айтады.
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 14