Денсаулық Аманат! ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 24. 06. 2023
  • ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ
    Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
    Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!
    Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын!
    Жаратушымыз Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтері өте көп. Ол нығметтерді санайтын болса, пенде атаулы есебіне жете алмайды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 18-аятында:
    وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَةَ اللَّهِ لَاتُحْصُوهَا
    «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар», - деп айтқан.
    Осындай адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі - денсаулық нығметі.Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
    نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ
    «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол - денсаулық және бос уақыт», - деген (имам Бұхари).
    Денсаулық - адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмай жататын баға жетпес байлық. Абыз би бабамыз:
    Аяқ-қолдың қадірін ақсағанда білерсің,
    Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің.
    Қызыл тілдің қадірін тоқтағанда білерсің,
    Білгеніңді сөйлеп қал, білгендерден ғибрат ал, - деп өсиет айтқан.
    Халқымызда: «Денсаулық - зор байлық», «Бірінші байлық - денсаулық», «Байлық - байлық емес, денсаулық - байлық»дегендей нақыл сөздерөте көп. Бұл айтылған сөздерден ата-бабаларымыздың денсаулықты қаншалықты жоғары бағалағандығын, тіпті оны негізгі байлық деп танығанындығын түсінеміз.
    Денсаулық нығметіне пенденің шүкірлігі тілмен ғана шүкір сөзін айту емес, оны күту, денсаулыққа зиян келтірмеу, пайдалы тағамдар жеу, денені шынықтыру сияқты істер де жатқызылады.

Komentáře • 38

  • @user-wl3lv3pu7o
    @user-wl3lv3pu7o Před měsícem

    Ассалаумағалайкум
    Алланын рахматында болыныз

  • @armanoraz7180
    @armanoraz7180 Před 4 měsíci +3

    Керемет сұхбат осындай бейне таспалар көп болса жақсы болар еді

  • @user-bp1id7gc4b
    @user-bp1id7gc4b Před rokem +17

    Тамақ туралы айтқанда рақаттанып күлдім, Тұрсынбек құсап келтіріп айтып тұр ғой.

  • @user-fs1iu3mr1o
    @user-fs1iu3mr1o Před 5 měsíci +1

    Аллах Велик.Устаздарымызга Раббымыз ИншААллах Разы болсын...

  • @Omirbekova91
    @Omirbekova91 Před rokem +15

    🩷👍О, Аллаһ! Не деген керемет!!! Машаллах❤️‍🔥

  • @user-my3nm8iv9o
    @user-my3nm8iv9o Před 10 měsíci +3

    Аллах ыраазы болсун еки дуйно мусулман аалымдарыга омурлоору узун болсун

  • @user-bg2ce9cr2j
    @user-bg2ce9cr2j Před rokem +5

    Ядурыс аитады билмегендер тындасын . Маш Аллах копжаса балам омиржасын узакболсын

  • @user-el8vh6rs7h
    @user-el8vh6rs7h Před 9 měsíci +1

    Аллаh тагалла билиминизге берекет берсин Устаз.

  • @QanatQairatbekuly
    @QanatQairatbekuly Před 2 měsíci

    Алла разы болсын ұстазымызға

  • @user-sl8nq4zi1j
    @user-sl8nq4zi1j Před 9 měsíci +1

    Әр сөзіңіз алтын ұстаз ❤

  • @user-hx2ik2tj5n
    @user-hx2ik2tj5n Před 10 měsíci +3

    Қомағай болып барамыз.Денсаулықтың басты маңызы дұрыс тамақтана білу. Адам жеседе,жемеседе дастарқанға тойдада,өліктеде столдың көтергенше толтырамыз. Бір-бірімізден қалмауымыз керек.Осының бәрін ойлап,тапқан әйелдер.

  • @urzadamakhambetova6405
    @urzadamakhambetova6405 Před 3 měsíci +1

    Бугингі дұға

  • @user-ii2cj9wo6y
    @user-ii2cj9wo6y Před rokem +2

    Өте дұрыс айтты көбісі білмейді

  • @user-eo8sh8qc3r
    @user-eo8sh8qc3r Před 9 měsíci

    Ма-Щаа-Аллаһ!

  • @zarinazholdasova2007
    @zarinazholdasova2007 Před 8 měsíci

    😊

  • @user-qe8lh2rq2j
    @user-qe8lh2rq2j Před rokem +4

    бизде тоже барин коямызго Атырауда тож биринши ет беремиз😁,

  • @user-kr7wb4sc6p
    @user-kr7wb4sc6p Před 2 měsíci

    өте жақсы уағыз, нағыз қазаққа арналған 😂😂😂

  • @user-kc9oh9fx9n
    @user-kc9oh9fx9n Před rokem +5

    Астахфируллаһ

  • @user-tk1lm2ls4k
    @user-tk1lm2ls4k Před rokem +5

    ӨТЕ ДҰРЫС,АЙНАЛАЙЫН.

  • @Muslim2012.M
    @Muslim2012.M Před rokem +2

    Кешірші мен жан жағимдағи дауысти естип тұрам,қанша тириссамда ойым бөлініп тұрады,

  • @user-bp1id7gc4b
    @user-bp1id7gc4b Před rokem +4

    Дұрыс айтады мен жатарда тамақ ішіп жатамын.

  • @user-fs9tp9qx3q
    @user-fs9tp9qx3q Před rokem +2

    Муслим 2012 саган Истигфар коп айту керек сонда дауыс естилмейди

  • @user-le6ul5ts3z
    @user-le6ul5ts3z Před 9 měsíci +1

    😅

  • @user-iu8dc1vh1c
    @user-iu8dc1vh1c Před 11 měsíci +1

    Устаздын инстаграмы бар мекен

  • @zharkynbekbaikhojayev3452
    @zharkynbekbaikhojayev3452 Před 10 měsíci +1

    Баклашнын какпагы н😂😂😂😂

  • @perizataskargaliova3182
    @perizataskargaliova3182 Před 8 měsíci

    Пайдалы уағыз. Әттегенай, 100 % қазақша түсіндіре алса ғой. Орыс тілін араластырып сөйлеу тәтті жеп отырған ауызға тұз түсіп кеткендей әсер береді екен.

  • @user-hv6dd6wg1x
    @user-hv6dd6wg1x Před 11 měsíci +2

    Бір сөзіңізбен батыстың қонақ жайлығын жоққа шығарып тастадыңызғо.Екі иықтағы періштелердің айтқан сөздеріңізді жазып жатқанын ұмытпаңыз.Ұстаз сізді жақсы тыңдаймыз,бірақ Батыс туралы олай айтпаңыз

    • @user-my3nm8iv9o
      @user-my3nm8iv9o Před 10 měsíci

      Аллах раазы болсун еки дунуйо баардык мусулман аалымдарыга ислам динин кенири тушундургонуго ууга берип тойбой угуп жатам омурлору уузун болсун мен кыргызсьандан угуп жатам

  • @user-dx2fh7bl4c
    @user-dx2fh7bl4c Před rokem +1

    👍👍👍👍👍👍👍 Вы кто по профессии?

  • @user-wf2pw2qp1b
    @user-wf2pw2qp1b Před 11 měsíci +1

    Жап жақсы тыңдап отыр едім, батысты қонақжай емес дегесін өкпелеп тыңдамай қойдым.

    • @baqdayletamirbek8336
      @baqdayletamirbek8336 Před 10 měsíci

      Түсініп тыңдасай қонақжай емес деген жоқ тіке айтады деді

  • @user-wf2pw2qp1b
    @user-wf2pw2qp1b Před 11 měsíci +2

    Қой айналайын батыста жейсіңбе деп сұрамайды. Олай деп өтірік айтпа. Дастарханды керемет етіп жайатынның бірі батыс. Оңтүтік, оңтүстік деп айта берме. Біздеде дастарханды гүл етіп жайнатып жасайды, батыстың адамдары қонақжай. Олай деме.

    • @Batyrbek_zaure
      @Batyrbek_zaure Před 10 měsíci

      😂

    • @maratsamatov983
      @maratsamatov983 Před 4 měsíci

      Жайма десе, мақтанып жатырғой біз жайып тастаймыз деп😂

  • @madiksmart
    @madiksmart Před rokem +1

    😊