"Елбасы туралы" заң күшін жоя ма? Конституциялық заң не береді?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 9. 04. 2022
  • Экс-президенттің жеке автокөлігі мен жүргізушісі өле-өлгенше өз ықпалында болады және бюджеттен қаржыландырылады. Отбасы мүшелері өле-өлгенше бюджеттен жәрдемақы алады. Конституциялық Кеңесті Конституциялық сотқа ауыстырғанда не өзгереді?
    00:06 - Амандасу
    01:39 - Титр. Сот жүйесі және реформа.
    02:20 - Өмірдің негізгі заңы деп нені түсінесіз?
    02:42 - Адал, арлы, таза қызмет істейтін заңгер не жұмысын, не өзін жоғалтады.
    03:36 - Сот жүйесі - қоғамның омыртқасы.
    05:39 - Коституциялық сот пен Конституциялық кеңестің айырмасы.
    09:15 - Конституциялық сотты Конституциялық кеңеске өзгертудің қандай қажеттілігі болды?
    12:30 - Президент Конституциялық соттың мүшесі бола ала ма?
    13:56 - Біздің қоғам құқықтық қоғам құруға қаншалықты дайын?
    17:13 - Неге Қазақстанда БҰҰ-ның «Азаптау туралы» конвенциясының талаптары орындалмайды?
    18:27 - Конвенция талаптарының сақталуын бақылайтын тәуелсіз орган бар ма?
    18:43 - Сотты сатып алу фактілері бар.
    19:45 - Тәуелсіз сот болса, билік басында отырғандардың көбі сотталып кетпей ме?
    21:20 - Соттарды халық сайлау керек.
    22:10 - Сот жүйесіне люстрация жасап, кейбір шешімдерді қайта қарау.
    24:13 - ақтау үкімі.
    25:25 - Неге сот отырыстары тікелей эфирде көрсетілмейді?
    28:55 - Неге парламент мәжілістері тікелей эфирде көрсетілмейді?
    31:20 - Тәуелсіз сот жүйесі және экономика мен инвестиция. Байланысы.
    34:50 - Украинадағы соғыстан кейін Ресейден Қазақстанға ауғандар туралы.
    41:17 - «Елбасы туралы» заң күшін жоя ма?
    42:13 - экс-президенттің жүргізушісі мен жеке автокөлігі, айлығының 80 пайызы өле-өлгенше бюджеттен төленеді. Отбасы мүшелеріне ең төменгі зейнетақы мөлшерінің он есе көлемінде өле-өлгенше жәрдемақы төленеді.
    47:00 - Әділеттілік - маңызды құбылыс.
    47:30 - Қоғамның дамуына ат салысуға құлшыныс білдірген блогерлерді мемлекет неге қолдамасқа?
    48:18- Ешкімнен қолдау күтпестен, таза инициативамен қоғамға қызмет ету сізге не береді?
    48:30 - Маған өмір береді. Өйткені мамандығымды өте жақсы көремін!
    48:48 - Қазақ парадан бас тартқанша, күн батыстан тезірек шығады.
    49:09 - Қоғамды жайлаған дерт қарыштап кіріп, мысқалдап шығады.
    49:20 - Әділетсіздік дертінің бір ғана емі бар, ол - ақыл, білім, ар.
  • Jak na to + styl

Komentáře • 12

  • @user-tf3sk1rn7l
    @user-tf3sk1rn7l Před 2 lety

    Гүлеке, өзекті мәселені көтергенсіз !
    Сіздің сұрақтарыңыз да, жауаптар да тиянақты.
    Сіздердің сұхбаттарыңыздан қандай елде өмір сүріп жатқанымызды анық көруге болады !
    Қашан біз әділетті елге айналамыз ! Жаңа Қазақстанды біз көрмей кетеміз-ау!

  • @user-yk8lm4wr4m
    @user-yk8lm4wr4m Před 2 lety +1

    Сұхбатыңыз тамаша! Өте керекті !

  • @user-hk1cc5sx3u
    @user-hk1cc5sx3u Před rokem

    Гульмария әпке мен сізге денсаулық тілеймін жақсы тақырып алда мықты кездесулер болсын

  • @user-ho1kg9cw6g
    @user-ho1kg9cw6g Před 2 lety +1

    Түү сұхбатыңыз керемет шығыпты...тап-тұйнақ

  • @user-cf4xk2gq4r
    @user-cf4xk2gq4r Před 2 lety

    Гүлмария,рахмет сізге! Сіз осы істі аяғында дейін бақылау аңыз болар еді. 30 ЖЫЛ Бойы заң жазғандар жоламасын!Заң жазған кезде қазақ менталитетін ескере отыру керек! Сот жүйесіне реформа міндетті түрде қажет!

  • @user-tl3eq1eq5m
    @user-tl3eq1eq5m Před 2 lety +2

    Рахмет, Гүлеке! Керемет, өте жақсы сұхбат. Алда да мәнді де мағыналы бейнежазбалар көбейе берсін! Жерлестеріңнің атынан өзіңе және отбасыңа өмірдегі бар жақсылықты тілей отырып, шығармашылық әлемінде табыстан табысқа жете беруіңді тілейміз.

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 2 lety

      Рақмет, Бөке!

    • @user-cf4xk2gq4r
      @user-cf4xk2gq4r Před 2 lety

      Гүлмария, осы мәселені көтергеніңіз дұрыс болды! Осы уақытқа дейін құлдырау ,Қазақ елін, қарапайым халықты құрту заңдары жақсы іске асты. Сот реформасы керек. Адам заңдар, қазақ менталитетін ескере отырып заңдар керек. Сіз бастаған екенсіз аяғына дейін назарынызда ұстап басы қасында болсаңыз болар еді. Бұрынғы отырған заң герлер бұған қатыспауы тиіс

  • @user-wy5yt7fs4r
    @user-wy5yt7fs4r Před 2 lety +1

    Гүлеке! Бастан аяқ
    қарап шықтым. Көп мәселе көтердің. Көптің көкейіндегі өзекті мәселелерді көтердің! Заңгер қонағың да жап-жақсы жауабын беріп отыр. Екеуіңнің ле еңбектеріңде мін жоқ!
    Менің ендігі айтайын дегенім өз басым бір-ақ ойда қалдым. Ол -мына түрімізбен, мына күйімізбен Жаңа Қазақстан құрып ілгері жылжымақ түгілі -кері қарай кетпесек болар еді деген қауіп. Себебі шешілмей қордаланып жатқан проблемалар шаш етектен, сүрініп жығыласың. Бір Елбасының отбасын асыраудың өзі -ұшан-теңіз шығын екен! Ол туралы Заңды өзгертем дегенше кім бар, кім жоқ?!

    • @gulmariyabarmanbekova7349
      @gulmariyabarmanbekova7349  Před 2 lety

      Рақмет, Назгүл. Менен көрі елдің жайын өзің тереңірек білесің. Кешеге дейін жоғарғы ортада жүрдің, ішкі кухнясынан хабардарсың.

  • @user-vg7jq8wz4p
    @user-vg7jq8wz4p Před 2 lety +1

    Маңызды сұхбат екен. Рақмет! Гүлмəрия ханымның сұқбаттары қашанда өзектілігімен ерекшеленеді. Өткір де терең сұрақтар қояды. Бұл жолғы сұқбаттасы аздап жасқаншақтау сияқты көрінді. Нақты сұраққа нақты жауап айта алмай мәселені айналшықтап жүрген тұстарды болды.