Video není dostupné.
Omlouváme se.

Бишімбаевтың қылмысы | Қабылбек пен Нұрсұлтаннан ҚМДБ қандай қауіп бар? | Болат Назарбаевтың қазасы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 13. 08. 2024
  • #Қазақстан #Мажилис #Депутат #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews
    🔹Спикер: Талғат Жақиянов - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
    00:00 Басы
    01:30 Таныстыру
    01:37 Н.Назарбаев институтындағы қызметтен неге кеттіңіз?
    03:06 Үкімет діни ахуалға қанша ақша жұмсады?
    03:39 Елдегі діни радикализм мәселесі неге толық шешілмейді?
    05:33 Діни мәселе тек маусымдық сипатпен қалып қойған жоқ па?
    08:44 Билік діни ахуалдан неге қорқып отыр?
    10:23 Қоғам діни проблеманы тек уақытша талдай ма?
    11:05 Қоғамда дінге қатысты қандай тенденциялар байқалып тұр?
    12:32 Қазақстанда қандай діни жамағаттар бар?
    18:58 Діни радикализм неге қазақ қоғамында белең алды?
    22:30 Қазақты діни радикализмнен не құтқарады?
    23:11 Америкалық арман идеологиясы деген не?
    26:04 Алаш идеясы. Билік бұған қарсы ма?
    26:48 Мектептегі хиджаб мәселесіне неге қарсысыз?
    29:41 Қазақстанда мектепке орамалмен кірген қыздардың ата-аналары қандай талап қойды? Сот ұстаздарды оқушыларға жығып берді.
    30:47 Қабылбек ұстаз, Нұрсұлтан ұстаз деген азаматтарға ел неге ерекше ілтипат білдіреді? Олар ҚМДБ қандай қауіп тудырады?
    34:16 Қабылбек пен Нұрсұлтан қандай уағыз айтып жүр?
    39:05 Билік негізгі қысымды секулярланған қоғамнан көреді. Бұл не?
    40:10 Намаз оқымайтын, имам болып табылмайтын адам дін туралы айта ала ма?
    43:24 Бишімбаевтың жасаған қылмысына қатысты қоғамның реакциясын қалай бағамдайсыз?
    45:25 Болат Назарбаевтың қазасына қатысты қоғамның реакциясын қалай бағамдайсыз?
    49:53 Израиль мен Хамас арасындағы соғыс біздің қоғам талқылады, екіге бөлінді. Қайсысы дұрыс?
    54:44 Сыни ойлаудың жоқтығына кім кінәлі?
    56:40 Қазақ руға бөлінеді, аймаққа қатысты бөлінеді, діни негізде бөлінеді. Қашан және қалай бірігеміз?
    58:51 Жастарға отбасын құруды үйрету керек пе?
    59:08 Ата-әке-бала және әке-бала отбасы модельі. Қайсысы дұрыс?
    01:02:25 "Теріс ағымға кетушілердің арасында толық емес отбасының өкілдері көп" депсіз. Неге олай?
    01:07:22 Бүгінгі күннің батыры кім?
    01:08:02 Сіз өмір сүргіңіз келетін идеалды қоғам қайсы?
    01:10:04 Қоштасу.
    Инстаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 988

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Před 8 měsíci +17

    00:00 Басы
    01:30 Таныстыру
    01:37 Н.Назарбаев институтындағы қызметтен неге кеттіңіз?
    03:06 Үкімет діни ахуалға қанша ақша жұмсады?
    03:39 Елдегі діни радикализм мәселесі неге толық шешілмейді?
    05:33 Діни мәселе тек маусымдық сипатпен қалып қойған жоқ па?
    08:44 Билік діни ахуалдан неге қорқып отыр?
    10:23 Қоғам діни проблеманы тек уақытша талдай ма?
    11:05 Қоғамда дінге қатысты қандай тенденциялар байқалып тұр?
    12:32 Қазақстанда қандай діни жамағаттар бар?
    18:58 Діни радикализм неге қазақ қоғамында белең алды?
    22:30 Қазақты діни радикализмнен не құтқарады?
    23:11 Америкалық арман идеологиясы деген не?
    26:04 Алаш идеясы. Билік бұған қарсы ма?
    26:48 Мектептегі хиджаб мәселесіне неге қарсысыз?
    29:41 Қазақстанда мектепке орамалмен кірген қыздардың ата-аналары қандай талап қойды? Сот ұстаздарды оқушыларға жығып берді.
    30:47 Қабылбек ұстаз, Нұрсұлтан ұстаз деген азаматтарға ел неге ерекше ілтипат білдіреді? Олар ҚМДБ қандай қауіп тудырады?
    34:16 Қабылбек пен Нұрсұлтан қандай уағыз айтып жүр?
    39:05 Билік негізгі қысымды секулярланған қоғамнан көреді. Бұл не?
    40:10 Намаз оқымайтын, имам болып табылмайтын адам дін туралы айта ала ма?
    43:24 Бишімбаевтың жасаған қылмысына қатысты қоғамның реакциясын қалай бағамдайсыз?
    45:25 Болат Назарбаевтың қазасына қатысты қоғамның реакциясын қалай бағамдайсыз?
    49:53 Израиль мен Хамас арасындағы соғыс біздің қоғам талқылады, екіге бөлінді. Қайсысы дұрыс?
    54:44 Сыни ойлаудың жоқтығына кім кінәлі?
    56:40 Қазақ руға бөлінеді, аймаққа қатысты бөлінеді, діни негізде бөлінеді. Қашан және қалай бірігеміз?
    58:51 Жастарға отбасын құруды үйрету керек пе?
    59:08 Ата-әке-бала және әке-бала отбасы модельі. Қайсысы дұрыс?
    01:02:25 "Теріс ағымға кетушілердің арасында толық емес отбасының өкілдері көп" депсіз. Неге олай?
    01:07:22 Бүгінгі күннің батыры кім?
    01:08:02 Сіз өмір сүргіңіз келетін идеалды қоғам қайсы?
    01:10:04 Қоштасу.

    • @oilankz.
      @oilankz. Před 8 měsíci +7

      Құрметті Нартай Аралбайұлы аға, мен сізді қазағымның шынайы жанашыры ретінде қатты құрметтеймін. "Біріңді қазақ біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос" демекші, әр қазақ менің жалғызым ретінде сізге жанашырлықпен айтайын, дәл мына сұхбат халықты одан сайын адастырады. Өйткені спикер ағамыз көп жерлерде қателесті. Ең маңызды ретінде 2-еуін айтайын.
      1-шісі ұлттық идеология жайлы сұрағыңызға АҚШ идеологиясын үлгі етуі үлкен қателік. Себебі американдықтар капиталға ұмтылған капитализм арқасында әлемдік державаны құрғанымен, қазақ олардың ұлттық идеологиясын үйренетіндей ел емес. Бүгінгі американдықтар-британ колониясы болып тұрған кезде, әуелі Англияда қылмыс жасап жер аударылғандар мен жаңа жерге баю үшін барған еуропалықтар. Кейін сонда барып байыған соң, қант плантацияларына африкадан адамдарды құл ретінде күшпен алып келіп, жұмысқа жеккен адамдардың ұрпақтары. Одан соң да АҚШ қа баю мақсатымен әлемнің түкпір түкпірінен миллиондаған адамдар барды. Кейін алғашқыда құл болған африкандықтар, нәсілдік теңдік талап етіп, нәтижесінде оларда афро-американдық атанды. Қылмыскерлер мен жан-жақтан баю үшін жиналғандардың идеологиясын біз қалай үлгі етіп аламыз? Бұл үлкен қателік болады. Біз ұлттық идеология тақырыбына келгенде, Жапониядан үлгі алуымыз қажет. Алаш ардақтыларынан ақылды болуға тырысудың қажеті шамалы. Себебі Алаш зиялылары синтоизм дінін, жапон тілін, ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, батыстың ғылым мен технологиясын ғана алған жапондықтарды бекерге қазаққа үлгі етпеген. Бүгінде дәл сол моделмен Қытайда сұмдық дамып жатыр. Оларда конфуций мен дао ілімін комунистікпен байланыстырып, қытай тілін сақтай отырып, батыстың тек ғылым мен технологиясын ғана алып, бүгінде АҚШ қа бәсеке болуда. Дәл осы ұлттық идеология тақырыбында сізбен кездесіп отырып, жақсылып сөйлесуге әзірмін. Осыны оқып отырсаңыз, ernar_spabek инста парақшама жазсаңыз болады.
      2-шісі Израиль мен Палестина мәселесінде еврейлердің діні Ислам дінінен әлдеқайда ерте пайда болған деп айтуы. Ағамыз мықты әлеуметтанушы екені рас. Бірақ өзі айтып отырған сыни ойлауды өзі жоғары деңгейде меңгермеген. Сыни ойлау үшін адам барлық бағытта өте терең білім алып, сосын сыни ойлануы қажет. Ислам сөзі 7 ғасырда пайда болғаны рас. Бірақ монотеизм, яғни Бір Құдайға ғана сенім жер жаралғаннан бері бар. Еврейлердің иудаизмі мен еуропалықтардың христиан діні, түркі-араб халықтарының Ислам діні, барлығы монотеизмдік діндер. Олардың бәрінің бастауы бір. Сондықтан қазақтардың Қарахан мемлекеті тұсынан 11 ғасырдан бері мұсылман халық екенін ескерсек, бұлай айтуға болмайды. Әлеуметтану және т.б бүгінгі зайырлы ғылымдардың бәрінің негізі 15-18 ғасырларда Еуропадағы Ренессанс дәуірінде қаланғанын ескерсек, ағамыздың қателесуіне түсіністікпен қарауға болады. Алайда Еуропалықтардың оған дейін католик шіркеуінің діни догматында болғанын тарихтан оқысақ, бұл ғылымдардың да арнайы идеология болуы мүмкін екенін ұғыну аса маңызды. Осы және өзгеде білімдерді, егер жолығудың сәті түссе, бөлісуге дайынмын

    • @user-on3im9dq9d
      @user-on3im9dq9d Před 8 měsíci +2

      @@oilankz. Өте білімді адам екенсіз. Нартай мына пікіріңді оқып сұхбатқа шақырады сізді деп сенемін. Сұхбатыңды тыңдауға дайынбыз жақын арада.

    • @TarlanT
      @TarlanT Před 8 měsíci +1

      Біздің ұлттық идеологиямыз - Алаштық болуы керек!
      Ататүрікшілдік шалай Түркияны дамытса, Алаштық сондай болады.

    • @user-zs8tw2eo1t
      @user-zs8tw2eo1t Před 8 měsíci

      Оның несіне айта береміз ол кісінің жасы келдіүой

    • @mendihanboranbayev8462
      @mendihanboranbayev8462 Před 8 měsíci

      112й

  • @leontybahan2987
    @leontybahan2987 Před 8 měsíci +167

    Тарихтан сабақ алмаған қоғам оңбайды сондықтан Алаш ордасын қолдайық✊️

    • @erbol_altaev
      @erbol_altaev Před 8 měsíci

      😂

    • @asylbekas2033
      @asylbekas2033 Před 7 měsíci

      Басына буйырсын осындай олым . Табалаганды сол кезде тусынгесын .

  • @user-im1sw1pw4o
    @user-im1sw1pw4o Před 8 měsíci +110

    Ұлыттық мемлекетік идеология керек Қазақстанға

    • @zhasmin888
      @zhasmin888 Před 8 měsíci

      Ұлттық. Сөздің түбірі-ұлт.

    • @user-xh8bu5eo1c
      @user-xh8bu5eo1c Před 7 měsíci

      Оттаған әңгіме.

  • @user-jy1nb1dz9i
    @user-jy1nb1dz9i Před 8 měsíci +25

    Өте сауатты адам екен.Әрбір айтқан сөзіне келісіп отырасың.Осындай білімді азаматтар көп болсын.Алла денсаулық беріп жұмыста жемісті болсын.Сұхбат керемет болды.Көзі ашық,көкірегі ояу азаматтарымыз аман болсын.

  • @user-kc8yv3kq2t
    @user-kc8yv3kq2t Před 8 měsíci +122

    Ұлттық идеялогия керек бізге.

    • @user-qn2mj3ri5v
      @user-qn2mj3ri5v Před 8 měsíci +1

      Идеология Кеңес одағында мықтап жүргізілді нәтежесінде ыдырап тыңды . Бізге құндылықтар қалыптастыруымыз керек , заң үстемдік орнау керек, заң тек билік тарапына жұмыс жасамау керек , заң алдында бәрі бірдей болуы керек, ешкімнің саяси көз қарасының ашық білдіргені үшін қудаламбай жазаламбай , өтірік айыптар тағылып сотталмауы керек , әділ сайлау өтуі керек ... Мемлекеттік тіл жалғыз қазақ тілі болуы керек . ... Қазақстан билігінде отқан Тоқаев болсын Депутаттар арасында болсын оларды халық сайлаған жоқ әділ сайлау арқылы халық сайланған ешкім жоқ . Тоқаевті Назарбаев тағаендап кетті Халықты Косанов мазақ қылып кетті алдап сайлауда. Сол Халық сайламаған жүйе басқарғасын елде даму болмайды. Идеология дән пайда жоқ Әділ сайлау болмай

    • @freedomfighter9231
      @freedomfighter9231 Před 8 měsíci

      ​@@user-qn2mj3ri5vДҰРЫС 100% ҚОСЫЛАМЫН 👏👏👏

  • @user-dp2bp1pe1q
    @user-dp2bp1pe1q Před 8 měsíci +68

    Сұхбат өте мықты өтіп жатыр. Заңды күшейту керек. Өз айтқанымен жүргізбеу керек.

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci +2

      При этом демократию хотите)?

    • @user-dp2bp1pe1q
      @user-dp2bp1pe1q Před 8 měsíci +5

      @@west3586 америкада басқа діндер заңға бағвнады деп айтып отыр ғой. Ешкім ойына келгенін істемейді. Мұсылмандықты орнымен ұстау керек. Мем - ке кесірін тигізбеу керек…

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci

      @@user-dp2bp1pe1q енді өзіңіз ой жүгіртіп қараңызшы. Бізді конституция бойынша мем дінге араласпауы керек, дін мемге араласпауы керек. Бірақ бізде мем дінге араласып қысып жатырғо.

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci

      @@user-dp2bp1pe1q біздің мем Дінді жаман қылып көрсетіп соны басқа өз ойы жоқ адамдар жұтып алып дінге қарсы шығып жатыр.

  • @leontybahan2987
    @leontybahan2987 Před 8 měsíci +50

    Алаш ағымын қолдаймын білім ғылымға дәстүрлі дінге жақын❤

  • @user-ol3js2kg7s
    @user-ol3js2kg7s Před 8 měsíci +34

    Мына спикер болып отырған бауырымыздың көзі ашық, білімділігіне риза болдым, рахмет! Алла разы болсын! Мен өзім бес мезгіл намаз оқимын, бірақ бізге сол мұсылмандық пен бірге ғылым, білімнің де өте қажет екенін және өзіміздің төл тарихымыздың, салт-дәстүріміздің де алар орны зор екенін ішкі түйсігім сезіп, біледі.. Бізге осындай көзі ашық, білімді азаматтарды көптеп билік саласына тарту керек деп ойлаймын..

    • @user-ih4ch1kh6w
      @user-ih4ch1kh6w Před 8 měsíci +4

      Дәл ойымды айттыңыз

    • @super9725
      @super9725 Před 8 měsíci +3

      Мен намаз оқим әйелмын жесір жеті балам бар ,мен метискамын ,өзімды қазақпын деп санаймын. өз салтымды тілімды білемын ,баларымда солай ,және қайдан шыққанымызды біліуімыз керек.Баларысды Дини мектептерде оқыттым.өт😊е жақсы тәрбиелы ұлдарым.Ислам дыныңде,Қазақ салтында білімде бірын білып өсу керек .

  • @user-mk5dz8tq7u
    @user-mk5dz8tq7u Před 8 měsíci +59

    Красавчик көп оқыған жігіт екен мықты осындаи азаматтарымыз көп болсын мына азаматқа өте ризамын

  • @user-bj9bw5jb8x
    @user-bj9bw5jb8x Před 8 měsíci +101

    Сұхбат - өте орнықты, әрі, шынайы. Біліктілік пен білім дәрежесі жағынан, қоғам үшін, тәрбиелік мәні жоғары.

    • @askarakashev1913
      @askarakashev1913 Před 8 měsíci +1

      құр сөзден не пайда іс атқарылмаса обектив субектив деп

    • @Drakon91233
      @Drakon91233 Před 8 měsíci

      Осылай айта берсин куима кулак куиып алады акпа кулактан агып кетеди .Дегенмен журналист жарайсын

  • @user-lz9vf3sq9z
    @user-lz9vf3sq9z Před 8 měsíci +19

    Өте білімді ғалым екені айдан-анық көрініп тұр. Нартайда білімді сұрақ қойып отыр. Осындай азаматтарымыз көп болса, елімізді басқа ағымдардан сақтап қалуымыз мүмкін. Кейінгі жастардың көзін ашатын сабақ болды. Осыны көріп ой түйсе екен жастарымыз.

  • @GulsaraTorekhan
    @GulsaraTorekhan Před 8 měsíci +94

    Қазақтың осындай білімді азаматтарының жоғары билікке келуі қажет . Ең кемі облыс басқаруға.

    • @user-zl4kz8yi4n
      @user-zl4kz8yi4n Před 8 měsíci +1

      Онда ғылыммен кім айналысады?Ослай зерттеп халыққа білім беріп жүре берсін

    • @baukaecenbaev9062
      @baukaecenbaev9062 Před 8 měsíci

      Мүмкін президент болар 🙂

  • @rau_wan2697
    @rau_wan2697 Před 8 měsíci +44

    Өте сауатты адам екен! Әр қазақ құлақ асып, елең ететіндей қып айтты. Осындай білікті де,білгір азаматтар көп болсын,елімізде!

  • @user-ih4ch1kh6w
    @user-ih4ch1kh6w Před 8 měsíci +13

    Жалпы тамаша сұқпат болды. Дін туры, саясат туралы орынды айтылды. Бір жақтама кетіп қалған жоқ. Рахмет Сіздерге

  • @leontybahan2987
    @leontybahan2987 Před 8 měsíci +62

    Мына кісі жақсы түсіндірді ашық анық нақты тарихи тұрғыда 👍👍👍

  • @user-sn9mf6ix5h
    @user-sn9mf6ix5h Před 8 měsíci +33

    Өте білімді азамат екен жақсы сұқпат болды тәрбиелік мәні зор

  • @user-gr3fn3rv7i
    @user-gr3fn3rv7i Před 8 měsíci +14

    Керемет сұхпат болды. Түсінген адамдарға, жүйеге дұрыс нұсқау берілді. Ең бірінші, Ұлттық идеолгия керек және ата заңымызды тез уаөытта реттеуіміз қажет!

  • @user-nl9zg4fk8m
    @user-nl9zg4fk8m Před 8 měsíci +62

    Дегенменде Қазақ халқына Ғылым мен Білім жәнеде Салт дәстүр мен Дүние танымды. Жандандыру керек сияқты !!!!

    • @mairanicanbaeva224
      @mairanicanbaeva224 Před 8 měsíci +1

      Ия білім мен ғылым ды көркейтускерек қоё Дінді дұрыс уағыздап Жастарды бахибистер мен бұрыс ағымнан сақтау керек

  • @user-vl8so1bw4s
    @user-vl8so1bw4s Před 8 měsíci +18

    Осындай сұхбаттар көптеп болу керек, қоғамның дұрыс қалыптасуы үшін

  • @user-cc6xl7zd4v
    @user-cc6xl7zd4v Před 8 měsíci +8

    Екеуңізгеде үлкен рахмет керемет үлкен мәселелерді қозғадыңыздар, жан жақтты қыйн кезеңде

  • @user-bo4bh5bc9d
    @user-bo4bh5bc9d Před 8 měsíci +17

    Нағыз Ұстаз деп осындай білімді жігітті айтар едім

  • @meruertdidarbekova1942
    @meruertdidarbekova1942 Před 8 měsíci +30

    Құрметті оқырмандар ДІН ол мына өмірдің инструкциясы ! Өмір сүру ережесі , тәртібі! Діннен қашудың қажеті жоқ! Оны тек көзді ашып оқып ,тану керек булім алу керек! Ой Аллам ай ! Кішкене ойланым көз жүгіртсеңіздерші тіпті әр елдің әр мекеменің әр бір жердің өз заңдылықтары бар тура сол секілді бұл өмірдіңде өз заңдылығы бар ол Ислам ! Кім сол заңға бағынады екі өмірдеде бақыт табады!

    • @user-pu9jb8rw8e
      @user-pu9jb8rw8e Před 8 měsíci +1

      Ең бастысы оқу - бiлiм, ғылым керек даму үшін, ел қатарлы өмір сүру үшін, дiн - қараңғылық, тұңғиыққа кету, надандық, өтiрiк, соқыр сенiм, сылтау еңбектенбеу үшін, үй iшiнен үй тігіп ел iшiне iрiткi caлу

    • @meruertdidarbekova1942
      @meruertdidarbekova1942 Před 8 měsíci

      @@user-pu9jb8rw8e Энштейін дінсіз ғылымды балдақсыз ақсаққа, ал ғылымсыз дінді таяқсыз соқырға теңеген . Діннің ғылымға, ғылымның дінге еш зияны жоқ және бірінсіз-бірі нәтижесіз екені туралы айтқан. Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры болған пайғамбарымыз Мұхaммед Мұстaфa (с.ғ.у.) білім жайында: Ішін­де кіш­ке­не болсада бі­лі­мі (aқиқaты) жоқ aдaм қaңырaп бос қaлғaн ЕСКІ ҮЙ сияқ­ты. Сон­дықтaн, мін­дет­ті түр­де бі­лім aл, жә­не оны бaсқaлaрғa үй­рет, оны шынaйы тү­сін, бі­лім­сіз бұл дү­ниеден өт­пе деген қателеспеңіз!

    • @user-ob4zo7dg8i
      @user-ob4zo7dg8i Před 8 měsíci

      @@user-pu9jb8rw8e 👍👍👍👍

    • @user-gk2ek6qw7p
      @user-gk2ek6qw7p Před 8 měsíci +1

      Далбаса сөз ..дінді жабайы заманда халықты басқару үшін ойлап тапқан..одан жөнделсе Ауғаныстан,Пәкістан,Мен,Африка мұсылман елдері мыңдаған жылдан бері неге жөнделіп кетпейді,жабайы заманда қалып қойған.Мұнаймен байыған елдер есеп емес..Қазір заң мен білім,ғылым,мәдениеттілікке сүйенген елдер дамып,байып кетті..Солар әлемді билеп отыр..

    • @user-fg1lj6fi7s
      @user-fg1lj6fi7s Před 8 měsíci

      АРМЫСЫЗДАР ҚАЗАҚ ЕЛІ .
      ӨТЕ САУАТТЫ СҰХБАТ БОЛДЫ АНЫҚ АШЫҚ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАРҒА ДƏЛ ТҮСІНІКТІ ЖАУАП ҚАЙТАРЫЛДЫ . НАҒЫЗ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ ДІНИ НАНЫМ СЕНІМ БАСҚАДА КӨПТЕГЕН МƏСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ҚОЗҒАЛДЫ . КӨРЕР КӨЗ ЕСТІР ҚҰЛАҚ КЕРЕК . ӨТЕ РИЗА БОЛДЫҚ . ДЕНСАУЛЫҚ ОТБАСЫ АМАНДЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ .

  • @user-lf7dw9zn9x
    @user-lf7dw9zn9x Před 8 měsíci +8

    Өте жақсы сұхбат болды..Білімді Азамат екен....Нартай сізге рахмет.

  • @medetzarepqan5986
    @medetzarepqan5986 Před 8 měsíci +9

    Өте мықты шыққан екен сұхбат 👏👏👏 Жеке басым көп пайдалы дүние алдым. Дәстүрлі отбасы туралы өте жақсы айтты👍 Білімді ағаларымыз көп болсын. Халқымыз сауатты болсын 💪

  • @Sabaq-uc3kk
    @Sabaq-uc3kk Před 8 měsíci +9

    Қазіргі қоғам ауруының диагозын дəл қойып отыр. Өте маңызды, сауатты сұхбат болды. Нартай Аралбайұлы, осы бағыттағы жұмысыңыз жалғаса берсін. Көп-көп рақмет!

  • @zhanarrayeva8838
    @zhanarrayeva8838 Před 8 měsíci +8

    Керемет сұхбат жан жақты ауқымды , өте шебер сөйлеу

  • @qazaqeli1950
    @qazaqeli1950 Před 8 měsíci +22

    Көп жасаңдар!
    Керемет сұхбат болды.
    Дініміз-Ислам. Идеологиямыз-Алаш!

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci

      Білесізбе бұлар біздің ата бабамыз ұстанып келе жатырған Абу Ханифа мазхабын қысқысы келеді.

    • @user-oq4sd1lf6d
      @user-oq4sd1lf6d Před 8 měsíci +1

      Діні Ислам болса орамалға неге қарсы

    • @user-fu6hs1ix4m
      @user-fu6hs1ix4m Před 4 měsíci

      Оттапсың сарт аврам еврей арабтың діні

    • @user-fu6hs1ix4m
      @user-fu6hs1ix4m Před 4 měsíci

      ​@@west3586оттама сарт ханафи уағызшылар , қазақтың ата бабасына ұлтына руына салт- дәстүріне мәдениетіне қарсы .ширк харам айту

    • @user-fu6hs1ix4m
      @user-fu6hs1ix4m Před 4 měsíci

      ​@@user-oq4sd1lf6dхиджаб паранджа нихаб ол орамал емес ислам діні жоқ кезде евпей араб аврам ұрпағы киген киімі .

  • @user-oq3wt9ed4e
    @user-oq3wt9ed4e Před 8 měsíci +25

    Дұрыс, бізге ең бірінші ұлттық болмысымызға бағытталған идеологиямызды дамытуымыз керек.

  • @nur1634
    @nur1634 Před 8 měsíci +5

    Нартайдың сұқпаттарын сүисіне тыңдайсың рахмет

  • @user-sn8wb2qv6j
    @user-sn8wb2qv6j Před 8 měsíci +11

    Өте білімді азамат екен. Жақсы түсіндіріп шықты деп ойлайм.

  • @user-dn7yi1mg2s
    @user-dn7yi1mg2s Před 8 měsíci +21

    Өте орынды 👍🏻✊🏻сәттілік сіздерге.

  • @bekasylalhamov1779
    @bekasylalhamov1779 Před 8 měsíci +9

    Тақырыпты жақсы ашып көрсетті, осындай бiлiмдi ағаларымыз экранға көп шыкса екен.

  • @user-gc2bs2my9q
    @user-gc2bs2my9q Před 8 měsíci +3

    Керемет, сұхбат болды, өте сауатты, мазмұнды сұрақ-жауаптарды тыңдап, қоғамымыздың өміршеңдігін, дұрыс жолда дамуға, болашаққа деген сенімім арта түсті! Алғысымыз шексіз, қазіргі қиын өтпелі кезеңге тамаша білім мен тәрбие мәселелеріне көптеген мағұлматтар алдық! Рахмет!

  • @қазақ-б5к
    @қазақ-б5к Před 8 měsíci +6

    Керемет сұхбат. Сұхбат беруші мықты аналитик екен...

  • @korkemsuleimenova5469
    @korkemsuleimenova5469 Před 8 měsíci +9

    Дурыс аитасыз ,бизге озимиздин ,улттык , идеология ,салт дәстүрін ,сакттау ,керек ,ар улттка еликтемеи

  • @chikatv2966
    @chikatv2966 Před 8 měsíci +7

    Оте керемет сухбат болды.Барин орын орынымен жиктеп берди.Нартай жарайсын.Осындай сухбаттарды жиирек тусир.Когамнын козин ашады.

  • @kuttybaevkyzylbai1012
    @kuttybaevkyzylbai1012 Před 8 měsíci +11

    КУДАЙЫМЫЗ БАР КАЗАКПЫЗ КАРУЛАНГАН КОП ИТТЕРГЕ КАРСЫ БИРИГУІМИЗ КЕРЕК❤❤❤❤❤❤❤

  • @auezsadiev7271
    @auezsadiev7271 Před 8 měsíci +62

    Өте ауқымды, кеңінен талқылап беріп отыр. Меніңше дұрыс айтып отыр. Жақсы!

  • @user-ym5ch5pg8b
    @user-ym5ch5pg8b Před 8 měsíci +5

    Өте жақсы, күшті, керек әңгіме, осы адам бәрін нақты дұрыс айтты. Алаш идеологиясын қолдаймын .....

  • @user-db4my2nt6m
    @user-db4my2nt6m Před 8 měsíci +4

    Маған ұнады.менім ойыммен келеді екен мына кісінің пікірі

  • @user-nm2oy4xn2k
    @user-nm2oy4xn2k Před 8 měsíci +10

    Білімді жігіт екен, рахмет!
    Заң жұмсақ бізде... Неге???..

  • @user-wi4ot1qz7v
    @user-wi4ot1qz7v Před 8 měsíci +7

    Өте керемет әңгіме болды, жақсы мәселелер көтерілді 👍Ия,шынымен көп жақсы нәрселер,ойлар айтылды☝🏻Біздің елдің басты идеясы текті ұрпақ тәрбиелеу☝🏻,жанұяларымыздың қалыптпсуына көп көңіл аударуымыз керек☝🏻ұрпақтарды тәрбиелеуде көп ізденіп,дұрыс болуына көп көңіл бөліну керек!!!!Бұл жерде айналып келгенде елімізде заң жұмыс істелуі керек,әділдік болу керек☝🏻Әлмжеттіке жол берілмеу керек,дәстүрлі отбасы идеялогиясы өте жақсы 👍құптайтын нәрсе!!! Ата мен әженің өз орыны бар да,ата-ананың өз орыны бар!!!Осындай толық ортада өскен бала қашанда өзіне сенімді болады,әрі адамгершілігі,тәрбиелі болады-деп есептеймін!Елімізде кемелденген елдер қатарында болу үшін атқарылатын істер әлі де жеткілікті!!!
    Ол үшін қоғам болып ат салысуымыз керек☝🏻🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊✊🙌

  • @Zake395
    @Zake395 Před 8 měsíci +3

    Өте жақсы сұқбат болды ризамын жараисың Талғат Ж.Ж

  • @user-ej3xm7qs1o
    @user-ej3xm7qs1o Před 8 měsíci +6

    Өте ақылды адам екенсіз ата анаңа шексіз рахымет. Бала шағаның жаксылығын қөрің. Амантай қазак..

  • @user-om9md4hj5c
    @user-om9md4hj5c Před 8 měsíci +6

    Талғат Жакиянов мықты білімді азамат, өкімет осындай мамандарға діни ағымдарды реттеүге басым жол берсе

  • @user-ss6mu1cw1n
    @user-ss6mu1cw1n Před 8 měsíci +5

    Ассалаумағалайкум Нартай аға,сізбен сөйлесетін өзекті мәселе бар еді,арманым сізге сұхбат беру.Қазақ тілінің, қазақ елінің жанашырымын. Астана қаласына жақында көшіп келдім,орысша білмейсің деп біраз жер жұмысқа алмады. Өзім әскери қызметте болдым,одан шығып қалдым. Қазір әр жерде жүрмін. Өзекті мәселелерді сізбен бөліскім келеді,көмек сұрамаймын бірақ Өзекті өртейтін мәселелер көп.Алла разы болсын сізге күтем сізді.Есімім Дәулет Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы мын.

    • @ka1rat.k1
      @ka1rat.k1 Před 8 měsíci +1

      Рухың мықты азамат көрінесің, Нартай кездесуге тырысат деп ойлаймын✊

  • @Kazakstan217
    @Kazakstan217 Před 8 měsíci +23

    Бәрін дұрыс айттың бауырым. Сауатты азамат екенсің. Журналист жігітта сұрақты орынды қояды екен. Керемет сұхбат болды. Жарадыңдар азаматтар.

    • @user-ng1uz8ic6z
      @user-ng1uz8ic6z Před 8 měsíci +1

      Тек қана бұрыннан келе жатқан Ислам дінімен жүру керек басқа діндердің барлығына заң аясында қатаң шаралар көретін заңды тез арада қабылдау керек ертең кеш болады құрметті депутаттар қолға алыңыздар басқа дінге кіріп кеткен топастарды шетелдерге қуу керек сол жақта қалаған діндерін уағыздай берсін ақымақтар

    • @Kazakstan217
      @Kazakstan217 Před 8 měsíci

      ​@@user-ng1uz8ic6zҚандай дін болсада керек емес. Ел болыу үшін. Білім ғылым керек. Ұлтық мүлде жоғары болыу керек. Арабтың діні алысқа алып бармайды. Неге соңша дінге уланып қалдың.

  • @user-jo1bf2pv6p
    @user-jo1bf2pv6p Před 8 měsíci +60

    Ата заңды қатайтып күшпен жою қажет жолынан адасқан аңқау қазақты тура жолға салу кажет

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci

      Тура жол деп нені айтып отырсыз?

    • @AikenAsembaeva
      @AikenAsembaeva Před 8 měsíci +2

      Озге динге лесип ала ауыз болып. Казакты болгиси келетиндерге катал зан шыгарылу керек кыргыздар кижаб кигендерге штраф салу жонинедеги реформасы оте дурыс казактарды озин озине урып сындыратын агашка тенеген бир билимди адамнвн айтканын окыган едим болинбеши казагым урпагымызды динге болип куртпайыкшы

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci +1

      @@AikenAsembaeva сан ғасырлар бойы дін ұстанған ата-бабамыз бөлінген жоқ, немесе араб болып кеткен жоқ. 70 жыл орыстын қол астында болғанда орыстанып кетті. Ал енді шешім шығарып көріңіз діннің кесірінен орыстанды ма ?

    • @user-wl9nj5jr3h
      @user-wl9nj5jr3h Před 8 měsíci

      Тура жолды білмей тұрып тура жол деп қояды

    • @west3586
      @west3586 Před 8 měsíci

      @@user-wl9nj5jr3h сонайтамын

  • @user-my7wb6sh2q
    @user-my7wb6sh2q Před 8 měsíci +4

    Керемет оте пайдалы сухбат

  • @user-mk5dz8tq7u
    @user-mk5dz8tq7u Před 8 měsíci +29

    Өте мықты жігіт әр сөзінде жауап кершілік бар

  • @user-os1ib1hx1m
    @user-os1ib1hx1m Před 8 měsíci +16

    Оте дурыс аитып жатыр

  • @user-hc2kr7nj9s
    @user-hc2kr7nj9s Před 8 měsíci +5

    Оте жаксы сухбат, тек сиз созин боле бердиниз

  • @arthurarys8994
    @arthurarys8994 Před 8 měsíci +7

    Өте білімді адам,қазақстанның дін туралы заңын осы кісіге жаздыру керек

  • @user-cq2uq2xd7j
    @user-cq2uq2xd7j Před 8 měsíci +84

    Үкіметке дін қорқынышты емес Үкіметке мйтнгі қорқынышты қогам белсенділері қорқынышты

  • @user-fj7qi6oc6l
    @user-fj7qi6oc6l Před 8 měsíci +2

    Нартай мен Аман сухбаттары өте керемет, сұрақтары нық!

  • @user-gx9jv8fx7x
    @user-gx9jv8fx7x Před 8 měsíci +19

    Ұлыттық тәрбиені қолға алу керек

  • @user-vk5zz8zg1q
    @user-vk5zz8zg1q Před 8 měsíci +5

    Жақсы сұхбат болды

  • @Kazakhstan2050.
    @Kazakhstan2050. Před 8 měsíci +75

    1. Пенсияға шығу жасы азайтылсын, Аталарға 58 жас, Апаларға 55 жасқа азайтылсын!
    2. Ең төменгі пенсия,пособия, жалақы 150 000 ға көтерілсін!
    3. Утильсбор мен первичная регистрация 5 жылға Маратория жарияланып тоқтатылсын!
    Егер билік осыған келіссе, бірден реально миллиондаған кедей халықтың жағдайы жақсаратын еді!☝️🇰🇿

    • @Mia3401
      @Mia3401 Před 8 měsíci +1

      Өзің сол заңдарды зерттеп, билікке барып үлесіңді қоссаңшы

    • @user-vp8hi7by4f
      @user-vp8hi7by4f Před 8 měsíci +1

      Жане 30 жыл кутесин той-тойлап журе берсен😂😂😂

    • @user-mb8rs5ij3q
      @user-mb8rs5ij3q Před 8 měsíci +1

      Терс.агымдарды.курту.керек..созбен.шешпеи.иске.кирсе.

  • @Kazakhstan2050.
    @Kazakhstan2050. Před 8 měsíci +28

    Қазақстанға, қазақ халқына ең үлкен қауіп ресейден!☝️🇷🇺

    • @Kiqchannel
      @Kiqchannel Před 8 měsíci +1

      Батыстан

    • @edil5647
      @edil5647 Před 8 měsíci

      Ресейден құтылмай оңбаймыз

    • @user-on3im9dq9d
      @user-on3im9dq9d Před 8 měsíci +4

      ​@@KiqchannelҚәуіп барлық жақтан бар сақтанбасаң. Түркілер бірігу керек. Орысыңда, қытайыңда, батысыңда түркілердің бірігіп кетуінен қорқады

    • @Kazakstan217
      @Kazakstan217 Před 8 měsíci

      Қауып іштең. Ұлтын сатып дін қуған дүмшелердең.

    • @gulaltynbekovna6068
      @gulaltynbekovna6068 Před 8 měsíci

      Не толко ресей бүкіл әлем елдерінен

  • @ka1rat.k1
    @ka1rat.k1 Před 8 měsíci +6

    Нареке ! Осындай кең ойлы адамдармен сұхбатың дұрыс.

  • @user-cc6xl7zd4v
    @user-cc6xl7zd4v Před 8 měsíci +4

    Керемет сұбхат болды, әр жағдайдың екі ұшы бар демекші, интернет деген пайдасыда зияныда бар деген осышығар, жан жақтты неше түрлі жағдайлар көбейп кетті, өкіметке оңай емес екен қаншама қыйндықтар бар, ел тыныш болсын Алла тыныштық берсін елімізге

  • @user-mq2nu1vg3p
    @user-mq2nu1vg3p Před 8 měsíci +3

    Қандай керемет талдау рақмеет сізге🎉🎉

  • @user-xv9lv8rd3s
    @user-xv9lv8rd3s Před 8 měsíci +7

    Сұмдық қой, шындық ашыла береді, халық тарихшы. Білімді шыншылдар көбейіп әділ заман болсын

  • @user-hu5sb2hd2w
    @user-hu5sb2hd2w Před 8 měsíci +4

    Міндетті түрде тағыда осындай сұхбат болу керек

  • @user-yv4hd9uz4z
    @user-yv4hd9uz4z Před 8 měsíci +6

    Әдемі жақсы сұхбат болды. Айтып отырғанының бәрі рас. МОЛДАЛАР ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН БИЛІК ЕРТЕҢ ЖАУАП БЕРЕСІҢДЕР ДЕП БІР АЙТПАЙДЫ. ӨТІРІК БЫЛЫҚҚАН БИЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ.
    ҚОҒАМ ҚАЗІР АҚИҚАТҚА ШӨЛІ ҚАНБАЙ ОТЫР. СОЛ СЕБЕПТІ
    ҚОҒАМ ҚАЗІР КІМ АҚИҚАТТЫ АЙТТАТЫН БОЛСА СОҒАН ЕРЕДІ.
    ОҒАН МЫСАЛ.
    НАРТАЙ, РИНАТ, МАҚСАТ, ЕРМҰРАТ АҒА. ОСЫЛАР.
    АНАУ ӘБЛӘЗОВҚА СЕНБЕЙМІН. ОЛ ӨЗ АНА ТІЛІН ӨЗІ ҚАДІРЛЕМЕЙТІН АДАМ.

  • @nurlybeksamekov374
    @nurlybeksamekov374 Před 8 měsíci +5

    Елді біріктіретін ұлттық идеологиялық жүйе керек. Шұғыл түрде қолға алып Алаш қоғамын идеология ретінде дамыту керек. Әмин

  • @user-iq1mz1of9k
    @user-iq1mz1of9k Před 8 měsíci +3

    Жарайсың жақсы пірір талас болды.

  • @user-mg4uu5zo2o
    @user-mg4uu5zo2o Před 8 měsíci +8

    Өте білімді кісі екен...

  • @user-zr4ho3nb3w
    @user-zr4ho3nb3w Před 8 měsíci +49

    Бүгінгі күні қазақтың жауы қазақ, іштен шыққан жау жаман, орысқа бет бұратын қазақ, арабқа бас ұратын қазақ, соған сақ болуымыз керек, ұлттық идеология болмай , кез келген мәселені, басқа ұлттар үшін емес, жер иесі ҚАЗАҚтың мүддесіне сай шешілу керек ,сонда ғана білім мее мәдениет, экономикамыз өркендейді, қалғаны бос сөз

    • @user-de4dj8ql6k
      @user-de4dj8ql6k Před 8 měsíci +3

      Дурыс айтасыз

    • @user-qy5hw8um9g
      @user-qy5hw8um9g Před 8 měsíci +2

      Для айттыңыз ☝️

    • @user-zg7rp5eg7c
      @user-zg7rp5eg7c Před 8 měsíci +1

      Арабқа ешкім бас ұрып жатқан жоқ,сен сияқты надандардың ойы тек

  • @qazaq923
    @qazaq923 Před 8 měsíci +7

    Бізге ең дұрысы Жапонияның ұлттық идеологиясы сияқты идеология керек. Оларда саяси, ұлттық, діни, экономикалық мәселе тек бір ғана ұлттық мүддеге негізделген.

  • @user-mk5dz8tq7u
    @user-mk5dz8tq7u Před 8 měsíci +12

    Всё по полочкам грамотныи мужик

  • @bahitaljanov60aljanovbakit62
    @bahitaljanov60aljanovbakit62 Před 8 měsíci +17

    Осндаи білімді қазақтар қөбеисе жақсы болар еді. Білімді ұлт ешкімнен қем болмайды..дін қаранғы ін деп ата бабаларымыз бекер айтпаған сяқты. Дін əр бір пенденың санасында болу қереқ. Рухани тазалық үшін...

  • @user-es5gv7gy1y
    @user-es5gv7gy1y Před 8 měsíci +15

    Масқара ғой,қанша ағымға бөлініп кеткен исламның өзі.Адамға ешқандай діннің керегі жоқ,Жаратушыға сену керек, болды.

    • @user-ob4zo7dg8i
      @user-ob4zo7dg8i Před 8 měsíci +3

      Галина өте орынды айтасыз.Иә қазақтың миын улап жатқан бір уағызшы. Тек құртуымыз керек.Тәңір жарылқап,әруақ қолдасын сізді.

    • @user-ns4cb7ux4i
      @user-ns4cb7ux4i Před 8 měsíci

      Қорқынышты деп отыра береміз бе?!Үкімет айналысу керек ғой

  • @Kazakhstan2050.
    @Kazakhstan2050. Před 8 měsíci +44

    Қазақстан кеш болмай тұрғанда Кремльдің тұзағы ЕАЭС пен ОДКБ дан шығуы, бауырлас түркі елдерімен әскери, экономикалық одақ құруы керек!✊️🇰🇿🇹🇷🇺🇿🇦🇿🇹🇲🇰🇬

    • @user-on3im9dq9d
      @user-on3im9dq9d Před 8 měsíci +1

      Ия дұрыс айтасың. Сосын батыстан голубойлар елінен аулақ болу керек. Егер Түркі елдері барлық салаларда бірігіп жұмыс жасаса, әлемде мықты ел боламыз

  • @user-le7bf9uk3y
    @user-le7bf9uk3y Před 8 měsíci +2

    Ассалаумағалайкум баршаңызға Қазақ елі Талғат мырза Нартай мырза Алла қолдасын салт дәстүрімізді дінімізді тіліміз дамыту керек

  • @user-en3hw1js3r
    @user-en3hw1js3r Před 8 měsíci +9

    Ассаламалейкум Нартай узын сөздің қысқасы заңды қатайтып бул ағымдарды түб тамырымен қуртпасақ біздің елге өте қауыпты бүл ағымдарды елге кім кіргізгеніде елге белгілі парламент бул тақырыпты көтересін деп ойлаймын.

  • @user-lz8cg9gw8p
    @user-lz8cg9gw8p Před 8 měsíci +7

    Жақсы сұхабат болды. Ашып айтып берді. Дін жағын қатаң қадағалау керек,әйтпесе адамдар басы ауған жағына кетіп жатыр.

  • @user-qn8lt2qj1w
    @user-qn8lt2qj1w Před 8 měsíci +6

    АЛЛА САКТАСЫН, АЛЛА тура жолдан тайдырмасын.Халыққа сана берсін,АЛЛА хидаят берсін.

    • @zhasmin888
      @zhasmin888 Před 8 měsíci +1

      Хидаят миды айырад😂

  • @user-wb1qi7tl5i
    @user-wb1qi7tl5i Před 8 měsíci

    Керемет өте жоғары деңгейдегі білімді ер азамат.Ел, Дін басшылығын осындай кісілерге берсе. Осындай сұхбаттарды көбірек жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. Нартай сізгеде мың алғыс.

  • @qazaq2815
    @qazaq2815 Před 8 měsíci +16

    Қазақ дамимын десе - дінмен емес ғылыммен айналысу қажет!

    • @meruertdidarbekova1942
      @meruertdidarbekova1942 Před 8 měsíci +4

      Энштейін дінсіз ғылымды балдақсыз ақсаққа, ал ғылымсыз дінді таяқсыз соқырға теңеген . Діннің ғылымға, ғылымның дінге еш зияны жоқ және бірінсіз-бірі нәтижесіз екені туралы айтқан. Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры болған пайғамбарымыз Мұхaммед Мұстaфa (с.ғ.у.) білім жайында: Ішін­де кіш­ке­не болсада бі­лі­мі (aқиқaты) жоқ aдaм қaңырaп бос қaлғaн ЕСКІ ҮЙ сияқ­ты. Сон­дықтaн, мін­дет­ті түр­де бі­лім aл, жә­не оны бaсқaлaрғa үй­рет, оны шынaйы тү­сін, бі­лім­сіз бұл дү­ниеден өт­пе. Аллa Тaғaлa топaс, бі­лім­сіз­дер­ді ке­шір­мейді. Аллa Тaғaлa бі­лім­ді тәрк ет­кен құлын жек кө­ре­ді. Бі­лім бaрлық жaқсы­лық aтaулы­ның бaсы, бі­лім­сіз­дік бaрлық жaмaндық­тың қaйнaр кө­зі. Жоғарыда отқан кейбір білімді дөкейлеріміз Алланы танымағандықтан діннен хабары жоқ болғандықтан жемқорлық өршіп талай адамның ақысына кіріп отырған жоқпа?

    • @user-ur4ry7xv4i
      @user-ur4ry7xv4i Před 8 měsíci

      ​@@meruertdidarbekova1942 Энштейн сөзі емес өтірік айтпа . Алаяқтардың сексен пайызы алаяқтар деген бекер емес.

    • @aigulzhunusbayeva3392
      @aigulzhunusbayeva3392 Před 8 měsíci

      ​@@meruertdidarbekova1942өте дұрыс

  • @user-om9md4hj5c
    @user-om9md4hj5c Před 8 měsíci +17

    Арам шөптің түрі көп(клен тал) дер кезінде құртпаса,бой бермей қаптап кететіні белгілі

  • @user-cp1ic5tk3u
    @user-cp1ic5tk3u Před 8 měsíci +7

    Жұма намаздардан кейін әр мешиттерде, неге осындай ой-өрісінды ортаға салып сауаптандыру максатында пікірлесуге болмаспа. Қазақ урпагымыз дың болашағы үшін

  • @user-mq2nu1vg3p
    @user-mq2nu1vg3p Před 8 měsíci +2

    Нартай,рақмеет сізге🎉🎉

  • @Mia3401
    @Mia3401 Před 8 měsíci +10

    Дәстүрлі отбасы азайып кетті, себебі ажырасу көп, өзім үшін (для себя) деп туатындар көп, донор арқылы туатындар көбейді(тегін білмейді бала), ата енемен тұрмаймын, ағайын бауырмен араласпайтындар да көп, отбасының толықтай шет елге көшуі де көп…. Бұдан қайдан бала толық өссін?? Жүрегі бос ұрпақ көбееді, ондай балдарда ұлтқа, халыққа жан ашу, патриотизм жоғалады

  • @user-cu4vf5zh2c
    @user-cu4vf5zh2c Před 8 měsíci +11

    өте сүбелі сұқпат болпты, дұрыс айтады кімде кім өз тарйқын білмесе сол адам ұлытқа зйанды....

  • @user-qk5ux7sr1f
    @user-qk5ux7sr1f Před 8 měsíci +38

    Өзбек ағайындар бір түнде шешті!!! Ал біздің үкімет неге қолға алмай отыр?

    • @user-rp5ge8kh9y
      @user-rp5ge8kh9y Před 8 měsíci +3

      Ол үшін Каримов сияқты нағыз елжанды басшы керек.

    • @user-wb6xy5wo9i
      @user-wb6xy5wo9i Před 8 měsíci

      Ислам Карім ол кісі өз тілін салт-дәстүрін сүйетін Ұлтжанды кіісі болған.

    • @duisenbaiatr7364
      @duisenbaiatr7364 Před 8 měsíci

      Өзбекке жете алмайды бізде үкімет жоқ тек ұрылар

    • @duisenbaiatr7364
      @duisenbaiatr7364 Před 8 měsíci

      Халықты алдаумен келеді

    • @kojekekojeke1688
      @kojekekojeke1688 Před 8 měsíci +1

      ӨЙТКЕНІ ӨКІМЕТ ДОЛЯДА!

  • @bauirimkz8627
    @bauirimkz8627 Před 8 měsíci +19

    Біздің ел сондай ЗАЙЫРЛЫ мемлекет, конституциядағы заңнан мектеп Директорының укімі жоғары!
    Конституцияда діни көзқарасы үшін дискриминация болмайды десе, Мектеп директоры үкімімен дискриминация болады екен

  • @user-zy4ym8rv2y
    @user-zy4ym8rv2y Před 8 měsíci +3

    Оте сауатты азамат

  • @user-ie3qd8ze7g
    @user-ie3qd8ze7g Před 8 měsíci +12

    Мәә мына кісі керемет политик екен, риза болдым!

  • @user-tw8yd5pt1y
    @user-tw8yd5pt1y Před 8 měsíci +14

    Осылар 90 жылдары қаида жүрді түрлі ағым келгенде енді білімді ұстаздар келіп халықтың сауатын ашты жастар өте сауатты дін керек қазаққа

    • @user-ur4ry7xv4i
      @user-ur4ry7xv4i Před 8 měsíci

      Құрып кетші сол ұстаздарыңмен

  • @AibekSerikkaliev
    @AibekSerikkaliev Před 8 měsíci +7

    Халықтың жалақысын,бағагын қымбаттауын,жұмыссыздық,кредиттын пайыздарын азайту туралы койындар сол мәселені шешіндер

  • @saken5800
    @saken5800 Před 8 měsíci +4

    Қойып отырған сұрақтарың АЛЛАның дініне қарсы

  • @user-cj5en3sr2l
    @user-cj5en3sr2l Před 8 měsíci +7

    Осылай сорлап жүруіміздің басты себебі салт дәстүрімізді білмей өсу, Атасы мен Әжесі бар үй қазыналы үй дегеннің мағынасын ұқпаған мәңгүрт тіктің салдары.
    Дұрыс айтасың тарихи тамырымыз жалғасын табуы керек.

  • @user-be1mp6ge2t
    @user-be1mp6ge2t Před 8 měsíci +12

    Ұлтты ұйыстыру ата-бабамыздың салт дәстүрін осы заманға сай насихаттау керек

  • @user-sk8zk3zy7k
    @user-sk8zk3zy7k Před 8 měsíci

    Сұхбат өте күшті болды. Ата-аналарға арнап осы кісі жақсы бір вебинар,кездесу тсс өткізсе

  • @Termofit_br
    @Termofit_br Před 8 měsíci +2

    Өте білімді кісі екен рахмет үлкен 🙌🏻

  • @user-gl8rp7kg1p
    @user-gl8rp7kg1p Před 8 měsíci +16

    Казакмын деген азаматтар биринши өз ата баба тарихын билу керек , китаптын бетин өз тарихын мектеп кезінен ашып окымай егеменди ел болған кезде, баска ағымдарға илесип адаскан акмактарга мемлекеттен аластату керек.буларды тез арада тыйу керек, казактын дастурли озинин динин тарихын оку керек.

  • @user-vx9we9fj1q
    @user-vx9we9fj1q Před 8 měsíci +10

    Алаш идеясын қолдаймын! Алаштықтар елді, жерді, халықты ойлаған кісілер.

  • @user-se7mc8nb3z
    @user-se7mc8nb3z Před 8 měsíci +2

    Оте сауатты екен коринип тур курмет осындай азаматтарымыз кобейе берсын ✊️✊️✊️шындык кай кезде де катты тиеди

  • @user-ok6sk2uk7m
    @user-ok6sk2uk7m Před 8 měsíci +1

    Өте жаксы сухбат. Рахмет. Жастарымыз диплом куаламай билим алса дурыс болар еді.