Say' Bol жаттығуы #2 | Birge Aryqtaimyz | Камшат және Алтынай Жолдыбаева

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 9. 09. 2024
  • Табата жаттығуы | Камшат және Алтынай Жолдыбаева | Say'Bol жаттығуы | Арықтауға арналған жаттығулар | Sau bol | Birge Aryqtaimyz
    [Сау бол] Сәлем достар, қымбатты арулар, қыз-келіншектер! Біздің екінші бағдарламаға қош келдіңіздер! Алтынай екеуміз күделікті жасап жүрген жаттығуларымызбен бөлісейік деп шештік. [Сау бол] Біздің жаттығулар ТАБАТА системасымен құрылған. Өйткені, табата системасы қазіргі сұранысқа ие, актуалды спорттың түріне жатады. Яғни, азғантай уақыттың ішінде тез әрі жақсы нәтижеге жетуге болады. Ол қандай нәтиже десеңіз, ол артық салмақтан арылу, жалпы деніміздің саулығы, төзімділікті арттыру және де жалпы дене бітіміміздің сәндігін ретке келтіру. [Сау бол]
    Біздің бағдарлама 3 аптаға созылады.Әр апта сайын біз сіздермен 3 рет жолығып, бар болғаны 20-25 минуттың ішінде сіздермен басынан аяғына дейін спортпен шұғылданып, терлеп-тепшіп керемет нәтижелерге жетеміз. [Сау бол] Және де біздің 1 бағдараламамыз 4 табатадан тұрады. Әр табатада 2 жаттығу болады. 4 рет қайталап істейміз. Және ортасына 2 минут үзіліс бар.Онымен басымды қатырмай-ақ қойайын. Ең бастысы қазір қасыңызға суды қойып бастап кетсеңіздер, және де қалыспай істеп тұрсаңыздар болғаны. [Сау бол]
    Жалпы достар, бірінші бағдарламадан кейінгі әсерлеріңіз қандай? Бәлкім, бұлшық еттеріңіз ауырып тұрған шығар иә?! Бұлшық еттеріңіз ауырып тұрса, демек сіздің бұлшық еттеріңіз өте жақсы жұмыс жасады деген сөз. [Сау бол]
    Жаттығудан алған әсерлеріңізбен осы жерге бөлісіңіздер қыздар!!! Мен барлығын оқып отырмын, ал видеоның өзіңізге керек бөлігіне тез өту үшін төмендегі уақытты басыңыз.
    01:33 Қыздыру жаттығулары
    1-ТАБАТА
    03:33 1-жаттығу
    05:31 2-жаттығу
    07:20 ҮЗІЛІС
    07:50 Күніне қанша литр су ішу керек?
    08:00 Адам қандай кезде артық салмақтан арылады?
    2-ТАБАТА
    09:18 1-жаттығу (Приседания)
    11:18 2-жаттығу
    13:09 ҮЗІЛІС
    14:40 Табата несімен қызықты?
    3-ТАБАТА
    15:09 1-жаттығу (Жүгіру)
    17:10 2-жаттығу (Іш бұлшық еттеріне жаттығу)
    18:59 ҮЗІЛІС
    4-ТАБАТА
    20:59 1-табатаны қайталау
    23:00 Соңғы жаттығу
    24:50 ҮЗІЛІС
    25:15 Созылу жаттығулары
    Say' Bol жаттығуы #1: clck.ru/GLPHA
    Say' Bol жаттығуы #2: clck.ru/GLPHN
    Say' Bol жаттығуы #3: clck.ru/GLPJJ
    Say' Bol жаттығуы #4: clck.ru/GLPLk
    [Sau bol жаттығу]
    ● Сұрақ - жауап ●
    ► TABATA жаттығулары дегеніміз не?
    - Бұл интервалмен жаттығу принципіне негізделген 4 секундтық қарқынды жаттығу, ол 20 секундқа 8 жаттығу жиынын және олардың арасында 10 секундтық үзілісті қамтиды. Бұл кешенде 3 табата жасаймыз + денені қыздырамыз.
    [Sau bol жаттығу]
    ► Басқа күндерде жаттығулар жасай аласыз ба?
    - Әрине! Дс, Ср, Жм күндері дегенім мысал ретінде келтіргенім. Негізгі ереже жаттығулар арасындағы демалыс күндері! Есіңізде болсын! Бұлшықеттер, денеңізді қалпына келтіруге уақыт қажет!
    [Sau bol жаттығу]
    ► Жаттығу маған өте қиын, не істеу керек?
    - Жаттығуда 3 табатаны орындаймын. Алғашқы 2 аптада 2 табата жасауға тырысыңыз, уақыт өте келе бұлшықеттер берік болады және күшейеді. Содан кейін 3 табатаға көшіңіз. Жаттығулар кезінде жеңілдетілген нұсқаларды көрсетемін. Көмек керек пе? Комментке жазыңыз!
    [Sau bol жаттығу]
    ► Жаттығуды қай мезгілде жасаған дұрыс? Таңертең немесе кешке?
    - Ешқандай айырмашылығы жоқ. 30 минут бос уақытыңыз болған кезде жасасаңыз болады. Ұйқыға дейінгі 2-3 сағатта жаттығу жасамаған абзал.
    [Sau bol жаттығу]
    ► #BirgeAryqtaimyz кешенді жаттығуында қалай тамақтанамыз?
    - Жақсы нәтиже алу үшін дұрыс тамақтану ережелерін ұстаныңыз.
    Жаттығуға дейін шағын көмірсулармен тамақтаныңыз: банан, батон және т.б. Немесе жаттығудан 1 сағат бұрын толық тамақтанып алыңыз.
    Жаттығу кезінде су ішіңіз.
    Жаттығудан кейін алғашқы 20-30 минутта тамақтаныңыз: Протеин + азғантай көмірсулар. Мысалға - протеинді коктейль және бананның бөлшегі.
    [Sau bol жаттығу]
    ► Бұл жаттығуды кімге жасауға болмайды?
    - #BirgeAryqtaimyz кешенді жаттығуы өте күрделі, сондықтан жаңадан бастаушыларға қиындық тудыруы әбден мүмкін. (БІРАҚ! 2 табатомен жасап көріңіз!) Егер артық салмақ көп болса, кейбір жаттығулар мен жылдамдық сіз үшін қиын болуы мүмкін. Әрине, бұл кешенді жаттығу жүкті әйелдерге және 1 жасқа дейінгі балалы әйелдерге арналмаған.
    Instagram:
    / kamshat__zholdybayeva
    / altynaizholdybayeva
    #ТабатаЖаттығуы #SauBol #BirgeAryqtaimyz #КамшатЖолдыбаева #АлтынайЖолдыбаева #Табата #Say'Bol #КамшатАлтынай #saybol #saybolzhattygu #saubolжаттығу #саубол

Komentáře • 460