ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ - 2018

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 27. 08. 2018
  • 2018 жылдың 25 тамызында ҚазҰУ спорт кешенінде запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша білім алған және оқу жиынын өткен курсанттардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өткізілді.
    699 студент оның 72 қыз, туыстары мен жақындарының, университет басшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің қатысуымен өз Отаны мен Президентіне - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысына адалдығына антқа келтірілді.
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов әскери ант қабылдау рәсімін ашу барысында әскери анттың қасиетті сөздерінің маңыздылығын атап өтті, әскери кафедра курсанттары барлық оқу кезеңінің 2018 жылғы түлектерінің, оқу жиынын қорытындылады, сондай-ақ әскери кафедрада оқитын студенттерді ғана емес, солармен қатар ЖОО студенттерін және Алматы қаласы оқушыларын тәрбиелеудің жоспарланған жұмыстары жүргізілетінін айтты. Полковник Олег Ажимов университет және әскери кафедра тарихында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын табысты меңгерген студент-қыздар екінші рет әскери ант қабылдағанын ерекше атап өтті.
    Мерекелік митингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, академик Мұхамбетқали Бүркітбаев, Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының ректоры Жалаири Омрали, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарулы Күштердің ардагері отставкадағы полковник Казбек Мамсуров, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Александр Белянов, Алматы қаласы Маслихатының құрметті депутаты, белгілі қазақстандық байкер Дмитрий Первухин және оқу озаты, дзюдо бойынша спорт шебері Ильяс Ерланұлы сөз сөйлеп құттықтады.
    Мерекелік митинг барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы курсанттары қарумен саптық, қоян-қолтық ұрыс әдістерін мен саптық ән орындау шеберлігін көрсетіп қана қоймай, курсанттар вальсін орындады.
    #Qazaq_askeri_ant_qabyldady #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Komentáře • 1

  • @user-td1iy3em1u
    @user-td1iy3em1u Před 4 lety

    😂😂😂 шагать еткендеріне қара жыртыламшее