ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ: Әл-Фараби музейі

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 20. 07. 2018
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені «Қазақстан музейлері» жобасы аясында Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби музейі жайлы шағын бейнефильмді ұсынады.
    Бұл бейнефильмді түсіру жұмыстары "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.
    Ұзақтығы: 23:30 мин.
    Тілі: қазақша
    Әл-Фараби музейі
    Әл-Фараби музейі - Қазақ Ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің рухани мұраларына арналған.
    Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы - диорамалық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген.
    Олар: «Көне Отырар - естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері - адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан».
    Экспозициялық көрсетілімде данышпан мұралары - философиялық трактаттар, фарабитанушылардың құнды зерттеулері, Отырар елді мекенінен табылған тарихи артефактар, деректер, конференция материалдары және әлемнің ең ірі кітапханалары мен музейлерінен әкелінген баға жетпес жәдігерлер қойылған.
    Музей - жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлы бабамыздың мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа сүйіспеншілікпен жеткізуде және насихат жұмыстарын жүргізуде маңызды жұмыстар атқаруда.
    Диорамалар витриналармен бірге дөңгелек композиция түрінде орналасады.
    Ортада - қымбат тастан қашалған адамзат білімінің өмірлік қайнар көзін сипаттайтын қондырғының үстіне қасиетті құран кітабы орналасқан. Бұл - Адам қолындағы Кітаптың адам жаны мен ақыл-ойына деген ықпалы образды түрде бейнеленеді. Барлық уақытта барша халықтарда, әсіресе, Шығыста, ол - Ақыл, Әлемді ғылыми тануды, ұрпақтар сабақтастығын білдіретін символикалық мәнге ие. «Ғалымның артында оның кітаптары, шынайы шәкірттері, ғылыми жазбалары қалады...», - деген екен Отырардан шыққан ұлы Ұстаз.
    www.kaznu.kz/kz/17913/page
    #Qazaqstan_muzeileri #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Komentáře • 6

  • @doszhanbalabek3734
    @doszhanbalabek3734 Před 6 lety +6

    Жақыпбек ағамыз Әл-Фараби музейіне тамаша саяхат жүргізді. Көпшілік үшін осындай тағылымы мол хабарларды жүргізу осы күннің талабы болуы тиіс. Фильмді жасаған Әл-Фараби арнасының ұжымына да алғыс білдіреміз! Құтты болсын!

    • @farabimedia-kaznu3874
      @farabimedia-kaznu3874  Před 6 lety

      Рахмет, Досжан! Осы фильмнің дыбыс жағынан ақаулар болып, қолайсыздық тудырғаны үшін барлық көрермендерден кешірім сұраймыз. Алда мұндай техникалық олқылықтар қайталанбайтын болады.

  • @user-bc7de7ue8u
    @user-bc7de7ue8u Před 4 lety +1

    Рахмет сізге мен сіздің арқаңызда ертеңгі жбға көп мәлемет алдым. Мен кіттәй болсамда сіздің арқаңызда жақсы мәлемет алдым. Сізге мың алғыс

  • @user-xq4du4hq1s
    @user-xq4du4hq1s Před 5 lety +4

    сіз күштісіз

  • @aigerimkenzhebekovna7362

    Актобе ба

  • @haisha713
    @haisha713 Před 3 lety +1