Video není dostupné.
Omlouváme se.

ҚЫЛМЫСКЕР ЖІГІТ ОТБАСЫН ЖОҒАЛТЫП АЛҒАНЫ ҮШІН БӘРІНЕН КЕК АЛАДЫ | Колония 1997 фильм

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 13. 07. 2024
  • Бүгін біз 1997 жылы шыққан "Калония" деген боевик киноға шолу жасаймыз.Фильмде керемет актерлар қатысады.Достар,бейнемізді аяғына дейін
    көрейік.Ал ондай болса кеттік...
    Жасырын агент Джек Куин деген жігіт бар.Арнайы миссияларды орындап жүреді екен.Тіпті бұндай миссияны билік те білмейді.Жүк камазына мініп
    алып,алды артына қарамай тіке жүре береді.Артынан полиция қызметкерлері қуып келе жатыр.Жүк көліктің ішінде керекті құпия зат бар еді.Соны
    алып келе жатыр.Ақыры Джектің алдынан пойыз өткенде,Джек үстінен көлігімен секіреді.Арттағылар өте алмай қалады.Үш жыл уақыт өтеді.Джек
    үйінде жүр.Оның Кэтрин деген әйелі болады.Жақында ұлды болады екен.Бір кезде үйлеріне,бір агент келеді.Джектің бұрынғы танысы екен.Тағы да
    миссияға келіпті.Джек болса,енді мен болдым деп еді,алайда әлгі агент оны көндіреді.Алдыңғы қауіпті Ставрос деген террорист тағы да бостандықта
    дейді.Жаңағы Джекке келген агент Рим қаласында жүреді.Көлігіне отырып еді,артынан Ставрос пайда болады.Қару тіреп,алға қарай жүре бер дейді.
    Керекті жерге тоқтаған соң,Ставрос көліктен шығып кетеді.Саған сыйлық қалдырдым дейді.Сөйтсе,жарылғыш жабыстырып қойыпты.Әлгі агент
    жарылып кетеді.Джек болса Яз деген қару сататын танысына барады.Язда жаңа қарулар пайда болыпты.Неше түрлісі бар.Осы кезде Джек қолына бір
    затты алып жатқан еді,Яз оны көріп,Джектің қолынан алып қойып,әрі қарай лақтырады.Тіпті кішкентай заттың өзін байқап ұстау керек.Кейін Джек
    өзінің жаңа командасына барады.Жаңа келген адамдар да бар екен.Ішінде бір қыз снайперші болады.Джек оған жаңа қаруын береді.Олар Ставростың
    қайда келетінін біліп алыпты.Сөйтсе,осы түні саябаққа келеді.Барлығы сол жерде өздерінің орындарында тығылып тұрады.Джек болса,дүрбі арқылы
    Ставростың келгенін күтіп тұр.Бір кезде бір әйел Ставросқа жақындап,кішкентай ұлын көрсетеді.Ставрос болса ұлын сүйіп,құшақтап жатады.Джек
    соны көріп ата алмай қалады.Отбасы бар екен ғой деп ойланып қалады.Ставростың қасындағы клеткада тұрған бір жолбарыс,тығылып тұрған Джекке
    қарай қарап қалады.Соны байқаған Ставрос,Джектің снайпер қызын атып түсіреді.Екі жақта осылайша атыс болып кетеді.Себебі,Ставростың да өзінің
    адамдары бар екен.Олар да келіпті.Осы атыста Ставростың әйеліне оқ тиеді.Ұлы болса жерде жатыр.Сол кезде Старвос келіп,ұлын құшақтап әрі қарай
    қаша кетеді.Көп ұзамай Джектің қасындағы адамдар Ставросқа оқ атып,ақыры ұлына тигізіп алады.Баланың не кінәсі бар десеңші.Ставрос болса,
    ұлын қимай қимай әрі қарай қашып кетеді.Перенаталдық бөлімнің ішіне кіріп кетеді.Артынан еріп келіп,Джек те келеді.Ішінде кішкентай нәрестелер
    екен.Сол кезде Ставрус сөйлей бастайды.Сендер менің әйелімді аттыңдар.Бірақ ең қиыны сендер менің 6 жасар ұлымды өлтірдіңдер.Мен қаншама
    адамдарды өлтіріп едім.Бірақ олардың бәрі осындай оңбағандар болды дейді.Олар ең бастысы өздерінің принціптерін ұстанады.Басқаларынан шаруа
    жоқ дейді.Бір кезде Джек сол жаққа қарай ұшып келіп,Ставроспен төбелесе кетеді.Екеуі біраз төбелесіп,Ставрос қашып кетеді.
    Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
    #КиноШолу #ОбзорФильмов

Komentáře • 12

  • @AskatMuhammedjanov-hs5mt
    @AskatMuhammedjanov-hs5mt Před měsícem +1

    Керемет кушти 👍👍👏👏🔥🔥

  • @Nostalgik-Nokturn
    @Nostalgik-Nokturn Před 25 dny +2

    Саламалейкум менын туылган жылымдагы фильм екен 3-4 жасар кезимизде талай видиктен коргенбыз Колония Взрыватель Легионер Репликант т.с.с.

  • @musanurlanuly9772
    @musanurlanuly9772 Před měsícem +2

    Бұны баяғыда кішкентай кезімізде 12 жасыма дейін көрген ем tv дисктен кәйф киро ғой шіркін.

  • @user-zc8rb3my8s
    @user-zc8rb3my8s Před měsícem +2

    Аға Беспредел (2010) деген киноға шолу жасаңыз шы.❤

  • @user-ot3dx9xi4b
    @user-ot3dx9xi4b Před měsícem +1

    Дами беріңіз

  • @QR_ATABEK882
    @QR_ATABEK882 Před měsícem +2

    99❤❤❤❤

  • @QR_XAMPO
    @QR_XAMPO Před měsícem +1

    259❤❤

  • @user-ur7pm1tn2f
    @user-ur7pm1tn2f Před měsícem +1

    Мен 1-ші

  • @Erbo_Khan1
    @Erbo_Khan1 Před měsícem +1

    Ассалау ма алейкум ағасы қалайсыз? Соңғы Самурай атты тарихи фильмге қысқаша видео түсірсеңіз алғысым шексіз болар еді.Ондай шедеврды сіздің көрермендеріңіз көруге лайықты деп ойлаймын😅Алдын ала рахмет аман болыңыз🫂

  • @AbdullaTagaev-u3j
    @AbdullaTagaev-u3j Před měsícem +2

    Кыркыздар барбы