Қазақтарды ояту керек! | Жемқор шенеуніктердің кесірі | “Оян, Қазақ!” | ЕҢБЕК АДАМЫ #37

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 25. 04. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
    🔹Спикер: Әлішер РҮСТЕМБЕК - кәсіпкер.
    «Міржақып. Оян, қазақ !» фильмін кинотеатрлардан көрген боларсыз. Кәдімгідей қазақ киноиндустриясын ғана емес, қазақ қоғамының санасын да дүр сілкіндірген тарихи туынды болды. Кинотеатрлардан арзан әзіл мен дарақы ым-ишараны ғана емес, сапалы, тарихи және бастысы ұлттық рухтың лебі есіп тұрған туындыны тамашалауға болатынын мойындатқан фильм. Комедиялар көшін ысырып, кинотеатрларда қазақы тарих пен тағылымды төрге шығарған фильм. Сол «оян, қазақты» көріп, Міржақыптай, Алаш арыстарындай арда азаматтардың болғанын біліп, патриотизм сезімі қуатта түссін деп, талай жастарды кинотеатрға тегін апарған ұлтжанды азаматтар бар. Кейде сағымға оранып, тым биікте тұрған мақсатқа жету үшін кішкентай қадамдар жасай білу керек. Осы істе соның бір дәлелі. Мысалға, түркістандық Әлішер Рүстембек 250 баланы кинотеатрға апарып, «Міржақып, Оян, Қазақ!» фильмін көрсеткен. Сол Әлішер бүгінгі кейіпкеріміз. Оның өнегелі істері бұл ғана емес. Әлішер талай қазақ жастарының білім алып, жұмысқа орналасуына тікелей ықпал етіп жүрген азамат. Әр қазақ менің жалғызым деген ұранды сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүр. Рет-ретімен өзі баяндасын.
    Қазақстан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің артынан қалған жігерлі һәм тағылымды сөздері баршылық. Соның бірін көпшілік естіп, көқрдіңіздер. Ағамыз: «Менің бір арманым бар. Осы көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Соны қазақтың 5 мың жігіті көтеріп жіберсе, одан артық қандай бақыт керек. Мен соны ойлаймын»,-деп айтқан еді. Бұл біле білгенге қазақтың қадым заманынан келе жатқан үлгілі үрдісі. Кезінде бір бай бір ауылды қолдап, демеп отырған деседі. Қазір де сол идеологияға иек артатын уақыт. Бүгінгі кейіпкеріміз Әлішер де сол ізгі істің ізін сабақтаған жомарт азаматтардың бірі. Ауылында бірнеше кәсіп ашып, жергілікті жастарды жұмысқа тартып, ауылдағы ағайын бір мезгіл спортпен шұғылдансын деп даладағы спорт алаңын, қазіргі тілмен айтқанда стритфоркаутпен айналсу үшін жағдай жасаған.
    Дәуірінің данышпаны Достоевский «мақсатсыз - өмір тұншығады» деген екен. Яки, адамда мұрат болмаса, адасқаның адасқан. Мақсаттың да сан алуан түрі бар. Ең ізгісі, ең асылы - еліңмен астасқан арман. Яғни, өзінің қара басын ғана емес, тұтас елдің болашағын ойлаған адамның мұраты мұнарадай биік. Әлішер де әуелі елдің қамын ойлап, елдің болашағына алаңдап жүрген азаматтардың бірі. Қандай істі қолға алса да, қандай кәсіпті бастаса да елдің кдесіне жараса екен деп тұрады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұстаным да оның бойында бар. Талай жастың белін буып, қанатын қатайтып, демеп жүр. Осындай елжанды азаматтар көп болса дейсің. Әйтпесе, шықберместер шегірткедей қаптап, өзім ғана байысам, өзім ғана тойсам дейтін дүниеқоңыздар бүгінгі нарықтық заманда жетіп артылады. Түйені түгімен, биені бүгімен өңештен өткізіп, ел бюджетінің бүйірін кенедей сорып барып, сотталып жатқан шенеуніктер де халық деген түсініктен ада болса керек. Сондытан, адал еңбекпен еңсесін тіктеп, ауылына, еліне шама-шарқынша қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарды барынша қолдап, көрсетіп, дәріптей білуіміз керек. Жастар соларға еліктеп, соларға ұқсап бақса жаман болмаймыз! «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген.

    “Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 69

  • @NartayAralbyuli

    Көріңіз, таратыңыз!

  • @user-he8yx7qy4e

    Осындай намысшыл азаматтарымыз көп болсын.

  • @user-xz4pc8cl3e

    Жарайсын бауырым жұмыстарың табысты болсын ✊️✊️✊️

  • @user-eu9pj7vl8n

    Айналайын алтын ұл қазақтың мақтанар үлгі тұтар азаматы

  • @mshiturman9450

    Жарайсың батырым Бағың өссін Айналайын сәттілік тілеймін

  • @user-sp3zu6yu9h

    Әлішер жарайсың. Сен сияқты қазақтың жігіттері көп болсын. Әр қашан биіктен көріне бер айналайын.

  • @user-eu9pj7vl8n

    Оян,қазақ фильмі өте бір өмірге құштарлық беретін фильм

  • @user-he8yx7qy4e

    250 баланы тегін киноға кіргізіп жүрген мәрт бала екен.

  • @user-tv2rh8sb3w

    Аллаһу Тағала берекетін берсін!

  • @aryskokpar

    Алла береке берсін🤲

  • @omirzakmusalimov2102

    Короче,казактар, Нартайды президенттигине сайлаукерек...!!!

  • @user-hg5fv9is7g

    Ешқандай ұлт жалқау емес - кей адамдар болмаса.

  • @user-ih8tg4ns7m

    Қазақ азаматтарымыз аман болсын бар болсын 🤲🤲🤲истерине сәттілік тілеймін!!!

  • @user-jk6de9yg3r

    ісіне сәттілік тілейміз ❤

  • @user-eu9pj7vl8n

    Қазақ жақау дегенге өте қарсымын

  • @user-eu9pj7vl8n

    Әттеген осындай балаларды қамқарлығы болған жан

  • @ErdauletSmaknov

    Өте жақсы Басқа елде ұлтан болғанша өз елінде сұлтан болсын деген

  • @Alxamdulilah_shukir

    Алла разы болсын сіздерге жақсы күндер көп болсын

  • @user-eu9pj7vl8n

    Ауылды көтере білген жан

  • @user-eu9pj7vl8n

    Арыс қаласын мынадай ұлдарға еңбек орталығын ашуға мөмкін дік беруінің өзі керемет