Адам өлтіргендер мен қару атқандар қашан жазаланады? | Бұл не сұмдық?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 06. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews
    Қазақстан Республикасының
    Ішкі істер министрі
    Е.С. Саденовқа
    ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
    Құрметті Ержан Сапарбекұлы!
    Бүгінгі депутаттық сауалым Тәуелсіз Қазақстанның заңын аттап өтіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қаперге ілмей, өзінің қуанышын өзгенің қайғысына айналдыра жаздаған тентектердің тірлігі мен өзінің мүлкін өзгенің өмірінен биік қоятындардың әрекеті хақында. Кеше ғана Атырау қаласында қапыда қарапайым азамат қаза тапты. Базарда екі адамның арасында басталған кикілжің барысында алпысқа таяған ағаның аяусыз соққының астында қалғанын бейнежазбадан көрдік.
    Бірнеше мәрте соққы алған азамат ақырында ес түссіз құлап жан тапсырған. Кикілжің марқұмның екінші адамның көлігін сырып кеткенінен басталған дейді куәгерлер. Көлікті сырып кетті деп адамды осынша аяусыз сабауға бола ма? Арты өлімге әкелді. Бұл не сұмдық? Темірдің құны адамның құнынан артық па?
    Құқық қорғау орындары бұл жағдайға қатысты әділ тергеу өткізіп, айыптының заңға сай тиісті жазасын алуын қадағалауы керек!
    Тағы бір қорқытқаны, алпысқа таяған азаматты сабап жатқанын көзімен көріп, бірақ әрекетсіз тұрған адамдардың бейқамдығы. Араша түскенде адам аман қалар ма еді? Бұл да қаперге алатын жайт.
    Елімізде мұндай бассыздықтармен айналысатындардың саны артпаса, азайған жоқ. Өткенде де Қарағандыда дәл осындай бұзақы жедел жәрдем қызметкерін сабап тастаған еді.
    Қазақ «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дейді. Өкінішке орай, тойып секіріп, ақшаның буы ұрғандар өздерін өзгелерден биік қоятын ауруға шалдыққан. Оның емі қатаң жаза ғана. Нақты мысалы күні кеше ғана Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Түрген ауылында болды.
    Үйлену тойының құрметіне серуенге шыққандар автомат пен тапаншадан оңды-солды оқ жаудырып, қаруды кезекпен алып оқ атып қызық қуған. Онысын абырой көріп видео-фотосын әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл дегеніңіз Тәуелсіз елдің Заңын елемеудің, жазасыз қалатындарына сенімді болудың көпе-көрнеу көрініс емес пе?
    Абырой болғанда, қаңғыған оқтан жапа шеккен азамат жоқ. Бірақ үрейленген халықтың көңілі күпті. Себебі сіз бен біздің ата-әжеміз, ата-анамыз, бала-шағамыз, бауырларымыз, отандастырымыз жүретін көшеде қызық қуып оқ жаудыруға кім рұқсат берді?
    Тағы бір сұрақ, ойсыз оқ атқандар автомат пен тапаншаны қайдан алған? Әлде оларға заң, құқықтық тәртіп жүрмей ме?
    Бұл - желіккен жастардың жәй ғана бұзақылығы емес, мемлекеттік тәртіпке, заңға ашық қарсылығы. Халықтан, елдің ішкі қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығына жауапты құқық қорғау органдарынан еш айылын жимай, «Ал, не істеп аласың?» деп дөңайбат көрсетуі.
    Айтпақшы, азаматтардың өмірін қатерге тігіп ауылдың ортасында оқ атқандар бейнекамераға қарап кешірім сұрап жазадан құтылып кетпеу керек. Мұндай тәсілден елдің әбден ығыры шықты.
    Жаман әдет жұққыш келеді. Ертең бұларға еліктеушілер шығып, атыс ұйымдастырса не болмақ?! Сол себепті бұл заң бұзушыларға заңға сәйкес шара қолдану процесі көпке жария түрде жүруі тиіс.
    Аз күнде орта мектеп түлектері, түрлі оқу орындарының бітірушілері аттестат, диплом алу кештерін жаппай атап өтеді. Сол кезде де отшашу жасап, автокөлікпен жарысып жастарымыз апатқа ұшырап жазым болмауы үшін барлық жағдайды жасау керек.
    Түлектермен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.
    «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзі бәріміздің қаперімізде болуы тиіс.
    Қорыта келе, жауапты органдарға келесі шараларды қолға алуды ұсынамын:
    1. Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейтіп, түлектердің кештерінде заңсыздық орын алмауы үшін рейдтер жүргізу қажет.
    2. Прокуратура, Сот-тергеу органдары Атырау қаласы мен Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Түрген ауылында болған оқиғаларды саралап, оған қатысы бар азаматтарға заңға сай қатаң жаза кесуі керек.
    3. Ішкі істер министрлігі қарапайым азаматтардың қолындағы қару-жараққа инвентаризация жүргізіп, олардың заңға сәйкес келмейтіндерін тәркілеу қажет. Және осы саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қатаңдату керек.
    Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап күтеміз.
    «AMANAT» партиясы фракциясының
    мүшесі, депутат Н. Сәрсенғалиев
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 117

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Před 17 dny +16

    Депутаттық сауал! Пікір білдіңіздер!

    • @user-yq8ku2xz3v
      @user-yq8ku2xz3v Před 17 dny +2

      Ассалаумаалайкум. АЙыппұлдарды азайтыңыздаршы. Масқарағоо.

    • @user-vc4st9tz5l
      @user-vc4st9tz5l Před 17 dny +1

      Өте дұрыс

    • @user-rs8vv7ij8g
      @user-rs8vv7ij8g Před 16 dny +2

      Нартай мырза утель алым алғашқы тіркеуді қозғап жүрген азаматтарға қолдау көрсетіңіз сіздің қолдауыңыз ауадай қажет осы жерде

    • @madiyaramirzhan2817
      @madiyaramirzhan2817 Před 15 dny

      Нартай мырза утиль алым мен алгашкы тиркеу туралы сиз жактан да колдау кажет сиакты, себеби казир откизип жаткан отырыстардын ашык болса дурыс болатын еди

  • @askark9029
    @askark9029 Před 17 dny +38

    Дұрыс айтасың☝️. Рас! Қолдаймын!

  • @user-dy6oo6rv3p
    @user-dy6oo6rv3p Před 17 dny +38

    Дұрыс айтасың, адамның құнынан темір артық болып па, жұдырығына сенгендерді қатаң жазалау керек, сақалды діндәрләрді аластау керек, ертең талибандарға есік ашсақ, сорақының көкесі сонда болар. Қазақстан да тек қана ислам, өзінің ата бабадан келе жатқан сенімімізді ұстану керек, басқа дінге жол жоқ

  • @user-eu3lc5ql1b
    @user-eu3lc5ql1b Před 17 dny +13

    Нартай жарайсын
    Айтсан осылай айт
    Айтпасан коя сал
    Гумыр жасын узак болсын

  • @user-xi5jz2er1t
    @user-xi5jz2er1t Před 17 dny +23

    Депутат дурыс айтады. Тура айтатын м1нез1 унады

  • @user-qs2eg2db6t
    @user-qs2eg2db6t Před 17 dny +17

    Скляр мен Шарапиев кетпей ештене өзгермейді !

  • @user-qn3fn3zq5j
    @user-qn3fn3zq5j Před 17 dny +17

    Айтуын дурыс бiрак билiктегiлер терiс тусiнiп терiс стейдi барiн!

  • @user-nx2kh9hk2q
    @user-nx2kh9hk2q Před 17 dny +32

    Бәрекелді Нартай! Кеше осы видоны атырау тұрғыны чатымызға салып қоғамдық талқыға салып бұл істің жазасыз қалмауына атсалысыңыздар деп өтініш айтып еді. Мемлекеттік деңгейде көтеріп жатқаныңыз қуантты

    • @NartayAralbyuli
      @NartayAralbyuli  Před 17 dny +4

      Елмен Біргемін!

    • @user-nx2kh9hk2q
      @user-nx2kh9hk2q Před 17 dny

      @@NartayAralbyuli рақмет! Бар бол!!

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Před 16 dny +1

      Жарайсыз Нартай,нардың жүгін көтеріп,ел мүддесін қорғап жүрген депутаттарға алғыс

  • @timurmantey4387
    @timurmantey4387 Před 17 dny +16

    Бәрекелді

  • @user-xy2kv7rh5j
    @user-xy2kv7rh5j Před 17 dny +18

    Дұрыс. Жазалау керек.

  • @user-yq8ku2xz3v
    @user-yq8ku2xz3v Před 17 dny +16

    Сосын мына штрафтардыда азайтыңыздаршы. Спалашнойды баспайын десең алдында машина бұзылады не масқара

  • @user-ls5wj1zl6v
    @user-ls5wj1zl6v Před 17 dny +19

    Нартай Маралды тағдыры не болды.
    Ондағы ағайындар басшылардан зорлық көріп қиналып жатыр.
    Парламенттің көмегі болама

  • @user-nt5yj4wz6z
    @user-nt5yj4wz6z Před 17 dny +5

    Заңды қатайту керек албаты штраф сала бермей бұзақылық заңды қатайту керек

  • @user-yc7zp7qp8k
    @user-yc7zp7qp8k Před 17 dny +32

    Жәй ғана митингіге шықса қудалап жазаланады, автоматтан, тапаншамен оқ атқандарды неге ұстап түрлерін көрсетпит.

  • @kenjebekqansynov5671
    @kenjebekqansynov5671 Před 17 dny +6

    Ассалаумағаликүм , Осы Заң Орындалғанын қадағалаңыз , 👍👍👍👍👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y Před 17 dny +8

    Белсенділерді қамағанда бәледей бандиттерді қамамай ма активистерді жабылып аңдиды

  • @user-bt2zv5hf4p
    @user-bt2zv5hf4p Před 17 dny +4

    Әп бәрекелді,міне нағыз депутат.Аитса осылаи аитсын депутаттар.

  • @user-by7dh3xy8c
    @user-by7dh3xy8c Před 17 dny +13

    Бос сөз.Ештеңе өзгермейді.Өзгеріс болу үшін жүйені өзгерту керек.Депуттардың айтып жатқанынан өзгерген ештеңені көрмедім.Популизм!

    • @user-oy6po5pk3x
      @user-oy6po5pk3x Před 17 dny

      Осылар неге аштықтан қырылған 3.000.000. миллион қазақтың тағдырын , Желтоқсан , Жаңа Өзен , Қаңтар қырғынын , Отан иесі қазақ халқының Ата заңдағы орыс тілімен қосақтасқан бекіінісін тоқтатып , дербес Мемлекеттік тіл дәрежесін бекіту туралы ұлттық тарихи мәселелерді көтермейді . Екі адамның жеке бастарының арасындағы түсінбестіктен туындаған жанжал өзіне ұпай жинайтын депутат сымақтардан өзге кімге керек !

    • @user-rf8nd2fm4l
      @user-rf8nd2fm4l Před 16 dny +1

      ТЕК ЖУЙЕНИ ОЗГЕРТУ КЕРЕК ОНСЫЗ ЕШНАРСЕ ОЗГЕРМЕЙДИ АЛГА ДВКЮ

  • @user-xp4uo5pu2j
    @user-xp4uo5pu2j Před 17 dny +13

    Маскара не болып барамыз.Аямай жазалау керек.Акшамен шешип кутылып кетпеуин кадагалау керек.Бишимбаетын аягын кушып кетип журмесин.Акшасы бардын бир жери дирмен тартыпты болып журмесин😮

  • @user-pg5zi4yi4w
    @user-pg5zi4yi4w Před 17 dny +5

    Еліміздің қамын ойлайтын ерлеріміз көп болсын аман бол қайда жүрсеңде

  • @user-rf3gi2bv3v
    @user-rf3gi2bv3v Před 17 dny +4

    Өте дұрыс айттың,заң тек кедейге жүрелі,байларға жүрмейді

  • @Kazakstan217
    @Kazakstan217 Před 17 dny +5

    Осының бәрі тәртіп жоқтықтың кесірі. Заң жоқтың қасы. Қарапайым Халық жапа шегіуде.

  • @user-vx8ec9rh3z
    @user-vx8ec9rh3z Před 17 dny +10

    Кезінде қайрат сатыбалды спортпен айналысқан түрме авторитеттерін бәрін салафит дініне тыққанын көзімізбен көрдік өзі бәрін крыщават етті адам өлтіргендер де ақталып шығып кетіп жатты мынау сол салафйт дінін жамылған бандит түрін танып отырмын

  • @user-wc6ii5du3o
    @user-wc6ii5du3o Před 17 dny +6

    Супер депутаттық сауал болсада жауап жоқ қой😂

  • @azzamnomad872
    @azzamnomad872 Před 17 dny +10

    Дүрыс талап.

  • @user-vj8ee6ci4c
    @user-vj8ee6ci4c Před 17 dny +3

    Дұрыс айтасың

  • @mariyashamenqyzy1175
    @mariyashamenqyzy1175 Před 17 dny +7

    Қатаң жазалану керек, ақшалылар есіріп кетті

  • @user-je9ss9cg6n
    @user-je9ss9cg6n Před 17 dny +3

    Көшеге шығу керек болды басқа амал жоқ

  • @user-xw9hv2bu5p
    @user-xw9hv2bu5p Před 17 dny +4

    Отте дурыс айтасыз

  • @user-rp9zm4zc6u
    @user-rp9zm4zc6u Před 17 dny +5

    Рахмет баурым , оте дурыс айтады

  • @turanalem9599
    @turanalem9599 Před 17 dny +9

    Саденовтын быр кулагына кырып екыншы кулагынан шыгып кетеды.

  • @tlesheskaliev3705
    @tlesheskaliev3705 Před 17 dny +7

    Заң жоқ Қазақстанда.ақшага сатылады кез келген сотыңда.прокурорыңда.полицияңда

  • @user-ji4qb5hy4j
    @user-ji4qb5hy4j Před 16 dny +2

    Дурыс нартай бауырым.енди жемкорлыкка ату жазасын кабылдаса

  • @rozabattl2351
    @rozabattl2351 Před 17 dny +3

    Депутаттар осындай адам, қоғам, халық өміріне, мемлекеттің құқықтық әлеуетіне қатысты маңызды сауалдарына құзыретті органдар тарапынан іске асырылған іс-шара, қабылданған құжаттар, берілген жауап жөнінде халықты хабардар етіп отырғаны абзал.

  • @Kzt08
    @Kzt08 Před 17 dny +9

    Ассалаумағалейкум Нартай неге Қазақстандағы Алакөл, Каспий, Балхаш сияқты демалыс орталықтарында Үй АРЕНДА күніне орташа есеппен 50-70 мың теңге. Неге Турциядан Дубайдан қымбат? Осыдан кейін Қырғыздарға барып ақшаны соларға шашып кетеді бәрі

    • @Kzt08
      @Kzt08 Před 17 dny

      Осыны көтерсеңіз дұрыс болар еді Туризм қалай дамиды Дубайдан қымбат болса

  • @user-cv3tb9dy9o
    @user-cv3tb9dy9o Před 17 dny +2

    дұрыс айттады

  • @tlesheskaliev3705
    @tlesheskaliev3705 Před 17 dny +5

    Ақша болса құтыласың Қазақстанда.барі сатылады

  • @user-yg1tu4vn8s
    @user-yg1tu4vn8s Před 17 dny +3

    Мұндай жайтқа куә болып араласып ажыратып алғандар да заң алдында кінәлі болып қалып жатыр ғой қазір.

  • @user-jd2vs7fj6o
    @user-jd2vs7fj6o Před 17 dny +5

    Бай мен кедей тенестіру керек.Арам ақша тапқандарды болдырмау керек.

  • @user-vc4st9tz5l
    @user-vc4st9tz5l Před 17 dny +2

    Жүрегің Алла Қазақ отаным деп соқсын сонда жапарием қолдаиды 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m Před 15 dny

    Нартай дұрыс, нақты айтты - тыңдайтын құлақ, орындайтын ниет болса. Өзгені жарылқаймыз деп жүріп, өзіміз опық жемейік

  • @user-iv3sn5rk2s
    @user-iv3sn5rk2s Před 17 dny +3

    заны алсиз, орындай алмайтын мемлекеттик аппаратымыз бар мемлекетте омир сурип отырмыз

  • @user-wy4ne8zh9f
    @user-wy4ne8zh9f Před 14 dny

    Нардай өте дұрыс .Осындай астамшылық жасағандарға жазасын жақсылап берсін

  • @user-ub9og1od8t
    @user-ub9og1od8t Před 17 dny +4

    Думан ды неге аитпаисындар бостандық берілсін.

  • @user-dv6oh4qf4y
    @user-dv6oh4qf4y Před 17 dny +4

    Показуха ғой белгілі нәрсені айтады мықты болса Думандарды босату керек деп айтпай ма , үй салуға жер беріңдер деп айтпайма ,завод,фабрикалар қайда?

  • @user-uk2qi4uk3g
    @user-uk2qi4uk3g Před 17 dny +3

    Барь быр Акша мен кутыла салады Кантарда кыргандарды кым жауапты
    Сонда 😮

  • @user-tx7hk6bs1y
    @user-tx7hk6bs1y Před 17 dny +4

    Бул баягы журналист сиякты сойлеп жатыр, денгейи оте томен, кур айгайлап козге тускиси келеди, брак коринип тур ештене тусинбейтини.

    • @sayasat1
      @sayasat1 Před 17 dny +2

      Нұр-пропагандист қой. Халық көтеріліп кетпесін, ұстап тұрсын деген мақсатпен Тоқаев осындай ораторларды Мәжіліске кіргізген.
      Депутат емес, депутаттың рөлін ойнап жатқан әртіс

    • @user-rf8nd2fm4l
      @user-rf8nd2fm4l Před 16 dny +1

      БУКИЛ САЯСЫ ТУТКЫНДАРДЫ БОСАТСЫНЕГЕР.БИЛИК АДАЛ ЖУМЫС.МТЕП ЖАТКАН БОЛСА

  • @user-nx3ji1bk1h
    @user-nx3ji1bk1h Před 15 dny

    Қолдаймын

  • @user-kt2kp8dn3e
    @user-kt2kp8dn3e Před 16 dny

    Дурыс айтасың, катыгездикпен урып соғу, зорлық зомбылық жасайтындардың баринин жоғарыда ,кукык коргау органдарында қызметте отырған таныстарына сенип ойларына келгенін истеп жаткандары каншама, ондайларға кеширим берилип,сосын дым болмағандай жайбарақат журеди,

  • @estaieseke504
    @estaieseke504 Před 17 dny +1

    Өкінішке орай бұл біздің Қазақстан Ауғанстанан еш айырмашылы жоқ екенін көрсетеді демек ол балалардың ішкі істер минстлігінде немесе оданда жоғарғы жерде отырған тірегі бар деген сөз аймен күннің аманында оқ жаудыру дегенді түсіне алар емеспін.!

  • @user-qj5vz3hb1g
    @user-qj5vz3hb1g Před 17 dny +3

    Нәтиже жоқ.

  • @user-gd3ew9gq2d
    @user-gd3ew9gq2d Před 17 dny +2

    Оте дурыс ортамыздагы халкынын жанашыры шындыкты ашып аиткандарды камап жатыр булда дурыс емес ел басына кун туса елди коргаитын азаматтарымыз калмауда сонда окмет палекор уры наркоман терис агымда жургендерге сенип отырганыма

  • @aspan5468
    @aspan5468 Před 17 dny +9

    Нартай, өсы сен президентке сайлансаң, мен дауысымды саған беремін👍✊

    • @OspanUtegenov-tk9lp
      @OspanUtegenov-tk9lp Před 17 dny

      Соған.сеніп.отсба.белседілерді.неге.козғампды.мсалы.думан.мканметкарім

  • @user-yx7pe8lg4n
    @user-yx7pe8lg4n Před 12 dny

    Бізде тек кісі өлтірмей бейбіт шеруге шығып шындықты айтқандарды соттаймыз,зомбылық көрсетеміз.
    Түйені түнімен жұтқандар,адам өлтіргендер шайқап өмір сүріп жатыр.

  • @tlesheskaliev3705
    @tlesheskaliev3705 Před 17 dny +1

    Қайдагы заң.......

  • @user-gf3mf7ev5j
    @user-gf3mf7ev5j Před 17 dny +1

    Соракылык кашан токтайды,акшалылар билгендерин жасап жатыр.

  • @user-nr1kp3im1n
    @user-nr1kp3im1n Před 14 dny

    Адам Өлтіргендерге Жазасын Бермесе Заңның Әлсіздігі,Құқық Қорғау Органдары Ақша Алса Өлтірген Қанішерлерді Босатып Жібереді,Қазір Әділ Заң Жоқ.

  • @user-rs8vv7ij8g
    @user-rs8vv7ij8g Před 16 dny +1

    Нартай мырза утель алымды қозғап жүрген белсенді азаматтарды қолдауға неге бармадыңыз сіздің қолдауыңыз ауадай қажет ,өтініш аяғына дейін қолдаңыз

  • @user-lb2qx9ee4s
    @user-lb2qx9ee4s Před 17 dny

    Араша жасау керек жазаланды өте дұрысжазасын. Алсын ннгедұрыс жазғызбайсың
    .кім істеп тұр

  • @user-rf8nd2fm4l
    @user-rf8nd2fm4l Před 16 dny +1

    БИЛИКТЕ ЖАУЫЗДАР ОТЫР ОЛАР КУРЫМАЙ ЕШНАРСЕ ОЗГЕРМЕЙДИ НАРТАЙ АТАНА РАХМЕТ РИЗАМЫЗ БАКЫТТЫ БОЛ

  • @user-ld4qq1gq1k
    @user-ld4qq1gq1k Před 17 dny +1

    Өздерінің балалары солай істейді сосын қалай тиым салады

  • @user-xx5tb3po3o
    @user-xx5tb3po3o Před 17 dny +3

    АДАМ ӨЛТІРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНСЫН.
    СОЛ МАСАЙРАҒАНДАРДЫ НЕГЕ ЖАЗАЛАМАЙДЫ ?
    АЛ ОСЫНША ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫНАН ХАБАРЫҢ БАР ЕКЕНҒОЙ.
    ҚАЗАҚТЫҢ ӨРІМДЕЙ ҚЫЗЫ АЙГЕРІМ ЖУРНАЛИС ,ДУМАН МҰХАМБЕТКӘРІМ ЖУРНАЛИС ,ЖӘНЕ СОЛ СИЯЩТЫ ӘДІЛЕТ АЙТҚАН БЕЛСЕНДІЛЕРДІ НЕГЕ СӨЗІҢЕ ҚОСПАЙСЫҢ ?
    ОЛАРДА СЕНІҢ ҚАЗАҒЫҢҒОЙ ЖАНЫМ АУ.
    ИЯ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАЗЫП БЕРГЕНІН СУДЫРАТЫП ОҚИ САЛЫП ХАЛЫҚТЫ АЛЖАРЫСТЫРМАҚШЫСЫҢБА ?
    СӨЗІҢ МАЙДА БӘРІНЕН ХАБАРЫҢ БАР.
    НЕГЕ ЖАҚСЫЛАРЫМЫЗДЫ КӨРМЕЙ БІЛМЕЙ ОТҚАНҒА САЛЫНАСЫҢ ?
    ЕКІ ЖҮЗДІ БОЛМА !
    ШЫН АҚИҚАТТЫ АЙТ !
    МЕН ҚАЗАҚТЫЕ АНАСЫМЫН ,БӘР ҚАЗАЩ МЕНІҢ БАЛАМ.
    СОЛ ҮШІН ӘДІЛДІКТІ СҰРАЙМЫН СЕНЕН ,ТАҚ СЕНЕН .

  • @user-fr7qr9jc5m
    @user-fr7qr9jc5m Před 17 dny +1

    Кыскасы булар кембагалдарга Гана шамасы жетеди. Топастар

  • @user-xf5lq5sz8u
    @user-xf5lq5sz8u Před 16 dny

    Отыз жыл биледіғоии қазақтан шықан ханн😂😂😂😂

  • @user-kt9bo1iq7w
    @user-kt9bo1iq7w Před 17 dny

    Көп сөз бок сөз деген бар казакта, жыр кылып айта бергенше әрекет жасау керек депутаттың міндеті калыктың жогын жоктау, орындау өтірік сөйлегеннен ештеме өзгермейді оны өзіңіз де жаксы білесіңіз,өтірік сөйлеп өскеннен,акыкатшыл болып өлген артык,өтіріктің арты бір тұтам екенін өздеріңіз жаксы екенін білесіздер,Құдайдан коркыңдар Депутатсымактар,бірігіңдер Калыктың тілегін орындаңдар,

  • @user-ll7oq4dp9u
    @user-ll7oq4dp9u Před 11 dny

    заңның әлсіздігі айдан анық

  • @user-wy4ne8zh9f
    @user-wy4ne8zh9f Před 14 dny

    Оқты өздеріне сеніп атып тұр. Қорықпастан.Әбден біліп алған залымдар,қарудыдыда,заңсыз алған болу керек .Бізде бәрі ақшамен шешіледі. Біреу тойып секіреді біреу тоңып секреді деген. Тойынған, басынған екен қару атып.

  • @user-xf5lq5sz8u
    @user-xf5lq5sz8u Před 16 dny

    Қазақтта сөз барғои атам Қазақ аиттқан тірінің билігіі Төреде өлінің билігі Қожада деген олл рассс Төрее туқымы Қазақтты ел қылды өтірік емесс Кереи мен Жəнібек бул шындық булар Төрелер ақ суиеук хан урпағы Шыңғыс урпағыы ақиқат ашыы болады бірақ бул тарихх

  • @user-xf5lq5sz8u
    @user-xf5lq5sz8u Před 16 dny

    Қарадан хан саиласаң басыңдағы бағың кетеді деген осыы

  • @user-nx2kh9hk2q
    @user-nx2kh9hk2q Před 17 dny +9

    Менің азаматтық өтінішім бар. Әлеуметтік желіде уағыз айтып таратуды заңмен тоқтаса деген. Шектен шыққан әсіре діншілдердің уағызы қоғамның бөлетеніп кері кетуіне себепші.

    • @Kazakstan217
      @Kazakstan217 Před 17 dny

      Міне нағыз азамат. Дұрыс айттың бауырым. У ағыз деп аты айтып тұрғой. Халықты улап болды бұлар.

  • @ibragimzhumyrtai8129
    @ibragimzhumyrtai8129 Před 16 dny

    Автозауыттарға қашан сапар басталады. Өтелалымға қашан атсалысасыз. Бастаған ісіңіз өтелалым еді ғой, аяқсыз қалмай ма?

  • @olzhaskozhakov4414
    @olzhaskozhakov4414 Před 15 dny

    Нартай бауырым утильсбор не болды???? Что то тып тыныш болып қалдыңызғо. Бірге ауыз жаласып кеткен жоқсызба???

  • @user-er5dr4zh7m
    @user-er5dr4zh7m Před 12 dny

    Тартипке барлыгы дейсин барлыгы емес бас иетин, Бишимбаев секилди айуандар коп, барине к. коятын

  • @user-rb8gi5sn8i
    @user-rb8gi5sn8i Před 17 dny +3

    Сабақта отырған баладай зырылдатып тақпақ айтқанша тойға неге шектеу қоятын заң шығармайсыңдар қазақтың тойы шектен шығып заң бұзуға дейін барып жатыр және ақша жоқ жұмыс жоқ дей тұра несиеге той жасаймыз

  • @user-hp6jg1og1k
    @user-hp6jg1og1k Před 17 dny +1

    Надо срочно,срочно,срочно.Закрыть и Списать все мошеннические,потребительские онлайн кредиты и заимы в банке.За правду и справедливость.Алга Казахстан.

  • @user-uv9rr9hj1m
    @user-uv9rr9hj1m Před 17 dny

    Кәзір арасына түсем деп кінәлі боласың ғой

  • @user-bs2nc5iq9v
    @user-bs2nc5iq9v Před 15 dny

    УТИЛ НЕ БОЛДЫ БРАТ.

  • @user-vd2hv8ji6z
    @user-vd2hv8ji6z Před 16 dny

    Зан асер етпейди акша шешеди маселени токаев путлердин истегенин истейпин адам.

  • @user-lg2th8ke1m
    @user-lg2th8ke1m Před 16 dny

    Неге сен асланды интервюга тартпайсын мухити тартынго че там или слабо а сонда не болды Алаш отирик тонаган диди халыкты сонда Ким отирик айтып тур ыгыр шыкан Алда мне коресндер 5жыл максимум кораны кокеси Сол кезде болады барин билесинде не ушын дамымаймыз халыкты далбаса коресндер отирик кино ойнамандар

  • @user-nl2nu5zu8d
    @user-nl2nu5zu8d Před 17 dny +3

    Киноларын шаршатып жиберди результат Кайда?