Жаңа уағыз / Жарқын Мырзатай ᴴᴰ / Алланы жақсы көрудің белгілері қандай?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 07. 2023
  • Жарқын Мырзатай ᴴᴰ
    Алланы жақсы көрудің белгілері қандай?
    Көпшілік адамдар Алланы және Пайғамбарын (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көреміз деп айтады. Тілмен айту жеңіл. Бірақ, тілмен ғана айтылған сөз қаншалықты рас? Нәпсінің алдауына түсіп қалып жатқан жоқпыз ба? Өз-өзімізді алдамас үшін осы бір белгілердің бойымызда бар-жоғына назар салып, Аллаға деген махаббатымызды мынадай жолдар арқылы өлшеуге болады: 1. Алла Тағаламен жолы,уға құштар болып өмір сүру. Әрі соған үнемі соған дайындықта жүру. Алланың дидарына ынтық жан Оны жолықтыруға құштар болары хақ. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Алламен жолығуды жақсы көрсе, Алла да ол адаммен жолығуды жақсы көретін болады» (имам Бұхари, Муслим). 2. Алла жақсы көрген істі өзі жақсы көрген істен артық санау. Алланың бұйырғандарына бойұсынып, тыйғандарынан тыйылу. Нәпсі қалауына берілмеу, жалқаулықтан аулақ болу. Алланы жақсы көрген адам күнә жасамайды. 3. Алланы жақсы көріп, Оның бұйрығын орындау айтқан сөзіміз бен жасаған іс-әрекетімізде және мінезімізде көрініс табуы керек. 4. Алла Тағаланы үнемі жадында ұстау. Оның бақылауын сезініп жүру. Адам баласы жақсы көргенін ешқашан естен шығармайды. 5. Оңашада Алла Тағаланы еске алып, Құран оқуға құштар болу. Түнгі тыныштық пен түнгі ой тазалығының нығметін бағалап, түнгі намаздарға ерекше көңіл бөлу. Алланы жақсы көрудің бір белгісі - оңашада Алланы еске алудан ләззат алу. 6. Алла Тағалаға қатысты дүниелерден басқа ешнәрсеге өкінбеу. Бұл дүниеде бұйырмай қалған нәрселерге кейімеу. Алланы еске алмай өткізген әрбір сәтке өкініп, Алладан кешірім тілеу. 7. Алланың бұйырған құлшылықтарын орындаудан қиналмау. Керісінше одан ләззат алу. 8. Алланың жаратқан барлық пендесіне мейірімділік таныту. 9. Алла Тағаланы жақсы көре отырып, Оның күш-құдіретінен үміттеніп, үрейлену. Кейбіреулер «Алланы жақсы көру Одан қорқуға қайшы келеді» деп ойласа қателеседі. Алланың құдіретін түйсінген адамда Оған деген үміт пен үрейдің болуы заңды. 10. Алланы жақсы көретіндігін жасыруға тырысу. Яғни, алланы жақсы көретіндігін жарияға жар салып айта бермеу. Аллаға құштар болып, Оны Раббым деп разы болу. Аллаға құштар болудың тағы бір белгісі - тек Алланы ғана еске алудан ләззат алу. материал «Ихсан - рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды

Komentáře • 25

  • @myraajikanov4542
    @myraajikanov4542 Před 11 měsíci +18

    1- Пайғамбарды (с.а.с) бәрінен артық жақсы көру; 2-Құранды бірінші орынға қою; 3- адалға/харамға сақ болу ; 4- сахабалардың өмірін үйрену; 5 -

  • @user-zv6ib6rj5m
    @user-zv6ib6rj5m Před 10 měsíci +2

    Аллаһ разы болсын ұстазға

  • @bekzatdaurenbekov2399
    @bekzatdaurenbekov2399 Před 10 měsíci +4

    Алла ұстазды, және оның отбасын өз рахымыңа, мейіріміңе бөлейгөр, Я Раббым барша момың мұсылмандарға өзің жар болагөр, біліп те білмей жасаған күнәларымызды кешірегөр. Аллаһым бізге Жәннәттің төрінде болған Фердаусты нәсіп етегөр, Я Раббым Аллаһым, ата-ана, әке-шешмізге ақ болуымыздан сақтайгөр, ол кісілерге ұзақ ғұмыр нәсіп етегөр 🤲🤲🤲❤️❤️❤️

  • @user-qw7pp4yb2v
    @user-qw7pp4yb2v Před 11 měsíci +3

    АЛЛАҺ ТАҒАЛА разы болсын

  • @erlan502
    @erlan502 Před 10 měsíci +2

    пиқ -пиқ деп. Ұстаз мықты айтты.

  • @serzhanmazhitov6008
    @serzhanmazhitov6008 Před 6 měsíci +1

    Керемет айтады жатка айтады осы устазга катты ырзамын.

  • @user-jp9mw9ed9c
    @user-jp9mw9ed9c Před 7 měsíci

    👍алаға шүкір 🙏

  • @user-ip9vw1us2n
    @user-ip9vw1us2n Před 11 měsíci +3

    Керемет

  • @user-un5ug1xm6p
    @user-un5ug1xm6p Před 11 měsíci +1

    Алла разы болсын

  • @saparkulkulmrzaeva1548
    @saparkulkulmrzaeva1548 Před 11 měsíci +6

    МашАлла Алла тил козден сактасын сози откир осы устаздын. Алланын суйген кулдарынын катарынан болуды насип етсин. 😢 керемет шынайылык.

  • @almashunusbek8034
    @almashunusbek8034 Před 11 měsíci +1

    Барлық шындықты айттыңыз

  • @vizardgame2379
    @vizardgame2379 Před 5 měsíci

    Спасибо Аллаху!! За знакомство с таким иманом. Слава Всевышнему!!!

  • @user-yd3fv8wz4j
    @user-yd3fv8wz4j Před 2 měsíci

    Жететін жеріне жеткізіп айтты

  • @user-xn3ux7lk5j
    @user-xn3ux7lk5j Před 10 měsíci +1

    👍👍👍

  • @xareket_qory_official
    @xareket_qory_official Před 11 měsíci +1

    *Ұстаз сізге алла разы болсын. Ниетіміз түзу болсын. Біздің парақшаға кіріп САДАҚА беруден құр қалмаңыздар. БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!*

  • @dinaraermekova4875
    @dinaraermekova4875 Před 11 měsíci +1

    Кейде ұл болған қандай жақсы деймда мешітке барып намаз оқи алады уағыз тыңдауға мүмкіндігі бар🥹🥲

  • @tulemis_nursat
    @tulemis_nursat Před 11 měsíci +7

    Цензурасыз болмайма Иман Нұры арнасы. Өтініш көп адам түсінбей қалып жүрмесін. Мына адам мешітте тұрып боғауызды жіберіп жатыр ма деп ойлап қалмасын. Ешқандай цензурасыз оригинал нұсқасы болама

  • @sarjum3407
    @sarjum3407 Před 9 měsíci +1

    осы киси неге боктап сойлейди😂 кызык

  • @КаЗаКшАКиНоАлЕмИ
    @КаЗаКшАКиНоАлЕмИ Před 11 měsíci +2

    👍👍👍

    • @user-gm6yu7gp5u
      @user-gm6yu7gp5u Před 8 měsíci

      Басты ауыртпа басқа шаруа жокпа