Video není dostupné.
Omlouváme se.

«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР». Өзбекәлі Жәнібеков. Арнайы жоба

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 01. 2021
  • CZcams-тағы арнамызға мына сілтеме bit.ly/2M6mlcu бойынша жазылып, ең танымал, ең пайдалы, ең қызықты видеоларды тамашала.
    Арнаның ең танымал жобалары:
    -Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
    • Жаңажылдық бағдарлама ...
    - Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy
    - • Айнұр Тұрсынбаеваға ер...
    - Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - • Жаңа Қоныс
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    AppStore - itunes.apple.c...
    Google Play - play.google.co...
    Қазақстан - qazaqstan.tv/
    Facebook - / qazaqstantv
    VK - qazaqst...
    Twitter - / qazaqstan_tv
    Instagram - / qazaqstantv
    Telegram - t.me/qazaqstantv

Komentáře • 63

  • @raicon3379
    @raicon3379 Před 3 lety +41

    Өзбекәлі атамыздың иманы өзі серік болып жәні жәннатта болсын деп дұға қылдым.мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылы атамыздың ағасы Бекманов Махан деген көкеміздің кенже қызын ұзататын тойына келген болатын Шымкент қаласына.ол кезде көкеміз дүниеден өткен еді той тойханада болып мен үйде тағы бір туысқан жігіт екеуміз үйді қарауылдап қалған болатынбыз. Жұрттың бәрі тойға кеткен бірақта көп ұзамай бір жарым сағаттың көлемінде тәтеміз Өзбекәлі атамызды сырқатына байланысты қайта үйге әкеліп жақсы қарауымызды тапсырды. Ол кезде жиырмадағы жігітпіз атамыздың көңілінен шықпай қаламын ба деп бастапқыда сасыңқырадым.сөйтсем күмәнім бекер екен атамыз көпшіліктегі у шуды сырқатына байланысты көтере алмағанын айтып мүмкін болса жақсылап шай демдеуімді тапсырды. Мынадай елге танымал ірі тұлға атамызға шай демдеп ол кісімен бір дастархан басында отыру мен үшін үлкен бақыт әрі мақтаныш еді.қазақтың пейілі кең дастарханы мол емес пе той болатын үйде бәрі бар лезде дастарханды дайындап әлгі жігіт атамыз мен үшеуміз шайға отырдық.Содан атамыз кімнің баласы екенімізді сұрап білгеннен соң өзінің басынан өткенін ата бабаларымыздың жүріп өткен жолынан шолу жасап соңында Түркия елінен елшілікте өзінің итін алып қайта алмай қатты қиналғанын айтып бергенде атамыздың әңгімесіне ұйып той бітіп үй иелерінің келіп қалғанын білмейде қалыппыз. Жақсымен өткізген бір күнің өмірге азық демекші ол кісімен болған үш сағаттық таныстығымыз маған дұрыс жолда жүруіме ақ пенен қараны жаман мен жақсыны оңымен солымды тануға көп көмегі тиді.сол үшін де филмді түсірген кісілерге атамыздың өмір баянымен тереңірек таныстырғанына үлкен рахметімді айтамын.Елінің салт дәстүрін мәдениетін дәріптеуден жалықпаған Өзбекәлі атамыздың қабірі баптардың бабы Арыстанбаб бабамыздың кесенесінің тура жаныннан бұйыруы тегін емес деп ойлаймын.Жолдарыңыз түсіп бара қалсаңыздар ол кісінің аруағына дұға қылуды ұмытпаңыздар. Әлжан.

    • @moldirshuga1755
      @moldirshuga1755 Před rokem +6

      Керемет❤

    • @user-yd8ie3um6g
      @user-yd8ie3um6g Před 6 měsíci +1

      Әмин 🤲

    • @amantayainabekova6816
      @amantayainabekova6816 Před 6 měsíci +2

      Тамаша осындайғибратты әңгіме көбірек болсын. Өзбекәлі втамыз біздің мақтанышымыз.

    • @user-zp5dm5jz2d
      @user-zp5dm5jz2d Před 5 měsíci +1

      Әлжан аға, ассалаумағалейкум! Санжар Керімбай ағамызбен хабарласып, әңгіме желісін айтып берсеңіз. Ол кісі Өзағамыз жайлы кітап жазып, дәріптеп жүр. Бұл оқиға көпшілікке таныс болар еді.

  • @amantayainabek2723
    @amantayainabek2723 Před 3 lety +22

    Ондай ағаларымыз өмірде өшпес қалдырды. Намысшыл, өз қазағын совет заманында қорғай, қолдай білді. Есалаң ПугачеваныҚазақстанға келіп концерт қойғанда, бізді мазақ қылғаны үшінМоскваға звондап, қазақстанға 20 жылдай жуытпады. Ол ағаның ерлігі бүкіл қазақ жастарына үлгі болу керек. Жаны жанната болсын деп тілеймін.

  • @user-zb9fi4ht4j
    @user-zb9fi4ht4j Před 3 lety +26

    ҚР Ұлттық музейінің "Асыл мұра" залының экспозициясына Ө.Жәнібековтың "Цензор қайшысы" қойылған. Мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Жәнібеков алдына келген құжаттарда қате кетсе, осы қайшымен ортасынан қақ бөледі екен. Ірі тұлға жаза алмайтын журналистерді осылайша жазалайды екен. Мықты талап. Жазғаны қайшымен қиылып түспеуі үшін кім кімнің де сапалы жазуға тырысары анық. Аты аңызға айналған бұл қайшыны Ұлттық музей қорына немересі Әзел Бауыржанқызы тапсырған. Тау тұлғаның өмірі мен қызметіне арналған мына деректі фильмнің шығармашылық тобына және журналист Жазира Елшібаеваға шыгармашылық табыс тілеймін.

  • @user-zp5dm5jz2d
    @user-zp5dm5jz2d Před rokem +16

    Әруағыңнан айналайын, Өзбекәлі атамыздың еңбегі шексіз ғой!

  • @user-re8tg8hy8d
    @user-re8tg8hy8d Před 6 měsíci +8

    Қазақ тарихында ұлтқа қызмет еткен нағыз Мәдениет министрі болған.Жаны жаннатта болсын.Отырарда дүниеге келген тарихи тұлға.Назарбаев кезінде фотоға қатар түскен екен.Соңынан үкіметке жақындатпаған. Еңбегі ұшан теңіз екен.Алматы облысында Шебер ауылында ұйымдастырған Өзбекәлі Жәнібеков екен .Атырауда бір жылдары выставкада көрдім.Шебер ауылынан келген әке мен қызы жасаған бұйымдарын көрдік.Керемет.Алматы,Шымкент кілем тоқиды соны көрдік.Қазақтың қолөнері де керемет.Мен орыс тілінен сабақ беремін қазақ баласына.Қытайды,Орысты,Кембридж мақтағанда, қазақ баласы айтады бізге Қазақта не бар соны айт деп. Жаны жаннатта болсын.Еңбегін ұмытпай тізбектеп кітап етіп шығарып,кино түсіріп отырған адамдар.Шындықтың өмірі ұзақ.Халықтың жады ештеңені ұмытпайды.Түркістанда болғанда кесенесінде болдым.Кесенеге кіргенде әдетте адам өлімнен қорқады ғой.Менде өлімнен деген бір қорқыныш жоқ болды.Қазір мына киноны қарап отырып,аудио кітаптарын тыңдай отырып.О,дүниеге де таза совесть ар -ожданымен кеткен кісі екен .Қолынан келгенше қазақ ұлтына адал қызмет еткен.Тарихшы.Халыққа осындай адамдарды үлгі ету керек.Әсіресе,қазақ баласына.Өзбекәлі Жәнібековты зерттеп артына түсіп,өміріне үңіліп өнегесі алса,үлгі етсе өмірлері де жасампаз жаңара түспек. Отырарды көрсем деп ойлайтын едім.Отырарда болдым.Сонда ой келген Отырар төбесі не күнбе -күн ойнап ,ойлап келген адамдарда арман жоқ екен.Нағыз қазақтар дүниеге келетін өңір.Өзбекәліні Өзбекәлі еткен Отырар тарихы.Сөйлеген сөзінен өте жайлы кісі екен Нағыз білім осындай адамдарға қонады.

  • @user-hd3hh9xr7l
    @user-hd3hh9xr7l Před 8 měsíci +7

    Алла тағала Алаш ұранды қазақтың намыстан жаралған жанашыр ұлы Өзбекәлі Жәнібектей асыл текті тұлғасын рақымына бөлесін! Жаратқан иеміз игі жақсымыздың жақсы қасиеттерін жас ұрпаққа жұғысты етсін.

  • @gulbubiadilova1805
    @gulbubiadilova1805 Před 7 měsíci +7

    Қайран ер - ай! Қайран асылдан да асып туған азамат - ай!
    Қайдасыңдар ендігі заманның Өзбекәлісі?!😢😭

  • @user-le6iz1nv4m
    @user-le6iz1nv4m Před 7 měsíci +8

    Керемет. Алла осындай тұлғаларды елімізде көп етсін. Бізде елімізге атамыздай еңбек қылуды мақсат етеміз.

  • @guljazim
    @guljazim Před 8 měsíci +9

    Не деген жүректілік, іскерлік! Қазақтың маңдайына біткен шамшырақ❤

  • @user-vv1uy8mu2m
    @user-vv1uy8mu2m Před rokem +12

    Пайғамбар деседе лайық адам екен.

  • @nurgulkamshybekova
    @nurgulkamshybekova Před 8 měsíci +6

    😢😢😢жатқан жерің жарық болсын! Өзбекәлі Жәнібек атамыз өмірі текке өтпеген тау тұлға болған екен ау?

  • @user-lf8ny7gl4i
    @user-lf8ny7gl4i Před 3 lety +11

    Осы атамызга РИЗАМЫН!

  • @sabitasanov670
    @sabitasanov670 Před 3 lety +10

    Үлкен тұлға ғой Өзбекәлі ақсақал. Бұндай тұлғалар әттең азайып барады. Аллах алдынан жарылқасын, жаны жәннәтта болсын.

  • @sauleesbergenova1108
    @sauleesbergenova1108 Před rokem +11

    Жаным атам жаның жаннатта болсын🤲

  • @gulbubiadilova1805
    @gulbubiadilova1805 Před 7 měsíci +4

    Рухыңыз биікте болғай!
    Дүние - ай, көзім көрген азамат еді.

  • @user-zi4jo2vi7l
    @user-zi4jo2vi7l Před 8 měsíci +4

    Мыннан бир туатын алтын тулга гой бул киси, ширкинай енди осы кисидей асыл азаматтар казак халкынын ортасында коп болсыншы!🙏🙏🙏

  • @user-lz8up8os9p
    @user-lz8up8os9p Před 6 měsíci +2

    Санжар ағайға рахмет осы кісіні мықты тұлға екенін көрсете білген, 2022 күзде инстаграмнан тағдыр тағлым кітапты талдап бәріміз жылап көрдік

  • @user-jy5xd3zm5m
    @user-jy5xd3zm5m Před 7 měsíci +3

    Ултым, журтым, Алашым деген нагыз ултшыл Арда Азамат - Озбекали агамыздын жаткан жери жайлы, топырагы торка болсын!

  • @umittanakozova6882
    @umittanakozova6882 Před 3 lety +10

    Керемет түсірілген екен. Өте қажетті материалдарды көрдім. Көп рахмет ❤️👍

  • @user-uo3uj5xk5n
    @user-uo3uj5xk5n Před 7 měsíci +3

    Кезінде өз деңгейінде бағаланбаған талантты, ұлтжанды азамат

  • @user-pz5ic7vv9o
    @user-pz5ic7vv9o Před 7 měsíci +5

    Недеген жүректілік, іскерлік. Мына кісі тірі болғанда ғой

  • @aizhamalasnova8281
    @aizhamalasnova8281 Před 3 lety +8

    Бала Өзбекәлі ролінде ойнаған жиеніміз Зерек😘

  • @user-lz8up8os9p
    @user-lz8up8os9p Před 6 měsíci +2

    Рухы пейіште болсын атамыздың

  • @moldirshuga1755
    @moldirshuga1755 Před rokem +6

    Керемет❤

  • @user-vs9pz7wi2m
    @user-vs9pz7wi2m Před 4 měsíci +1

    Өз ұлтын сүйген бір адам болса, ол Өзаға! Қарауында қызмет етіп, тәлім алғанмын. Тағдырыма шүкіршілік етемін. “Қазақ киімі” кітабында мен киіп түскен үлгілер бар. Осы мәселеге үлкен мән беріп, оюлардың дұрыс болуына назар аудартып, үйрететін. Керемет, тағылымы туынды үшін рақмет айтамын! Ұмытылмайтын Тұлға!🙏👍🤲

  • @user-zp5dm5jz2d
    @user-zp5dm5jz2d Před 5 měsíci

    Жаратқан иенің қазақтың маңдайына Өзағаңдай тұлғаларды бергеніне мың шүкір!

  • @serikahshaev7183
    @serikahshaev7183 Před 6 měsíci +2

    Елім деген, қамын жеген азамат екен.

  • @user-yt8de4mw9f
    @user-yt8de4mw9f Před 3 lety +6

    Ол кісіні білмеймін! Бірақ көше атын көріп таң қалғаным рас! Бұрын бұл көше 42-ші деп аталатын!

  • @user-wm4fo5ti1r
    @user-wm4fo5ti1r Před 3 lety +16

    Торғай халқы Өз ағамызды арқашан мақтан тұтады

  • @user-dc9bd1re2i
    @user-dc9bd1re2i Před 9 měsíci +3

    Жаткан жерiнiз жайлы болсын

  • @bahtibayaltibaev8964
    @bahtibayaltibaev8964 Před 3 lety +7

    Атам біз жақтың тумасы

  • @almagulyaomarova1285
    @almagulyaomarova1285 Před 4 měsíci

    Өзбек Әлі аға , марқұмның Басында, Алла Жазып ,Үш, төрт, Барып Қайттым, Арыстан баб кесенесі, Қорымында , Жаныңыз Пейіште , Мәңгі Шалқысыншы, Тілеймін, Тәңірім!

  • @user-cy5yc4ob9z
    @user-cy5yc4ob9z Před 5 měsíci +1

    Жаны жәнатта болсын❤

  • @user-mu6tb2wz4z
    @user-mu6tb2wz4z Před 3 lety +9

    Мен өзбек әлә жәнібеков атындағы мектеп те оким

    • @giuzialtzh7087
      @giuzialtzh7087 Před rokem +7

      Тамаша👍
      Олай болса есіңе сақта:
      Жер-су, адам аттары бас әріппен жазылады.

    • @gulbubiadilova1805
      @gulbubiadilova1805 Před 7 měsíci +1

      Ұлы адамның атындағы мектепте оқитының жақсы екен. Бірақ Өзбекәлі Жәнібек деп, қатесіз жаз! Кісі есімін бас әріппен жаз.

    • @nurlantay_21
      @nurlantay_21 Před 5 měsíci

      Сен оңбаған, сауатсыз, топастың осындай ұлы тұлғаның мектебінде оқитыныңа күмәнім бар.

  • @user-ul9tp7vb1u
    @user-ul9tp7vb1u Před 4 měsíci

    Жаныныз жаннатта болсын Агатай

  • @user-kw2vx6zp6w
    @user-kw2vx6zp6w Před 3 lety +5

    Могикандар азайып бара жатыр

  • @user-ds7ey3ph3c
    @user-ds7ey3ph3c Před 4 měsíci

    Жатқан жері жайлы болсын.

  • @user-ew6um1mo4f
    @user-ew6um1mo4f Před 4 měsíci +1

    Казір сол кісіден үлгі алған тәрбие алған адамдар барма неге қазақтысол кісідеи сүимеиді неге сол кісідеиқазаққа еңбек етпеиді бабамыздың жаны жәннәттә болсын

  • @user-wh6jy1mr9n
    @user-wh6jy1mr9n Před 6 měsíci +1

    33:34 өз ағам ау өз ағам

  • @Oqyclub
    @Oqyclub Před 3 měsíci

    Осы ағаларамыз туралы, Санжар Керімбай секілді қызықтырып айтса, жастар жарыса қарау шеді

  • @nurtileybastarbek9251
    @nurtileybastarbek9251 Před 3 lety +2

    Зерек радной красавчик

    • @gulbubiadilova1805
      @gulbubiadilova1805 Před 7 měsíci +5

      радной емес, родной
      Өзбекәлі ұлтын қай жағынан да көтерген азамат.
      Ал сіздің өз тіліңіз жоқ па?!

  • @bahtibayaltibaev8964
    @bahtibayaltibaev8964 Před 3 lety +5

    Менің руласым

    • @gulbubiadilova1805
      @gulbubiadilova1805 Před 7 měsíci +2

      Менің ұлттасым - нағыз Қазақ!

    • @user-xc5yj2mr1u
      @user-xc5yj2mr1u Před 6 měsíci +1

      Рушыл емес, Ұлтшыл бол, Ұлтжанды бол, Ұлтыңның қамын же! Әр сөзiңе абай бол, артық кетпе!

  • @bala7031
    @bala7031 Před 3 lety

    Нажерде мен отырмын ғо

  • @user-dake444
    @user-dake444 Před 4 měsíci

    Келіні қазақша әрең сөйлейді екен

  • @user-dake444
    @user-dake444 Před 4 měsíci

    Ұлыда қазақша әрең сөйлейді