Пигоди по корейски. Кешкі асқа 🔥🔥 идея. Простой рецепт вкусный ужин))

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 06. 2024
  • Пигоди по корейский. Кешкі асқа 🔥🔥 идея. Үлпілдек жұмсақ пигоди дайындаймыз.
    Қамырына:
    200млграмм жылы су
    1чай қасық тұз
    400грамм ұн
    1қасық қопсытқыш
    100гр қант
    Салмасына:
    Жарты қырыққабат
    2дана чеснок
    1 қызанақ
    ет - 200гр
    Жуа 1шт
    дәмдеуіштер (кориандр, қара бұрыш)
    Сәбіз салатына:
    3-4дана сәбіз
    1чай қасық уксус
    🤏тұз
    1шт жуа
    2дана чеснок
    1ас қасық қызыл бұрыш
    Дайындалуы:
    200млграмм жылы суға 1чай қасық тұзды ерітіп алып 400грамм ұн үстіне 1қасық қопсытқыш 100гр қантымызды салып үстінен жанағы тұзды суымызды құйып қамыр илеп аламыз. Иленген қамырымыздың бетін жауып жылы жерге қойып қоямыз. Қамырымыз көтеріліп шыққанша ішіне салатын салмасын дайындаймыз. Жарты қырыққабатты осылай майдалап турап тұз қосып 5-10минутқа қойып қоямыз сосын сығып суынан бөлек етіп аламыз. Үстіне чеснок қызанақты майдалап турап қосамыз. Жуамен етті қуырып, дәмдеуіштерден кориандр мен қара бұрышты 1қасық сұйық майды қосып араластырамыз. Салмамыз дайын. Енді көтерілген қамырымызды алып кішкентай зуалаларға бөліп шығамыз. Мантоварка листтарын майлап, түйген пигодиларымызды листқа теріп шығамыз. Листтарды бір бірінің үстіне қойған кезде арасына мынау сияқты кесе қойсаңыздар пигоди піскен кезде беті келесі листтың астына жабысып қалмайды. Мантоварка астына суық су құйып жоғары отта 50-60минут пісіріп аламыз. Пигоди піскенше сәбіз салатын дайындаймыз. 3-4дана сабізді тазалап теркадан өткізіп тұз ұш уксус қосып араластырып үстінен қуырылған жуаны, чеснокты, қызыл бұрышты қосып жақсылап араластырамыз. Салатымыз дайын. Піскен пигодилармен салатымызды салып дастарханға ұсынаберсеңіздер болады, сіздермен болған Қаламқас, ас болсын.
    #пигоди #корейскийсалат #дәмдіас #салаты #домашняяеда #cooking #food #дәмдітағам

Komentáře •