Таба нан

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 15. 04. 2020
  • Таба нан
    Дүние түгел балқитын,
    Шұғыла шашып таңынан.
    Сағыныш исі аңқитын
    Анамның таба нанынан.
    Шаттық та жиі қонатын -
    Сөнбейді мәңгі санадан.
    Керемет дәмді болатын
    Анашым жапқан таба нан.
    Тағдыры ұқсас осы елмен,
    Түтіннен бұлттар тарайтын.
    Тезектің шоғын, көсеумен
    Табаға сәндеп қалайтын.
    Ол кезде мүлде бөлек ек,
    Ол кезде мұң да - бүтін мұң.
    Иісі қандай керемет
    Тезектен шыққан түтіннің.
    Көктемі көркем, жазы бақ,
    Сағынам сол бір таң нұрын.
    Тезектен қалған ажырап
    Таба нан - менің тағдырым.
    Көктемгі күндей жаңбырсыз
    Мұңаям кейде азырақ.
    Біз де бір бейбақ тағдырмыз
    Ауылдан қалған ажырап!
    Әлібек Шегебай.

Komentáře • 30

  • @user-ec7ov1rm1t
    @user-ec7ov1rm1t Před 2 lety

    Қазан жаппай. Анамыз пісіретін бұрын. Дәмі қандай керемет. Апатай қолыңыз дерт көрмесін

  • @asemzhamanbalaeva3460
    @asemzhamanbalaeva3460 Před 2 lety

    Рахмет, сізге ❤❤❤❤Пісіргенде жазам🖍👍🤷‍♀️

  • @user-gz7of8fn7t
    @user-gz7of8fn7t Před 4 lety +7

    Қаиран аналарымыз 💖

  • @user-md2jo4gj1n
    @user-md2jo4gj1n Před 4 lety +4

    Ас болсын! Қазан жаппаңыз қандай керемет!
    Анам марқұм табанан пісіретін, ауылда тұрғанда. Сағынып кеттім, Аллаһ тағала бір өзі жар болып,жаны жәннәттан болсын!🤲

  • @Baltabai_28
    @Baltabai_28 Před 3 lety +1

    Марқұм анам есіме түсті, жатқан жерің жайлы, топырағың төрқа болсын, анашым.

  • @naziraurazimbetova9620

    Анашым сағындымғой сизди 😭😭😢

  • @seriaka10seria13
    @seriaka10seria13 Před 3 lety

    Аналармы3 Аман болсын

  • @user-og1tk6pu3n
    @user-og1tk6pu3n Před 4 lety +4

    Қазан нанғой менің анамнан аумайт жатқан жері жайлы болсын сағынып кеттім !!!

  • @kazakh_kyzy
    @kazakh_kyzy Před 3 lety +1

    Анамызға мың лайк.

  • @IRONMAN-ls6yp
    @IRONMAN-ls6yp Před 4 lety +3

    Қазан жаппай нан деп айтады біз жақта..👍🏽

  • @user-qd7oo9st3h
    @user-qd7oo9st3h Před 4 lety +7

    Осы әнді тыңдасам анам есіме түседі.Осы ән маған қатты ұнайды, тыңдай бергім келеді.

  • @Kazakh_food
    @Kazakh_food Před 4 lety +2

    Керемееет. Аналар аман болсын

  • @alshynermek
    @alshynermek Před 3 lety

    Какая находчивость! Ма ша Аллах! Гениальное - просто!

  • @user-gx1eb3tc7v
    @user-gx1eb3tc7v Před 4 lety +1

    Сексеулденмин менин де эжем писиретин еди тэтти согымнын сыбагасын мамыр да да жеитин едик Жаткан жери жарык болсын Эже

  • @user-uf1in4qy7q
    @user-uf1in4qy7q Před 4 lety +2

    Жаткан жері жайлы болған Анашым,осылай казан жаппа пісіретін.

  • @user-zw3oi4up9h
    @user-zw3oi4up9h Před 3 lety

    Аналарымыз Аман болсын

  • @irinasmagulow9098
    @irinasmagulow9098 Před 3 lety +1

    Моя свекровь показывала как раньше пекли табанан, но она это делала так же на костре в двух чугунных сковородках - в одну ложила тесто а другой накрывала. Не помню сколько по времени выпекался этот табанан но получался очень необычным и вкусным. 👍

  • @user-he8zn1gr2t
    @user-he8zn1gr2t Před 2 lety +1

    Казан.нан.экэнху.таба.учакни..устои.нав.каналида.коринг

  • @user-cp1qp8iy2c
    @user-cp1qp8iy2c Před 4 lety +1

    Ажем есиме кельди казан жаппайгой ,Сары май жагып жегенбиз 1970 жылдары торт ,бес жасымда ,сол замандарай ,алама терип шарик алатын едик, жамбыр жауса жалан аяк жугирип ,баягы аулай ажелеримиз еске тусип ,жаткан жери жайли болсын.

    • @user-dl3uc7ct1y
      @user-dl3uc7ct1y Před 4 lety +1

      Қандай керемет кездер ай бәрі сағынышпен еске туседі иманды болсын Анашым

  • @user-ji4wu2hn2d
    @user-ji4wu2hn2d Před 4 lety

    Керемет

  • @user-ft8th9ug5e
    @user-ft8th9ug5e Před 3 lety

    Койил

  • @user-kt2hy8qq2j
    @user-kt2hy8qq2j Před 4 lety +1

    Керемет анамыз аман болсын қолы алтын екен.

  • @user-kp8oy4gz9s
    @user-kp8oy4gz9s Před 3 lety

    👍👍👍

  • @sanhotv8385
    @sanhotv8385 Před 4 lety +2

    Туу жаман жегім келіп пешке піскен нанды жерік болып жүрмін

  • @user-vl6ln4vk1c
    @user-vl6ln4vk1c Před 3 lety +1

    Апау жаным наны қандаи дəмді

  • @guliyagulim5437
    @guliyagulim5437 Před 4 lety

    😋🤤👍