«Теміртау» к/ф (реж. Рүстем Әбдірашев, 2013 ж.)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 07. 2020
  • Кіндік қаны тамған туған ауылынан арман қуып аттанған жас Сұлтан металлургтер қаласы - Теміртауға, республикалық жастар құрылысына келеді. Жас өрен уақыт өте Украинадағы Днепродзержинск қаласына оқуға жолдама алып, сол ірі өндіріс ошағынан өзіне жаңа достар табады, тәлім-тәрбие, білім берген ұстаздарына жолығады. Оқуын ойдағыдай тәмамдап, қолына диплом алған Сұлтан достарымен бірге Теміртауға қайта оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды. Алдына айқын мақсат қоя білетін, діттеген биігіне жету жолында қаймықпай, қажымай күресе алатын, көшбасшылық қасиетімен танылып, топ жарған ол Орталық Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинаттың басшыларының біріне айналады...
    Сценарий авторлары: Шахимарден Құсайынов, Рүстем Әбдірашев
    Қоюшы режиссер: Рүстем Әбдірашев
    Қоюшы операторлар: Александр Плотников, Сапарбек Койчуманов
    Қоюшы суретшілер: Сәбит Құрманбеков, Өмірзақ Шманов
    Композиторы: Әбілқайыр Жарасқан Продюсері: Арман Тұрсынбайұлы Актерлер: Нұржұман Ықтымбаев, Нұрлан Әлімжанов, Мәдина Есманова, Наталья Арынбасарова, Бақытжан Әлпейісов, Валентин Гафт, Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров, Мария Голубкина, Дарья Александрова, Жан Байжанбаев, Дәурен Серғазин, Төлепберген Байсақалов, Ержан Түсіпов және басқалары.
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře •