Дүкеннен Тамақ алуға ақшасы жоқ ауыл | Ұлылар туған, қазір қаңырап қалған ауыл | ХАЛЫҚ АЙТСЫН

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 29. 08. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Сайлау #Amanat
    «ХАЛЫҚ АЙТСЫН» арнайы жобамыздың келесі межесіне - Абай облысы, Семей қаласынан 250 шақырым жердегі Қайнар ауылын таңдап алдық. Ауыл тұрғыны комментарийде келуді өтінген соң, арнайы ат шалдырдық. Қайнар ауылы топырағын тепсең талант шығатын қасиетті мекен. Бибігүл Төле­генова, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Сапарғали Бегалин, Ораз Әбішев, Медеу Сәрсеке, Рымғали Нұрғалиев, Сейіт Қасқабасов, Бауыржан Жақып секілді алаштың дара тұлғалары осында туған, ес біліп етек жапқан, болашаққа қанат қаққан. Қазір қоғамда қордаланған проблема көп. Барлық күрмеулі мәселені шешетін уақыт жетті. Оңтайлы шешкіміз келсе - Халық айтсын! “Біз қоғам өмірінде әділдіктің орнауын мақсат етеміз!” - десек Халық айтсын! “НАР ТӘУЕКЕЛ! Баршаға бірдей талап орнатамыз!” - десек Халық айтсын!
    ▪️Атом бомбасының жарылысы салдарынан мүгедек боп туған адамдарға жәрдемақы жетпейді.
    ▪️Радиацияның салдарынан адамдар жаппай дертке шалдығып жатыр. Емдейтін дәрігер жоқ.
    ▪️Ауылдағы аурухана әбден тозған. Іші суық. Маман жетіспейді.
    ▪️Қаңғыбас иттер қаптап кеткен, әкімдік түк бітірмей отыр.
    ▪️Ауылдың іші қалың қар. Адамдар күртік қардан өте алмай жүр.
    ▪️Облыс орталығы Семей мен Қайнар ауылының арасындағы жол өте нашар.
    ▪️Баға өте қымбат, адамдар қарызға тамақ алып күн көріп жүр.
    ▪️Ауылда жұмыссыздық белең алған, жастар жаппай қалаға көшіп жатыр.
    ▪️Ауылда қаңырап бос тұрған үй көп. ▪️Адамдар Қайнарда тұруға құлықсыз.
    Инстаграм: ...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 861

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Před rokem +70

    ▪️Атом бомбасының жарылысы салдарынан мүгедек боп туған адамдарға жәрдемақы жетпейді.
    ▪️Радиацияның салдарынан адамдар жаппай дертке шалдығып жатыр. Емдейтін дәрігер жоқ.
    ▪️Ауылдағы аурухана әбден тозған. Іші суық. Маман жетіспейді.
    ▪️Қаңғыбас иттер қаптап кеткен, әкімдік түк бітірмей отыр.
    ▪️Ауылдың іші қалың қар. Адамдар күртік қардан өте алмай жүр.
    ▪️Облыс орталығы Семей мен Қайнар ауылының арасындағы жол өте нашар.
    ▪️Баға өте қымбат, адамдар қарызға тамақ алып күн көріп жүр.
    ▪️Ауылда жұмыссыздық белең алған, жастар жаппай қалаға көшіп жатыр.
    ▪️Ауылда қаңырап бос тұрған үй көп.
    ▪️Адамдар Қайнарда тұруға құлықсыз.
    «ХАЛЫҚ АЙТСЫН» арнайы жобамыздың келесі межесіне - Абай облысы, Семей қаласынан 250 шақырым жердегі Қайнар ауылын таңдап алдық.

    • @user-ou4zl1fx5n
      @user-ou4zl1fx5n Před rokem +8

      Нартай брат батысқада келсениз жаксы болар еди. Бари жер бардак

    • @user-ou4zl1fx5n
      @user-ou4zl1fx5n Před rokem +7

      Нартай брат молодец. Бари дурыс. Блогер болсаң журналист болсан осындай болындар халқым

    • @user-zx6hh9cs5i
      @user-zx6hh9cs5i Před rokem +1

      8шөққ өз э не ө өз

    • @user-jf3gz6if7v
      @user-jf3gz6if7v Před rokem +1

      Аманат .алдайды.

    • @user-yb2cx1bq1g
      @user-yb2cx1bq1g Před rokem +1

      Сізге аитайын енді екі жарым пайыздық несиені қарапайым халық ала алмайды және ауылға келген кішкентай ауылға келген жас маманды бұрыннан істеп келе жатқан шұқыйды ол қалаға қашады сосын сосын бауырым Нартай сен халықтың адамысың биліктің сойылын соқпа билік кеткенде сен халықтың арасында қаласың сондықтан жетірет олшеп бір реткес сен халыққа керексің

  • @mirumir4998
    @mirumir4998 Před rokem +35

    Мына әйел адам бәрін жақсылап айтып берді. Ризамын.

  • @user-bl8sk1zz1i
    @user-bl8sk1zz1i Před rokem +124

    Ой алла, Семей қаласында отырып, ауылдың ауруханасында онлайн бас дәрігер болып отыр, - деген сұмдық біздің елде ғана болады. Осындайлардың кесірінен халық зардап шегіп кімге айтарларын білмейді. Жарайсың Нартай!

    • @user-fy7gh7gw2z
      @user-fy7gh7gw2z Před rokem +11

      Ой, бұл Әкімбай деген Өте оңбаған, әйелі екеуі де онлайн жұмыс істейді, ақша ғана керек оларға

    • @qwertymmm9954
      @qwertymmm9954 Před rokem +3

      @@user-fy7gh7gw2z Күлпаш қарызды қайтар

    • @zhuma5946
      @zhuma5946 Před rokem +5

      Айналайын қазағым ау барлық ауылдарда адамдар тамақтарын қарыз алып жейді сенбесеңіз Сарышаган станциясына келіп любой дукенге кіріп сураңыз білесіз қалай тамак ішеміз ....кийім кийеміз

    • @qwertymmm9954
      @qwertymmm9954 Před rokem +4

      @@zhuma5946 апай астына джип мініп ақша жоқ деген ұят емес пе сонда

    • @user-nj1cq7hm7g
      @user-nj1cq7hm7g Před rokem +4

      Егер кейбіреулер зейнеткерлікке шығып алып, орнын бермей жұмыс жасай беретін болса, қалған зейнеткерлерге неге мұндай мүмкіндік берілмейді . Бәрінің құқығы бірдей. Олай болса , зейнетке шыққандар өлгенше жұмыс жасауға рұқсат деген қосымша заң шығарылсын !

  • @user-kh3fx9sz4g
    @user-kh3fx9sz4g Před rokem +45

    Жылап отырмын,не деген қиыншылықтар... Нартай ау ,аман болшы. Халқыңның әл ауқатын көтерем деген мақсатың орындалсын! Денсаулығыңа көңіл бөлгін!

    • @user-wj9ze2yg5q
      @user-wj9ze2yg5q Před rokem +1

      Нартай көрсетерсің,жоғарыға ацтарсын, орындау жағы қадай болады.мәсәле орындалуда.Маңғыт аузыңа саңғыт болып, кабинетіңе кіре алмай жүрмелік ,жаңағы пенсиядағы доктор құсап ,ары бері сандалып.

  • @user-rk6hi2hb1l
    @user-rk6hi2hb1l Před rokem +59

    Нартай тікелей халықпен сөйлесіп дұрыс жасап жүр,жарайсың ,мәжіліске барғанда да осы халықтың жағдайын айтудан айныма

    • @user-gm9ue2cw4k
      @user-gm9ue2cw4k Před rokem +3

      Нартай дурыс айтып жатсын.

    • @yayoyo1204
      @yayoyo1204 Před rokem

      Нартай биліктің Дариғаның журналисі.Билік ақшаның, байлықты түгел ұстап отырса жібермегенде. Бұлар Назарбаев кезіндеде Роза Рымбаевалар жағымпаздар қалаларды поезбен аралаған. Түкте болған жоқ сайланып алып өз биснестерін жүргізді қала беоді құры ұйықтап иелерінен аса алмай отырды. Ендігі депудаттар шала сауат ы бұлар киіні , ішініп, өздері жақсы тұрса болды тұсават етіп жүреді. Мақтанып. Басқа түктте бітірмейді.

  • @tokenov_duman
    @tokenov_duman Před rokem +68

    Шкаф есігі құлайтын да осы аурухана . Өз ауылым, мен бұл жақта тұрмасам да. Осындай әлсіз тұстары көп... Сол жақта өмір сүріп жатқан жерлестерімізге жаным ашиды. Тура айтсаң тағы жақпайсың. Сырттан біреу келіп осылай түсірмесе, ескермейді өзіміз деп айтқанымызды. Жассың дейді, басқа дейді. Көрген нәрсені айту үшін ақсақал болу міндетті ме?

  • @user-ns9zu3cj4r
    @user-ns9zu3cj4r Před rokem +84

    Сөз жоқ! Іске сәт Нартай, жұмысың нәтиже берсін, өздерің болған ауыл тұрғындарының батасы мың есе артсын!

    • @user-ft4iv2kc1k
      @user-ft4iv2kc1k Před rokem +1

      👍👍👍

    • @eldosahtekin1358
      @eldosahtekin1358 Před rokem +1

      Урджар ауданы коктал ауылына барыныз не интернет жок жолы жонделмеген ауыз суы нашар

    • @user-jk4bg2qg4w
      @user-jk4bg2qg4w Před rokem

      ОЗЫМНЫН ЖЕРЫМ МАРКАКОЛЬ АУДАНЫ ЖАБЫЛЫП ХАЛЫК КОШЫП АУЫЛ ТОЗЫП ЖАТЫР ОСЫ МАРКАОЛЬ АУДАНЫНА БАРЫП МУН МУКТАЖДАРЫН ТУСЫРЫП КЕЛШЫ УСПЕНКА УРАНЗАЙКА АТАКТЫ МАРКА КОЛЫНЫН ЖАГДАЙЫН ТУСЫРЫП ХАЛЫККА УКЫМЕТКЕ ЖЕТКЫЗШЫ МАРКА КОЛЫНЫН БАЙЛЫГЫН КЫТАЙ ТАСЫП ЖАТЫР КУРОРТТАЙ ЖЕРЫМЫЗДЫ УЛАП АЛТЫН КАЗЫП КЫЗЫЛ БАЛЫГЫН ЕМДЫК ШОПТЕРЫН ЖИДЕКТЕРЫН ТАСЫП ЖАТЫР.МАРКАКОЛ АУДАН БОП АШЫЛСЫН АЙТПЕСЕ КЫТАЙ ПАЙДАЛАНЫП ЖЕР БАЙЛЫГЫМЫЗДЫ УЛАП КУРТАДЫ

  • @aldiyar0079
    @aldiyar0079 Před rokem +59

    Жарайсың, Нартай! Осылай ашық, халық үнін үндей бер!

    • @user-vl2he3fw2k
      @user-vl2he3fw2k Před rokem

      Қарағым! Нартай,жақсы жігіт,тек "Аманат" партия сын қолдап жүрғой.Бұрынғы "Нүр,-Назарбаев" 30жыл қазақ жерін сатып құртқан партия.Соған мәз болып тағда 30 жыл орысша сайрайық.

  • @user-vz5bp4bh9l
    @user-vz5bp4bh9l Před rokem +17

    Нартай алтыныыым.Аузыңа аяқ қолыңа құдайым дерт бермесін әмин.Мынадай жұмыспен жоғарыдағы көкелеріңе ұнамайтын шығарсың.Депутаттыққа жібермей қояр ма екен деп қорқамын.Алла жар болсын нартәуекел.

  • @user-br4gk6iy1f
    @user-br4gk6iy1f Před rokem +6

    Қазағым деп шындықты жыртып айтатын Нартай бауырым саған Алланың нұры жаусын !
    Өзіңдей жандар көп болып , елдің ертеңі үшін ащы шындықта айта берсін . Қолдаймыз .
    Лəйім жолың болсын .

  • @galinaasanova2421
    @galinaasanova2421 Před rokem +24

    Осы мәселелерге баса назар аударғаны жақсы. Мен сені соншалықты белсенді болады деп ойламаппын. Жұмысыңыз сәтті болсын!!!!

  • @janbotaamirjan4532
    @janbotaamirjan4532 Před rokem +13

    Құрметті Нартай Аралбайұлы сізді халық біледі,жақсы қөреді бірақ халық шынымен кімге сенерін білмей қалды.Ендігі үміт сіздерде баяғы жартас сол жартастың күйін кешпейді деп үміттенеміз.✊✊✊✊✊✊

  • @user-bt8mq8dp3f
    @user-bt8mq8dp3f Před rokem +46

    Ауылға барғандарыңыз қандай жақсы, жолыңыз болсын🙏🏻🙂

  • @user-vm4ff8em8r
    @user-vm4ff8em8r Před rokem +5

    Нартай қалайсындар?Әрине осылай жүргендеріңе көп рахмет.Бірақта осылай бір келіп кетгенге, ештене шешілмейді.Бұл тактика баяғыдан барғой. Менім ойынша бір вопрос пен тоқтау керек, Бұл қымбатшылық соны қолға алу керек. Бәрінің бағасы өсіп жатыр,бағаны тоқтатсандар халық соғон риза болады деп ойлаймын.Әрине қазақ тілі тек қана алға!

  • @user-rg5xi1ys6j
    @user-rg5xi1ys6j Před rokem +22

    Жанар апай жақсы айттыңыз! Енді соны тыңдайтын құлақ болса, жақсы болар еді. Больницамыз қаңырап жатыр ғой. Масқара🤦🏻‍♀️

  • @tokenov_duman
    @tokenov_duman Před rokem +36

    Осы өңірден алғаш Консерватория тәмәмдаған жас маман болып ауылыма барып едім. Жарты жыл жұмыс берілмеді. Ер жігіт туған жеріне , ит тойған жеріне дейді. Кейде ішіміз ашиды. Басқа өңірде оқытып жатқан оқушыларым сияқты, өз ауылымнан талантты шәкірт дайындағым-ақ келіп еді...

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před rokem +28

    Жарайсыңдар халық талабы орындала берсін

  • @user-jv4wh7wc1p
    @user-jv4wh7wc1p Před rokem +14

    Қандай жақсы жоба, елмен сөйлесіп, мәселесін білген

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před rokem +39

    Халық батасын алып аман жүріңдер

  • @user-mr1fq8nj1h
    @user-mr1fq8nj1h Před rokem +10

    Құдай ай,қарап отырып жүрегің ауырады.Нартай баламызға Алла жар болсын,айналайын .Онлайн басқару деген не масқара😱😱😱

  • @user-kh3fx9sz4g
    @user-kh3fx9sz4g Před rokem +15

    Шырылдап халық үшін жанын шүберекке түйген Нартай азаматымызға аман саулық тілеймін!

  • @user-ue2li2cq1y
    @user-ue2li2cq1y Před rokem +14

    Нартай Мырзага.рахмет халыктын камын ойлап.жанкуйдирип жур Алла разы болсын

  • @user-vx3oo3eh3r
    @user-vx3oo3eh3r Před rokem +6

    Нартай жаным Қазақстанның барлық ауылдық жеріне аяқ бассаң, барлық жерлерді аралап қарашы, бәріміз кредитке азық-тулік алып отырмыз, кредитке алғанмен төлеуге келгенде қипалып кетеміз, қашан біз жаритын кун кешеміз😪😪

  • @user-ci2wk3fc7f
    @user-ci2wk3fc7f Před rokem +15

    Нарттай сəттілік, бұл секілді былық көп мекемелерде орын алған, тек медицина ғана емес, əсіресе аудандық, ауылдық жерлерде ерекше деп айтуға болады, кішігірім хандық құрып алғандар жетерлік. Мемлекет мүлігін, адамдарды өз мүддесіне пайдаланатындар жетерлік. Бірігіп жұмыс жасауға, соларды əшкерелеп, тоқтатуға атсалысуға болады. Білім мекемелері, мектеп, колледж директорлары кім болса сол келетін болып кеткен сияқты, қалалық əкімшілік тб трайбализм элементі ашық көрініс беруде, тоқтам қоймаса еш жаңару болмайды, халық ендігі алдауды, арбауды, белден басуды көтермейді. Ертең бəріне кінəні орталықтан көреді, жергілікті хансымақтарды жоймай, халық мүддесі үшін қызмет етуге мəжбүрлемей іс оңға баспайды

  • @user-kk6vn5dh7u
    @user-kk6vn5dh7u Před rokem +18

    Жаман жаным ашиды,рахмет Нартай ага!

  • @user-qv8pr4pj7t
    @user-qv8pr4pj7t Před rokem +22

    Нағыз депутат болатын жансың

  • @user-wd6tu8jr7k
    @user-wd6tu8jr7k Před rokem +6

    Нартай бауырым сені "Аманат" алдыға салып, қыруар уәде бергізіп, өзиң жалғыз қалып шамаң келмей калмасын. Сондада шешініп кіріскен екенсің сәттілік тілеймін!

  • @user-kv5ze1jx2o
    @user-kv5ze1jx2o Před rokem +7

    Ауыл жағдайын көрсеткен,өте жақсы жеткізген!!!!! Енді осы тек сайлау науқанының көлеңкесінде қалмаса екен. Шегарадағы ауылдардың жағдайын да көрсеткен дұрыс. Ауылға көңіл бөлінсін

  • @user-tk9do5bg3d
    @user-tk9do5bg3d Před rokem +32

    Халқыңа пайдаң тисін Нартай бауырым, халқыңның батасынан асқан байлық жоқ! Халқының батасын алып өскен азамат, рухани бай болады, ой санасы ашық болады, себебі халқына адал, бойында жақсылығынан басқа еш арамдығы жоқ азаматтың жан дүниесі таза болмағанда, кімнің жан дүниесі таза болады! Алланың нұры жаусын істеріңе, жолдарың болсын, қырсық бәледен сақтасын аллам! Әумин!

    • @user-ep8wf8ec9s
      @user-ep8wf8ec9s Před rokem +2

      КАЛАИ 35000 АЛАДЫ Енбекакынын ен томенги си 60 000 болу керек кои зан боиынша Калган акша каида санитаркалардын Тексеру керек кои

    • @user-dw4jm7es2l
      @user-dw4jm7es2l Před rokem

      Нартай бауырым! Оте дурыс жасадын.Кадамына Нур жаусын! Барлык Алга койган максат,Арман тилегин орындалсын.Полигоннан 40 жыл зардап шеккен ауыл азаматтарына женилдик берилсе..Айел адамдар зейнетке 58 жаста шыксын деген усынысым бар..

  • @arman-vk5ss1ed8e
    @arman-vk5ss1ed8e Před rokem +2

    Жарайсың Нартай АЛЛАХ ЖАР БОЛСЫН КАЗАК ГАРДАШДАРГА ДА АМИНЬ 🤲🇹🇷🦅

  • @user-ic5tr7jj4i
    @user-ic5tr7jj4i Před rokem +15

    Халық аитып шаршаит
    Үкімет жасамаи шараит
    Сабыр берсін халықымызга🇰🇿

  • @user-cz9cl6zb8x
    @user-cz9cl6zb8x Před rokem +71

    Облыстың әкімі мен Обл.здрав басшысын түрмеге 15жылға отырғызу керек.Дүниесін конфискациялау керек!!!

    • @ernurshabandoz8514
      @ernurshabandoz8514 Před rokem +4

      Дурыс соттау керек халыктан садага кетсын

    • @user-eq5lx3oj3r
      @user-eq5lx3oj3r Před rokem +3

      Неге онбесақ жыл неге өмір бойна емес

  • @user-nv1gg6mh4d
    @user-nv1gg6mh4d Před rokem +3

    Жарайсың Нартай Аралбайұлы. 👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-oo2bv4nn1i
    @user-oo2bv4nn1i Před rokem +5

    Айналайын нартай уәдені үйіп төгіп жатырсың тек артының қайырын берсін

  • @Aspan1995
    @Aspan1995 Před rokem +35

    Нартай Аралбайұлы Ассалаумағалейкум
    Бұл видеода сіз біздің ауылымызды көрсеттіңіз ауылға ат басын бұрып барғаныңызға қуаныштымын.Көптеген мәселеге түрткі болдыңыз.Бірақ бұл видеоның тақырыбы маған ұнамады Ақшасы жоқ ауыл деп қатты кеткен сияқтысыз.Балық басынан шірейді жоғар жақтағы шенеуліктер ақшаны жымқырмай ауылдарға көңіл бөлсе баяғыда ауылдар жаңарып гүлденер еді.Бұл ауыл тұрмақ қала деп алып қарайтын кеше ғана облыс болған Семейдің жағдайыда оңып тұрғаны шамалы .Ауылдың жолы тұрмақ Семейдің жаңа мостысы шұрық тесік оның қасында шалғайда жатқан ауылға ешкім көңілде бөлмейді мән де бермейді.Ауылға келген екенсің енді өзің осы ауылдың көркейуіне ат салыс соңына дейін осы ауылдың халқымен бірге бол.

  • @amiradaulet8481
    @amiradaulet8481 Před rokem +5

    Қазірде шыны керек, халыққа шынымен жаны ашитын халық қалаулысы жоқ. Осындай әрекеттерімен малымызда құриды. Үзін сөздің қысқасы :қазақ өзіңнің дінін, тілін, салт -дәстүрін толығымен ұмытудың алдында тұрмыз.

  • @user-qi4nt1pi5q
    @user-qi4nt1pi5q Před rokem +7

    Сайлау алды жарнамамен жүрсең де қалыққа пайдаң тиіп жатыр. Жарайсың Нартай.

  • @user-lx9ib3yk4o
    @user-lx9ib3yk4o Před rokem +12

    Алла разы болсын Нартай бауырым аман жүр отбасың аман болсын

  • @user-qc9pj3hw8d
    @user-qc9pj3hw8d Před rokem +23

    Бассыз үйдің иті осырақ, қазақтың қай жағыннан шіріп кеткен соған кінәлі басшыдан биліктегілер миі шіріп кеткен, бұл сұмдық, қой бұл қазағын қазағымды неге қорлайды.

  • @user-hf8ss8mn8c
    @user-hf8ss8mn8c Před rokem +7

    Ауыл тұрғыны Жәнібек Наурызбаев айтқанда сенбей, жазғышбек деп айтушы еді. Нартай келіп айтқаны дұрыс болды.

  • @anuarfazylov9466
    @anuarfazylov9466 Před rokem +5

    Ассалаумағалейкум Нартай бауырым,Алла ісіңе береке берсін.Халықтың ішінде айтары толып қалыпты.Өте керемет бағдарлама екен.Қанша қозғалмай тасада қалып жатырған ауылдардың мәселесін көтеріп қозғайтын.Менде осындай бағдарламаларға жазып жүргеніме біраз болды.Енді соңғы үміт сіздің осы бағдарламаңызда.Айтайын деп отырғаным Атырау қаласынан 30 шақырым жерде Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл деген ауыл бар.Қалаға тиіп тұрсада мәселелері бастан асады.Бір сөзбен айтқанда өзіңіз келіп жергілікті халықпен сұхбаттассаңыз.Рахмет,Алла разы болсын сізге!

  • @user-kk8eb4rl5n
    @user-kk8eb4rl5n Před rokem +12

    осыдан кейн денсаулық сақтау министірін орнынан алып тастау кереккой

  • @LAURAHANIM01
    @LAURAHANIM01 Před rokem +4

    Шындықты айтқан Әпке қандай мықты адам

  • @user-vl8pw2tm6w
    @user-vl8pw2tm6w Před rokem +4

    Нартай бауырым ауылды аралап халықпен жүздескенің жақсы болды.Рахмет ісіңе сәттілік ауылдың проблемасы жетерлік тек бағдарламаңның уақытын ұзартсаң халықтың айтары көп.

  • @pazylbekbodybayev9924
    @pazylbekbodybayev9924 Před rokem +3

    Нартай мырза рахмет сізге, осындай ауылдар көпқой бізде қазақстанда күндерін əрең көріп отырған, қанша бай мемлекет болсақта, соның үшін мемлекет тарапынан əліде болса көп қаражат аямау керек шаруаларға жәнеде мына шаруаларға бөлінген қаражатты шенеуніктер талан таражға салмай нақты жұмыс істеу керекқой, сізге сəттілік тілеймін, барлық ауылдарды осылай түсіріп жоғарыдағыларға жеткізеді деген ойдамыз, еңбегіңіздің берекесін берсін

  • @user-sw5tf3ec8j
    @user-sw5tf3ec8j Před rokem +8

    Осылай күтпеген жердең барып қалсан бар былық шығады екенғой. Будан былай бар журналисттер осылай жүмыс жасаса елдегі бар мәселе ашылады

  • @user-vn1ph5eb9n
    @user-vn1ph5eb9n Před rokem +6

    Ассалаумағалейкум сізге дауыс беремін. Алла бәрін көріп тұр . Сіз ел басқаруға лайықтысыз

  • @user-lc1xs5wd1g
    @user-lc1xs5wd1g Před rokem +11

    Өзідері полигон зардабын шеккен, 200 мыңға дейін тамаққа қарыз болса жағдай нәшәр. Қазақстан халқына қорынан ақшаны осындай ауылдарға бөлу қажет.

  • @user-to4dl3ps9u
    @user-to4dl3ps9u Před rokem +4

    Алла жар болсын! Жумысынызға сәттілік тілеймін!

  • @user-dn8os6fx5e
    @user-dn8os6fx5e Před rokem +14

    Осылай халыкпен бетке бет кездесип күн көрыстің талай проблемасы ашылды

  • @user-bs4qb6wx9c
    @user-bs4qb6wx9c Před rokem +5

    Ассаламалейкум Нареке алга сиз халыктын жан айкайын жогарыга сиз жеткизсениз екен

  • @user-em3mp7ur4y
    @user-em3mp7ur4y Před rokem +10

    Қазақстан көркейіп, халықтың жағдайы жақсар сын деген адам ғана депутаттыққа сайлансын!

  • @user-wt8cj4ry2j
    @user-wt8cj4ry2j Před rokem +2

    Ең маңыздысы осы бағдарламаның пайдасы бар екенін сенемін

  • @user-zh3bv2bu1o
    @user-zh3bv2bu1o Před rokem +4

    Жақсы өзгерістерді күтеміз! Нартай, жасай бер

  • @kamilasalimova2132
    @kamilasalimova2132 Před rokem +2

    Үлкен еліміздің әр өңіріне барып халық мұңын естіп жария етсең нартай бауырым еңбегін жемісін алып келеді

  • @user-un8vz3vi3u
    @user-un8vz3vi3u Před rokem +16

    Мынау не сұмдық, аурухана емес жындыхана ма? Естері дұрыс па, жергілікті әкімдік қайда қарап отыр, түсінбеймін!

  • @ayazorazbekuli1717
    @ayazorazbekuli1717 Před rokem +22

    Курметты Денсаулык сактау министры адам мал емеской карасандаршы коныл болындар отыныш

    • @user-ib6cz3mw4o
      @user-ib6cz3mw4o Před rokem +1

      Неге конил болиндер дейсиндер,талап ету керек ел болып, ауыл болып

    • @user-eq4jh6pn8o
      @user-eq4jh6pn8o Před rokem

      Украинаның қала тұрмақ ауылына дейін жолдары асфальт салынған еді. Сол ауылдарының біріне көшкен адам айтып отыратын. Жас болса да Президент і Зеленскии өте жақсы халық жағдайына жұмыс жасаған екен. Путин сорлы бәрін құртты деп қайтып келді. Қазақстанда ауыл тұрмақ кей қалада Семей сияқты жағдай қиын. Ауылының жолдары н өсірген жасыл желектерін айтып отыратын Украинаның.
      Президенттің жұмысы ғой. Бізде 30-жылда жақсару емес, завод, фабрикаларды қүртып, өндіріс орындарын сатып халықты жұмыссыз қалдырып, жағдайды нашврлатты, сосын кредит алмай не істейді, халықты қарызға бвтырды.
      Сайқал, қу, бассыз ,ойсыз билік 30-ж сырттан да өз құлқындарына керекті қаржы алып мемлекетті ұарызға батырған, жаңалық көрсең осындай жайсыздарды тыңдаймыз Еш бас ауыртпайды халық жайы.

  • @user-fx9xs2np2m
    @user-fx9xs2np2m Před rokem +1

    Ассалаумагалейкум! Мынаны корип отырып осындай азаматтардын бар екенине куанып,куаныштан жылайсынгой!тек алга,сиздерди Алла калап,халык колдап тек жогарыдан корине бериниздер!

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 Před rokem +3

    Нартай әр ауылды көрген сайын жылағың кеп жүрген шығар .Міне қазақтың күйі осы.

  • @user-bj8se9tu4m
    @user-bj8se9tu4m Před rokem +5

    Керемет неткен Ғажап сөздер айтуға шеберсіңдерғой АмАнат немесе нҰрОтан... Құлақ ауырып кетті сөздеріңнен сайқымазақтар...!

    • @user-bj8se9tu4m
      @user-bj8se9tu4m Před rokem +1

      Осы уақытқа дейін не істедіңдер?

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před rokem +6

    Өмірдің сәтілігі жанұя амандығы денсаулықтың мықтылығынан басқа қолдан жасайтын тірлік

  • @user-xk8im5mg5d
    @user-xk8im5mg5d Před rokem +13

    Отыз жылда бірінші рет халыкты араладындар ау жолын болмағыр Назарбай

  • @user-ld8we3uw4y
    @user-ld8we3uw4y Před rokem +3

    Нартай бауырым алға Алла жар болсын саған Әлі ақ жақсы болып кетеміз Өзің дей Азаматтар көп болсын

  • @user-jj2fz1qx8z
    @user-jj2fz1qx8z Před rokem +1

    Нартаи десе нар тулгагои шиндикти аитип ширилдаган баламау жолин ак болсин елдин елеулиси болши балам алла рази болсин

  • @user-qv8pr4pj7t
    @user-qv8pr4pj7t Před rokem +4

    Ісіңе береке берсін

  • @user-dn8os6fx5e
    @user-dn8os6fx5e Před rokem +3

    Нартайжан жарайсың, көп журналистерге тек осылай мәселенің түбыне жетеді

  • @user-jc6ye7hn8l
    @user-jc6ye7hn8l Před rokem +3

    Нартай иним калк барып билип турганыңызга рахмет элге көмек керек кай жер болмосун казахстан калкына рахмет сизге кыдырып жургөнуңузгө

  • @botagozrysbekova2738
    @botagozrysbekova2738 Před rokem +7

    Осы жасалған ел үшін деген ниеттері сәтті болатынына сенемін

    • @user-wc7iz5gv7i
      @user-wc7iz5gv7i Před rokem

      Ассалаумагалейкум астана жака кашан келесыз

  • @user-yu6tf1dt7g
    @user-yu6tf1dt7g Před rokem +3

    Ассалаумагалеикум!,
    Нартай мырза,АЛЛАколдасын!

  • @user-mm1vc5xu8c
    @user-mm1vc5xu8c Před rokem +14

    Куча проблем сразу вылезло. Такие знаменитые люди выходцы с тех мест, а состояние очень плачевное. Вот так и надо доходить до правды

  • @user-tt7qz7cj7v
    @user-tt7qz7cj7v Před rokem +3

    Нартаи бауырым казактын нагыз биртуар азаматысн исине сатилик тилеимиз....

  • @user-ld9nj8rr2c
    @user-ld9nj8rr2c Před rokem +4

    Әп бәрекелді. 👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-kb6by1ej9q
    @user-kb6by1ej9q Před rokem +3

    Ассаламағалейкум өте дұрыс болды. Ауылды көзбе көз көрген. Халықтың мұн мұхтажын билік көрсін, маман бар келтірмейді орнын бермейді. Пенсияға шықасын орнын бермейме. Бір хандық құрып алғандай отырып алады. Жас маман жетеді.

  • @user-ry7pp3qs2o
    @user-ry7pp3qs2o Před rokem +4

    РАХМЕТ НАРТАЙ. ЖАСТАРДЫ ПАРЛАМЕНТКЕ ЖІБЕРУ КЕРЕК.

  • @user-nk2ml6cz6c
    @user-nk2ml6cz6c Před rokem +11

    Не деген атақты адамдардың туған жері, бірақ жағдайы өте нашар. Кырысіп шешылктін мәселелер қырғын екен.

  • @user-jn7gf3hs5p
    @user-jn7gf3hs5p Před rokem +12

    Депуттаттарда сайланып алғанша сайрайды да сайланған соң гипноздалғандай креслода ұйықтап қалады ғой. Бмлікке сенуден қалдық қой. 😒😟.

    • @user-ic2zd1mm7h
      @user-ic2zd1mm7h Před rokem +1

      Ия бəрі солай

    • @user-bk5te3zz4i
      @user-bk5te3zz4i Před rokem +1

      Креслоны ауыстыру керек , адамды емес дейсіз ғой.

  • @nazirakazibek1510
    @nazirakazibek1510 Před rokem +8

    Жанар, жарайсың, турасын айтып жатыр ау!

  • @user-ll5gp6qx3b
    @user-ll5gp6qx3b Před rokem +20

    Тура осы Семей өңірінің тұрғындарына аурухананы заманауй дамыған құралдармен жабдықтап, жаңа ғимарат салып беруге болады ғой.

    • @user-gu9fy2ff2j
      @user-gu9fy2ff2j Před rokem +2

      Жегиштер оданша калтасына салады . Акимдери слабый , бешбармак жеп штаны протирает и все

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před rokem +6

    Ауылдардың талабы бірден болмаса да біртіндеп орындалып ауылдар дамыса қандай жақсы болар еді

  • @user-ls5bk1xd3v
    @user-ls5bk1xd3v Před rokem +8

    Сумдык кой мынау! Назарбаевтин билигинин соры!

  • @erasullkaisenov6114
    @erasullkaisenov6114 Před rokem +2

    Осы Кайнар ауылы кезінде 90жылдарға дейін керемет гүлденген дамыған района болатын, Мектепте балалар саны өте көп 3 ауысымға дейін, 2 мемлекеттік деңгейде садик, көше толы жайқалған жасыл талдар, ДЭУ жолдарға жауыпты, т.б көп айта берсең, арнайы автобус қатынайтын қалаға, жол 1987-90жылдарға дейін тақтайдай, даже кішігірім аэропорт болатып ұшықтар кукурузниктер ұшатын , адам тасымалдайтын қалаға ұшақпен, керемет тілі қазақ мәдениеті жоғары адамдары көшеге таза киініп қана шығатып, әншілер эстрада жұлдыздары келіп концерт беріп кртетін керемет Қайнар ауылы еді, Қазіргі хәлы осы! Үкімет Ауылды жойып жіберді! Осы Қайнар, Саржал, Абыралы, Доғалаң, Айнабұлақ, Таңат ауылдарында халық саны тығыз еді, мал шаруашылығы керемет дамыған болатын, Қайнар ауылында, бір көшеден 1отар қой, 10 шақты табын болатын!!!! Менің әлі есімде, Мен Қайнар ауылының тұрғынымын.

  • @user-hs2qq3fb5g
    @user-hs2qq3fb5g Před rokem +2

    Нартай мырза, Алла разы болсын, осылай ауыл ел аралап халықтың мұқтаждық жағын айтканыныз га рахмет

  • @ayazorazbekuli1717
    @ayazorazbekuli1717 Před rokem +10

    Алла колдасын Нартай халык сен жакта

    • @zuhra7571
      @zuhra7571 Před rokem

      Халықтың аралап білгенің дұрыс екен күшті жоба іске сәт

  • @user-sl4vz8sv5b
    @user-sl4vz8sv5b Před rokem +6

    Осы ауылдан өсип атапты тулгаларга айналған азаматтарға үлкен сын екен.
    Естиген кулакка маскара ғой бәрі рас болса.....

    • @user-vr2kt9sz1y
      @user-vr2kt9sz1y Před rokem

      Жақсы бастама жоғарғы жақ естісін көрсін.

  • @user-yl4pg4vr6z
    @user-yl4pg4vr6z Před rokem +5

    Осы жоба арқылы елдің қаншама жобасы шешілетінін сенемін

  • @technodomtechnodom629
    @technodomtechnodom629 Před rokem +5

    Бұрын сайланып отырған депутаттар неге осылай аралаған жоқ, енді осы халықтың жан айқайы, жабулы қазан, жабулы қалпы қалып қоймаса болды.

  • @user-rf4mu3vu1e
    @user-rf4mu3vu1e Před rokem +1

    Нартай Аралбай улы сізге көп рахмет ауылымыздың мун муктаждыгын айтып жургенінізге

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před rokem +4

    Иншалла орындалсын деп тілейік

  • @user-dq6ze2km9w
    @user-dq6ze2km9w Před rokem +13

    Маман бар ғой , беретін ақшасы жоқ қой. Жұмысқа тұру үшін ең бірінші ақша керек .

  • @rustembek2550
    @rustembek2550 Před rokem +11

    30 жыл,Казакты жалтак,ынжык,сорлы,коркак кылып кеткен...Осы кунге жеткызгендер корлерынде окырсын!!!

    • @user-rl6oj3kf8j
      @user-rl6oj3kf8j Před rokem

      Дұрыс айтасыз Аманат не қарық қылар дейсіз???

  • @user-jl6cn8vv6m
    @user-jl6cn8vv6m Před rokem +3

    АЛЛА ЖАР БОЛСЫН

  • @user-gx3mc9gw1m
    @user-gx3mc9gw1m Před rokem

    Мен риза болдым Нартай Адалбайұлына көп көп рахмет 4жарым сағат жүріп барып халықтың мәселесімен барып жатыр екен қуаныштымын аман болсын!

  • @user-hv7zs6wd1l
    @user-hv7zs6wd1l Před rokem +4

    Управление здравоохронение өздері тендрге қойып , больницаның төбесімен котельниге капремонт жасайды.

  • @muratibraymov9229
    @muratibraymov9229 Před rokem +1

    Рахмет Нартай аяма шындықты еңді көре бастадық осы каналдан

  • @user-il1pd5rb1e
    @user-il1pd5rb1e Před rokem +11

    Сеніп тапсырылған жұмысты, абыроймен атқарады деп сенемін. Іске сәт!!

    • @Madonnaffgffgg
      @Madonnaffgffgg Před rokem

      Не истемекши бул сонда отыз жыл алдап келди маскара

  • @bagdatmunlasbayev4705
    @bagdatmunlasbayev4705 Před rokem +2

    Нартай бауырым жарайсың!

  • @badman694
    @badman694 Před rokem +1

    Жараисын Нартаи! Енды аягына деиын жеткыз!

  • @user-mm1vc5xu8c
    @user-mm1vc5xu8c Před rokem +3

    Нагыз журналист осылай зерттеу керек. Халықтың пікірін білү керек

  • @user-tk9do5bg3d
    @user-tk9do5bg3d Před rokem +2

    Артық айтпасам кем емес, қазіргі еліміздің ауылдарының жағдайы барлық жерде бірдей. Қала қала деп, барлық Республикалық бюджеттің қаржысы қалаға жұмсалады, ауылдық жерлерге шағын тиын қалса, соны жеткілікті деп санайды үкімет. Нағыз қазақтың алтын бесігі, мәдениеті мен қазақтың салт-дәстүрінің иісі аңқыған жер - бұл Ауыл! Ауылдарымызды сақтап қала алмасақ, бұл қазақ ұлтына өзіміз садақ атқанмен пара пар!

  • @user-qv8pr4pj7t
    @user-qv8pr4pj7t Před rokem +1

    Өзіңдей азаматтар көп болсын