Мансұр Серіков: Ұлымның сөйлей алмауына өзімді кінәлаймын

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 29. 03. 2024
  • Әбілмансұр Серіков - өнерпаз отбасынан шыққан өнерлі азамат! Не бары төрт жасында театр сахнасын бағындырған мықты актер. Бүгінде отандық киностудияда бірде бір сериал Мансұрсыз көрерменге жол тартпайтын күнге жетті. Оның шеберлігі сол, комедиядан қорқынышты жанрға, драмадан трагедияға тез ауысады! Ол - Қазақстанның Президентіне арналған фильмде бала Назарбаевтың рөлін сомдап, актерлық қабілетін дәлелдеткен бірден бір маман. Мансұр әкесінің көлеңкесінде қалмады һәм атағына сенбеді! Әкесі Абунасыр Серіковтің мың жерден аты дүркіресе де, баласы оны пайдаланбадым дейд. Бар жетістігі мен қазіргі абыройы таза өзінің тірнектеп жинаған еңбегі. Өнер жолында қарапайым музыканттан ел Президентінің рөлін сомдағанымен, өмірде ол - төрт дүркін әке! Ылғи тынбай еңбектенетіні сол балаларымның жағдайын жасау, болашағына алаңдауым дейд актер. Бірақ уақыт пен махаббат, мейірім мен шапағатын аз бөлгеніне қынжылады. Бұл “Ұрпақ” подкасты. Бала мен әкенің бәсекелестігі әрі тәрбиесі жөнінде сөз қозғаймыз.
    Жоба серіктесі @FreedomFinanceBankKazakhstan
    05:40 Үш жасыма дейін ата-әжемнің ұолында өстім.
    11:11 Екі жүз теңге үшін әкемнің «өліп» таяқ жедім.
    19:45 Әкелік махаббатты көрмедім. Бертінде бала-шағалы болғанда сездім.
    23:50 Менің әкем романтик. Анама махаббатын жиі білдіретін.
    26:23 Әкемнің атағы маған қиын болды. Өзімнің тұлға ретінде қалыптасуыма қиын болды.
    27:00 Әбекеңнің баласымын деп ешқашан айтпа дейтін.
    29:15 Менің жетістіктерімді әкемнің атағымен салыстырады. Менің еңбегім қайда деп ренжимін.
    37:13 Ата-анам шығармашылығыма толықтай қанық.
    40:22 Алғашқы некедегі балаларыммен қарым-қатынас үзілген жоқ.
    55:22 Балаларына берген ерекше сыйлықтары жайында.
    01:02:00 Балаларым туыстарымен араластырғым келеді
    01:10:37 Әке шешемді Меккеге апарғым келеді. Әлемді аралатқым келеді
    #әке #қарымқатынас #МансұрСеріков #МансурСериков #әкеменбала #психология #әкетанымалдығы #интервью #подкаст #қазақшаподкаст #әкетәрбиесі #5:32 #әкегеқұрмет #қазақитәрбие #феминизм #сұхбат #анаменұл #ұлтәрбиесі

Komentáře • 227

  • @Perizat-cu4gv
    @Perizat-cu4gv Před 3 měsíci +66

    Жүргізушінің мимикасы, отырысы, сөйлегені ерсі көрінеді.

  • @botikdu2054
    @botikdu2054 Před 3 měsíci +38

    Жүргізуші мүлдем сұхбаттаса алмайды, қонақ керемет бірақ жүргізуші үшін әрен көріп отырмын! Тәуекел душевно жургізеді

  • @user-jy5iq1ek9j
    @user-jy5iq1ek9j Před 3 měsíci +46

    Жүргізуші жігітке кішкене іздену керек. Сұхбат алатын жүргізушілік шеберлік керек.
    Қарапайымдылық керек. Отырған отырысы, жест, мимика, сөйлеу мәнері. Мансұр қайта қарапайым екен, жүргізушіге қарағанда

  • @user-mx7fj4jb1s
    @user-mx7fj4jb1s Před 3 měsíci +27

    Әбілмансұрдың жауабынан таза мәдениеттілік пен тәрбиелілікті аңғарасың...Жақсы азамат,мықты актер леп құрметтейміз.Жеке басына өзі жауап береді ғой біз көрермендерміз!

  • @NurimjanKosherbai
    @NurimjanKosherbai Před 3 měsíci +44

    Жақсы актёр болғанымен жақсы әке бола алмапты өте өкінішті тіпті жеңіл қарайтындай баланың көңілі ай қалып кеткен 🥺

    • @dorama_quizz
      @dorama_quizz Před 3 měsíci +3

      Дұрыс қосыламын не дегенмен ажырасып кетседе ол сол баланың биологиялық әкесі болып саналады ер адам түзде болады, әрине нан табам деп жүрседе баланың тәрбиесіне қарауы керек алимент төлеуі керек бала ол ойыншық емес ертең бір тұлға болады отбасы болу үлкен жауапкершілік үйленген соң қашпай серьезно қарау керек біз білмейміз ғой алайда не үшін ажырасқандарын ешкімнің басына бермесін алайда ортада бала тірі жетім болып қалады,бір кем дүние 🥺

  • @user-cn2dk2fh8s
    @user-cn2dk2fh8s Před 3 měsíci +27

    Мына жүргізуші шынымен де дұрыс сұрақ қоюды білмейді екен

  • @nazerkeatykanova6134
    @nazerkeatykanova6134 Před 3 měsíci +30

    Бекер кеткен уақытым ай! Жүргізушіге көп оқу керек, дұрыс жоспарлай білу керек. Ренжімеңіздер

  • @aqjunisaitymova5597
    @aqjunisaitymova5597 Před 3 měsíci +106

    Жүргізушіні ауыстыру керек!!! Сұхбатты бұзып отыр: тыңдамауымен , невтему сұрақтарымен.

    • @user-jz1mi5ww3q
      @user-jz1mi5ww3q Před 3 měsíci +3

      Ия

    • @user-zm2sw7dp7p
      @user-zm2sw7dp7p Před 3 měsíci +5

      Оның үстіне отырған отырысы де жынга тиіп, кербезденип отыр

    • @user-pi6ei3dr7g
      @user-pi6ei3dr7g Před 3 měsíci +2

      Наоборот, жургизуши маган унады, сабырлы, артык сози жок, сурак-жауап

    • @Medet.K
      @Medet.K Před měsícem

      Келисем, но Ози ашкан жоба гой, оны Калай ауыстырасын 😂😂

  • @indiraomiralimova
    @indiraomiralimova Před 3 měsíci +27

    Сұхбат емес допрос сияқты болды гой 😅

  • @user-wo2yo7rj3b
    @user-wo2yo7rj3b Před 3 měsíci +5

    Әбілмансұрды қатты сөгуге болмайды. Өмірдің сынағы, жастық адам баласының бәрінен өтеді. Әбілмансурдің соңғы мектебі Алматы қаласы 142 мектептің түлегі. Өте көркем, ақылды, өнерлі бала болып көз алдымызда өсті. Мектептің абыройлы ата анасы, мектеп оқушысы болып, есімізде жиі еске аламыз. Мектепті бітіргенде бүкіл Нысана келіп коллективімен абыройлы, көңілді етіп мектептің абыройын көтерген. Әкесін, анасын әліде сыйлаймыз. Бақытты бол. Өмір алда. Алдыңа келген сынақтардан мүдірмей өте бер. 142 мектептің ата аналары үшін сен әлі ақылды балапансың. Өнерің өрге өссін.

  • @Sergazinad
    @Sergazinad Před 3 měsíci +33

    Әйел адам болса кандай жағдайда да балаға любой время уақыт табады иә👍 Әкелерде сылтау көп!

    • @saparov_454
      @saparov_454 Před 3 měsíci

      иә сылтауратып қашып жүреді деп ойлайсың ба? Әке деген қанша сыртта түзде жүрсе де отбасым деп жанұясынан жырақ та жүрсе де мына басында мен жүрегін де жүреді,себебі әкелеріміздің бізге деген махаббаты ерекше иә оны сездірмейді бірақ іштей таудай сезімі бар екенін білемін! Әкемізді барында бағалайық!

  • @Sholpan_duishembek
    @Sholpan_duishembek Před 3 měsíci +85

    Үлкен ұлдарына Қандай қиын… Әкең басқа үйде тұрады.Басқа балдарымен жүреді.Сабақтан келіп, даладан ойнап келіп папа деп жүгіріп келіп күнде еркелемейсің.Папасы мамасы бәрі қосылып киноға, паркке, демалуға үйге продукты алуға бармайды. Түнде барі бірге секіріп әке мен шешеге бірдей еркелей алмайды.Бұл нарсе сезім. Бала мұны сөзбен жеткізе алмайды. Іштегі ауыр сезімді, уайым, қорқынышты сөзбен жеткізіп айтып түсіндіре алмайды. Іштей қатты қиналады…
    Құрметті Жастар отбасы құрар алдында ойланып толғанып әрекет етіңіздер. Мен отбасы болуға дайынмын ба жане менің таңдаған адамым дайын ба. Білмегенімізді ары қарай бірге еңсеріп отбасы болып барінен өте аламыз ба. Әке болуға Ана болуға дайынмын ба деп ойланып алыңыздаршы. Әйтеуір үйлену керек қой деп, үйлене салмай бұл нәрсеге жауапкершілікпен мұқият көзқараста қарау керек. Өзің қателесіп отбасыңды бұзып қана қоймай, кіп кішкентай баланыда қинап қоясыңдар.
    Ауыздарың аңқиып,әдемі сөйлегенге езіле қалмай дұрыстап қараңдар!!!!

  • @user-ie4qo5ve6i
    @user-ie4qo5ve6i Před 3 měsíci +22

    Қазақша таза сөйлеу,мәдениеттілік, өте әдемі👍👍

    • @user-ie4qo5ve6i
      @user-ie4qo5ve6i Před 3 měsíci

      Мансұр қазақшаңыз өте жақсы👍👏

  • @user-gd9yl9wz4s
    @user-gd9yl9wz4s Před 3 měsíci +27

    Мен Әбілмансұрдың класс жетекшісі болдым,5кластан-7кл.дейін.Мансұр бала кезінен қуақы болатын,әзілқой.Сүйкімді бала болатын.Ата-анасы да жақсы адамдар,тәрбиесіне көп көңіл бөлді, көпбалалы отбасынан шыққан...Тыңдап отырып,бала кездері есіме түсіп отыр.😅Кішкентайынан Ғ. Мүсірепов атындағы театрда ролдерде ойнап жүретін.

    • @user-gd9yl9wz4s
      @user-gd9yl9wz4s Před 3 měsíci +6

      5-класта "Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ"телеойынға отбасымен қатысты,сол жерде сары футболка берді.Сол сары футболканы сабаққа киіп келген,үлкен размер,жартысын шалбардың ышқырына салып алған,"Әбілмансұр,футболкаң әдемі екен "десем,ыржалаңдап күліп сайыста ұтып алдым ғой деп мәз болады.Өте жақсы бала болды,күліп жүретін.Қарапайым,көпбалалы отбасынан шықты.Анасы-Лиза қарапайым,мейірімді ана болды.Әкесі-Әбекең талантты әртіс,талантына тәнті болатынбыз.Көрмегелі көп болды,қарап отырсам Әбекеңнің ұл-қыздары шетінен әртіс болған екен.❤❤

    • @user-jn3vt1rw4e
      @user-jn3vt1rw4e Před 3 měsíci +2

      Мансты 5:32 де емес Игрок веб сериалында мойындадым! Қарамағандар көріңіздер! Мықты ойнап шықты!

    • @user-gd7zk4bg2t
      @user-gd7zk4bg2t Před 3 měsíci +1

      Мен осы актерді өте жақсы бағалаймын.керемет жігіт.өзі сүйкімді ақ.

    • @user-hb8jw7xc2h
      @user-hb8jw7xc2h Před 3 měsíci

      Керемет актёр

  • @user-sk8ud8rl2l
    @user-sk8ud8rl2l Před 3 měsíci +15

    Нұрсұлтан Есжан деген жақсы жүргізуші еді ғой, мына отырысы, сөйлеуі шектен шығу ғой

  • @kiotyan7406
    @kiotyan7406 Před 3 měsíci +6

    Допрос сияқты я,бір сұрақ қайталана берді

  • @user-qr2ng8wo2k
    @user-qr2ng8wo2k Před 3 měsíci +4

    Айналайын бала,жаксы сұхбат болды .Керемет бәрі.Енді саган айтайын шырағым.Бәрі тағдыр ,маңдайға жазғаны болды.Екі жақтағы балдарды араластыр бір біріне мейірімді болсын ,адал болсын.Міне сенің әкелік парызың .Бирак ақ адал косылған алгашқы жарыңа біреуге тиетін болсаң дегенше,одан да өзің аптасына 1-2 рет барып,көңлің тауып тұрсаң ,сол келіншек ешкімге тимейді ,ойына да алмайды .Өйткені ер балдар өзге еркекпен ,ягни өгей әкемен араласуы киын .Өзің мамасына барып тұрсаң ,басқаға кетпесе керек .Бұрын әкелеріміз осылай ұстаған екі әйелді.Кәзір сол балдар тугіл ,олардың балдарының өзі катты араласып кеткен .Біздің улкендік акылымыз гой .Бакытты болыңдар .

  • @user-ik3ne2bv3p
    @user-ik3ne2bv3p Před 2 měsíci +2

    Бауырым кішкене кітап оқып, сұрақ қою мәнерін, баяғы ерте замандағы мысал тұлғалардан келтіріп жүргізу керек еді ғой. Айналып келген бір сұрақ. Қай жерден кем кеттің, не жетіспей жатыр. “Ұрпақ” деп қойып кухняда отырған әңгәменің деңгейі. Еңбегін жансын, ізден 🙌

  • @user-ve4nu5tj2n
    @user-ve4nu5tj2n Před 3 měsíci +28

    Мықты актёр! Жастардың ішінен осындай талантты,мықты актёрдың шыққанына риза болдым.Қазақтың кино өнерін биікке көтере беруіңе тілектеспін!

  • @amanzhol8520
    @amanzhol8520 Před 3 měsíci +14

    Сұхбат алушы аға. Дауысыныз әдемі темберніз әдемі бірақ кейбір сұрақтарныз дұрыс қойылмайда. Азда болса ораторлық өнерді үиренсеніз

  • @veneraissen2243
    @veneraissen2243 Před 3 měsíci +12

    Интервьюер из вас так себе. Такую интересную личность не смогли раскрыть.
    Екеуіңнен де жасандылық байқалып тұр. Тимур Балымбетовтан сабақ алыңыз,жүргізуші бала.

  • @user-hx8mv7rg5o
    @user-hx8mv7rg5o Před 3 měsíci +11

    Мансұр керемет актер ғой, барлық киноларын жақсы көрем😍😍😍

  • @MadenietJetaly
    @MadenietJetaly Před 3 měsíci +13

    Мансұрдың осылай ашық сұхбатын бірінші рет көруім өте керемет ұнады бірақ көп ашыла алмайды екен😢 сонда да керемеет шыққан 🎉❤
    Келесі бағдарламада Аян Өтепберген ді шақырыңыздаршы🎉

  • @fariza94
    @fariza94 Před 3 měsíci +4

    Жүргізуші дұрыс сұрақтар қоя алмады келген қонақты аша алмады , әлі де өз біліктілігін арттыру керек екен былай Мансұрдың әңгімесі ұнады нақты жауап береді

  • @raushanutemissova1096
    @raushanutemissova1096 Před 3 měsíci +14

    Өте керемет актер,мықты актер,бирак эгоист болып көрінді.Кезінде сол бірінші келіншегіне сүйіп қосылды, жауапкершілік мықты болу керек ер жігітте,өзі уйленып,озі семья құрып, бирак 1-ші келіншегіне талап коятындай дұрыс емес, өз балдарын қолына алсын,1-ші айелыне айтсын сенде өз өмірінді құр,ол аралықта бала шаға менде болсын деп, картайғанында өзі келіншегімен ажемі болып отырады,ал 1-ші айелы жалғыз болады ма?

  • @beibitmus6678
    @beibitmus6678 Před 3 měsíci +7

    Бұрынғы жанұясы, балалары туралы ашылып айтқысы келмегесін жүргізуші айналып келіп сол сұрақты қоя бергені. Ажырасу деген қай жаққа болсада үлкен жара болып қала береді, оны ешкімге айтқысы келмеуі мүмкін, оны айтқан кездеде кейбірі түсінбейді.

  • @AidanaAmirzhanova
    @AidanaAmirzhanova Před 3 měsíci +16

    Өзін, мансабын ғана ойлайтын адам екені көрініп тұр. Отбасыға деген жауапкершілік аз! Жалпы өз әкесі қалай қарым қатынас жасаса, Мансур да дәл солай жасайтыны көрінеді. Әйел адам үй , бала тәрбиесіне аралсу керек деген ұғымда ау…

  • @user-bm9vt4bb9d
    @user-bm9vt4bb9d Před 3 měsíci +9

    Жүргізуші сұрақты қоя алмайма, неге қиындық көрген,жаман жақтары жөнінде айту керек

  • @yatakayaodna
    @yatakayaodna Před 3 měsíci +15

    Мансур мой любимый актер, личная жизнь это его личное,но как актер он профессионал, казакша кинода Мансурдын орны болек

  • @user-bd5xo3fy6h
    @user-bd5xo3fy6h Před 3 měsíci +8

    Әкесіз ұл балаларды тәрбиелеу ана- әйел адамдарға өте қиын. Ер адамдар сәлде болса уақыт бөлсе екен. Тамағы тоқ,кимі бар одан басқа не керек деген ойды қою керек. Балаға көңіл болу мейірім көрсету ді ұмытпау керек.Жеке пікірім.Көпке топырақ шашпаймын😊

  • @Aqantai
    @Aqantai Před 3 měsíci +6

    Өте қызық … баққан ба әлде тапқан ба баланікі ?! Өзінің өмірін сүріп кетті , енді екінші әйелі басқамен бас қосса , екінші
    әкесі болып табылады ғой .. ілім, тәрбие беретін де сол кісі ғой …

  • @user-fc8ee5vc7g
    @user-fc8ee5vc7g Před 3 měsíci +11

    Туакел Муслим неге болмады екен, душевно жургизетин еди . Ал актер оте таланты , сойлеген созиде орныкты 🫶🏻

  • @user-qe7vr6ec7m
    @user-qe7vr6ec7m Před 20 dny

    Әбілмансұр балам жақсы сұхбат болды.Өнерің өрге жүзе берсін.Биіктен көрін,армандарың орындалсын.Әке шешең туралы өте дұрыс айттың алғысын ал мүмкіндігінше.Баларандарың аман болсын.Тек СӘТТІЛІК.

  • @user-fl6cc1cn7n
    @user-fl6cc1cn7n Před 3 měsíci +8

    Жургизуши, Балудан сабак алсаныз кушти болады

  • @user-hx8mv7rg5o
    @user-hx8mv7rg5o Před 3 měsíci +6

    Өнер адамымен тұрмыс құру шынында қиын шығар,бақытты болсын барлығы ❤

  • @user-bk3yg3im7p
    @user-bk3yg3im7p Před 3 měsíci +2

    Жақсы сұхбат, ойландыратын әңгіме болды.

  • @user-il9qb2sf1m
    @user-il9qb2sf1m Před 2 měsíci +2

    Акеси катал болмаганда осындаи жетистикке жетпес еди.(еркелеткенде былжыраган бала болар меди) казир ози озине сенимди мыкты жигит болыпты🎉🎉❤

  • @user-jj2rm6op2b
    @user-jj2rm6op2b Před měsícem +1

    Жүргізушіні срочно ауыстыру керек

  • @user-gl4vk8lr9p
    @user-gl4vk8lr9p Před 3 měsíci +2

    Балаларын ойлау керек өзімді жоғалтып алам деген сылтау

  • @user-bi7bz6ld8i
    @user-bi7bz6ld8i Před 3 měsíci +8

    Мансурдың свитшоты ұнап тұр)

  • @user-lr1kq2od9f
    @user-lr1kq2od9f Před 3 měsíci +10

    Ведущий біртүрлі

  • @user-fl6cc1cn7n
    @user-fl6cc1cn7n Před 3 měsíci

    Әбілмансұрдың, жауаптары өте керемет болды

  • @user-yn2ej9ln1o
    @user-yn2ej9ln1o Před 8 dny

    Әйелде бақытты болуға лайықты. Не айтып отыр "мінезің мен қаны" бар еркек, балаларын қаңғыртып кетпейді. Бөлек кеткені, тастап қаңғыртып кеткені. Бала балалығының бәрін быт-шытын шығарып алып үйленгенде қасыңда мен тұрамын дегені далбаса. Бала тарқандыкі емес баққандікі. Саналы еркек қызыл сөзбен сайрамас бұрын ойланады. Баланың жәутеңдегенінің өзі тастап кеткендер үшін үлкен күнә.

  • @kiotyan7406
    @kiotyan7406 Před 3 měsíci +2

    Сұрақтары біртүрлі. Қалай журналист болып жүр

  • @user-dq5sg2nq3d
    @user-dq5sg2nq3d Před 3 měsíci +1

    Өте таланттты! Жақсы көреміз Манеке😂❤

  • @aisha_sko
    @aisha_sko Před 2 měsíci +1

    Мына жүргізушінің отырысы ыңғайсыздау екен 😢

  • @user-zm5mz9rk8q
    @user-zm5mz9rk8q Před 3 měsíci +5

    Журналист әттеген ай әттеген ай деп қоймадыңғой

  • @moldirbaimukhanova3729
    @moldirbaimukhanova3729 Před 3 měsíci +6

    Подкаст емес, интервью болдығо, тек сұрақ-жауап

  • @user-qr2ng8wo2k
    @user-qr2ng8wo2k Před 3 měsíci

    Керемет сұхбат болды. Саган айтар ақылым балам , болар іс болды,тағдыр . Енді екі жақтағы балдарды араластыр,өте жақын болсын бір -біріне,мейірімді болсын .Міне сенің әкелік парызың .Міне ,сенің тәрбиең,айналайын.Өйткені бәрі сенің ұрпағың.Араларыңда өзіндей кейбір әріптестерің солай екі жактағы балдарын араластырады.

  • @user-do5ns9pe5y
    @user-do5ns9pe5y Před 3 měsíci +1

    2024 тегі сұхбат. Күтіп едім. Барлық сұхбаттарына қарап қазіргі сұхбатын қалап едім. Рахмет

  • @user-sh9vy3sq9v
    @user-sh9vy3sq9v Před 4 hodinami

    Әкесі туралы жаман айтама өкпесін айтама деп қайта қайта сұрай береді жүргізушіні ауыстыру кк

  • @user-xb7up3gn2l
    @user-xb7up3gn2l Před 3 měsíci +3

    Мансур красавчик Аллах колдасын 👍👍

  • @user-wz6ck5db8c
    @user-wz6ck5db8c Před 19 dny

    Жүргізушіні ауыстыру керек.Подкаст еме.,40 сұрақ сияқты қайта қайта бөліп сұрақ қоя береді,асықтырыр.
    Бір сөзбен айтқанда жыртылып сұрақ қойып отыр,қайта қайта бөліп.🤨
    Тәуекел Муслим күшті жүргізеді
    Қарапайым,сабырлы,адамның көңілінен орын таба біледі❤️

  • @aisha_sko
    @aisha_sko Před 2 měsíci

    Талантты актёр. Түскен киноларының барлығын көргенмін

  • @user-gj2vd5ox5y
    @user-gj2vd5ox5y Před 3 měsíci +1

    Әбілмансұр ❤,Жүргізуші мыжып бір қойған сұрағыңды 10 рет қойдың ғой.Аяғына дейін көрмедім.Жалығып кеттім

  • @Мединка
    @Мединка Před 24 dny

    Игрокты керемет ойнады. Неге ол кино басқаларға өтпей қалғанын

  • @user-vq3xs5te4y
    @user-vq3xs5te4y Před 2 měsíci +2

    Мамасы болып размерлерін дұрыс білмеймін 😂еркектер біледі деп айта алмаймын. Размерлерін жаттап та үлгермейміз тез өсіп бара жатыр. Әкелер не істесің миды ашытып, оданша бірге ойнасың, сырлассың, бірігіп бірдеңе жасасың

  • @user-og1qv3jl1q
    @user-og1qv3jl1q Před 3 měsíci +1

    Ооо Нұреке сәттілік🎉

  • @Psyhozhan
    @Psyhozhan Před měsícem +2

    Жүргізушіні атып тастаңдарш пж, на нервы действует😩

  • @user-yl3mr8fn9x
    @user-yl3mr8fn9x Před 3 měsíci +1

    Тілімізді бұрмаламайықшы.

  • @qwertyqwerry9099
    @qwertyqwerry9099 Před 3 měsíci +2

    ❤❤❤😊😊

  • @user-uq8ql4hu9x
    @user-uq8ql4hu9x Před 3 měsíci +1

    Мен билмеппин папасы жайлы, танкалдым, кушти актер ❤

  • @user-nt6gc6gl1i
    @user-nt6gc6gl1i Před měsícem +1

    Жүргізушіге біраз тәжірибе керек. Сұрақтың жауабын күтуге сабыры жетпейді

  • @user-sq9hn3hq5y
    @user-sq9hn3hq5y Před 4 dny

    Әйел адамды төмен деп есептейтін адамның ой-өрісі төмен деп ойлаймын. Адам өзіңнің қайдан шыққанын ұмытпауы тиіс. Патриархалды-авторитарлы отбасыдан шығып, сол модельді үлгі етіп алғаны өкінішті.

  • @user-ko9mj9sr1x
    @user-ko9mj9sr1x Před 3 měsíci +2

    Жүргізуші дайындалмаған. Айналдыоып бір сұрақты қоя берді. Ішті пыстырып жіберді. Әкесі туралы сұрай берді

  • @user-mp7lk3uu4i
    @user-mp7lk3uu4i Před 2 měsíci

    Әбілмансұр тартымды шынайы жігіт. Жауаптарына риза болдым. Түсінігі терең, балаларына да жанашыр екені көрініп тұр...

  • @user-wg2yk9lc9v
    @user-wg2yk9lc9v Před 3 měsíci +1

    😍😍😍

  • @ainurabdirova7516
    @ainurabdirova7516 Před 3 měsíci +2

    Шынымен де қосыл бірінші әйеліне

  • @user-nc6yf7cp4b
    @user-nc6yf7cp4b Před 3 měsíci +3

    Казірге танда керемет актер краш кой❤❤❤бирак биринши айелімен ажырасканына журегім аурады!!Жастық кызу кандылык кой.Косылса екен екеуі

    • @user-uq8ql4hu9x
      @user-uq8ql4hu9x Před 3 měsíci

      Казирги айели бар емеспе 😅

  • @bitenkam
    @bitenkam Před 3 měsíci +2

    Игроктағы рөлі 5:32-дегіге қарағанда көбірек ұнады. Көздерімен ойнағаны қатты ұнаған.

  • @user-nt6gc6gl1i
    @user-nt6gc6gl1i Před měsícem

    Актёр болу бір басқа, әке болу мүлдем басқа

  • @danaalgabekkyzy1065
    @danaalgabekkyzy1065 Před 3 měsíci

    Маған Әбілмансұр аға мен Қобыланды аға екеуінің әндері қатты ұнайды

  • @user-qd3fi8jp7w
    @user-qd3fi8jp7w Před 3 měsíci +1

  • @user-el1te3sg6i
    @user-el1te3sg6i Před 3 měsíci +1

    Мына жүргізушіні ауыстырыңдаршы

  • @user-uq4ph1sz4v
    @user-uq4ph1sz4v Před 3 měsíci +3

    Қазір балдар қатты ақылдығой.

  • @akkusabdina8179
    @akkusabdina8179 Před 3 měsíci +1

    Жургизуши молодец. Салп салп етти

  • @user-tg1mf8lw2l
    @user-tg1mf8lw2l Před 3 měsíci +5

    Айелин екинши куйеуге шыгу туралы дурыс емес пикир екенши куйеусиз и таки жалтактап оседи . Екинши куйеуинин тарбиесине калай араласасын мен тусинбейм осындай еркектерди. Кеттинба араласпа отирик мен миндетимди аткарып отырым деген соз болмау керек😮

  • @Osynda_kyzykty
    @Osynda_kyzykty Před 3 měsíci +6

    Әкелік құқықты ажыраспай тұрып ойлану керек еді

  • @user-xw9jl1gc7n
    @user-xw9jl1gc7n Před 3 měsíci +1

    Жүргізушінің суаты төмен.

  • @user-ne8uh2pe7j
    @user-ne8uh2pe7j Před 3 měsíci +1

    Жүргізуші жақсы деген сөзді көп қосады

  • @dorama_quizz
    @dorama_quizz Před 3 měsíci +1

    Жүргізуші жігіт келбетті дауысы да керемет, алайда сұхбат жүргізе алмайтын журналисттің біреуі екен)

  • @user-si4uk4mu7u
    @user-si4uk4mu7u Před 3 měsíci +1

    Тамаша сұхбат бірақ жүргізуші бір сұрақты қайталап айналып келіп қоя береді әлде ұмытып қалама қойғанын жалпы жаман емес.

  • @danaalgabekkyzy1065
    @danaalgabekkyzy1065 Před 3 měsíci

    Маған Әбілмансұр ағаның шығармашылығы және де әндері қатты ұнайды және де мен Әбілмансұр аға әкесінің арқасында танымал болып жүр дегенмен келіспеймін әр адамның өнері болсын ол адам мүмкін халыққа бір нәрсе беруім керек деп мына нәрсені мен халыққа беруім керек деген ниетте шыққан шығар деп ойлаймын!!

  • @user-xb5hy8pe6v
    @user-xb5hy8pe6v Před 3 měsíci +1

    Мынанын коргенше Бишимбаевтын сотын корген лучше 😂😂😂😂

  • @audiokitap_kz
    @audiokitap_kz Před 3 měsíci +1

    Жүргізуші ашып білмейді екен сұхбатты

  • @user-yn2ej9ln1o
    @user-yn2ej9ln1o Před 8 dny

    Баладан бөлек тұрған еркек әрбір қателігіне, денсаулығына жауапты. Обалы сол әке сымақтардың мойнында.

  • @user-jp3kw8tj8p
    @user-jp3kw8tj8p Před 3 měsíci +2

    Биреудин козинше урдыма деген потолок енди а так озимизди Акемиздин кабыгына карап остик не чё жаман болмадык 17:30

  • @aktotykurmankul3035
    @aktotykurmankul3035 Před 3 měsíci +3

    Акесине кайрай бергени нес кайта акеси нагыз жигит кылып осирипти.

  • @Laura______04
    @Laura______04 Před 3 měsíci +2

    Тылдык коры аз жургызушы, орынсыз сурактар
    Мансур молодец карапайым

  • @Banu.Perdebek
    @Banu.Perdebek Před 3 měsíci +1

    Тәуекел жақсы жүргізетін еді

  • @Akerke2023
    @Akerke2023 Před 2 měsíci

    Пайғамбарымыз с.а.у. “Баланын
    тентектігіне ашуланбай, сабырлылык таныткан.
    «Бала кішкене кезінде бузык болса, бул онын ескенде акылды болатындырынын белгісі» деген

  • @zhanbota_zhandoskyzy
    @zhanbota_zhandoskyzy Před 3 měsíci +3

    Баланың кеш сөйлеуі ананың ішінде жатқаннан болады көбіне. Анаға көп стресс түспе дейтін сол

  • @user-il6gu6zs4i
    @user-il6gu6zs4i Před 3 měsíci

    Мықты актёр!

  • @user-dg1bz1dw9h
    @user-dg1bz1dw9h Před 3 měsíci +4

    Сухбат алып отырган жигит сауатсыз екен сурактарды дурыс коя алмады угныксыз

  • @indiraomiralimova
    @indiraomiralimova Před 3 měsíci +2

    Тәуекел бола беру керек еды жургизуши.Тауекел болганда сурактары орынды ары ынгайына карай коя білетін.Жұмсағырақ.Әр адамның өз жолы бар өте ары кетпеген жөн егер өзі айтқысы келмесе.

  • @user-hp5ow5vi7i
    @user-hp5ow5vi7i Před 3 měsíci +1

    Жургизуши унамады, сурак койып жаттанды , не ангимени орбитпейди. Жаксы деп кайыра салганы кызык екен. Багдарлама озекти маселени котерген Урпак тарбиеси деп, сатти журип кетуи ушин жургизушини ауыстыру керек сиякты

  • @janarjainakova3766
    @janarjainakova3766 Před 3 měsíci +2

    Маған ұнайды Мансұр. Ажырасып, әйелі астарлы ақиқатқа жамандады емес па? Папасы да , мамасы да актерлер. Мансұрды көрсем қуанамыз. Тек алға! Жақсы қыз кездессін!

    • @nartaevna94
      @nartaevna94 Před 3 měsíci

      Ақмарал деген келіншегі бар қазір

    • @user-do5ns9pe5y
      @user-do5ns9pe5y Před 3 měsíci +2

      Недеп жамандады?Керісінше көпшіліктің алдында жамандағысы келмедң

    • @user-oj3iq2rr5r
      @user-oj3iq2rr5r Před 3 měsíci +1

      Вот именно, әйелі жамандаған жоқ

    • @user-pi3ub5hm85
      @user-pi3ub5hm85 Před 2 měsíci

      Уже жена. У них 2 детей ​@@nartaevna94

  • @user-kv6he5yh3t
    @user-kv6he5yh3t Před 3 měsíci +3

    Жүргізуші ұнамады Тәуекел жүршізгені дұрыс сияқты

  • @user-rx6ok8vx2p
    @user-rx6ok8vx2p Před 3 měsíci +3

    Жауапкершилик жок ,бар жауапкершилик Ана мында болган !Екикабат кезде айели депрессия да журип босанып жане ажырасу тура сол балада еди !

  • @AigerimMukaeva-ok4jl
    @AigerimMukaeva-ok4jl Před 3 měsíci +2

    Тууу жургизуши