Video není dostupné.
Omlouváme se.

Он жылдан соң әзер сүйген сәбилерінен айырылып қалған отбасы қайғыдан қан жұтып отыр

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 2. 05. 2022
  • Алматы облысында Мамырбаевтар отбасы он жылдан соң әзер сүйген сәбилерінен айырылып қалды. Қайғы жұтқан жанұя балаларының шетінегенін дәрігерлерден көріп отыр. Сөздерінше, бала ауруханаға барғанда есін біліп, шырылдап жылап тұрған. Бірақ дәрігерлер қарағаннан кейін бірнеше сағаттан соң ұлымызды танымай қалдық дейді. Есінен танған Мансур арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыпты. Нәрестінің ата-анасы баланы мамандар не құлатып алды, болмаса наркозды мөлшерден көп салды деп күдіктенеді.
    Баян мен Тілеуберді сәбиін Алматы облыстық балалар ауруханасына апарғандарына қатты өкінеді. Онда бармағанымызда баламыз тірі қалар еді деп ойлайды. Айтуларынша, сол күні сәбилерінің ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртыпты. Бірақ, дәрігерлер келгенше баланың ыстығы түскен. Сонда да анасы шақалақты ақ халаттыларға көресетіп алайын деп, ауруханаға апарыпты.
    ТІЛЕУБЕРДІ МАМЫРБАЕВ, Талдықорған қаласының тұрғыны:
    - Баланың сартурациясы жақсы болған. 95-96 болған. Біздің көзімізше тексерген. Жарты сағаттан кейін реанимацияға жатты. Үш сағаттан кейін операция жасау керек дейді. Мен айттым, операция жасамайық, баланы маған беріңдер дедім. Баланың состоянесін көрсетті. Баланың басы кетіп қалған, демала алмай қиналып жатты. Жылап айттым, сендер не істедіңдер, үш сағаттың ішінде балаға. Бізге айтпай, біздің рұқсатымызды алмай основной күдігім наркоз салды деп ойлаймын. Не болмаса құлатып алды.
    Ал сәбиге ота жасаған дәрігер баланың жағдайы ауыр болды. Оның үстіне жеті айлық сәби отаны көтере алмады дейді.
    ЕРТАЙ ЕРБОЛҒАНОВ, Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:
    - Бала көтере алмады, өйткені ол слабый. Ішектің бір отделі қысылып қалған да, нәжіс, газ өтпей қалады. Түсініп отырсыз ба және оның қысылған жері ішектің қарайып кеткен. Өйткені қан жүрмей қалған. Біз сол қарайып кеткен жерін алып тастадық да, шегін жалғадық.
    Бірақ баланың ата-анасы сәбидің жағдайы ауыр болды дегенмен келіспейді. Себебі, дәл сол ауруханаға түсетін күні ғана Талдықорған қалалық емханасының хирургына баланы тексерткендерін айтады.
    ТҰРСЫНҒАЛИ СУРАМБЕКОВ, Талдықорған қалалық емханасының хирургы:
    - Қағаз жазып, экстренный болса сразу жіберемін, ол кезде экстренный жалоб, жағдай ондай болған жоқ.
    БАЯН МАМЫРБАЕВА, Талдықорған қаласының тұрғыны:
    - Жазаларын тартсын. Ұлым қайтыс болды, сонымен кішкентай балаларды өлтіру тоқтасын.
    Айта кетейік, былтыр Алматы облысында 24 ана мен бала өлімі болған. Бірақ сотталған дәрігерлер жоқ. Ал кішкентау Мансур қайтыс болған ауруханадағы камералар үш-төрт айдан бері істемей тұр екен.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    CZcams - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #сәби_өлімі #талдықорған #қайғылы_жағдай

Komentáře • 250

  • @user-kg7zo3tl9e
    @user-kg7zo3tl9e Před 2 lety +28

    Алланың қалауығой Ата-анасына үлкен сабыр берсін Артынан Алла ұл қыз тағы силасын🤲Қияметте балаңыз сіздерге шапағатшы болады Алла қаласа( ата-анамсыз жұмаққа кірмеймін дейді екен)Сабырлы болыңыздар Алланың берері тағы көп болсын🤲

  • @user-bw5pg5my6w
    @user-bw5pg5my6w Před 2 lety +48

    Иә өте қиын жағдай .. Алла сабыр берсін ата - анасына. Алла артының қайырын берсін, сәби сүйуді нәсіп етсін❤

    • @user-bf8tv1en6g
      @user-bf8tv1en6g Před 2 lety +1

      Алла тагала тагыда саби берсын

  • @gulnur8896
    @gulnur8896 Před 2 lety +51

    Екі жас ата-ана! Өте ауыр. Мойымаңыздар. Сіздерде әлі де бала/балаларыңыз болады Аллаһ қаласа 🌷Ал бұл сәби сіздерді Жәннатта күтеді 💗

    • @user-yb7lj8om1d
      @user-yb7lj8om1d Před 2 lety

      🥱

    • @user-wn7le6go3u
      @user-wn7le6go3u Před 2 lety

      иир

    • @user-pj2ou9ef9l
      @user-pj2ou9ef9l Před 2 lety +1

      Недеген бассыздық жексұрын, жәннәтта күткені несі ей, жамандық ты шақырып,жас балалар денсаулығын қамтамасыз ету немесе дәрігерлік көмек көрсету керектігін ұмытпаңыз дар,әлі болады, тек қана ден саулық, және көңіл қүй керек.меніңде басымда болды, қырық екіде әзер дегенде ұлды болдық,бір жыл өткен соң, екінші рет ұл баланы дүниеге әкелдім. Бұл қатты күйзеліске душар болмау керек,ол өте-мөте қажет ететін мәселелер.Меніңжасым келген адаммын, сіздердің келешекте бақытты ғұмыр кешіп,балалы болуларыңа тілекші.

    • @user-ue2pk4ig4m
      @user-ue2pk4ig4m Před 2 lety +2

      Айналайындар Алла сабыр берсін Бір бала шыққан жерден Бес бала шығады Алла әлі береді сендерге Сабырға келіңдер Дұға тілектерің ді қабыл етсін Болады бала сендерде

  • @nuresmahan5547
    @nuresmahan5547 Před 2 lety +52

    Аллах сиздерге сабыр берсин,, Аллах тагала сиздерге али талай кос егиздер насип етер 🤲

  • @user-rv8bv5th2x
    @user-rv8bv5th2x Před 2 lety +101

    Видеокамерасы жоқ немесе істемейтін әскери бөлімдер мен ауруханаларды жабу керек , строго !!!

    • @user-ne2xt6pe1w
      @user-ne2xt6pe1w Před 2 lety +2

      Камералар әдейі істен шығарылады.

    • @akbobekamirzhanovna4414
      @akbobekamirzhanovna4414 Před 2 lety +2

      Бирденелери урланса жасайтын боладыго

  • @user-bh2ox1wp1w
    @user-bh2ox1wp1w Před 2 lety +10

    АЛЛАННЫҢ қолында бәрі. Не болғанын білмейміз ғой. Бәрі бір Аллаға аян. Ненің қайырымды қайырымсыз екендігіде. Нәрестенің жаны жәннәттә болсын, ата анасына сабыр берсін.

  • @user-ey3gu4mn3z
    @user-ey3gu4mn3z Před 2 lety +9

    Ата анасына Алла сабыр берсин урпак жалғасын бергей мундай дәрігерлер өте көп жумыстан босату керек жауапкеошілік жок отирік дигноз айта салат оңбағандар алдын ала тексергенде айту керек ғо міне мынандай жағыдай мумкіншілік осындай деп маман болғасын канша баланың обалына калып калып жатырык жауапсыздыктан шара колдану керек деп ойлайм

  • @user-gj4lr4tr8h
    @user-gj4lr4tr8h Před rokem +1

    Жаным.ай.балапан.
    Иманды.болсын.
    Периште.гой.
    МЗ.

  • @user-ep6su2ei8m
    @user-ep6su2ei8m Před 2 lety +4

    Мә бала тууға қорқатын болдық қой🙁Кішкентай періште жаның жәнәтта болсын🤲😢😢😢

  • @wonderwonderful1617
    @wonderwonderful1617 Před 2 lety +7

    Ия әрине дәрігер кінәлі шығар, бірақ бәрі бір Алланың ісі. Егер Алла аман қалдырамын десе қандайда бір жолын табады.

  • @user-xy6dr2tp8t
    @user-xy6dr2tp8t Před 2 lety +4

    Жанымау періште өте қиын жағдай.Ата Анасына құдай сабыр берсін.Алла тағалам сіздерге тағыда балалы болуды нәсіп етсін.

  • @user-nz5wm2qh9u
    @user-nz5wm2qh9u Před 2 lety +15

    Иманды болсын! Алла тағы сәбилі болуына нәсіп етсін.

  • @user-cq4zm3qz7r
    @user-cq4zm3qz7r Před 2 lety +3

    Алла сабыр берсін жандарым соллл. Алланың қазынасы көп қой . Әлі ақ үйіп ,төгіп береді.

  • @user-ew7wg3uy3c
    @user-ew7wg3uy3c Před 2 lety

    Анадан мынадан коремиз негизи бари Алланың ыси тек сабыр тилейм 🙏

  • @user-zb4xw8qu5h
    @user-zb4xw8qu5h Před 2 lety

    Енды шакырмаса тагы болмаиды оте окынышты Ата анасына сабыр берсын

  • @user-ky5kw9zo7q
    @user-ky5kw9zo7q Před 2 lety

    Оте кыйын жагдай,сабыр берсин ата, анасына.Жассындар бопели боласындар,Аллага сыйынып журиндер.Менин басымнан 19 жасымда откен,11 айлык кызымнан

  • @user-fp6ct7se9h
    @user-fp6ct7se9h Před 2 lety +9

    Сіздер алла бұйырса көп бала сүйесіздер ал алғашқы сәбилеріңіз сіздерді төбеден көріп тұрады және сіздерді жәннатта күтетін болады алла бұйырса

  • @user-tm6mc7vb8l
    @user-tm6mc7vb8l Před 2 lety +4

    Аман болыңыздар,балаларыңыз болсын болашақта🤲🤲🤲

  • @Bilim_tv_777
    @Bilim_tv_777 Před 2 lety +1

    Алла сабыр берсин ,журегим ауырып жылап жібердім,таныс жағдай,өте кайгылы жағдай,Алла еки жасты иншалла Көпбалалы ата ана кылсын🙏аумин

  • @user-ov4si2ki8j
    @user-ov4si2ki8j Před 2 lety

    Алла сабыр берсин. Кишкентай саби шапагатты болсын.

  • @user-gj5ig2mh8h
    @user-gj5ig2mh8h Před 2 lety

    Ойбууйй жаним.аауу. тісі шығып бастағанда ыстығы болмайтынба еді? Аллам сіздерге бала нәсіп етсін

  • @user-oo1dt6lt1e
    @user-oo1dt6lt1e Před 2 lety

    Менын де екы улымда осы лардын кесырынен айырылып калгам Аллам ананы баласы мен сынамасын Аллам сабыр берсын

  • @gaukhardaudbaeva8447
    @gaukhardaudbaeva8447 Před 2 lety +3

    Аллам беруін тауыспасын🤲 сабырлық берсін🤲 ата анасына

  • @nurmus5976
    @nurmus5976 Před 2 lety +9

    Дәрігерлерді де кінәлай бермеу керек!

  • @swatextreme4670
    @swatextreme4670 Před 2 lety +40

    Қазақстанда маман жоқ әйтеуір өйтіп бүйтіп бітіреді оқуларын

    • @user-vu4kh2tu5z
      @user-vu4kh2tu5z Před 2 lety

      АЛЛА ата анасына САБЫР берсін баласынан айырылу ҚИЫН жағдай

  • @sherkhan01
    @sherkhan01 Před 2 lety +40

    Наверно давно пора уже понять, что именно в Медицинские учебные заведения, надо принимать на конкурсной основе, как в бывшее Советское время, иначе там учатся и те, кто еле еле закончили среднюю школу, их принимают на платной основе, вот и выпускаются эти троишники Врачами.

    • @antoniobanderos5898
      @antoniobanderos5898 Před 2 lety +4

      Все правильно,только на грант надо брать

    • @zhan.7785
      @zhan.7785 Před 2 lety +1

      Дело здесь не в тоешнике, а в практике

    • @user-mz4sk8fd8b
      @user-mz4sk8fd8b Před 2 lety

      👏👏👏👍

  • @balnurturgumbaeva911
    @balnurturgumbaeva911 Před 2 lety +1

    Әкесі де, анасыда езіліп баратыр құдайым ай, кішкентай ғана періште. Әкең мен анаңды сол өмірде жүріп қолдап жүре ғой кішкентай періште. 😥

  • @sauranalimov4619
    @sauranalimov4619 Před 2 lety

    Алла Сабыр берсын

  • @ondasinkarahanov9287
    @ondasinkarahanov9287 Před 2 lety

    Ия Алла жазаларын берсын

  • @user-co5md5em5u
    @user-co5md5em5u Před 2 lety +5

    Барин мен истеймин пенделерим бир-биринен кореди дейди екен Алла! Мумкин ажалы келген саби шыгар?! Алла тагы саби берсин !

  • @damikosabika9018
    @damikosabika9018 Před 2 lety +22

    Қазақстанда қандайда бір жағдай болса камер ешқашан істемейді 🙄
    Для приличия тұр ғой 🤦🏻‍♀️
    Бала періште ата анасын қорғайды дейді ғой
    Алла тек сүйген құлдарын сынайды бекем болыңыздар 🤲🤲🤲🤲🤲

  • @user-Raul
    @user-Raul Před 2 lety +1

    Аллаға керек болды алды сол ушін алладан бала тілегенде узак өмірімен тілеңіз алла жар болсін

  • @user-dc6yu9el4u
    @user-dc6yu9el4u Před 2 lety

    Алла жар болсын

  • @user-ho6mf3nd2i
    @user-ho6mf3nd2i Před 2 lety

    Жаним балапан жаны жанета болсын

  • @KZ-yb1oo
    @KZ-yb1oo Před 2 lety

    Шапагатты болсын балапан...

  • @user-uo8bm6mj7v
    @user-uo8bm6mj7v Před 2 lety

    Алла сабыр берсін!

  • @user-ot6gs4vm9m
    @user-ot6gs4vm9m Před 2 lety

    Мына хирург отирик айтып отыр.егер шек кысылса операция сразу жасалу керек.әйтпесе карайып кетеди.Бизге 1ай болды осындай диагнозбен операция жасады.Бизде болницага славый болып бардык.20мин операция жасалды.9айлык балага.Аллага шукир операция жаксы отти.Биринши Алла екинши Даргердин аркасы.Жезказган каласынын 9этаж болницанын Детский хирург Данияр Сламбековичке деген хирург агамызга коп рахмет.Өз ісінің маманы.

  • @user-sb8jr8yn9d
    @user-sb8jr8yn9d Před 2 lety

    Шапагатшы болсын

  • @user-cv2rm7gl6y
    @user-cv2rm7gl6y Před 2 lety +2

    АЛЛА разы болсын .Имады болсын.

  • @user-ti8jt7dd7t
    @user-ti8jt7dd7t Před 2 lety

    Кудай сактасын

  • @AsdAsd-eg4ec
    @AsdAsd-eg4ec Před 2 lety +2

    ЖАНДАРЫМ АЙ.АЛЛА ЖЕНИЛДИГИН БЕРСИН
    КАЙЫР БОЛСЫН.

  • @user-oh8ws3yh2o
    @user-oh8ws3yh2o Před 2 lety

    Ас Саламу Алейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Аллам сабыр берсин сиздерге. Сабыр етиниздер. Раббымыз суйген кулдарын сынайды. Алла осы дуниеде алса акыретте береди ИнШаАлла. Алланын ози берди ози алды. Расында барлыгымыз Аллага кайтамыз. Сол кайтуымызга дейн иманнан ажырамайык бауырлар.

  • @user-rc6ij7lb3y
    @user-rc6ij7lb3y Před 2 lety +1

    Билмейтин болса не ота жасайды оздерине шан жылытпайды Астанага бару керек еди

  • @user-vv5ch1up6y
    @user-vv5ch1up6y Před 2 lety

    сол аурухана жабылуы тийс..барманыздар

  • @user-rx7ki7zm4v
    @user-rx7ki7zm4v Před 2 lety

    Шарагатты болсыг

  • @nuriyazhakupova1279
    @nuriyazhakupova1279 Před 2 lety +5

    Дәрігерден қорқатын болдыққо.

  • @aigulsuleimenova6466
    @aigulsuleimenova6466 Před 2 lety +1

    Иманды болсын деп жылап қоясың сендер жасында али көп балалы боласыңдар болады улдарын он шақты кыздарын моншақы дендерин сау болсын

  • @ahmadrustemov9839
    @ahmadrustemov9839 Před 2 lety +17

    Сейчас не секрет что все врачи акшамен жумыска кирген.

  • @user-sv6rd2nm5q
    @user-sv6rd2nm5q Před 2 lety +3

    Камера үш төрт айдан бері істемейді дейді адамның күлкісін келтіреді ал егер ішіне кірсең шығыңыз камера бар дейді

    • @azakushekov720
      @azakushekov720 Před 2 lety

      Осындаи жағдаи болса, камералары істемеи тұрады .

    • @user-sv6rd2nm5q
      @user-sv6rd2nm5q Před 2 lety

      @@azakushekov720 ол камераларды тікелей рувд көріп отырады дейдіғой тағыда

  • @abay_kuzenbayev
    @abay_kuzenbayev Před 2 lety +2

    Арты қайырлы болсын бірақ дәрігерлерді жамандауды журналисттер қоюуы керек дәрігер қолдан келненін істейді олда пенде ажалды тоқтату ешкімнің қолынан келмейді

  • @user-ix4ii7ok8g
    @user-ix4ii7ok8g Před 2 lety +7

    Казирги ауруханага коркып барасын тем более перзентханга босануга апару деген воше жан уяда шок коркынышпен отырады

  • @user-ye8cn4zn3v
    @user-ye8cn4zn3v Před 2 lety +2

    Алла тағы да көөп бала берсін !

  • @user-rj5vk5ss3i
    @user-rj5vk5ss3i Před 2 lety

    Сабиге жалко болуптур , аке шешесине сабырдуулук тилейм.
    Артынан кош, кош уул кыздуу болгула .

  • @user-ke2hp4ec7k
    @user-ke2hp4ec7k Před 2 lety

    Арты қайырлы болсын. Алла тағалам тағы да перзет нәсіп етсін. Біздің елде вечно осындай , кім кінәлі екенің білгін келсе то камера істемейді , то ақ болды , то көк болды деп айтып шыға келеді.

  • @botasultan3502
    @botasultan3502 Před 2 lety +11

    Өкімет ақылы бөлімді жапсын акша үшін ашып тастады оңда сабаққа көңіл бөлмейтіндер де оқып жүре береді сосын осындай тек акша үшін жүретін дәрігерлер көп болып кетті,бурынгы дәрігерлер бір дәрі берсе жазылып кететінбіз ,олар нағыз оқыгандар еді

    • @user-qo7nl3ss9d
      @user-qo7nl3ss9d Před 2 lety

      Өте дұрыс айтасыз сапалы білім керек. Тәртіп болмаған жерде білім болмайды

    • @user-kj7pt5tr3p
      @user-kj7pt5tr3p Před 2 lety

      Ақылы оқуды жапқан дұрыс,онлайн оқыдым деп диплом алғандар көп.Адамның тағдыры дегенді түсіну керек.

  • @user-up3pi5lx1i
    @user-up3pi5lx1i Před 2 lety +4

    Шынымен неге кішкентай балалар және аяғы ауыр босану ушін тускен әйелдер өле береді, не ушін.
    Шынымен өлтіріп жатырма осы дәрігерлердің өзі.

  • @noname-gp8gz
    @noname-gp8gz Před 2 lety +1

    Шапагатта болсын, оте окiнiштi

  • @aigerimkujumova7282
    @aigerimkujumova7282 Před 2 lety

    Алла егіз берсе екен

  • @m7conik_310
    @m7conik_310 Před 2 lety

    Аллам сабыр берсін үшем деп берсін сәбиді .Мұңаймаңыз Алла береді

  • @muzzzon.kz.08
    @muzzzon.kz.08 Před 2 lety

    Алла сақтасын . Не пәле . Алла көріп тұр ғой. Алла сабыр берсін. Шапағатшы болсын сіздерге.

  • @user-wh9ci9wz2c
    @user-wh9ci9wz2c Před 2 lety

    Құдай-ау шапағатты болсын .Тағы бала болады Алла кеңшілдігін берсін .

  • @user-vo1qv8ty8s
    @user-vo1qv8ty8s Před 2 lety +18

    Истемейтин камералар неге турады? Барлык жерде сылтау. Аскерде де больница нагыз керек мекеменин сол камерага жауапты маманы неге карамайды. Жылына бир рет оны неге тексермейди?

  • @user-eo9bj2ok7u
    @user-eo9bj2ok7u Před 2 lety

    Даригерлердин де жаны бар, адейи касакана наукаска ешнарсе жасамайды,,,каралаудын кажети жок
    Ата анасынын жан айкайы, сабыр берсин..
    Бирде бир даригер сотталмады дегениниз, журналист мырза,,муныныз артык,

  • @user-hq7tc5pm3g
    @user-hq7tc5pm3g Před 2 lety

    Я Аллаһ сол отбасыга салиқала бала берш аумин

  • @user-nq7mn4fj9d
    @user-nq7mn4fj9d Před 2 lety

    Аллахым сабыр берсын монгаймангызар Иншааллах Женеде сабыйлы боласыздар тусынемын 10 жыл куткен сабый онгай емес 😢😢хеч быр ананы басына туспесын бызде 13 жыл болды Алладан перзент сораймыз Аллахым бызны жалгыз калдырма бер быздерге перзентер😢😢🤲🤲🤲

  • @user-qf4hh5vz4w
    @user-qf4hh5vz4w Před 2 lety +12

    Орыс медиктер керек казахстанга казахтар медикта бола алмайд каншаиа адамды олтырд.из за незнаний.оз ыстерынын маманы бола алмайд кобы.тыпты точный лиагноз коя алмайд ойткены окымайд.Бурын орысиар ьар болган кезде роддомда калганы да жаксы жасады.Сондыктан медиктерды тексеру керек медицина колга алыну керек знаниесы асыресе.по блату оки салад сол дурыс емес.

    • @user-ij4hp9fy7z
      @user-ij4hp9fy7z Před 2 lety

      Иа кетрек

    • @madinabala8545
      @madinabala8545 Před 2 lety +1

      Орыс казахта емес дам туз таусылды .Олай булай демейк ким биледи не болганын

  • @user-lq9sz9ti8x
    @user-lq9sz9ti8x Před 2 lety +1

    Алланын укимине карсы шыкпандар. Колыннан келсе алып калмайсынба.

  • @user-rl5dz9ui3b
    @user-rl5dz9ui3b Před 2 lety +2

    Ой жандарым ай ,берык болыңдар,казыр врачтарга сеным жок,Аллам мейырымы көп кой ,тағы да сабилы болуды насып етсын,соңына дейын жеткызу керек бул ысты.

  • @gulsara_kusherbayeva
    @gulsara_kusherbayeva Před rokem

    Шығасыға иесі басшы болады дейді , уйде температураны түсіруге тырысу керек еді.... не дерің бар , періште ұшпақы дейді бұрынғылар.

  • @zhahantv2594
    @zhahantv2594 Před 2 lety +1

    Шапағатшы болсын

  • @user-wp2xo4hq8c
    @user-wp2xo4hq8c Před 2 lety +8

    Казакстанда омір сүруге қоркатын болдыкко то жана туган сәбилер кайтыс болады то армияга кеткен жас жигиттер кайтыс болып кетеді не деген сұмдық алла жар бола гор озин

  • @user-yr3uu8dm8i
    @user-yr3uu8dm8i Před 2 lety +13

    Инвагинация возможно,такое бывает у малышей. Если во время не обратиться исход печальное. Врачи не не убийцы и бог . Что смогли сделали наверное. Конечно жалко малыша . Крепитесь.

  • @user-th5if2st4g
    @user-th5if2st4g Před 2 lety

    Жаным ай. Балапан.
    Оте окиништи.
    Иманды. Болсын.
    🐥🐥🐣🐣🐣🐣🐣🐣🐣🐥🐥🐥🐣🐣🐣🐣🐣🐣🐣🐣💖💖💖💖💖💖💖💖💖💖💖🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝🐝Мен. Де. Ишимдеги.
    Баладан айрылдым.
    Тусинем.
    Шыда.

  • @alixanalaidar1607
    @alixanalaidar1607 Před 2 lety

    Алла тағала сіздерге тағы ата ана болуды нәсіп етсін

  • @gulnazutepbaeva9100
    @gulnazutepbaeva9100 Před 2 lety

    Неге неге тап менин жагдайым кайталанып тур,менде солай бейнесип болып калганмын 26кундик немеремди корсетип кайтам деп олтирип алып келдим,али озимди кешире алмаймын улым мен келиниме караган сайын бир турли болам,аллам маган тагыда немере сыйлагай, Озим туу уйинде акушерка болып истеймин сабилерди корген сайын журегим ауырад деппрессиядан шыгалмай журмин

  • @anurekenova3024
    @anurekenova3024 Před 2 lety +11

    возможно инвагинация кишечника. сатурация тут не причём. без операции ребёнок всеравно умер бы от гангрены кишечника. хирург грамотно объясняет, что часть кишечника почернела.
    ребёнку наркоз тяжело конечно. а как операцию без наркоза? тут риск был 50 на 50
    нечего винить врачей.
    так суждено было

    • @user-ul3jt3pi4k
      @user-ul3jt3pi4k Před 2 lety

      Наверно сама врач.
      Не дай вам оказаться на их месте

    • @anurekenova3024
      @anurekenova3024 Před 2 lety +1

      @@user-ul3jt3pi4k да я доктор. Бывают и доктора умирают от тяжкий болезни. Мы все смертные.

  • @user-nv1lr5kq6l
    @user-nv1lr5kq6l Před 2 lety +3

    Жыламаныздар аллакалласса алы балалы боласыздар кудаикалласса олар дарыгерлерды кудаи женбесе адам женалмаиды адылдык жок

  • @user-sl6vq1lw7e
    @user-sl6vq1lw7e Před 2 lety +1

    Бирдене болса даригерлерди киналауды койындар

  • @kli718
    @kli718 Před 2 lety

    Шапағатшы болсын! Мен де жеті айлық баламнан айырылып қалғанмын!

  • @user-wb1jl6um3f
    @user-wb1jl6um3f Před 2 lety

    Егиздетип сегиздетип улды кызды болыныздаршы

  • @user-nn2wh3gd4s
    @user-nn2wh3gd4s Před 2 lety

    Менинде улым осылай шетинеп кетти он айында. Ишеги туилип калганын узи билмеген бир апта ранимацияда жатты сол кезде бирак операция жасады ол кезде бари кеш болды казирги медиктерге кунимизди салмасын

  • @user-xd5cw6ee8b
    @user-xd5cw6ee8b Před 2 lety +1

    Судка берсин, не ушын камера истемейди

  • @user-bp2bx5wm3r
    @user-bp2bx5wm3r Před 2 lety +1

    Алла сабыр берсин.Арине онай емес.Мыкты болыныздар.Але жассыздар талай балалы боласыздар.Корер жарыгы жок екенда.Аллага керек болды алды.

  • @Salta_87
    @Salta_87 Před 2 lety +1

    Операцияны көтере алмаса неге жасайды операцияны уақтысында қарамаған ақша бермесе ешкім қарамайды

    • @lagos_ff7919
      @lagos_ff7919 Před 2 lety

      Акылсыманысшы

    • @Salta_87
      @Salta_87 Před 2 lety

      Мен медикпін білемін ненің не екенін

    • @Salta_87
      @Salta_87 Před 2 lety

      Саған ақыл айқан ешкім жоқ

  • @gulnark3731
    @gulnark3731 Před 2 lety +1

    Алла береди, Алла алады.
    Сабыр сактаныз.
    Значит он родилься слабым.

    • @user-eq1dt6hk7h
      @user-eq1dt6hk7h Před 2 lety

      Көшелерге камера қойғанша осы ауруханаларга коймайма

  • @user-jz8kc5me9r
    @user-jz8kc5me9r Před 2 lety

    Окиништи.АЛЛА САБЫР БЕРСИН!

  • @user-ik4nb1ku9t
    @user-ik4nb1ku9t Před 2 lety

    Отаны слави болса не ушин жасайт! Наркоз не ушин беред алсиз балага акымак тар! Алла сабыр берсин ата анасына

  • @user-mb4fv3sf9f
    @user-mb4fv3sf9f Před 2 lety +2

    Кінәлілер жазалансын! Ата-анасына Алла сабыр берсін!

  • @user-pk7pb8kn4v
    @user-pk7pb8kn4v Před 2 lety

    Алла балдары коп болсын

  • @akilbekjumabek7750
    @akilbekjumabek7750 Před 2 lety +2

    Кудай сактасын. Копке топырак шашпайм Арине казир коби куат билим жок сатып алган коби

  • @gulbaharakilbekova6131
    @gulbaharakilbekova6131 Před 2 lety +2

    Қанша адам өліп жатыр. Ешкім сотталмайды. Не деген сұмдық 24өлім. Басшылық қайда. Дипломдарын сатып алған. Гиппократ анты қайда

  • @user-nv1lr5kq6l
    @user-nv1lr5kq6l Před 2 lety +2

    Армиядада камера ыстемеиды балнитцада ыстемеиды ыске косылмаса неге коиган калыкты алдамандар ешкым акмак емес

  • @guldenshondykhan9450
    @guldenshondykhan9450 Před 2 lety +1

    Негізі гос. учереждениелерде камералар истемегй қалғаны үшін жауапқа тартылу керек.Ответственный адам болу керек қой,соншама камераның не керегі бар істемесе.

  • @user-oe9rk5ju8q
    @user-oe9rk5ju8q Před 2 lety

    Алла сабыр берсин сиздерге

  • @MafiozHiK
    @MafiozHiK Před 2 lety

    Капец дурыстап тексеру керек осдан сон калай сенесын буларга оте окынышты

  • @user-kb2xb8bd6y
    @user-kb2xb8bd6y Před 2 lety

    Кудайым ау обал болды го

  • @Baljan01
    @Baljan01 Před 2 lety

    Камера қою керек. Істемесе несіне тұр Аллаһ сабыр берсін.

  • @user-rc9wz5te8t
    @user-rc9wz5te8t Před 2 lety +1

    Қазір доғыдырға барсаң сенен бұрын кандай укол алып едің деп сурап алып соны жазып беріп турғо бізде осындай дәрігерлер бар

  • @user-jj9jl4gi1b
    @user-jj9jl4gi1b Před 2 lety

    Алла сабыр берсин сендерге

  • @segakz6909
    @segakz6909 Před 2 lety

    Иманды болсын,Алла ата-анасына куат берсын.Иманды сабилериниз коп болсын.