Сарқандық Нүрпейісовтер жанұясы Алматы облысының ең үлгілі отбасысы атанды

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 09. 2024
  • Алматы облысындағы ең үлгілі отбасы анықталды. Олар үш бала тәрбиелеп отырған сарқандық Нүрпейісовтер жанұясы. Шаңырақ иесінің отағасы да, отанасы да - ұстаздық қызмет атқарады. Көпке сыйлы жас отбасы «Көшбасшы» сыйлығын жеңіп алды. Тағы 19 номинация Алматы облысының «Көшбасшы» жастарына берілді.
    Бұл - Алматы облысындағы «Көшбасшы» атанған Нүрпейісовтер жанұясы. Сарқандық жастар 6 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Содан бері тату-тәтті өмірлерімен талайларды тәнті етіп келеді. Облыстық, аудандық «Жас отау» жас отбасылар байқауында Бас жүлдені қанжығаларына байлаған.
    АБАЙ, АЙДАНА НҮРПЕЙІСОВТЕР, «Көшбасшы» сыйлығының «Үздік жас отбасы» номинациясының иегерлері:
    - Жасымыз 29 да. Бір жылғымыз, бір күнде туылғанбыз. Бір Универде бірге оқып, қазір бір жерде жұмыс жасап жатырмыз. Барлығында бірге жүреміз былай айтқанда.
    Ал Ақжан Мұсахметов Көксу аудандық Үкіметтік емес ұйымының жетекшісі. Әркез еріктілердің басын қосып, қайырымдылық іспен танылған жас маман өзінің туған күнінде «Көшбасшы» сыйлығын жеңіп алды.
    АҚЖАН МҰСАХМЕТОВ, «Көшбасшы» сыйлығының «Үздік Үкіметтік емес ұйым» номинациясының иегері:
    - Көксу жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісімін, 2005 жылдан бері. Бірлестіктің негізгі мақсаты - жастар саясатын дамыту, жастардың шығармашылығын дамыту.
    2010 жылдан бері 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылып келе жатқан «Көшбасшы» сыйлығын иелену кез келген жастың арманы. Бұл жүлдені жеңіп алу үшін қатысушы өз саласының нағыз үздігі болуы тиіс. Байқаудың да басты талабы осы. Облыстың кілең мықты жастарын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі арнайы келіп құттықтады.
    БОЛАТ ТІЛЕПОВ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
    - Жастарға, жеңімпаздарға армандауды тоқтатпай, әйгілі Нельсон Манделаның сөзі бар ғой «Тағдыр» атты кемелеріңіздің өз капиталы, олжалысыздар!
    Биыл «Көшбасшы» сыйлығын жеңіп алу үшін 350-ден аса үміткер қатысқан. Олардың ішінен өз саласының нағыз үздігі деп танылған 20 жас жеңіп шықты. Жастарды марапаттау шарасы арнайы концертпен аяқталды.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    CZcams - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Komentáře • 7

  • @user-op1sd1do9t
    @user-op1sd1do9t Před 2 lety +2

    Сіңлім мен күйеу балам, Айдана, Абай жеңістерің құтты болсын! Бақытты болыңдар!

  • @user-ih7vz7cx6c
    @user-ih7vz7cx6c Před 2 lety +1

    Молодцы! Это редкость значит они стрессоустойчивые сейчас иметь детей это дорогое удовольствие

  • @user-dx6uo7vb8y
    @user-dx6uo7vb8y Před 2 lety +2

    Абай Айдана жарайсыңдар👍 тек биіктен көрініңдер👏

  • @user-qp7ub2yp9e
    @user-qp7ub2yp9e Před 2 lety +1

    Құтты болсын! Жарайсыңдар жастар

  • @user-gj2py1wy1p
    @user-gj2py1wy1p Před 2 lety +2

    кутты болсын Абай Айдана жарайсындар!

  • @almagulnurpeisova9623
    @almagulnurpeisova9623 Před 2 lety +2

    Ең керемет жұбы жарасқан отбасы Абай мен Айдана бақытты болыңдар

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 Před 2 lety +1

    Арон Атабекті көміп тастап, өздерің жарқ-жұрқ еткізіп тойлатып жатсыңдар ма бір-біріңе тат басқан темір тағып? Жарайсыңдар👏👏😡😡😡