"СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІЛЕРДІҢ" ЕКІІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІ Шымкент қаласында

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 28. 08. 2024
  • Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 2024 жылдың 5-ші мамыр күні Сағат 8.00--де .
    Шымкент қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Шымкент қаласы әкімшілігінің қолдауымен өтетін "Асыл тұқымды ешкілердің" ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ көрмесіне шақырамыз. Көрмені жүргізушілер: Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Шамбасов Асқар және Түркістан облысының құрметті азаматы Егембердиев Амантай.
    Көрмеге ешкінің келесі асыл тұқымдары қатыстырылады:
    1.Заанен тұқымы
    2.Альпі тұқымы
    3.Англо-нуб тұқымы
    4.Битал тұқымы.
    5. Француз-Альпі тұқымы және т.б. тұқымды ешкілер.
    Көрме барысында келесі номинациялар бойынша байқау өткізу жоспарлануда:
    1.Жалпы сүттілігі жоғары ешкілерді анықтау.
    2.Заанен, Альпі тұқымды ешкілердің бірінші тумалары арасында ең көп сүт беретін ешкіні анықтау.
    3. Сүттің құнарлығы мен майлылығын тексеріп, анықтау.
    4. Текелер арасында ең биік және көрікті текені анықтау.
    5. Лақтардың арасында ең сүйкімді лақты анықтау. Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар және басқа да сыйлықтар беріледі.
    Биылғы жылғы көрменің ерекшілігі, көрме барысында асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасу семинарлық сағаттары өткізілетін болады. Семинар сағат өткізушілер: Сарағаш ауданының құрметті азаматы Ибраймов Мамырали Сәрсенбайұлы жергілікті ешкілерді асылдандырудың тиімді тәсілдері бойынша жеке тәжрибесімен бөліседі; Түркістан облысының құрметті азаматы Егембердиев Амантай Жолдыбайұлы асыл тұқымды ешкілерге күтім және ем қолдану шаралары бойынша жеке тәжрибесімен бөліседі. Көрмеге өздеріңіз өндірген табиғи ешкі өнімдерін алып келіп сатуғада болады. Асыл тұқымды ешкілердің Екінші Республикалық көрмесінің Шымкент қаласында өтуіне атсалысып, ұйымдастыру шараларын қолға алып, қолдау көрсетіп жұрген Сексек ата тұқымына жанашырлық танытып, асыл тұқымды ешкі шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген Өсербай Әлібек, Шынтасов Ерлан, Айтмуқан Ербосын, Утемисов Сакен ағаларымызға алғыс білдіреміз. Көрмеге алдын ала жазылған ешкілер ғана қатыса алады. Ешкі, Теке, Лақ алып келу үшін б/тел. +7 702 743 75 85 Ербосын.
    Қаржылай көмек көрсету үшін. Каспи голд +7 776 378 29 29 Ерлан
    Көрме жайлы сұрақтар бойынша +7 775 686 50 28 Молдабек
    Келіңіздер! Көрмені Көріңіздер! Біз сіздерді күтеміз.

Komentáře •