Шахта! Жер астындағы өте қорқынышты құпия | Кислотамен жұмыс істейтін адамдар | ЕҢБЕК АДАМЫ #28

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 04. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
    🔹Спикер: НҰРЫМБЕТОВ ҚАЙРАТ НИЯТУЛЛАҰЛЫ - жерасты ұңғымаларын жөндеу операторы.
    Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі - уран өндірісі. Еліміз уран өндіруден әлемде бірінші орында, ал уран қоры бойынша екінші орында. 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша да жаһанда көш бастап тұрмыз. Қазақстанда жыл сайын 20 мың тоннадан аса уран өндіріледі. Бұл - әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы. Еліміздегі алғашқы өнеркәсіптік "Қордай" кен орны 1951 жылы барланған. Ал 1960 жылдардың соңында Қазақстанның оңтүстігінде "Шу-Сарысу", "Іле" және "Сырдария" уран кеніштері анықталды. Бұл аумақтар уран қоры бойынша әлемдегі ең ірі өңірлерге айналды. Хош, есеп пен тарихты түгендеп болсақ, сол саладағы мамандар, жұмысшылар жайлы баяндайық. Бүгінгі кейіпкеріміз - Қайрат Нұрымбетов. Ол өндірісте жұмыс істейді. Уран қалай өндіріледі? Бұл жайлы кейіпкеріміз түсіндіріп береді.
    Уран кен орындарын шахталық және карьерлік әдістерге қарағанда, ұңғымалы шаймалау әдісімен игерудің жер қыртысына теріс әсері жоқ деуге де болады. Сала мамандары өндіріс салдарынан жердің шөгіп, топырақ бұзылмайтынын және жердің бетінде үйінділер қалмайтынын айтады.Біздің бағымызға орай жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен игеруге жарамды жер қорының 65 пайыздан астамы Қазақстан аумағында орналасқан. Жыл сайын бір ғана өндіріс аймағының өзінде 900-1000 жаңа ұңғыма іске қосылады. Өндіріс аумағы тоқтаусыз кеңейтіліп отырады. Қазақстанда жергілікті климатқа байланысты құбырлар жер беті деңгейінен төмен жатады, сондықтан қыстың аязында сұйықтық қатпайды. Ал барлау жұмыстары біткен соң алғашқы уранды өндіргенге дейін небәрі 1 айдан астам уақыт кетеді екен.
    Біле білсеңіз, әлемдегі әрбір үшінші ядролық реактор қазақстандық уранмен жұмыс істейді. Жаһанда жарық пен энергетикаға сұраныс уақыт өткен сайын еселенепі барады. Сондықтан, біздегі уран қоры - байлықтың көзі. Кейде сол ураннан түсіп жатқан қаржының басым бөлігі қарапайым халықтың игілігіне жұмсалса екен дейсің. Өйкені, ескі Қазақстанда қазақ жеріндегі қазба байлықтың бәрі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті емес пе? Сірескен сең бұзылды, жүндеген жүйе күйреді, жаңа дем, жаңа серпін алар кез туды. Сондықтан, әділдікті орнатып, бәрін қайта қалпына келтіруге болады.Бірақ, бірден болып кетуі екі-талай. Уақыт керек. Қазақстанның қазба байлығы мен басқа да кірістері әлеуметтің әлеуетін әлдендіруге бағытталады. Жаңа Қазақстанда солай болып та жатыр. Ураннан да уыстап енші алатын күн алыс емес.
    “Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 52

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Před 2 měsíci +12

    Көріңіздер! Таратыңыздар!
    Қарапайым Еңбек адамдарын қолдайық!

    • @user-dw5mn3ue9j
      @user-dw5mn3ue9j Před 2 měsíci +1

      ASSALLAYMAGALLEIKUM !! 🤚🤝👍✊

    • @user-dw5mn3ue9j
      @user-dw5mn3ue9j Před 2 měsíci

      MAGAN KYN BERMEI JATIR AKIMMATTAN MILITSIALLAR KELIF MAZA BERMEI JATIR 😡😠🤬

    • @user-dw5mn3ue9j
      @user-dw5mn3ue9j Před 2 měsíci +1

      KOMEK KEREK !!!! 😢😢😢😢

    • @user-dw5mn3ue9j
      @user-dw5mn3ue9j Před 2 měsíci +1

      MENI ATIF TRYBAMEN YRIF OLTIRIF KETE JAZDADI 🏃‍♂🏃‍♂🏃‍♂🏃‍♂4V🤼‍♂S1

  • @user-by1zg9pb8z
    @user-by1zg9pb8z Před 2 měsíci +4

    Еңбегіңнің жемісіне бөлене берсін.

  • @user-zv9vu6kt2l
    @user-zv9vu6kt2l Před 2 měsíci +2

    Қайрат нағыз Еңбек адамы болуымен бірге үлгілі әке. Ұл-қыздарының барлығы жақсы оқиды, тәрбиелі, өнегелі. Өз ісінің шебері, майталманы болғанға не жетсін. Еңбегіңе табыс, отбасыңа амандық тілеймін! 👍👍👍

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +9

    Өзіңдей азаматтар көп болсын

  • @user-xy1eb2gg6o
    @user-xy1eb2gg6o Před 2 měsíci +3

    Оо жезде керемет, жұмысыңа береке тілейміз, осы алған бетіңнен қайтпа, әр жұмыстың өз қызығы да қиыншылығы бар, бірақ еш мойымай құрметті зейнетке шыққанға дейін өз үлесіңді қоса бер, ең бастысы денсаулық мықты болсын!!!

  • @kuralaiesenbaeva4924
    @kuralaiesenbaeva4924 Před 2 měsíci +4

    Бейнетінің зейнетін көруді Алла нәсіп етсін!!!!

  • @guljanatkuralbayeva3711
    @guljanatkuralbayeva3711 Před 2 měsíci +4

    Еңбегіңнің жемісін көр Қайрат!

  • @AishaUadilova
    @AishaUadilova Před 2 měsíci +3

    Еңбегіңнің жемісін көре бер

  • @user-lr8xu2ur3o
    @user-lr8xu2ur3o Před 2 měsíci +4

    Жарайсың, Қайрат! Еңбек адамы-үлгілі жанұяның басшысы, сенімді дос, ақылды азамат.

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +5

    Әр сәтті болсын жанұяларыға аман кездесіңіздер

  • @user-el1xs4gz2u
    @user-el1xs4gz2u Před 2 měsíci +6

    Қайреке, еңбегің әрдайым елене берсін! Кез келген адамнан ала бермейді сұхбатты, Еңбегіңнің арқасы, әр ісіңе береке берсін! Біз сыныптастар сенімен мақтанамыз!

  • @gulsanakanieva7739
    @gulsanakanieva7739 Před 2 měsíci +4

    Еңбегіңізге береке берсін!

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +5

    Уран өндіру өте қауіпті екен ғо

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +5

    Бар бауыры уранда істейміз дейді мықты

  • @user-zv9vu6kt2l
    @user-zv9vu6kt2l Před 2 měsíci +3

    Қайреке атқарып жатқан еңбегіңіз халықтың игілігі үшін маңыздылығы зор.Еңбегіңіз елене берсін.Отбасымыздың мақтанышы бола беріңіз.

  • @user-rr1oj8ie9s
    @user-rr1oj8ie9s Před 2 měsíci +3

    Жарайсыңдар

  • @user-zz7yr5ps8n
    @user-zz7yr5ps8n Před 2 měsíci +3

    Қайрат еңбегің елене берсін

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +4

    Адам аман болып жағдайлары жасалып бұрынғыдай тыныш өмір сүргей

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +7

    Еңбек адамы туралы біршама мамандық иелерімен таныстық

  • @user-do2vy3ey8w
    @user-do2vy3ey8w Před 2 měsíci +2

    Иа, ауылымыздағы өнегелі, мейрімді жанұялардың бірегейі.

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +5

    Жарайсың Нартай

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +4

    Еңбек адамы фильмі бұл саланыда көрсетіп таныстырды рахмет сіздер ге

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +4

    Жанұяныз аман болғай

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +4

    Уран өндіру де де қауіпті жағдайлар бар

  • @C-sw4xo
    @C-sw4xo Před 2 měsíci +5

    Нартай бауырым утиль первичка дан қашан құтыламыз ескі машина шаршаттығой

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +4

    Уран өндіру көп болсын

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +5

    Ой аллай жұмыста әртүрлі қауіп көп

  • @user-gj1io3wf4u
    @user-gj1io3wf4u Před 2 měsíci +4

    Бәрін егіп аламыз дегені ұнады картоп сәбіз дегендеи бақша өнімдерін

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +3

    Мына қызыл судан ел аман шыққай

  • @user-he8yx7qy4e
    @user-he8yx7qy4e Před 2 měsíci +4

    👍

  • @user-ui9dl7th3q
    @user-ui9dl7th3q Před 2 měsíci +1

    Қайрат жиен қайратты бол.

  • @user-ff7ex8mn2u
    @user-ff7ex8mn2u Před 2 měsíci +5

    Ассалаумағалейкүм Нартай сен қазір депудатсың сол уран өндіретін адамдардың жалақысын зейнет жасын неге 50 жасқа түсірмеске ол адамдар көп өмір сүрмейді ғой денсаулықты бітіріп шығады ғой

  • @gulshatespolova1435
    @gulshatespolova1435 Před 2 měsíci +1

    Жәкішевтің істейтін жері екен

  • @user-xd3nq4tr4j
    @user-xd3nq4tr4j Před 2 měsíci +3

    Бұл нелер, кімдер жер асты, уран Нартай Аралбайұлы?!?!..

    • @user-dy9vd7ie2
      @user-dy9vd7ie2 Před 2 měsíci

      Бұл Шиелідегі уран өндіретін РУ-6 мекемесінің жұмысы туралы түсірілген фильм.Уран саласында ауданның халқының он пайыздайы жұмыс істейді.

  • @user-xd3nq4tr4j
    @user-xd3nq4tr4j Před 2 měsíci +2

    Жер беті.. Жер асты.. Аспан.
    !?[Нартай!??

  • @user-fx4um3pi9h
    @user-fx4um3pi9h Před 2 měsíci +4

    Лайк басайын десем басылмайды, неге басылмайды?

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +6

    Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей

  • @user-bi3kk9vm4l
    @user-bi3kk9vm4l Před 2 měsíci +2

    Ои казагымаи келешектеринди оиласандаршы.ондада ауру балдар жетеди.

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +2

    Еңбегінің жемісін көріп жүрген дан

  • @user-mq1kd3rx6b
    @user-mq1kd3rx6b Před 2 měsíci

    Еңбектің жемісін көріңіз Аға.

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +2

    2

  • @user-he8yx7qy4e
    @user-he8yx7qy4e Před 2 měsíci +4

    Жер астында жұмыс істеген қорқынышты сияқты

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +4

    Жарайсыңдар

  • @user-dw3ln9gz3y
    @user-dw3ln9gz3y Před 2 měsíci +2

    👍