Нан өндірісі азайды ма?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 21. 08. 2024
  • Астың атасы да, дастарқанның мырзасы да нан. Нан болмаса ән де болмайды дейтін әр қазақтың шаңырағынан аңқыған нанның иісін сезсек, қазір қамыр ашытып, қолдан нан көметіндер жоқтың қасы. Өйткені, көпшілік қазір дүкеннен сатып алып отыр. Ал пештен қызара бөртіп шыққан ас атасын таңертең алып үлгересіз. Нанның орташа бағасы шағын дүкендерде 100-120 теңгеден. Қара нанның 200 ден арзаны жоқ. Ал үлкен отбасы үшін 1 нан жеткіліксіз. Күн сайын 3-4 бөлкеден сатып алатындары бар.Өйткені, қарапайым халықтың негізгі тағамы да нан. Нанға май немесе тосап жағып, шай ішіп жүре беретін отбасылар көп. Қазақстандықтардың рационында нан тұтыну төмендеді,-дейді сарапшылар. Елде нан өнлірісі тежелгенімен, Ақтөбелік кәсіпорындар басқаша пікірде. Мәселен, "Рамазан" серіктестігі биыл өндірістік қуаттылығын күшейткен. Күніне 25-30 мың бөлке нан шығарып жатыр. Бұл былтырғыдан әлдеқайда көп,-дейді кәспорын өкілі. Ақтөбеде өндірілген ұнға деген сұраныс көшінде Өзбекстан белсенді. Айтқандай, 2023 жылдың мамыр айында Қазақстан өзіне іргелес жатқан Өзбекстан Республикасына «рекордтық ауқым» деуге тұратын 65,02 мың тонна бидай ұнын экспорттаған. "Рамазан" серіктестігі де астығын осы мемлекетке экпорттап отырғанын айтады.Елімізде жылдан жылға нан өнімі азайса да, оның қымбаттауы тоқтар емес. Тіпті, үй шаруашылығында нан пісірілмей кеткен. Ақтөбе облысы бойынша қазіргі уақытта 124,6 мың тонна астық сақтаулы. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 74,6 мың тонна және ауыл шаруашылығы құрылымдарында 50,0 мың тоннасы бар. Егін жинау жұмыстары тамыз айының екінші онкүндігінде басталады,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Komentáře •