Ұстаз Нұралы Бақытұлы. Дінсіздердің сұрақтары

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 2. 05. 2024
  • Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден өткеннен кейін өзіне де, артындағы отбасына да өте қиын жағдай тудыратыны анық. Қайтыс болған адамнан Алла Тағала өз хақын (қарызын) ғапу етуі мүмкін, бірақ біреуден алған қарызды Алла кешірмейді. Оны тек сол қарыз иесі ғана кеше алады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Борышы төленгенге дейін мүміннің жаны оның қарызына байланысты», - деген. (Ахмад, Тирмизи). Яғни, мойындағы қарызды өтемеген адамның өлгеннен кейінгі хәлі қалай болатыны белгісіз. Тіпті, мәйіт шейіт (шаһид) болса да, берешегі себебінен өз дәрежесіне жете алмай тұрады. Оның қарызы өтелгеннен кейін ғана оған шейіттік дәрежесі беріледі. Сондықтан қайтыс болған адамның жаназасында әуелі оның қарызы сұралады және сол қарызды өтеу шаралары қарастырылады. Қарыз мирасқорлардың ақысынан да жоғары тұрады. Сағд ибн Әтуәл (одан Алла разы болсын) былай дейді: «Ағам қайтыс болып, артынан үш жүз дирхам ақша және бала-шағасы қалды. Мен ақшаны оларға жұмсамақ болдым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ағаңның қарызы өтелмеді. Сондықтан, ол тоқтап тұр (жәннатқа кіре алмай тұр). Борышын төле», - деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Оның қарызын төледім. Тек бір әйелдің ешбір дәлелсіз сұрап жатқан екі динары ғана қалды», - дедім. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Соны бер, ол оның ақысы», - деді» (Ахмад). Қайтыс болғаннан кейін артынан мал-дүние қалдырған мәйіттің қарызын кепілдікке алуға шариғат рұқсат етеді. Бұл жауапкершілікті өз міндетіне алған марқұмның туысы немесе басқа да адам мәйітке тиесілі мал-мүлік есебінен оның қарызын өтейді. Қарыз толық өтелумен мәйіт өз міндетінен құтылады. Ал қарызын төлеуге жететін артында мал-дүние қалдырмаған немесе тірі кезінде қарызды төлейтін бір кепіл тағайындамай кеткен мәйіттің борышын төлеу жайында түрлі пікірлер айтылған. «Бәдаиғус-санаиғ» кітабында: «Әбу Ханифаның (Алла оны рақым етсін) пікірі бойынша артынан мал-дүние қалдырмаған мәйіттің қарызын өтеуге кепіл болу дұрыс емес. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің (Алла екеуін рақым етсін) пікірі бойынша мұндай кепілдік дұрыс саналады», - деп баяндаған. «Задул-фуқаһа» кітабында «Әбу Ханифаның (Алла оны рақым етсін) сөзі дұрыс», десе, «Мухити Сарахси» кітабында «Мәйіт қанша дүние қалдырса, соншаға кепіл бола алады», - деп түсіндірген («Фәтауаи Һиндия», 3/1288). Сондықтан мәйіттің қарызын төлеп беруге артында дүниесі қалмаған болса, бұл мәселеде Әбу Ханифаның (Алла оны рақым етсін) сөзі негізге алынады. Яғни, мәйіттің қарызын кепіл болған адам өзінің (кепілдің) есебінен төлейді. Төлемесе, оны төлеуге мәжбүр етпейді. Алайда, әрбір ақыл иесі Аллаға қайтатын, құзырына баратын күннің қамын алдын-ала жасауы, имани тұрғыдан дайын болуы қажет. Алла Тағала: «Аллаға қайтатын күннен қорқыңдар», - деп ескерткен («Бақара» сүресі, 281-аят).

Komentáře • 20

  • @user-vh6lw4zl4l
    @user-vh6lw4zl4l Před 2 měsíci +1

    Аль-хамду ли-Ллях Ля хауля ва ля куввата илля биЛлях Аллаху акбар Субхан Аллах Джазакя-Лляху хайран

  • @musulmandar
    @musulmandar Před 2 měsíci +2

    Аллаһ Тағалаға шексіз рақмет ❤️❤️❤️

  • @user-Dauir
    @user-Dauir Před 2 měsíci +1

    Алла разы болсын

  • @aqadil9097
    @aqadil9097 Před 2 měsíci +1

    Аллаһ разы болсын

  • @user-nb9ds6gw3z
    @user-nb9ds6gw3z Před 2 měsíci +2

    Аман болшы бауырым

  • @sanshosaco748
    @sanshosaco748 Před měsícem

    Аман бол құрдасым созақтан Руслан АЛЛАҺУАКБАР

  • @Abay308
    @Abay308 Před 2 měsíci +2

    Жақсы айттыңыз ұстаз

  • @user-nj1yx8ju8h
    @user-nj1yx8ju8h Před měsícem

    ❤❤❤

  • @user-ul2kp4pg8r
    @user-ul2kp4pg8r Před 2 měsíci

    Менің Аллаһым айтты өзін аспанда екенін
    Менің пайғамбарым айтты Аллаһты аспанда екенін
    Жәнеде сахабаларымыз айтты Аллаһты аспанда екенін
    Осындай дін және осындай дәлел кімде бар екен
    Әрине ешкімде жоқ
    Әлхамдулиллаһ
    Ал матрудилерде тек қана Матруди айтты Аллаһ барлық жерде немесе
    Екінші жағы Аллаһ ешқандай жерде емес деп айтатын
    Ақидалары ауа райы секілді өзгеріп тұрады))

  • @atyraukazakhstan1708
    @atyraukazakhstan1708 Před 2 měsíci

    Табиғат деп , кісінің тәнін айтып тұр !. Мен құл емеспін , мен адамның баласымын дейді абай !.

    • @atabekabjamalov7827
      @atabekabjamalov7827 Před 2 měsíci

      Аллаға құлшылық етсең, Аллаһ сені басқаға құл етіп қоймайды.
      Мұсылмандыда жаратқан, кәпірдіде жаратқан Аллаһ!
      Періштелердіде, шайтандыда жаратқан Аллаһ!
      Демек мұсылман - кәпір, періште - шайтан. Бірі Аллаһты мойындайды, бірі Аллаға қарсы.

    • @atabekabjamalov7827
      @atabekabjamalov7827 Před 2 měsíci

      Табиғат Аллаһтың жаратылысы.
      Табиғатты тек Аллаһ басқарады.

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 Před 2 měsíci

      @@atabekabjamalov7827 Құдай бар болса , онда оған неге сенесіңдер !.

  • @user-kd7kb8pb2s
    @user-kd7kb8pb2s Před 2 měsíci

    Осылар оттағанын кашан койып халыктын арасынан кашан көринеды. Халык аш уй жок қангып жургенде мына имам ертегы айтып тоқ жургендеры калай. Биликке уагыз айтып халыкка кашан араша туседы.

    • @atabekabjamalov7827
      @atabekabjamalov7827 Před 2 měsíci +1

      Ешқайсы адам туылған кезіндегідей кедей болмайды.
      Тірісіңба, мүмкіндігің бар.
      Өзің киіне аласыңба, демек сен шынайы кедей емессің.
      Кезінде өзіңде жоқ едің. Сеніңде басталуың анаңның құрсағында саған өз әруағыңның кіруі. Кейін туылуың.

    • @Mansur715
      @Mansur715 Před 2 měsíci

      Ең бейшара жалқау адам сенсің жылана беретін анау жоқ мынау жоқ деп
      Ертең ахретте де ең бейшара адам сен боласың сауап жоқ деп өкіретін.

    • @user-ng2gy9md6d
      @user-ng2gy9md6d Před 2 měsíci

      Шайтанқұл неғып жүрсің адасып.

    • @user-rr5ms9uh1h
      @user-rr5ms9uh1h Před 2 měsíci

      Өте дұрыс айттыңыз
      Бірәқ ана мақұлықтың оқығанмен жүрегіне жетпес​@@atabekabjamalov7827

    • @user-yn1xn9oj9q
      @user-yn1xn9oj9q Před 2 měsíci

      Дін мемл ісіне араласа алмайды. Қазақстан мұсылман мемлекеті емес, зайырлы мемл болғандықтан. Шамалы іздену, ойланудан жұрдай екенсіз