«Өмір жолы». Көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 25. 09. 2018
  • Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
    Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
    Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы өңірінде дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Ыбырай атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ол бала кезінен білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.
    Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В.Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.

Komentáře • 17

  • @user-ox9bp9ul8e
    @user-ox9bp9ul8e Před 2 lety +7

    Ал мен қазір Ыбырай атамыздың Қостанай төңірегінде салған мектебінде оқып жүрмін сол мектепті Ыбырай Алтынсарин өз қолымен қалап осы мектептің ауласында жүрген

  • @user-sk4pf4dk9g
    @user-sk4pf4dk9g Před 3 lety +4

    Сонау қиын заманда саусақпен санайтын көзі ашық қызметкерлер болды ғой. Қандай қиындыққа төтеп беріп, қаншама қара көз бала қыздардың сауаттыққа көзін ашып, өз үлесін қосты. Иманды болсын, жатқан жері жəннəттə болғай!

  • @mirnyi_mir
    @mirnyi_mir Před 3 lety +9

    Казир оз баланды азер окытасын, ал Ыбырай атамыз кандай кайратты болган десенизши я.

  • @user-gy9be4kj2j
    @user-gy9be4kj2j Před 4 lety +3

    Керемет

  • @t2767satur
    @t2767satur Před 3 lety +2

    Мугулсум апай - керемет кісі..

  • @user-hr3ry4dx8i
    @user-hr3ry4dx8i Před 2 lety

    Осындай тілін үйренем

  • @aruzhanayazkhan1679
    @aruzhanayazkhan1679 Před 4 lety +5

    Неге 443 адам көрген,5 лайк баскан лайкты басын кетейік

  • @user-sm8yr4fs5i
    @user-sm8yr4fs5i Před 3 lety +1

    ♾️

  • @user-bb6fr3ht3h
    @user-bb6fr3ht3h Před 2 lety

    Ыбырай Алтынсарин менің анамның нағашысы екен

  • @ARLAN-fy1oe
    @ARLAN-fy1oe Před 4 lety +3

    Мен осы мектепте окыймын

    • @user-vf2ti8hp9z
      @user-vf2ti8hp9z Před 3 lety

      Ол мектеп уже музей. Қазіргі таңда 157 жеті жыл толды

  • @user-bb6fr3ht3h
    @user-bb6fr3ht3h Před 2 lety

    Менің анамның анасының ағасы Рəш əжемнің

  • @user-ch1vr3mh6h
    @user-ch1vr3mh6h Před 2 lety

    Мелодияның аты қандай аитыңдарш

  • @baizel2271
    @baizel2271 Před 3 lety

    Улы адамдар катарында.

    • @user-zg1ne7cx9o
      @user-zg1ne7cx9o Před rokem

      Ұлы адамдар қатарында бірінші боп тұрады. Қазақ қалқына істеген еңбегі зор, ұлдар ғана емес,қыздар мектебін ашқан. Ғалым, ағартушы, ақын өз қалқының өткенін зерттеуші ғалым болған. Өте білімді кісі болған. Математика, физиканы, геологияны білген жан - жақты кісі болған екен.

  • @user-cz9uf8yo3c
    @user-cz9uf8yo3c Před 3 lety +1

    Анау варды калай жеп отыр карды

  • @user-ij1cw2kl7i
    @user-ij1cw2kl7i Před 2 lety +1

    Керемет