Жердің иесі Қазақ | Солтүстік Қазақстанға қазақтарды көшіремін | Теріскейге жорық | ЕҢБЕК АДАМЫ #34

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 21. 04. 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
    🔹Спикер: БУРАХАН ДАҚАНОВ
    Биыл Қазақстан қандастарды қабылдау үшін 2433 квота, солтүстік облыстарға қоныс аударатындар үшін 7050 квота бөледі. Мемлекет қандастар мен солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша және үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, билік кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс. Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге шетелден 1 млн 128 мың қазақ оралған екен. Айта кететін жайт, кейбір өңірлердегі әлеуметтік-демографиялық және экономикалық ахуал әр қилы. Мысалға, оңтүстік, батыс өңірлер мен мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп жатыр. Ал солтүстік өңірлерде керісінше төмендеу үрдісі байқалады. Бос жатқан жер жау шақырады. Сондықтан, теріскейдегі қазақтың үлесін арттыру қажет. Осы ұстанымды берік ұстанған Бураханды бүгінді танымайтын адам аз шығар. Теріскей бізге аманат деп, «Тәуекел» атты ұйым құрып, жан-жақтағы қазақты солтүстікке шақырып жүрген ұлтанды азамат - Бурахан Дақанов бүгінгі кейіпкер.
    Қазақстанда 2017 жылдан бері оңтүстіктен солтүстікке көш бағдарламасы жұмыс істеп, мыңдаған адам қоныс аударған. Билік осы арқылы қазақтар аз тұратын солтүстіктегі облыстарға оңтүстіктен халықтарды көшіруді көздеген. Дегенмен, күні кеше ел парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сол бағдарламаны сынап, күткен нәтиже бермеді деп мәлімдеді. Расында да, бағдарламаның аясында да, жалпы көшті жүргізу барысында да мәселе көп. Сол себепті болар, оңтүстіктен солтүстікке көшіп келушілер кейінгі жылдары азая бастаған. Оған тұрғын үй тапшылығы, жергілікті инфрақұрылымның дамымағаны, табысы жақсы жұмыстың болмауы және ауа райының қолайсыздығы сияқты бірқатар себептер бар. Бірақ, біздің кейіпкер Бураханның айтуынша, қиынның қиюын тауып, теріскейде де тәуір тұрмыс кешуге болады. Бастысы құнт қуатты болып, ерінбей еңбек етпек керек.
    1917 жылғы Қазан төңкерісінің алдында өткен санақ қорытындысынан кейін Ахмет Байтұрсынұлы «Әлхамдулилла, аз емеспіз, 6 млн қазақпыз» деген еді. Бірақ, екі рет айналып соққан аштықтан сол қазақтың 2,5 миллионы қырылды, 1,5 миллионы шекара асып босып кетті. Одан кейінгі репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс тала шаңырақ пен әулетті ортасына түсірді. Әр ашқтықтың бір тоқтығы бар деген. Тәуілсіздік алғаннан бері деміккен демографиямыз беті бері қарап келеді. 1991 жылы елдегі қазақтың саны 6,5 млн болса, қазір санымыз 14 млн-ға жетті. Шеттегі қазақтар тағы бар. Ендігі міндет - мемлекет құраушы ұлт қазақтардың санын солтүстік аймақтарда арттыру. Бұл үшін бүгінгі кейіпкеріміз Бурахан сияқты азаматтар аса қажет. Өзі айтқандай, теріске бізге аманат!
    “Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Komentáře • 409

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Před 2 měsíci +93

    Көріңіздер, таратыңыздар!
    Қарапайым Еңбек адамдарын қолдайық.

    • @user-dw5mn3ue9j
      @user-dw5mn3ue9j Před 2 měsíci +4

      KOMEK KEREK !!!! 😢😢😢😢

    • @user-nw7nl1vq3u
      @user-nw7nl1vq3u Před 2 měsíci +1

      Акымак Онтустыкты Сарт озбекке береп кангырмай кет оз елыне КЕРЕЙСТАННАН.СОЛТУСТЫКТЕН 500.000-КЕРЕЙЛЕРДЫ ОНТУСТЫККЕ КОШЫРЕМЫН.СЕН САТКЫНСЫН НУРОТАННЫН СОЛАРДАР МИЛЛИОНДАП АКША АЛЫП ЖАТЫРСЫН.

    • @user-nx8ri5jj3p
      @user-nx8ri5jj3p Před 2 měsíci +5

      Трудовой- мрудовой дегенді ауыстыру керек қазақшаға.

    • @user-qv8mh2vh2c
      @user-qv8mh2vh2c Před 2 měsíci +1

      Неге сонша күшеніп сөйлейсің ?

    • @orazkultokhojaeva
      @orazkultokhojaeva Před 2 měsíci +2

      Документен қаңғырып кетпейма

  • @kantar2901
    @kantar2901 Před 2 měsíci +100

    ҚАЗАҒЫМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ ДАСТАРХАНЫ МОЛ БОЛСЫН

  • @erlanakhmetov3312
    @erlanakhmetov3312 Před 2 měsíci +129

    Қаланы "Қызылжар" ауыстыру керек. 30 ж. асты тәуелсіздік алғанымыз. Үят нәрсе ғой...

    • @user-ph3xi9hh7s
      @user-ph3xi9hh7s Před 2 měsíci +2

      Ауыстыру үшін 60-70% қазақтану керек, онысыз ауызыңды ашып қажеті жоқ. 80-90% орыс тұрса ауыстыру арман😔

  • @user-ly1zp1bf1e
    @user-ly1zp1bf1e Před 2 měsíci +124

    Жастардың солтүстікке барып қоныстанып кеткендері жақсы болған. Шаруашылықтарын дөңгелентіп, кәсіптерін өркендетіп отырған жастарымыз қуантады. Жарайсыңдар! Тек, алға!!!

    • @user-rb1il7mu9m
      @user-rb1il7mu9m Před 2 měsíci +11

      Рахмет Алла разы болсын. тек жастар емес үлкен кісілерде келсе дұрыс болар еді

    • @sskssk8478
      @sskssk8478 Před 2 měsíci +8

      Улкендерге ози рухсат барма, комектесеме екен, керек емес дейтин шыгар деп ойлагам, поддержка барма екен.

  • @user-fe2tj8lu5e
    @user-fe2tj8lu5e Před 2 měsíci +62

    Бурахан Ауғанстан қазақтарын құтқару керек Нартай сізге аманат осыны қолға алыңыз

    • @Han-fan
      @Han-fan Před 2 měsíci +8

      Ия дұрыс айтасыз, өзге елде туылғанымен оларда Қазақ бауырларымыз ғой…

    • @oralkur2793
      @oralkur2793 Před 2 měsíci +2

      Ауғанстанда 2 млндай қазақ бар,соларды көшіру керек.

    • @user-ic8ss3ji6l
      @user-ic8ss3ji6l Před měsícem +1

      Дұрыс айтасың

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Před 2 měsíci +88

    Аллам калап Казактын саны 50 миллион болсын аумин

    • @user-lh1zc2mq9t
      @user-lh1zc2mq9t Před 2 měsíci +7

      Аиытқаның келсін

    • @user-fl8we4ug7p
      @user-fl8we4ug7p Před 2 měsíci +2

      Чем питатся то будете ,зачем нищету плодить ?

    • @user-lh1zc2mq9t
      @user-lh1zc2mq9t Před 2 měsíci +11

      @@user-fl8we4ug7p Қазақта мақал бар Бір төл туса бір түп жусан артық шығады! Өзінің несібесі бар! Қазақшаға қазақ болсаң қазақша жауап бер! Өз тіліңде сөилемесең ешқашанда ел болмаисың

    • @qazaqsha
      @qazaqsha Před 2 měsíci +7

      @@user-fl8we4ug7pқазақтардың бәрі кедей деп кім айтты?

    • @user-tp1gj9dk7j
      @user-tp1gj9dk7j Před 2 měsíci +1

      ​@@user-fl8we4ug7p
      Не твое дело, лапоть.
      Не вам судить, кто кого кормить будет.
      Вы сначала заберите своих стариков, брошенных своими детьми в странах Центральной Азии.

  • @user-kq2jl3jr4f
    @user-kq2jl3jr4f Před 2 měsíci +42

    Қандастарың квотасын көбейту керек, Ауғанстанда қазақтар аштықтаң қырылып жатыр- соларды ңеге көшірмейді елге.

  • @user-xj8gp3rj1g
    @user-xj8gp3rj1g Před 2 měsíci +48

    Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін ұлттық қордағы ақшаға солтүстігімізге сапалы үйлер құрып қазақтарды шақырсын. Ақша қатаң бақылауға алынсын. Мейлі үй жалдамалы болсын, ипатекалы болсын. Өзіміздің елдегі, шеттегі қандастар тұрақтап қалар еді. Әсіресе қазақ боламын дегендерді де көшіріп алу керек

  • @user-xz9xy1ys4w
    @user-xz9xy1ys4w Před 2 měsíci +50

    Теріскейге миллион Қазақты көшіруге өкіметтің қолынан келеді. Бірақ талан таражға салмай, нақ іспен істеу қажет.

  • @user-oo7bv3gy7f
    @user-oo7bv3gy7f Před 2 měsíci +53

    Бураханды баяғыда Бөрілі Байрақтан білеміз ғой, көш берекелі болсын

  • @abai1966j
    @abai1966j Před 2 měsíci +62

    Ия Құдай қуат берсін іс ілгері болсын! Қандастарымызды көптеп тарту керек солтүстікке.

  • @Blackrockkz
    @Blackrockkz Před 2 měsíci +27

    Біз өзіміз көмек корсетеміз әрдайым! Бурахан красавчик! Кәзіргі уакыттын батырлардын бірі✊✊✊

  • @user-gq7if1ph7p
    @user-gq7if1ph7p Před 2 měsíci +59

    Ассалаумағалейкум Ауғанстаннан келеміз деген қазақ атаулының бәрін көшірсе керемет болар еді, сосын оларға таза қазақ тілді орта жасап тек қазақша оқыту керек, сонда олар 10 жылда ҚАЗАҚ БОЛЫП КЕТЕДІ, ҚАЗАҚ БОЛАМ ДЕГЕННІҢ кеудесінен тепбеу керек!!!! Біз жергілікті Қазақтарда тұрақтылық аздау сондықтан оларды аяғынан тұрған үйретіп бағыттап жіберсе болғаны 10 жылда тұрақты тұрғын болып шыға келеді, себебі олар барлық қиындықты көргендер!!!

    • @user-gs9pw7hx2b
      @user-gs9pw7hx2b Před 2 měsíci +3

      Өзіңде баршы солтүстікке 10жыл турсаң ұйреніп кетесің

  • @user-fk3xl1zp4y
    @user-fk3xl1zp4y Před 2 měsíci +30

    Бурахан деген қазақ, нағыз ұлтын сүйген азамат екен !

  • @user-jd6pi8um6y
    @user-jd6pi8um6y Před 2 měsíci +66

    Қолдау көрсету керек баурларға Мемлекет тарапынан

  • @bakekaz9157
    @bakekaz9157 Před 2 měsíci +48

    Істеріне сәттілік! Мың сөзден бір іс артық!!!

  • @user-kh9sf2rm6g
    @user-kh9sf2rm6g Před 2 měsíci +24

    Солтүстік адам денсаулығына өте ыңғайлы, мен Шығыста тұрамын. Үйде бес қызбыз. Тұрмыс құрғанда үшеуіміз елде қалдық, ал екеуі басқа жаөқа кетті. Көкшетау жақ, яғни Қызылжар жаққа жақын ауылдардың біреуі, екінші қыз Батысқа кетті. Енді менің айтатыным, тойда кездесеміз ғой, сонда байқағаным Солтүстіктен келген құдағилардың жасы 80-ге таяса да шаштары қап-қара ақ түспеген, нң бастысы бір құдағиымыздың бір де тісі түспеген.. Қайткенмен, ауа таза, су тамаша.. Бару керек

  • @user-yp8nb2cc3n
    @user-yp8nb2cc3n Před 2 měsíci +55

    Көш байсалды болсын,,айналайын қазағым өсіп өніп,байып ,бар болыңдар.Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей😊

  • @user-rl3ef3sf9o
    @user-rl3ef3sf9o Před 2 měsíci +25

    Бірінші болып Қытай, Монғолия қазақтарын шақыру керек. Содан кейін оңтүстік өңірден көшіру қажет. Квота аз, ақпарат тіптен төмен, күшті бағдарлама керек 5 жыл ішінде солтүстіктің демографиясын оңды шешіп тастау керек

  • @Rusya87
    @Rusya87 Před 2 měsíci +75

    Бұрахан болмысын бөлекқой палуан

  • @zamirkozha1690
    @zamirkozha1690 Před 2 měsíci +15

    міне Бұраханға қою керек мүсінді, қайдағы біреулерге емес, елге деген махабаты қандай. Бүгінгі күннің батыры осындай жігіттер.

  • @adl1599
    @adl1599 Před 2 měsíci +13

    Ассаламағалейкум Қазағым. Солжақта бірінші Басшылар Қазақша сөйлеу, Басымдық Қазақ тілде болу керек. 2 Таза Қазақ мектеп, балабақша болу шарт. 3 Қазақшлану саясатын өткізу, аралас, орыс мектеп, балабақшаларые жабу. 4Мемлекеттік мекмелерде, басқада қызмет орындарда Мемлекеттік тілді білмесе жұмысқа алмау. Осы шарттар орыдалсағана Қазақтар барады.

  • @Dd-eh3on
    @Dd-eh3on Před 2 měsíci +18

    ҚАЗАҚТАПДЫ АУЫЛҒА ТЫҒА БЕРМЕЙ ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНАН УЙ БЕРІП ,ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРУ КЕРЕК ,СОНДА ҒАНА ҚАЗАҚ БОЛАМЫЗ!

    • @user-zy9db5um1d
      @user-zy9db5um1d Před měsícem

      Өте дұрыс айтасың қалаға қазақты қөшіру керек

  • @user-zr3gt7uy3w
    @user-zr3gt7uy3w Před 2 měsíci +11

    Ассалаумағалейкум!
    Жігіттер көш қайырлы болсын,қазақтың санын арттыра беріңдер.Бураханға кейі сол жерден Ескерткіш қою керек😊

  • @user-zy3mw5ij5n
    @user-zy3mw5ij5n Před 2 měsíci +48

    Оте орынды Нартаи мврза Казакты котериндер Казак тилин котериндер

  • @user-rq2lr8ut8e
    @user-rq2lr8ut8e Před 2 měsíci +33

    Жарайсың қазағым,керемет шешім

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +13

    Осындай азамат көп болсын

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +44

    Еңбек адамы филімін күтіп отырып қараймын рахмет жарайсыңдар

  • @user-mj8nq7cy4u
    @user-mj8nq7cy4u Před 2 měsíci +14

    Жарайсыз қолдаймын еліміз үшін жеріміз үшін деп ат салысып жүргеніңізге👍

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +35

    Міне қарапайым еңбек адамдары

  • @user-sv1pd2il4m
    @user-sv1pd2il4m Před 2 měsíci +16

    Бурахан Дақан нағыз қазақы ат, қазақы жігіт, жасай бер бауырым

  • @user-wg7ob6rc2o
    @user-wg7ob6rc2o Před 2 měsíci +9

    Көш баисалды болсын,Бурахан сізге Алла жар болсын,Қайырлы қоныс болсын.

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +27

    Маңғыстаулықтар еңбекқор жандар ғо

  • @user-fe2tj8lu5e
    @user-fe2tj8lu5e Před 2 měsíci +13

    Осындай жігіттер көп болса

  • @user-ml2wf5jk2g
    @user-ml2wf5jk2g Před 2 měsíci +47

    Алла күш-қуат берсін сіздерге.

  • @user-xn2ej4wq1f
    @user-xn2ej4wq1f Před 2 měsíci +15

    қазақ халқы көбейе берсін үкімет көмектесуге тиіс

  • @ruslan4143
    @ruslan4143 Před 2 měsíci +10

    Қазақтың Саны Маңызды Сан сапаға ауысады Алла Қазақтың Ауыз Бірлігіміз ден Айырмасын 🇰🇿❤️🇰🇿💯💪🤲✊👍🙏☝️

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +26

    Адал еңбектің нанытәтті ерінбей еңбек етейік

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +39

    Жарайсың Нартай

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +33

    Алла сабыр берсін халқымызға

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +14

    Солтүстікке көшіп келіп жағдайларын жасауға болады екен

  • @user-jq2gi6wk5s
    @user-jq2gi6wk5s Před 2 měsíci +18

    Не деген керемет жигиттер, ниеттерин кабыл болсын, ширкинай осындай ауылда коп болса екен елимизди. Рахмет жигиттер. Аман есен болындар.

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +13

    Өте жақсы көмек беріліп жатыр пайдаланып жақсылыққа ұмтылу керек

  • @user-yb4bi4su2b
    @user-yb4bi4su2b Před 2 měsíci +27

    Ираннан қазақтарды көшіріп келу керек

    • @user-yu8ny6wf8g
      @user-yu8ny6wf8g Před 2 měsíci

      Оң түстіктен адамдар көшпей отырғанда, басқа мемлекеттен көшіру одан да қиын.

    • @user-th6qz1yn6g
      @user-th6qz1yn6g Před 2 měsíci

      @@user-yu8ny6wf8g оңтустікте жұмыс мəселесі болмаса, басқа жағдайлары жақсы ғой. Шет елдегі қазақтың жағдайы рл күрделі мəселе . Сол жақтан көптеп елге көшіргені дүрыс шамасы .

    • @gabaakzhigit5857
      @gabaakzhigit5857 Před 2 měsíci

      ​@@user-yu8ny6wf8gМемлекет тегін үй беріп , жер беріп , аяққа тұрып кетуіне демеу көрсететін болса, тек оңтүстіктен ғана емес , халық еліміздің кез келген түпкірлерінен барады ! Ол жаққа көшіп баратын көбінесе материалдық тұрмыс жағдайы төмен отбасылар , үйі жоқ , күйі жоқ қиналып жүрген жандар , оның өзінде арасынан көшіп барғысы келетіндер өте аз ! Ағайын туыстарын , жора жолдастарын , жанға жайлы ауа райын тастап , айдалаға көшіп кете салу екінің бірінің қолынан келе бермейді! Шетелден көшіп келгендерге мысалы аса бір қатты айырмашылық жоқ , барлығы басқа мемлекетте қалды , тек климат жағы болмаса !

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +20

    Осындай фильмді қарап пікір қалдыру өте аз біреудің кішкене ұрыс керіс жағымсызжағдайды тез қарап өте жағымсыз пікірлер жаза кетеміз осындай біздің санамыз төмен бе деп ойлап қаламын

  • @user-gw3oe3tf5u
    @user-gw3oe3tf5u Před 2 měsíci +10

    Керемет жарайсыңдар жигитер!

  • @AlmazKojaxmet
    @AlmazKojaxmet Před 2 měsíci +30

    Дұрыс шекараны мықты қылу керек, балдар көбейт құлындар кейін жұлындар

  • @user-pn7kh2cf6x
    @user-pn7kh2cf6x Před 2 měsíci +10

    Аллс берекнсін берсін кәсібіңіздің Бурахан!!!

  • @ErkinayEsetova
    @ErkinayEsetova Před 2 měsíci +21

    Біз Өзбекстанда жасаймыз.Көш қонмен көшсек бізге қанбай мүмкінбіктер бар

    • @kadyxxi369
      @kadyxxi369 Před 2 měsíci +4

      Өзбекстаннан көшіп келем деген азаматтар Қазақстанның елшілігіне не Консулдығына барып барлық ақпаратты алуға болады!
      Мұндағы отырған азаматтар оны қайдан білсін, екіншіден көшіп келіп жатқан елге жаңадан неше түрлі жағдайлар жасап жатыр ғой! Толық мәлімет елшіліктен алыңыздар.

    • @user-gv6ir8dh8n
      @user-gv6ir8dh8n Před 2 měsíci +1

      Ассалаумағалайкум бауырлар!
      Ташкентегі Қазақстан елшілігіне барып көші қонға тіркелсеңіз квотамен үй қаржылық қолдау көрсетіледі!❤

    • @gabaakzhigit5857
      @gabaakzhigit5857 Před 2 měsíci +1

      Тегін үй , жер береді болды , ары қарай өздеріңе байланысты

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +11

    Жарайсыңдар жастар мінеөмірлері жақсылыққа бағытталған

  • @kadyxxi369
    @kadyxxi369 Před 2 měsíci +21

    Қоныс аударушыларға- биік жерден үйлерін салып, шабындық пен сулы жерлерден жер бөліп беру керек!

  • @user-lh1zc2mq9t
    @user-lh1zc2mq9t Před 2 měsíci +22

    Талаптарың оң болсын! Көш көлікті болсын!

    • @gabaakzhigit5857
      @gabaakzhigit5857 Před 2 měsíci

      Көш көлікті болсын .. дей салса да 😂

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +22

    Мықты түсірілім

  • @user-dg6cr1gb9b
    @user-dg6cr1gb9b Před 2 měsíci +13

    Жастарға аитарым бару керек,көрші Өзбек,Қырғыз , ағаиындарға қараңдар сона у қақаған сібірге жылы жері нен барып еңбектенуде.

  • @aikaisabaeva9847
    @aikaisabaeva9847 Před 2 měsíci +11

    Ниеттеріңіз қабыл болсын!!!

    • @thedeepbeef9772
      @thedeepbeef9772 Před měsícem

      Завод фабрика ашыу керек болмаса адам турмайды жылда барады жылда оңтустікке қайта көшеді.

  • @abylai9050
    @abylai9050 Před 2 měsíci +10

    Қайсарға өте жақсы көмек берілді

  • @user-fd8lf5br1j
    @user-fd8lf5br1j Před 2 měsíci +8

    Бурахан саган Аллах береке берсын

  • @user-wy8db9op9u
    @user-wy8db9op9u Před 2 měsíci +11

    Қызылжар солтүстік Орта жүзге Аманат 🎉🎉🎉

    • @LLMTokenizationID
      @LLMTokenizationID Před 2 měsíci

      Осы оңтүстікте Ұлы жүз. Бірақ Оңтүстік жақ қазақи. Сол үшін болар дініне, ұлтына берік. Тіпті ол жақта ұлтаралық қақтығыс өзбек-қазақ, қазақ-тәжік, қазақ-дунган, қазақ-күрд, қазақ-түрік, қазақ-ұйғыр қақтығысып тұрады. Ал Солтүстікте Орта жүз бірақ Родина секілді жерлерде орыс, неміс көп. Тіпті түгел неміс басқарады. Жеке автономия ел секілді, жерінде алып жатыр жақсылап қара басқа ұлт. Егер сол жақта Оңтүстік адамдары болса неміс, орыспен қақтығысар еді. Сендер неге қақтығыспайсыңдар. Әлде орысқұлсыңдар ма ?
      Неге Солтүстік қазақтарға Ұлы жүзгеде, Кіші жүзгеде аманат емес !? Сен солай кішкентай жерде бөлініп жүргенде мына жақтан СартХоджа, Ұйғыр, Орыс, Неміс, Еврей, Дунган, Күрд көбейіп күшеюде.

  • @user-en1bi6ux3q
    @user-en1bi6ux3q Před měsícem +1

    Қолдаймын жер Қазақтыкі жастарды көшіп барғандарды өкімет қолдаса екен,Қазағым көбейе берсін жарайсың Бураған бауырым

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +13

    Еңбектің еленгені қандай тамаша

  • @user-pk3wd9cm9h
    @user-pk3wd9cm9h Před 2 měsíci +41

    Жарайсыңдар, қазақ жерінің бір түйір тасы мен бір уыс топырағы тек қазақтікі.......

  • @Nomad620
    @Nomad620 Před 2 měsíci +4

    Қызылжарда қазағым көбейе берсін. Қазақ елі дами берсін🇰🇿🤲🏻.

  • @user-pf2te7lo7m
    @user-pf2te7lo7m Před 2 měsíci +5

    Нартай керемет талантты, білікті журналисті ғой. Атқа мінер Бурахан сияқты ұлт жанды азаматымыз ауадай қажет!

  • @user-jg5uh3oq9t
    @user-jg5uh3oq9t Před 2 měsíci +8

    зор екен калаи аршып барамын кумге хабарласып барамын

  • @technoop2058
    @technoop2058 Před měsícem +1

    Срочна срочна солтүстікке көш қазағым осындай балаларының көмегімен ол жақ кең оңтүстік тығыз орналасқан бір біріңді демеп сүйеп қорғап көш қазақ аттан

  • @nurlybeksamekov374
    @nurlybeksamekov374 Před 2 měsíci +4

    Алла еліміздің тәуелсіздігін ақиретке дейін жасатсын. Ең дамыған елдердің бірі болуын нәсіп етсін. Адал және Әділ басшылары көп болсын. Әмин

  • @Ghu009
    @Ghu009 Před 2 měsíci +12

    Солтүстікке халық барады жақсы жағдай жасайтын болса.

  • @user-nomad0888
    @user-nomad0888 Před 2 měsíci +14

    Еңбек етсең емерсің ✊

  • @user-ne7ru8yl9j
    @user-ne7ru8yl9j Před měsícem +1

    Жігіттер істеріңе береке берсін. Бізде солтүстікке көшіп келген қазақпыз. Бос қалған ауылдар өте көп . Көшіп келіңіздер қандастар

  • @takeaskanbaev3679
    @takeaskanbaev3679 Před 2 měsíci +6

    ❤жарайсыңдар

  • @user-eg7bw1fo3z
    @user-eg7bw1fo3z Před 2 měsíci +51

    Өзбекстаның Қөңырат ауданынан Ассалаумалейкум 🤝

    • @user-ky5zf9xl6t
      @user-ky5zf9xl6t Před 2 měsíci +7

      Уағалейкум ассалям уа рахматтулаһи уа баракатуһ 🇺🇿🤝🇰🇿✊

    • @user-dq2fv2ch2p
      @user-dq2fv2ch2p Před 2 měsíci +12

      Уағалейкум ассалам, Ағайын елге қоныс аудар, басқа Ағайынға да айта ЖҰР елге қайтыңдар, Аталарымыздан қалған жер байлығы бәр Қазаққа жетеді 👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @saulekasimova953
      @saulekasimova953 Před 2 měsíci +7

      Арғын тайпасынан дұғай сәлем!✊️😊

    • @user-qv2eq4gx1p
      @user-qv2eq4gx1p Před 2 měsíci +5

      Иним елге кайтындар бала шаганы ойландар

    • @user-eg7bw1fo3z
      @user-eg7bw1fo3z Před 2 měsíci +3

      @@user-qv2eq4gx1p Неге Бала шаға Бізде Бәрі жақсы Қазақ Мектеп ХАКИМ Қазақ

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +12

    Ия қоныс аудару үлкен мәселе

  • @saulekasimova953
    @saulekasimova953 Před 2 měsíci +6

    Бәрекелді 👍✊️

  • @user-wd7wx9hr4q
    @user-wd7wx9hr4q Před 2 měsíci +17

    Құдай қаласа көшеміз

  • @user-lw3us6fr9g
    @user-lw3us6fr9g Před 2 měsíci +6

    Тамаша

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Před 2 měsíci +14

    Кытай Монголия Озбекстан т б елдеги Казактарды отанша Тарту керек кобирек Озбекстанда 500 мын Кандасымыз бар екен солпрдын Бари келиндер Казагым

    • @ErkinayEsetova
      @ErkinayEsetova Před 2 měsíci +1

      Кімге хабарласамыз.көшу үшін.

    • @user-op7kh9bg7w
      @user-op7kh9bg7w Před 2 měsíci

      Қазақстан ішінде болсаңыз өз ауданыңыздың жұмыспен қамту орталығына барып біле аласыз

    • @user-gv6ir8dh8n
      @user-gv6ir8dh8n Před 2 měsíci +1

      ​@@ErkinayEsetovaҚазақстан елшілігіне барып көші қонға тіркелсеңіз квотамен үй қаржылық қолдау көрсетіледі!❤

    • @oralkur2793
      @oralkur2793 Před 2 měsíci

      Кім айтты екі млндай бар

  • @bolathanbolathan3238
    @bolathanbolathan3238 Před 2 měsíci +12

    Жаңаөзен, Арал, халқын көптеп көшіру керек

    • @gabaakzhigit5857
      @gabaakzhigit5857 Před 2 měsíci

      Олардың өздерінен сұрадыңба ?

  • @s.g.6807
    @s.g.6807 Před 2 měsíci +6

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿 алға

  • @jibeksavethanovna845
    @jibeksavethanovna845 Před měsícem

    Дұрыс айтасыз жердің иесі Қазақ Елінде ,Қазақ❤.

  • @ZhanikTulepbergenov
    @ZhanikTulepbergenov Před 2 měsíci +1

    ❤👍жарайсындар Костанайдан салем🤚🏻🇰🇿

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n Před 2 měsíci +9

    Ұрпақ тәрбиесі де соңғы орында қалып барады

  • @akzholmynbaev2013
    @akzholmynbaev2013 Před 2 měsíci +4

    Керемет!

  • @user-xm1oi1yz5j
    @user-xm1oi1yz5j Před 2 měsíci +1

    Жарайсын, бауырым!!!!!

  • @user-xv8jt4fd4h
    @user-xv8jt4fd4h Před 2 měsíci +6

    Солтүстікке бірнеше завод фабрика салып, жалақыны жақсы төлесе, жастар өзі- ақ барады.

  • @user-fw5ve2wl7w
    @user-fw5ve2wl7w Před 2 měsíci +5

    Асалаумаликем калаисыздар Алла каласа мен даиынмын отте куштты

  • @zamanauiqazaq2953
    @zamanauiqazaq2953 Před 2 měsíci +3

    Мыкты мыкты

  • @user-pe5xc9mp3s
    @user-pe5xc9mp3s Před 2 měsíci +1

    Жарайсын Бурахан 👍🇰🇿

  • @keikibatir1496
    @keikibatir1496 Před 2 měsíci +6

    шетелдегі қандастарды көптеп көшіру керек. Құжаттарды жеңілдету керек

    • @user-ui8oz4ii1u
      @user-ui8oz4ii1u Před 2 měsíci

      Бұрахан,Аллаһ жар болсын!!!

  • @user-zy3mw5ij5n
    @user-zy3mw5ij5n Před 2 měsíci +13

    Биреу жаксы жаналык аитканда алдын кеспеи отырсандаршы

  • @workonlinesauleabdi4959
    @workonlinesauleabdi4959 Před 2 měsíci

    Жақсы болыпты көшкендері қазағымның!Ауа райы жақсы,қыста ғана суық,жазда ауа райы керемет!

  • @kenesbayarziev9370
    @kenesbayarziev9370 Před 2 měsíci +4

    Ассалаума Алейкум. Каракалпакстаннан салам . Алим торт кара

  • @user-om9gk9ft2n
    @user-om9gk9ft2n Před 2 měsíci

    Бурахан балам қазақтарды солтүстікке көшіріп жатқаның құптарлық іс,шамаң келсе көптеп көшір,орыстар солтүстікке көз тігіп отыр ғой,жерімізді кәпірлерге бұйыртпауымыз керек,еңбегің жемісті болсын балам,бақытты бол.79 жастағы зейнеткер әже.

  • @user-rm8ki7tm2x
    @user-rm8ki7tm2x Před 2 měsíci

    Асалаумағаликум өте дұрыс шешм қоныс құты болсын

  • @user-vh4mq4nr5n
    @user-vh4mq4nr5n Před měsícem

    Бурахан Іске сәт Алла жар болсын Қазақтарды Солтүстікке Көптеп Қоныстандыру жағдай туғызу керек Тұрақтау керек Қазақтар төзу үйренукерек

  • @AidosKuandyk-du2ub
    @AidosKuandyk-du2ub Před 2 měsíci +16

    Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей

  • @user-ml1yw9pw3q
    @user-ml1yw9pw3q Před měsícem

    Осы жұмыста белсенділік танытқан жігітке мың алғыс. Құдай жолыңды оңғарсын.
    Оңтүстіктегі бауырлар солтүстікке және Орталық Қазақстанға келіңіздер. Жеріміз бос тұрмасын.

  • @user-ld9hd6em9c
    @user-ld9hd6em9c Před měsícem

    Дұрыс істеріңе береке берсін алға қазақтар

  • @user-no4be9bj5k
    @user-no4be9bj5k Před 2 měsíci +7

    ✊️

  • @user-zi2gc3gc5k
    @user-zi2gc3gc5k Před 2 měsíci

    Бурахан бауырымызга Алла куат берсин,алга койган максатынызга жетиниз,Казактын жеринде Казак аунасын...

  • @user-iu7cv9pe1q
    @user-iu7cv9pe1q Před měsícem

    Сәттілік
    Алла жар болсын