Себептер алаңы біткен жер | Рауан Жұмабайұлы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 20. 04. 2020
  • Тәуекел
    Алланың адамзатқа берген нығметтерін саны шексіз, берілген шексіз нығметтерінің арасында сезімдердің орны бір төбе. Миллиондаған сезімдер терминде "латаиф" деп аталады. Осы сезімдердің ерекшеліктерінің бірі екі ұшы бар болуы, бірі "ифрат" - шектен асырып жіберу, "тафрит" - мөлшеріне жеткізбестен қолдану.
    Тәуекел тақырыбы да осы қағидадан тыс емес. Егер тәуекелдің де ортасын тауып, сүннетке сай қолданбасқ, ифрат пен тафритқа түсуіміз бек ықтимал.
    Тәуекелдің ифраты өтірік тәуекелділік. Ол ешбір себептерді қолданбастан "Аллаға тәуекел еттім" деу. Мысал келтіретін болсақ, келесі күні болатын емтиханға еш дайындалмастан, кітаптың бетін ашпастан Аллаға тәуекел еттім деу.
    Ал тәуекелдің тафриты болса материялист болуға жетелейді, барша нәтижені себептерге байлайтын болады. Нәтижені себептерге байлап, Алладан деп білмегендіктен зияны да көп болары анық. Санасы физикалық әлеммен шектеліп, Аллаға сенбеген болса стреске, күйзеліске, басқа да көптеген рухани дерттерге душар болады.
    Тәуекелдің деңгейлері: 1 - Тәуекел, 2 - Тәслим, 3 - Тафуид, 4 - Сиқа.
    Дұрыс тәуекел дегеніміз - себептердің хаққысын толық бергеннен кейін барша нәтижені Алладан күту. Сүннетке сай тәуекел себептер алаңы біткеннен басталады, өтірік тәуекел болса себептер алаңын қолданбастан басталған тәуекел, ал тафриты болса барша нәтижені тек себеп әлеміне шектегенде орын алады.
    Шынайы тәуекел мұсылманның фундаменталды сипаттарының бірі болып саналады. Шынайы тәуекел себеппен егіз ұғым, бір тиынның екі беті секілді, бір-бірінен ажыратып қарастыруға болмайды. Бұл дегеніміз себептер әлемін толық атқарғаннан кейін, себептерді жаратушыға жүз пайыз бойынұсынып, табыстау. Тәуекел сүннетке сай атқарылғанда мұсылманның жүрегі тыныштық табады.
    Пайғабарымыздың: "Егер сендер Аллаға хаққысын беріп тәуекел етсеңдер ,торғай секілді, таңертен аш кетіп, кешке жемсауыты толған күйде келетін",- деген хадисі бар. Алайда бұл хадис жоғарғы деңгейдегі тәуекел қатарына жатады. Ибарһим пайғамбардың отқа лақтырылған уақытта Жебірейіл періште жәрдемін ұсынғанда - Алланың менің осы жағдайымды білгені жеткілікті - деген мағынада айтқаны шынайы тәуекелдің көрінісі. Ибраһим пайғамбардың осы әрекеті тәуекелдің шыңы -тәслим -деп аталатын деңгейі еді.
    "Біз бүгін қандай сабақ аламыз?" десек, себептерді толық орындап барып қана тәуекел жасау керекпіз, себепті орындамай жасаған тәуекел ол ақымақтық болып саналады. Себебі біз себептер әлеміне тәуелді болып жаратылғанбыз. Алла баршамызға сезімдерімізді орынды қолдануымзды нәсіп етсін.

Komentáře • 96

  • @ykikyz_888

    Ма шаа Аллаһ ❤ .Ұстаз Алла разы болсын

  • @user-bz6kr5mg4h
    @user-bz6kr5mg4h Před 3 lety +14

    Рауан агамызды канекей миллиондаган биздин казак жастары корсе екенн

  • @user-kf7zo9zu8y

    Әмин Аллаһу Акбар рахмет сізге ұстаз

  • @bulbulturganbaev2512
    @bulbulturganbaev2512 Před 3 lety +16

    Алла аяк асты осы каналга тап болдым, Аллага сансыз мадак керемеет сауатымыз ашылып жатыр, бауырым саган Алла разы болсын оте билимди азамат екенсиз. Рахмет 🙏❤️

  • @user-jk1vz5tf5n

    Керемет қандай маман иесі ағамыз

  • @dimagappar8384
    @dimagappar8384 Před rokem +1

    Сіздің видеоларыңыз өте пайдалы, қызық және көп ілім береді. Рақмет!!!

  • @Myslim63

    Аллаһу акбар

  • @user-pd8eh1qq9t
    @user-pd8eh1qq9t Před 4 lety +13

    Рауан мырза, керемет түсіндірдіңіз. Аллах разы болсын!

  • @AQ-QAZAQ
    @AQ-QAZAQ Před rokem +1

    Астаһфирулла! 🤲🏼🤲🏼🤲🏼

  • @nurbolkarazhan5021
    @nurbolkarazhan5021 Před rokem +1

    Шынымды жазссам, бұл түсіндірмеге дейін тәекел етуді дұрыс түсінбеген екенмін.

  • @user-cr8cb2we5f
    @user-cr8cb2we5f Před 2 lety +3

    Аллаһым сыздың каналға коруме себебкер еткеныне рахмет адасудан сақтасын Аллаһым мен ың журегымнен иманымнан аирма Аллаһым!

  • @nazymnussup7032
    @nazymnussup7032 Před rokem +2

    Алла разы болсын, жүзіңізден нұрыңыз кеттпесін🥺🤲

  • @user-mk5gt4bl9p
    @user-mk5gt4bl9p Před 4 lety +8

    Алла разы болсын. Өте керемет 👍👍👍

  • @user-vq9wf8cd7f
    @user-vq9wf8cd7f Před 4 lety +5

    Алла разы болсын. Өте керемет жүрекке жеткіздіңіз. Ұстанымыңыз және сөйлеу мәнеріңіз керемет.

  • @Usingbn
    @Usingbn Před 2 lety +2

    Осы видеоны бир еки жыл бурын коргем сол кезде дурыс жетпеп еди, казир мулдем баскаша естип турмын. Аллах разы болсын, бул билимдериниз ертен акыретте шапагатшы болсын сиздерге 🤲

  • @user-pd7yl5rl2q
    @user-pd7yl5rl2q Před rokem +2

    Керемет солисиз МашАллах .

  • @user-xx9uv1bx3o
    @user-xx9uv1bx3o Před 2 lety +1

    саламатсызба,оте орынды айттыныз*Сизге ракмет*Алла косса емтиханнан жогары балл алуымды Аллага тауекел еттим

  • @user-eq9lz5km1i
    @user-eq9lz5km1i Před 2 lety +1

    Алла разы болсын

  • @user-vx2xt4gu2x
    @user-vx2xt4gu2x Před 2 lety

    Керемет

  • @kar-ai
    @kar-ai Před 4 lety +2

    Керемет білім құйып жатсыз👍✊✊✊. Өте өте ризамын. Тура осындай білімді іздеп жүр едім. Нақты дәлелмен айтатын. 2дүниенің де бақытын нәсіп етсін сізге🤲🤲✊✊