БУРХАН АДИХАНОВ: ҰБТ, Шетелге оқуға түсу, АҚШ-тағы оқу мен ғылыми жұмыс, Эдинбург, Кембридж туралы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 23. 07. 2024
  • ≡ “Болашақ” бағдарламасының түлегі Бурхан Адиханов қазіргі таңда АҚШ-тағы Оңтүстік Флорида университетінде жасушалық молекула бағытында докторантурада оқып, аталмыш университетте ғылыми қызметкер боп жұмыс істеп жүр. Осыған дейін ол Кембриджде тілдік оқудан өтіп, Эдинбург университетінде магистратураны аяқтаған.
    Оқу мен ғылыми жұмыстардан бөлек Бурхан Адиханов азаматтарға шетелге оқуға түсу бойынша консультация берумен айналысады.
    Бұл шығарылымда біз шетелге оқуға түсудің қыр-сырын талқылап, тиімді гранттар мен стипендия туралы, шетелде өмір сүру, ҰБТ-сыз оқуға түсу, университет пен мамандық таңдау жайлы әңгімелестік.
    ➤ Бурхан Адиханов: / burkhan.adikhanov
    ➤ Асхат Садырбай: / askhatsadyrbay
    Тайм код:
    00:00-Анонс
    00:52-Өмірімді 180 градусқа өзгертті…Эдинбург университетін таңдау себебі
    04:50-“Болашақ” бағдарламасының грантын қалай өтеді?
    05:27-Шетелге оқуға түсу бойынша консультация. Қазақстандықтар ғана емес өзге елден де хабарласады.
    09:33-Сұраныс көбейе бастады. 2 жылда 13 мыңнан астам адамға консультация беріппіз.
    13:02-ҰБТ тапсырмай ақ шетелге оқуға түсуге болады! Мамандық таңдау, гранттар…
    18:58-SAT, ACT емтихандарының мүмкіндіктері
    24:05-Тіл білудің маңызы. Университеттер ағылшын тілін жақсы білетін студенттерді таңдайды…
    27:21-Бар білетін ағылшыншамен шетелше оқуға түсуге бола ма?
    32:09-Бакалаврдың стипендиясы жете ме, жатақхана, пәтер ақысы?
    35:21-Шетелдік университеттерде магистратура оқудың мүмкіндіктері, артықшылығы, жолдары.
    47:50-Отбасымен шетелге оқуға барғанда балалардың тіл үйрену мәселесі
    52:44-Америкада балаларға 14 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат
    56:13-Магистранттардың стипендиясы
    57:46-Шетелдегі доктарантура.
    59:17-Бурхан Адихановтың консультациясы
    1:04:17-Бір бұйымтайымыз бар…Америкаға жол.
    #асхатсадырбай #Paradox

Komentáře • 3

  • @nazgulsabyraeva1575
    @nazgulsabyraeva1575 Před měsícem +1

    Бурхан ағайды біраздан бері қарап жүрмін,білім жайлы өте көп құнды ақпараттармен әрдайым бөлісіп отырады.Осы кісіге қарап шет елде білім алуға,оны елге пайдалы жолда қолдануға мотивация аламын🙏🏻
    Білімді трендке айналдыратын тұлға деп ойлаймын.
    Сәттілік әрбір ісіңізге ағай👍🙌🏻

  • @BURKHANADIKHANOV
    @BURKHANADIKHANOV Před měsícem +6

    Подкаст баршаңызға пайдалы болсын! Шетелде грантпен білім алу мүмкіншіліктері өте көп👍🏻
    Қолданыңыздар, дамыңыздар, өзіңіз бен балаларыңыздың болашағына инвестиция жасаңыздар👍🏻

  • @serikkazy
    @serikkazy Před měsícem +1

    Мықты ойлар! Мықты ақыл!