Елімізде еңбек мигранттарының саны азайған

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 09. 2024
  • Еліміз бойынша жұмыс істеп жатқан еңбек мигранттарының санына тоқталсақ. Сырттан келген қанша адам бар және қайда нәпақа тауып жүр?
    Ердәулет Байдуллаев, тілші
    -Біз өзгені кеудесінен итермеген халықпыз ғой. Сырттан келіп, елімізде напақа тауып жүрген адамдар баршылық. Бір айта кетерлігі, соңғы кезде сол еңбек мигранттарының қатары азайғандығы байқалады.
    Әр жылдары еңбек мигранттары ерекше қызығушылық танытатын өңірлер бар. Дәл қазір мұндай аймақтар қатарына төрт облысты жатқызуға болады. Олар келесідей. Көш басында тұрғаны - Маңғыстау облысы. Одан кейінгі ретте Алматы мен Жамбыл тұр. Тізімді ОҚО аяқтайды.
    Белгілі бір себептерге байланысты шетелдіктердің Шығыс пен Солтүстік және Қарағанды облысына баруға деген қызығушылығы төмендеген. Павлодар мен Қостанай облысында да осындай жағдай.
    -Жаңа сөз арасында кей облыстарға қызығушылық азайды деп айттың. Жалпы шетелдіктер бізге қалай келеді?
    Ердәулет Байдуллаев, тілші
    -Еңбек мигранттарын бірнеше топқа бөліп қарастырады. Оның ішінде сен айтқан шақыртумен келетіндер де бар. Осында қаржысын салып, жеке іс бастағандар да жетеді.
    Сонымен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің 1716-сы - басшылық қызметте жүрген адамдар. Инженер, техник, архитектор сынды кәсіби мамандар жиырма мыңнан асады.
    Құрылыс, бау-бақшаны күтіп ұстау, ауланы жинау сынды маусымдық жұмыста 1876 адам напақа тауып жүр. Жалпы шетелдіктердің келіп-кету арнайы органдардың бақылауында және реттеліп отырады.
    Мәселен, осы жылы өзге ел азаматтары үшін Қазақстан 63 мың адамға квота бөліпті. Бұл мүмкіндікті қазір 29 458 шетелдік пайдаланған.

Komentáře • 2

  • @user-hv3zn9if7e
    @user-hv3zn9if7e Před 8 lety

    гастарбайтерлер келмесін елімізге. үкімет қатты қадағалау керек.