Құдайға құл болудың мәнiсiн бiл | Шәкәрім Құдайбердіұлы, Омар Жәлел, Ерсін Әміре, Қайрат Жолдыбайұлы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 01. 2023
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы - Қысқа сөз
    Қояр ем мылжыңдамай, сөзiмдi ұқса,
    Қайтемiн оны ұға алмай дiннен шықса.
    Азды ұқсаң, бұл сөзiмдi анықтап ұқ,
    Иеңдей болам деме, Иеңе ұқса.
    Тәңiрiң - таза, болып бақ сен де кiрсiз,
    Әлiң келсе, менен қаш‚ Иең - мiнсiз.
    Бұл Құдайдай боламын деген емес,
    Сөзiмнiң түбiн ұқпай деме дiнсiз.
    Алланың пендесiне рақымы мол,
    Сен де өзiңдей адамға мейiрiмдi бол.
    Ол жаратты, сен-дағы жаратып бақ,
    Бардан барды шығарсаң болады сол.
    Керексiздi қылмайды Иең-дағы,
    Мен де сүйтем деп қара сен де тағы,
    Бiр Құдайың сабырлы, сен де шыда,
    Бәрi осындай, ойлансаң, артқы жағы.
    Мұны бiлсең, боласың сүйiктi құл,
    Құлы болсаң, қожаңның сүйгенiн қыл.
    Шын мұсылман болайын деп ойласаң,
    Құдайға құл болудың мәнiсiн бiл.

Komentáře • 96

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s Před rokem +32

    Алла разы болсын! Осындай жастардың көбейуі келешекке үміт ұялатады!

  • @BrotherRICH
    @BrotherRICH Před rokem +18

    Соңғы кездерде осыны Қазақтар түсіне бастады.

  • @aidosongarov1663
    @aidosongarov1663 Před rokem +34

    Жарайсың бауырым, тамаша ақпаратты үйлестіріп нағыз дұрыс нәрсе жеткізілген екен!!! 👍👍👍

  • @user-kx2rn1so1f
    @user-kx2rn1so1f Před rokem +10

    Керемет!!! айтылмай жүрген сөздер, ойлар !!! , жастар тек Алға , көзге жас келді,

  • @user-nb4jf6sc9h
    @user-nb4jf6sc9h Před 10 měsíci +1

    Сөз қуаты жаратар бәрін, толқынымен көбейтер жасы-кәрің!
    Ұқсап баққан иеңе жарың,
    Ас адамның арқауы нәрің!

  • @user-fl6ci4zt6q
    @user-fl6ci4zt6q Před rokem +23

    Мешітке барған жастарға осындай ақыл айтылсын өнер, білім,ғылымды дамытыңдар деп

    • @mukhambetmukhambet
      @mukhambetmukhambet Před rokem +3

      Бұлай айта бергеннен түкте шықпайды бірінші кезек билік басына иманды білімді ілімді жастар келу керек әсіресе жастарды бірінші сыныптан бастап ғылымға сүйрейтін мәдениет ғылым министрі оны тың дайын депутат президент керек

    • @aktobe-babalar_izimeen
      @aktobe-babalar_izimeen Před rokem +1

      Бiрiншiден ұрылар кетпей ештеме өзгермейдi, бiреулер ақенбегiн сiндiредi, ал қасындағысы сонын енбегiн жеп шалқып өмiр сүредi, зиялы деген адамдарымыз 80% ұрылар.

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před rokem +1

      мешіттің керегі не? Оданда кәпірлер ойлап тапқан интернет аман болсын де, барлық дүниені сол интернет арқылы білуге болады, ал мешіттерді түгел басқа қажет салаға ауыстыру керек

    • @user-ng2gy9md6d
      @user-ng2gy9md6d Před rokem

      @@user-ml2jq2mw3b құры,шайтанның тарпедасы.Аяқ асты өліп қалсаң,құрыдың.

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před rokem +1

      @@user-ng2gy9md6d
      Өйбәй, сен немене деп шыңғырып жатсың тоңқайғыш құл?

  • @user-wf7xl5zr8r
    @user-wf7xl5zr8r Před rokem +35

    Ассалаумағалейкум!
    Сауатты жастар көбейсін,ғылымға ұмтылыңдар...

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před rokem

      ассалау дегендер сол білімге қызықпайды, оларға тек мешіт жағалап жүргеннен басқа түк керек емес ондайлардың әңгімесі де сол араптың сақырлаған сақабалары жәйлі

  • @user-mj2lh9pf7l
    @user-mj2lh9pf7l Před rokem +15

    атам қазақ айтады, құдайға жат болма әрұаққа шет болма деп,
    қазақтықтан безінп, тегімзден адасп, арұаққа шет, құдайға жат, болп журмз, мен айтар ем, қазақтың бар болмсы іслам деп,
    Құдай тағала, екі дунйедегі мұслмандарға мол рахм, пайғамбарымз шапағатын төксе екен

  • @user-tx2tf2hv2j
    @user-tx2tf2hv2j Před rokem +10

    Рахмет осындай еңбектеріңе
    Сен сияқты азаматтарымыз көбірек болсын✊🏼

  • @user-zy5ph9st7u
    @user-zy5ph9st7u Před rokem +4

    Өте пайдалы хабар екен, Совет заманында бәрі еңбеке жүгінетін еді ғой, содан кейін мына, ту-талақай талау заманы басталды ғой, басында бізге қорқынышты заман болды, қәзірге дейін ,қорқынышты, кімдердің сол кезде көке жөкесі, ақшасы болды солар талап алды, солар байыды, солар қәзір қанап отыр. Енді қайта ғылымды, білімді дамытуға жастар ұмтылуы керек шығар, оған үкімет те баса көңіл бөлуі тиіс, ана анда мында ұрланып кеткен ақшаны осы игі іске қосып, аллаға құлшылық қылса,оны барлық халық қолдайды.Алла қолдасын , бастамаға алла әмин десін.

  • @user-qu1bc5zs9u
    @user-qu1bc5zs9u Před rokem +22

    Иә, дұрыс айтады.Ғылымға білімге көңіл бөлу қажет.

  • @user-sq7or4tc2t
    @user-sq7or4tc2t Před rokem +4

    Балам екі дүниенің бақытты жақсылығын көр көр.

  • @user-fl6ci4zt6q
    @user-fl6ci4zt6q Před rokem +10

    Бірінші ғылым,білім,өнер керек

  • @1erekshe_
    @1erekshe_ Před 26 dny

    Имамдар осыны ескеру керек . Ғылыммен айналысу керектігін көп айту керек .

  • @Nurila789
    @Nurila789 Před rokem +7

    керемет! 👍👍👍🔥жәраисың бауырым !

  • @rinatyussupov4267
    @rinatyussupov4267 Před rokem +20

    Ассалаумағалейкум бауырым, мына өлең жолдарын қалай түсінесің
    "..Айтамын мұны жастарға,
    Таза арақ iшкен мастарға.
    У iшiп, қулық жинаған,
    Айтпаймын қуыс бастарға,
    Ол ұғынбас, тыңдар да.
    Анықты бiлмес дiншiлдер‚
    Өзiмшiл, ойсыз, күншiлдер:
    «Жаныңды жолдан қосты» деп,
    Шариғат айтып күңкiлдер,
    Ойында биттей сәуле жоқ.
    Дiн айтты: «Маған нан»‚ - дейдi‚
    Адасқан дiндi пән дейдi.
    Мағынасын анық бiле алмай,
    Рух деген сөздi жан дейдi,
    Осыдан жаман әуре жоқ.
    Рух деген - дiнсiз таза ақыл,
    Мiнсiздiң iсi шын мақұл.
    Айуандағы ақыл ол емес,
    Аз ғана сөзiм - аз тақыл,
    Құраныңды оқы нанбасаң.
    Аз ақыл ондай көпте бар,
    Айуанда айла‚ еп те бар.
    Өсiмдiктерде сезiм көп,
    Көбелек жейтiн шөп те бар,
    Әлемнен сұра алдасам.
    Нәпсi дер рухсыз жандарды,
    Мейлi адам‚ мейлi аңдарды.
    Үстiртiн қарап ұқпайды,
    Қай молда мұны аңғарды,
    Мәнiсiн бiлмей шатасқан?
    «Тәпсiршi» деген атақ бар,
    Қарсы айтсаң, молда қақақтар,
    Анығын таппай айтылған
    Тәпсiрде талай шатақ бар,
    Oй жотамен адасқан.
    Пәншi мен дiншi тыңдамас,
    Жиренiп мұны ұнамас.
    Өйткенi олар бiрезу,
    Әдетiн тастап шыдамас,
    Арланбай бұған еруге.
    Бұлқынып‚ тулар‚ зарланар,
    Дәлелiн iздеп қарманар.
    Иманын бұзу оңай ма?
    Күндер де қызар‚ арланар,
    Дәлел жоқ жауап беруге.."
    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    • @ssts5982
      @ssts5982 Před rokem

      ШЫндықты жазған Бұндай өлеңдерің оқымайды,
      Олар өздеріне керек жерін алады

    • @user-kc8ew6nm7f
      @user-kc8ew6nm7f Před rokem +1

      Бұл сөзінде нағыз дінді емес қазағым теріс жат ағымды дін деп адасқанын меңзеген бүгүнгі күндеде барғой көп сопымыз сүлейменшіміз арувшымыз тәңіршіміз тағы тағы көп аздырып жүрген қазақ балаларын басын қатырып жиып алып басқаның бәрін жамандап өздерін мақтап дін деген осы деп адасқан алаяқтар қулар

    • @rinatyussupov4267
      @rinatyussupov4267 Před rokem +1

      @@user-kc8ew6nm7f, Сопылық жол ауыр жол, ұстансаң оны тәуір жол

  • @user-ty5ss2xj2w
    @user-ty5ss2xj2w Před rokem +2

    Ма Ша Аллах брат

  • @user-yp9nv8lf7y
    @user-yp9nv8lf7y Před rokem +1

    Алланын озыде рас созыде рас Абаи

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Před rokem +6

    Жастардан улкен үміт кутеміз

  • @Beautyblog2002
    @Beautyblog2002 Před 8 měsíci +1

    мәә неткен керемет ойымда жүрген ойлар

  • @user-vv7sb5bt8l
    @user-vv7sb5bt8l Před 11 měsíci +1

    Алла разы болсын!

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s Před 6 měsíci +2

    Біздің Дəстүрлі Ата дініміз:
    -" Жəдидшілдік ислам" ! Біздің ҚМДБ мен Үкімет соған қашан көшеді?
    Дін ғылымы мен Жаратылыс тану ғылымы бірге оқытылуы керек?
    Дінді Мемлекеттен, Мемлекетті Діннен бөлудің қажет жоқ?!
    Алла тағала- Тірі!

  • @timthegr8est828
    @timthegr8est828 Před rokem +5

    Керемет

  • @bekaraarapan496
    @bekaraarapan496 Před 9 měsíci +1

    Ма ша Аллах

  • @user-mc3jy6tx4j
    @user-mc3jy6tx4j Před rokem +10

    Ақыл айтуға бәрі шебер, бірін-бірі жамандауға дайын тұрады. Кімдер кергі, дамыңдар, сөз көп нәтиже жоқ. Әрине дамымайды, Қасйетті Құранға қарсы шығушылар көбейіп кетті.

  • @1erekshe_
    @1erekshe_ Před 26 dny

    Өте орынды

  • @BiogumusTolebi
    @BiogumusTolebi Před rokem +8

    АЛЛА разы болсын!!!

  • @user-rw3bz1bd6n
    @user-rw3bz1bd6n Před rokem +6

    Ассалаума алейкум уа Рахматуллахи уа баракатух Алла Тағала разы болсын бауырлар өте жоғары және дұрыс өсиет

  • @ulfatmynbai5173
    @ulfatmynbai5173 Před rokem +1

    Ма шаа Алла дауыс👍👍👍👍жалғастра берііңіз

  • @user-uc9hp4dt1w
    @user-uc9hp4dt1w Před rokem +2

    👍👍👍👍👍МАЩААЛЛА күшті ғой ЖАРАЙСЫҢ БАУЫР ҚҰДАЙ ЖАР БОЛСЫН

  • @Ruslan95254
    @Ruslan95254 Před rokem +1

    Алла сізге разы болсын, сізге және отбасыңызға денсаулық пен амандық тіледім🤲🏻

  • @user-kc8ew6nm7f
    @user-kc8ew6nm7f Před rokem +2

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻❤️❤️❤️

  • @user-xi5wy4yh4e
    @user-xi5wy4yh4e Před rokem +2

    Құранның негізгі мақсатын жақсы түсіндірдің жастар.терең тусініп алга.ешкімнің құлы болмай алға жаңалықтар ашу керек.мешіттің көмегі болу керек.

    • @user-ig7zk1jw8w
      @user-ig7zk1jw8w Před 9 měsíci

      Бұрынғы діни оқу орындары тек діни сауатын ашуды емес,ғылымға көңіл бөлді. Жаратылыстану,математика,астрономия т.б. пәндерді оқытты.

  • @user-se1vx5gf4y
    @user-se1vx5gf4y Před rokem +1

    👍👍👍

  • @urturhnd871
    @urturhnd871 Před rokem +1

    Шәкәрім кім деп сұрап қара қәзіргі жастардан білмеиді

  • @user-wi4xz4cz5c
    @user-wi4xz4cz5c Před rokem +10

    Филь сүресінде аузына кішкене тас салып алып атқылаған кішкене құстар баяндалады, осы сияқты еврейлер кішкене дрондар жасап шығарды деп естідім, нағыз кішкене дрондарды дәл атқылаитын мұсылмандар оилап шығарады деп оилаимын.

  • @user-hb9om5mz2l
    @user-hb9om5mz2l Před rokem +1

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @rahemet4836
    @rahemet4836 Před rokem +5

    тереңдеп уқ, көбірек оқй ғой

  • @user-ry8cz8fx4u
    @user-ry8cz8fx4u Před rokem +4

    Ғылым ғылым және ғылым осы керек бізге

  • @erlanjusipov6558
    @erlanjusipov6558 Před rokem

    Алла разы болсын бауырым өзекті мәселені қозғадыңыз

  • @samsung20195
    @samsung20195 Před rokem

    Маш Аллах керемет

  • @nursultan_quralbaiuly

    Қ.Жолдыбайұлы керемет👍

  • @user-xn7ls6gm1p
    @user-xn7ls6gm1p Před rokem +7

    ДІНІІНЕН АЙЫРЫЛҒАН АДАМ ДҮНИЕ БАЙЛЫҚ АРАҚ ШАРАП АПИЫН ТЕМЕКІ ЖЕЗӨКШЕЛІК ДЕГЕН АПИЫНДАРМЕН АУЫРАДЫ!

  • @nursultan_quralbaiuly

    👍

  • @Fasadkz
    @Fasadkz Před rokem

    Ілім мен білім ортасын түсінбесең Бүлін.

  • @user-cf5oi7df2l
    @user-cf5oi7df2l Před rokem +6

    Кезінде Қайнар ма еді университет ашылып еді дүниәуи де дінді де оқытататын соны өкімет жауып тастаған соларды қайта аштыру керек

  • @user-ed7bc5fh9m
    @user-ed7bc5fh9m Před rokem +4

    Мына билик турганда жане онын жагымпаздары турганда казакстанда гылым турмак мектеп билимин дурыс бере алмаймыз, казир казактын бар уайымы кун кору, тамак пен киимнин маселесин шешеалмай отыр.

  • @user-mc3jy6tx4j
    @user-mc3jy6tx4j Před rokem +4

    Кімдер кедергі, дамыңдар.

    • @user-cv8uq8oo5m
      @user-cv8uq8oo5m Před 5 měsíci

      Кукла ойнаған дұрыс па деп үкім сұрайды . Оған имам үкімін айтат осы дұрыс па

  • @user-jh5yg5gz7r
    @user-jh5yg5gz7r Před rokem +5

    Даму

  • @user-ki3en5kv2d
    @user-ki3en5kv2d Před rokem

    Каналды колдау ушин комментарий. Улттык болмысымызды умытпайык, агайын.

  • @Madikaspan
    @Madikaspan Před rokem

    12:05 негізі 1916 жылдары қазақтың бір байы (атын ұмытып қалдым, Ақмола облысынікі, кондитер цехы бар бір қазақ көпесінің баласы) Германиядан автокөлік жасайтын шеберлерді әкелмекші болған жобасын жасап, бірақ 1 д. ж соғыстың басталуы бұл бастамаға кедергі болды. Тапсам осында қалдырып кетем

  • @timthegr8est828
    @timthegr8est828 Před rokem +5

    Дамып кеткен Жапон елинин ози Ислам динин кабылдауда , Динди устана отырып гылым билимди дамыту керекпиз , шектен шыгып кетпейтиндей ,ауыз биршилик керек ,тартип керек арине .

  • @user-qn8lt2qj1w
    @user-qn8lt2qj1w Před rokem

    Осыны медреседе,мешыттерде уагыздау керек.саналарына кыргызу керек.Еврейлер синагогасында равиндарын тандап кояд,ен былымды ,гылымды жан-жакты менгерген адам болу керек.Ал быздыкы калай былесыздер.Сондыктанда рухани сокыр,керен,аксак болып журмыз

  • @user-ev4ij8ie3t
    @user-ev4ij8ie3t Před rokem

    Бірінші кеме Нұх пайғамбар,Жаратушының айтуы бойынша тұрғызған.Ол кезде пайғамбарлар мықты болған,өзінің адалдығынан,тазалығынан және бойында Құдай Тағалағаның қорқынышы,адалдығы арқылы Жаратқан Иеге жақын болған.Олардың қазіргі адамдардан, ерекшелігі сол болған.Пайғамбар деген кім,ол сен мен сияқты жай адам,бірақ өмірінің бәрін шын жүрегімен,жан-тәнімен Құдай Тағалаға арнаған адам.Егерде біз орыс,қазақ,негр деп бөліне берсек,Құдайға жету қиын болады.Неге?адамдарды айыру,бөлу ол шайтанның ісі.Жаратқанның алдында барлық адам тең,ол ешкімді бөлмейді,керісінше қай кезде басқа ұлт,жат адамды,жан-жағыңды,дұшпаныңды сүйіп,құрметтеп үйренесің,сол кезде жұмақтың кілтіне еболасың.Яғни Құдайын,жан-жағын сүйген адам,ешқандай,ешқандай,ешқандай жамандыққа бармайды.

  • @user-zj6zo5bl7s
    @user-zj6zo5bl7s Před rokem

    Сау бош брат, нема сенімен хбрлсу керек едіғо маған қалай связға шығам

  • @user-yp9nv8lf7y
    @user-yp9nv8lf7y Před rokem

    Акылды жастар кобеисын саган карап жастар бои тузесын

  • @user-tw6qd2wg8c
    @user-tw6qd2wg8c Před rokem

    Қазақстанда имамдар садақа сұрау меккеге жетелеу биллікке қарсы шықпа үиткені олар бизнесмендер қалық оларды асыраушысы жастардың миын улап дамып келеді қазағым Аллаң арың болсын ұиатың пирің болсын қалғаны бос сөз есімізді жінаиық қалқым

  • @user-wf5pz2nd3r
    @user-wf5pz2nd3r Před rokem

    Биздин.елимиздеги.мусылмандар.кинали.емес.бул.маселе.елди.канап.паракорды.дамыткан.басшыларды.неге.аитпаисындар.эи.оншен.жагымпаздар

  • @jigajiga2494
    @jigajiga2494 Před rokem

    Ассалаумағалейкум анда- мында еликтемей ата бабамыздың ауызымызға шайнап бергенін жұту керек, жарайсиздар! Діннің тазасын ұстаған ата-бабамызды қазиргі кезде жатқылып, ата-бабамызды ақымақ деп қазіргі ислам танушылар куып кеттіғой. Шәкәрім атамыз сопылық жолды ұстанған кісі. Қазақ даласында сопылық жолдан басқа дін ағымдары,дін бұзарлар болғанжоқ қазіргідей. Дінмен ғылым егіз дінсіз ғылым үлкен апат аллаға қарсы,тәрбиесіз алынған дінде апатқа алып барады. Кеңес дәуірінде религия это апиин для болного народа деген созді бұрмалап айтқанғой. Дін бұл рухани ауыруы бар елге ем деген.

  • @user-mi7oo3yx8j
    @user-mi7oo3yx8j Před 8 měsíci

    Дин апиннен арактан темекиден жаман

  • @user-vu5oh8xd8m
    @user-vu5oh8xd8m Před rokem

    К...тіңді жумай ақ білім ғылым аша берсей.кім кедергі.

  • @user-vk3lq8hr4s
    @user-vk3lq8hr4s Před rokem +2

    ШЕТЕЛДЕ БАРЫ ШЫҒАД , БЫЗДЕШЕ НЕ ШЫҒАД ? БАРЛЫҒЫ ШЫҚСА ҚАЙДА ДАМЫҒАНЫМЫЗ ? ОМАР ЖАЛЕЛ ЖӘНЕ МОЛДАЛАР КНБ БИЫЛЫК САТҚЫН ЖАЛЕПТЕРЫ .

    • @user-mj2lh9pf7l
      @user-mj2lh9pf7l Před rokem +3

      айналайын-аү, сона сен кмсң, біреуді балағаттаүдан бұрн, өзіңді бір рет ойла, мен кіммін деп, басқасн білмеймн, омар ағамз, қазақтың адал үлы,
      ал өзң қазақ ушн не істей алдң, бзлң жаман қылығымз сол, бреуді даттарда ойланбай айтамз

    • @user-vv7sb5bt8l
      @user-vv7sb5bt8l Před rokem +1

      Өзіңіз не бітірдіңіз?Бәрін жамандап жатырсыз?

    • @user-ft9hr3tj7l
      @user-ft9hr3tj7l Před rokem +1

      Омар жалелдей болып алмай ақымақ сөйлеуді қой.Омар Жалелге аланың нұры жаусын

    • @user-ij6bu4wr2e
      @user-ij6bu4wr2e Před rokem +1

      Біз не бітірдік деп емес мен не бітірдім ,не қостым еліміздің дамуына деп әр қазақ ойланғаны әлдеқайда дұрыс болар еді кінәні басқадан іздеп ,басқаға жапқаннан жағдайымыз жақсарса қазір осылай құры сөзбен отырмас едік.

    • @user-pc4yz9ki7c
      @user-pc4yz9ki7c Před rokem

      Ойланып сөйлеу керек

  • @YooDako
    @YooDako Před rokem

    НАМЫС ТВ? ДАУСЫ УКСАЙДЫ ЕКЕН.

    • @user-dg1ox9ke6i
      @user-dg1ox9ke6i Před rokem +1

      Дәл өзі бұл 2 ші каналы болу керек

  • @user-ib6bi8wj7y
    @user-ib6bi8wj7y Před rokem +1

    Пропаганда ислама жарайдыго догарындар бос мылжынды

    • @user-pm7mz9tf5k
      @user-pm7mz9tf5k Před rokem +1

      Это не пропагпнда ислама, эта очень полезный совет.жастарға өте қажет ақыл әңгіме.Осы хабарды жасаған Дәурен балаға мың да бір алғыс!

  • @user-rz3tp2uf5s
    @user-rz3tp2uf5s Před rokem +7

    Әлһәмдіуллилаһ Аллаға шүкір, Құранның мәні негізгі мақсаты Адамдардың санасына енді жете бастаған сияқты. Шәкәрім атамыздан бастап, Құранның адамдарға біліммен, ғылыммен, ақылмен игер, деген осы негізгі мақсатын, түсінген адамдардың бәрі тура жолда жүрген нағыз Иманды адамдар деп білемін. Егерде біле білсек машинаны да ұшақты да компьютерді де жасап шығарған, ол бір Құдай. Ол қалай? Дейтін болсақ Құдай Тағала ақылды адамдарды жаратты, сол адамдар арқылы машинаны да ұшақты да компьютерді де жасап шығарды. Ал ол дүние мүлікті неге Мұсылмандар емес басқа діндегілер жасап шығарды дейтін болсақ, ол Құдайдың бізге берген сынағы. Расында надандардың кесірінен Құран дәрет алумен намаздың айналасында мешіттен шыға алмай қалып қойды. Намаз оқыған дұрыс, бірақ білімсіз ғылымсыз намаз оқыған адам, ол құр босқа өмір бақи маңдайымен жер сүзіп жүрген адамдай болып көрінеді маған. Қазіргі Имамдардың барлығы кванттық физиканы басқада ғылымның барлығын игерген нағыз оқымысты білімді болу керек. Ал бұндай білімі жоқты Имамды Имам деп айта алмаймын. Себебі Имамдарға оқымысты ғылыми білімді болуды Қасиетті Құранымз өзі бұйырып тұр. Мен бұл туралы айтып келе жатқаныма 20 жылдай болып қалды.

  • @user-vv7sb5bt8l
    @user-vv7sb5bt8l Před rokem +6

    Алла разы болсын!