Сақтардың Кирмен соғысы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 14. 02. 2021
  • #Сақ #Томирис #Азия
    Орта Азияны қорғап қалған Томирис
    Томирис (Темірқыз) біздің заманымыздан бұрын 570 жылы дүниеге келген. Әйгілі Сыпыра (Спаргапис) патшаның қызы. Сыпыраның жалғыз мұрагері болды. Сақтардың дәстүрі бойынша патшаның еркек мұрагері болмаса қыздары таққа отыруға құқығы бар болатын. Сол себепті әкесі Томиристі өзі тәрбиелейді. Томирис бала кезінен соғыс өнерін үйренумен айналысты. Ол өз атын бес жасында, ал бірінші қысқа қылыш - ақинақты алты жасында алды. Томирис әйелдерден тұратын жасақ шығарды және ол ерлерден кем түспейтін қуаттын әскер болатын. Үлкейгенде сақтардың көсемі Рүстеммен үйленді. Бір баласы болды оның есімін әкесінің құрметіне орай Сыпыра деп қойды. Томиристің баласыда өте ержүрек қолбасшы болған. Сақтар көшпелі болғандықтан әрдайым парсылар мен шегаралас аумаққа шабуылдар ұйымдастырып тонап кетіп отыратын. Бірақ сол заманда өзгеріс пайда болды. Парсыларда Кир атты патша пайда болып, Кир батыста көптеген мемлекеттерді бағындырып, алып империя құрды және Азияның билеушісі деген атақ алды.. Батыста ешбір лайықты қарсылыс қалдырмай енді назарын шығысқа аударды. Сақтар парсылар үшін ең қауіпті жау болды. Дегенмен сақтар қуатты болып тұрған парсылармен соғыс бастау қауіпті екенін түсінді. Кирде қуаты тасып тұрғанда сақтардың көзін жойып, өз мемлекетінің қауіпсіз болуын ойлады. Біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылдың жазына қарай Кир 200 мыңдық әскер жинап, Араксты кесіп өтеді. Жау келді дегенді ести сала Томиристің күйеуі Рүстем мен баласы дереу аттанып кетеді. Соғыста Рүстем қаза болады. Кир айлаға салып, Томириске көптеген көркем хаттар жасап оның әдемілігі жайлы айтады 62 жастағы Кир 40 жастағы Томириске үйленуге тырысады...

Komentáře • 51