Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне" Аудио кітап нұсқасы!!

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 04. 2023
  • Мәңгілік бала бейне - жазушы Роза Мұқанова шығармасы. Көркем әдебиет стиліндегі әңгіме.
    Қысқаша мазмұны:
    • Шығарма меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйләнің өміріндегі қиындықтары жайлы баяндайды. Ләйләнің мешелдігіне сол бір саңырауқұлақ іспеттес жарылыс кінәлі болған. Семей полигоны кезінде мүгедек болып өмірге келген. Қыз бұл оқиғадан соң түрі 8 жас шамасындағы бүлдіршін күйінде қалып, өспей қалған. Ата-анасынан айырылған байғұс Ләйлә әпкесі жүрексіз Қатираның қолында өседі. Қатира оны кемсітумен болады. Ләйлә әр түн сайын аймен сырласады. Бір тойда өзінің бала кездегі досы Құмарды, би алаңындағы өзін елестетеді. Бұдан соң бірде төсек тартып қалады. Оқиға соңында Ай да, Ләйлә да бір-бірін қимай мәңгілікке қоштасады. Әңгіме Ләйләнің өлімімен, Қатираның жалғызының жүзеге аспаған тойымен аяқталады.
    • Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға
    қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған. Адам мінезінің әртүрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай, түсіністік танытуға шақыратын шығарма.
    Біздің телеграм канал:
    t.me/audiokitaptarkz
    Тик ток парақшамыз:
    Audiokitaptar_dybystama

Komentáře •