ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ӨМІР • ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 15 - Малика Айтжанқызы | Айгүл Сансызбаева

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 30. 05. 2024
  • Ассаламуалейкум бағалы көрермендерім!
    Алланың қалауымен, #15 подкастымыз сіздерге жол тартты.
    Кітапқа тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: wa.me/message/PAJ2GVALR4RTA1
    Сіздерге пайдалы болу ниетімен және екі өмірді де баланста ұстауларыңыз үшін “Теңдессіз дұға” подкастын түсірдік
    “Теңдессіз дұға” подкастының
    Жүргізушісі: Малика Айтжанқызы / malika_ustaz
    Жоба жетекшісі: Бақытжан Мейрамбеков / bakytzhan.meirambekov
    5:05 - 90% адамда қарыз бар
    8:57 - Нығметтің көбейген заманы
    11:46 - Кризистік мышление
    13:51 - Көп ақша, көп проблема
    16:46 - Ата-бабамыздың дұғасы
    19:46 - Нәтиже Алладан
    21:26 - Өмір-чудо
    25:02 - Балам қатты жылайтып
    29:30 - Алла бар екенін көрсетті
    48:00 - Хейтерлерге жауап
    50:04 - Шымкенттік ағалар
    Егер сізге подкаст ұнап, бізді қолдағыңыз келсе, сізге парақшаңызға бөлісетін арнайы видеоматериалдарды дайындап қойдық: t.me/tendessizduga
    Song: Keys Of Moon - Warm Memories
    License: Creative Commons (CC BY 3.0) creativecommons.org/licenses/...
    / keysofmoonmusic
    Music powered by BreakingCopyright: breakingcopyright.com

Komentáře • 442

  • @SistersPlayTV
    @SistersPlayTV Před 28 dny +148

    Балам кішкене кезінде аяқ асты ауырып қалды. Ауырмай тұрып намазға жығылған едім. Ауруханаға түстік. Таң намазы уақыты еді. Терезеге қарасам, қар жапалақтап жауып тұр. Өзіп ойладым, қалай ауруханада намаз оқимын, ол кезде көбі оқымайтын. Неменеге ұяламын, оқи беремін деп ойладым. Терезеге қарап, жылап айттым: Аллахым, құбыла қайда екенін білмеймін. Шын ниетіммен оқимын, қате кемшілігім болса кешіріп, қабыл етші деп жыладым. Бір кезде есік ашылып, хиджаб киген дәрігер кірді. Мен жылап жібердім. Қалай мені Аллаһ тез естіп қойды деп. Сұрадым сіз біздің дәрігерсіз ба деп. Жоқ, бала жаңа түсті деп естідім. Өтіп бара жатып, кіріп шығайын деп шештім деді. Құбыла қайда, мен үйде енді оқып бастап едім. Дала қараңғы білмей тұрмын деп сұрап алдым. Сол кезде қаншалықты Аллаһтың бізге жақын және мейірімді екеніне көзім жетті. Содан кейін, қысылмай, ұялмай ел не десе о десін деп жығыла бердмі.

  • @dauletmuratuly8606
    @dauletmuratuly8606 Před měsícem +157

    Осы сұхбаттарды көрген сайын , бір ішіңдегі сұрақтарға жауап табамыз!

  • @bigulsaduakasova8281
    @bigulsaduakasova8281 Před 28 dny +30

    Раббым осы ұлтымызды насихаттайтың, азда болса дұрыс тәрбие бере алатың, осындай дінге жақын, тслами, қазақи тәрбимен жүретін әйел адамдар көп болсын. Барлық әйелдер сондай болсын!

  • @gaukharbolatbek2424
    @gaukharbolatbek2424 Před 15 dny +11

    Осы подкастты көріп намазға келгім келіп отыр😊

  • @GulsimOnalbay
    @GulsimOnalbay Před měsícem +65

    Малика ұстаз, әр подкастты көргенде, өзімде жүрген сұрақтарға жауап аламын, Аллах разы болсын сізге❤

  • @asselorazbaeva7652
    @asselorazbaeva7652 Před měsícem +49

    Биреумен катты урыстым,анау аузына келгенин оттап отыр,мен ишимнен ЛЯ ХӘУЛӘ УӘЛӘ ҚУУӘТА ИЛЛӘ БИЛЛӘХ,деп кайталап айтып отыра бердим . Бирак мен тук кабылдамадым ана адамнын создерин тук журегимде ауырмады. Сол соз мени куткарып отканына сенимдимин. Бир кезде ана адам ози шаршап койды. АЛЛАНЫН ҚҮДИРЕТИ ШЕКСИЗ! СОЛ АДАМДЫ АЛЛАГА ТАПСЫРЫП ОЗИМ ДАЖЕ КАРГАМАДЫМДА.

  • @user-hx5ux4in9x
    @user-hx5ux4in9x Před měsícem +56

    Деңгейі жоғары білімді қыз екен Айналайындар сендердей жастарымыз көбейіп ,қазақ халқы дамыған иманды мұсылман мемлекетерінің біріне айналса екен.Ма ша АЛЛА.Бақтарың жансые

  • @anipaozat4105
    @anipaozat4105 Před 28 dny +16

    Малика ұстаздың әр подкасы🔥жоғары дайындықпен болады. Оқырмындарына пайдалы болсын деп отырады.

  • @UmutaiBakirova
    @UmutaiBakirova Před 28 dny +14

    Ассаламу алейкум Кыргызтандан❤
    Мен бул подкастты өтө көп карайм,калтырбай көрөм. Жүрөгүм тынышталып калад.
    Өзүмө көөп жоопторду алдым.
    Устаздардан Аллах ыраазы болсун. Көп көп чыга берсин .
    Ма Ша Аллах просто 😇🩷🌷🌷🌷

  • @saltaabdimalikovna9253
    @saltaabdimalikovna9253 Před měsícem +48

    Қалай екенін білмеймін, но я оказывается уже всегда ищу хочу всегда везде слушать этого подкаста. Как будто с этими людьми с этими разговорами я могу ответить своей внутренних вопросах 🙂 иманымды сенімді етемін. Қайталар көруді де әдетке айналдырдым. Түсінбей қалған жайыттарымды ұғыну үшін, шын мәнінде не ұғынуым керек, не туралы ой ұғынуым үшін

    • @user-ps4gs9zo7c
      @user-ps4gs9zo7c Před měsícem +1

      Казакша ак жазсанызшы 🤦‍♀️

  • @adilkhankyzy01
    @adilkhankyzy01 Před měsícem +48

    Жаңа подкаст шыққанша бұрынғы подкасттарды қайталап қарап жүр едім☺️

  • @user-bz5qr7tj5b
    @user-bz5qr7tj5b Před měsícem +51

    Балхия Балтабай мен Гүлвира ұстазды әлі күтіп жүрміз апта сайын үмітімізді үзбей))

    • @user-nq5vc6it8p
      @user-nq5vc6it8p Před 26 dny

      Үстінен шағымданайық устаздың😂

  • @user-ve4wl7io5m
    @user-ve4wl7io5m Před měsícem +14

    Алла разы болсын,біздің қаракөз қыздарымыз ұлтын сүйетін,болашақ салиқалы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосатын, иманды,ибалы қыздардың,аналардың қалыптасуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін мың алғыс, сіздерге Аллам екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Тарихымыздағы біздің мақтанышымыз батыр,батыл,данышпан,иманды бабаларымызбен қатар ақ жаулықты аналарымыз тұрады.Сол үшін елімізде білімді,сауатты, парасатты, иманды қыздарымыз бен аналарымыз көбейе берсін.

  • @user-pl8ze4wc2t
    @user-pl8ze4wc2t Před 27 dny +12

    Әр подкаст ерекше, бір-біріне ұқсамайды. Айгүл ханымның ерекшелігі өзінің мықтылығы сияқты. Малика ұстаз сізге Аллаһ разы болсын❤❤❤. Әуелі Алланың арқасы, одан кейін сіздің арқаңыз, осы полкастарды көріп, насихат алып отырғанымыз.

  • @anipaozat4105
    @anipaozat4105 Před 28 dny +8

    Айгүл ханымды бірінші рет көруім. Сөз саптауы, ойлауы өте жоғары екен. Барлық тақырыпты қамтыды. Өте жақсы ой саларлық тақырып болды🔥

  • @user-jj8gh9ms8b
    @user-jj8gh9ms8b Před měsícem +12

    Именно осы подкаст, осы қонақты күткен едім 💯
    Өте керемет қыздар❤

  • @user-nm2hg4bj3c
    @user-nm2hg4bj3c Před měsícem +20

    Айгүл ханым тарихты қозғап кетті шынында да ата бабаларымыз ұл үшін күрескендерін оқып, естіп жүрміз жылап алдым, ал біздер сол бабаларымыздың дұға, тілек, армандарын ақтай аламызба 👍❤️керемет сабақ болды маған
    Малика ұстаз сіздің әр подкасыңыз бомба 😍әр қонағыңыздан бір ой түйемін Алла берекесін берсін❤️

  • @user-wh2tc6sh1q
    @user-wh2tc6sh1q Před měsícem +19

    Менің де аузыма сол Лә хәухлә уәлә куәттә иллә биллях постоянно айтамын автоматто айтылады

  • @user-eu4zz5st5d
    @user-eu4zz5st5d Před 24 dny +2

    Аллага сансыз шукир осы подкастан коп нарсе уйрендим. Намаз бастадым бирак тан намазын гана окып журмин

  • @user-si5mr7xj7f
    @user-si5mr7xj7f Před měsícem +32

    Аллаһым хайырлы ұрпақ берші,ұрығың жоқ,баласыз қаласың,осыған көніп өмір сүр деді он жыл болды айтқанына врачтар😢😢😢😢ал мен үміттімін сенен ұл-қыздардың анасы болатыныма Сенің құдыретің шексіз

    • @user-zz2de5oh8d
      @user-zz2de5oh8d Před měsícem

      Аумин

    • @user-gd5ef6cc5d
      @user-gd5ef6cc5d Před 29 dny

      Әмин

    • @user-nh9ib9qw4e
      @user-nh9ib9qw4e Před 28 dny +2

      Алланың мейірімімен егіз перзентті болыңыз

    • @user-qm2le8pg9t
      @user-qm2le8pg9t Před 27 dny +1

      Алла иманды , білімді ұрпақтар берсін саған

    • @asylzatturmakhanbetova9805
      @asylzatturmakhanbetova9805 Před 26 dny +3

      Сіз үшін не қайырлы екенін білетін Аллаға тапсырыңыз. Бала да дүниелік нәрсе! Сынақтардан сүрінбей шексіз өмірде жанатқа жетейік ин шаа Аллаһ!

  • @AsemOljabaeva
    @AsemOljabaeva Před měsícem +8

    Осындай подкастарды тыңдап иманым күшейіп жатыр, Алла разы болсын 🫶🥹

  • @user-hv5ok8br7y
    @user-hv5ok8br7y Před 28 dny +6

    Ең күшті подкасттардың бірі,патриоттық сезімді оятқан ең әсерлілердің бірі болды,және жеңіл оңай түсінікті түрде по факту еркін болды.Айгул Бақытқызы Алла екі дүниенің бақытын байлығын нәсіп етсін 🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  • @user-kt3px8ep8p
    @user-kt3px8ep8p Před 28 dny +3

    Ла хаухла уала куатта илла биллях оте керемет! Жатттап журмин !! Сосын тасбих санауда салауат айту оте керемет! Мен Алланын барына сендим!

  • @qundyzausenqyzy9779
    @qundyzausenqyzy9779 Před měsícem +14

    Давайте т. б орысша сөздерді қоспай сөйлейікші. Осы каналдың подкасттарын көремін керемет.

    • @marzhan613
      @marzhan613 Před 12 dny

      Вот, именно, но, и, оказывается т.с.с. сөздер қанымызға сіңіп келеді. Тіліміз дұрысталмай, болашағымыз өзгермейді. Қазақ тілі бұзылмай, сақталып қалса екен деп тілеген сайын, кері кетіп бара жатырмыз. 10 жылдан кейін тіліміздің жағдайы не болады екен, ойлаудың өзі қорқынышты. Кез келген саналы Қазақстандық мұсылман ең бірінші тіліміздің сақталуына дұға етіп, өзі де соны іске асыруға тырысуы керек.

  • @ardakbaitugelova1726
    @ardakbaitugelova1726 Před měsícem +8

    Қазақтың маңдайалды қыздары Аллаға шүкір ❤ Алла өмір-күндеріңізге, ризық-несібелеріңізге, қолға алған істеріңізге берекесін, жеңілдігін берсін! Айгүл ханым президент болуға лайықты жан ғой Ма шаа Аллаһ

  • @user-hy5gm3lo2l
    @user-hy5gm3lo2l Před 19 dny +1

    Алла разы болсын сіздерге ❤ Маған қатты әсер етті тәрбиелік мәнді сабақ болды. Балалармен ашық сөйлесу керек бірдей жақсы көремба жоқ па деген моменттер смбақ болды. Сосын қаржылық сауаттылық жоқ соны мағанда жөндеу керек өте шашыраңқы ойым. Айгүл ханымның нақты жауап беретіні ұнады ❤ Аллам екі дүниеде де жақсылық берсін 🤲🏻💖

  • @user-jr9uc1ri3d
    @user-jr9uc1ri3d Před měsícem +6

    Дұрыс айтасыңдар. Падкаст керемет болып жатыр. Мен де еліміздің тыныштығын тілеймін. Әр күні құптан намазда бүгінгі күннің нығметтерін еске алып, шүкіршілік айтамын.

  • @gulnazyermekbayeva7225
    @gulnazyermekbayeva7225 Před měsícem +5

    Аллаһ разы болсын сіздерге ❤Аллаһ тағала осы подкасты көрген ханымдарға һайырлы білім берсін Әмин

  • @naylaakhmetova4865
    @naylaakhmetova4865 Před 9 dny

    Малика Ұстаз,сізге Алла разы болсын,осындай мағыналы сұхбаттарыңыз үшін🤲

  • @rayananinalemi
    @rayananinalemi Před měsícem +8

    Менде Айгул ханым секілді, неге екенін білмеймін екіншім ұл болсыншы деп көп тіледім, туылғаннан бері сол ұлыммен сыналып жатрм. Маған арналған сұқбат болғандай сезімде отырмын. Алла разы болсын сіздерден.

  • @user-yd8qr1ye7r
    @user-yd8qr1ye7r Před měsícem +8

    Жүректен Алланы шығарып алып, шаршап, күйзеліп, адасып жүргенде осы каналдың подкасттарын тыңдаймын. Жүрегіме тыныштық береді. Шүкіршілігім артады. Рахмет сізге Малика ханым. ❤❤❤

  • @user-cd7eq4lo1c
    @user-cd7eq4lo1c Před měsícem +8

    Менин Рахымжан Галымжан деген балаларым бар.Мен оларга мыкты денсаулык,саналы ,сапалы узак бакытты омир тилеймин!Адал жар,суикти аке ,кайырымды мейиримди кайырымды елдин баласы болуларына тилектеспин!Ак жол тилеимин!Аумин рахмет

    • @user-qm2le8pg9t
      @user-qm2le8pg9t Před 27 dny

      Алла ұрпағыңның абыройын биік қылсын

  • @hafizroziev9866
    @hafizroziev9866 Před měsícem +7

    Подкасты Малики Устаз как книга Коран всегда есть ответы на все вопросы❤️❤️❤️ спасибо вам большое💋 благодаря дуа я покрылась, стала ближе к Аллаху и я с мужем слетела в Умру🥰🥰🥰 вот это сила дуа мощььь❤❤❤

    • @Menintilim
      @Menintilim Před 29 dny +1

      МашАллах😍😍😍 Бізге де нәсіп етсін🤲🏻

  • @user-iq3rx7oh3j
    @user-iq3rx7oh3j Před 29 dny +5

    Керемет кушти бомба эфир 🤗🤗🤗👍👍👍🔥😍🔥😍🔥Өзиме бираз ой туйдим, сиздерге алгысым шексиз 🤗🤗🤗🌷🌷🌷🙏🌷🙏🌷🙏🌷💋💋💋

  • @its_zhanarai
    @its_zhanarai Před měsícem +8

    Малика ұстаз жүзіңіз сондай жылы,подкастиарыныз оте пайдалы Алла разы болсын ракмет улкен 🫶🏻💐💐💐

  • @user-hu7zy4kc6s
    @user-hu7zy4kc6s Před 17 dny +1

    Мә недеген мықты подкаст реально шүкір ету керекпіз.Осылай бейбіт кең елде өмір сүріп жатқанымызға❤

  • @user-uu3bx6rh2c
    @user-uu3bx6rh2c Před měsícem +7

    Мен Москвадан коруп жатам) дайыма кутуп кором...😊

  • @user-lq3dv1jz6y
    @user-lq3dv1jz6y Před 7 dny

    Малика ұстаз сізге Алла разы болсын! Әр подкастарыңызды тыңдаған сайын тыңдағың келеді, жан дүнеңнін тыныштығы мен басымызға түскен жеңіл сынақтардың шешімін, дұға арқылы Аллаға деген сүйіспеншілік пен ықыласымыз артып жатыр. Үлкен рахмет.Екі дүние бақытын нәсіп етсін! ❤❤❤❤❤

  • @user-jp7nn1vl9f
    @user-jp7nn1vl9f Před 12 dny

    Осы екі тұлға қатты ұнайтын. Екеуінің сұхбаты мықты болатынына сенемін😍😍😍 Алла разы болсын Малика ұстаз👍🏼😍😍

  • @user-mg2so1ln1l
    @user-mg2so1ln1l Před 10 dny

    Малика ханым күшті интервьюер ,әр қонақты аша алады әрдайым,қонақтары да Машаллаһ,керемет дүниелермен бөліседі.Алла разы болсын!

  • @aburulaj
    @aburulaj Před měsícem +5

    🤲 Аллахым озу колдосун🤲
    Мен бул корсотуну дайым кором🥰
    Ушул Патказды Алпарган келин суйкумдуу 👏😘

  • @ainazikysakkyzy9461
    @ainazikysakkyzy9461 Před 29 dny +3

    Айгул Бакыт кызы 😍😍😍она мне очень нравится, очень мудрая женщина, у меня к ней большая любовь

  • @Elmira-ih9jw
    @Elmira-ih9jw Před 17 dny +1

    Аллахқа сансыз шүкірлер болсын.Сіздерге Аллах екі дүниенің бақытын нәсіп етсін.

  • @user-pl8ze4wc2t
    @user-pl8ze4wc2t Před 27 dny +9

    Малика ұстаз әншілерді, орамал тақпаған блогерлерді шақырмаңызшы,. Себебі олардың діни мағлұматтары аз болады Осындай білікті, білімді, рухани адамдарды шақырыңыз

  • @Justme-ki4hv
    @Justme-ki4hv Před 20 dny +1

    Прекрасный подкаст..прекрасный гость,ведущая.. спасибо

  • @zhanbolatovnakenzhegulova6721

    Ма ща Аллах! Аллахым сиздерге разы болсын! Оте керемет подкаст ❤

  • @russmoments11
    @russmoments11 Před 20 dny +1

    Очень мудрая и образованная женщина,сильная восхищаюсь❤❤❤

  • @user-ej8jz2ts6s
    @user-ej8jz2ts6s Před 3 dny

    Ассалаумағалейкум !! Айгүл ханым қазақша таза сөйлейтіңізге таң қалып отырмын! Қандай керемет четка ясно айтылған❤😊

  • @user-eq3eh3eo8v
    @user-eq3eh3eo8v Před měsícem +3

    Аллах Таала ыраазы болсун
    Чыдамсыздык менен кутобуз
    АллахТаала ушундай мага эн керектуу керемет беруунукорууну насип кылганына шугур 🤲

  • @Inabat263
    @Inabat263 Před měsícem +4

    Осы подкасттан соң МИССИЯ деген ұғымға ауқымдырақ қарауға ой келді. Елге, үмметке, халыққа пайдалы болу туралы ойлануға бір септігін тигізген подкаст болды. Алла баршаңызға разы болсын❤

  • @naylaakhmetova4865
    @naylaakhmetova4865 Před 9 dny

    Түбегейлі деген сөз осындай әңгімелерге сипатты❤

  • @user-bd4fl4fp9n
    @user-bd4fl4fp9n Před 8 dny

    Керемет Сабақ АЛЛА разы болсын сіздерге

  • @bekaoffichial1098
    @bekaoffichial1098 Před 23 dny +1

    Осы подкасттарды тыңдап шүкіршілік,сабырлылық дегенді ең бірінші Алланың мейірімін,иманымды нықтаймын
    Мына сұхбатта өткен Алаш азаматтарымызды еске алды ,өте керемет олардың армандарының бірі қазақ тілін сақтау еді,ендеше орыс тілін қоспай таза қазақ тілінде болса екен сұхбат.Ең болмаса сол Арыстарымыздың әруағын қадірлейікші.Қазақ тілін қазақ қана қорғайды
    Подкаст өте керемет сөзім жоқ👍👍👍👍👍

  • @user-ll3lq5on6e
    @user-ll3lq5on6e Před měsícem +4

    АЛЛА ЫРААЗЫ БОЛСУН ❤ЭКИ ДҮЙНӨӨ БАКТЫЛУУ БОЛУҢУЗДАР ❤

  • @nurkhanaskhattt
    @nurkhanaskhattt Před 27 dny +1

    Мәссаған бұл подкаст мен үшін "взрыв мозга" болды енді, Алла разы болсын сіздерге!

  • @user-cg1dy6ev5q
    @user-cg1dy6ev5q Před 8 dny

    Өте керемет подкаст. Алла разы болсын ❤

  • @user-hl8rq3um4m
    @user-hl8rq3um4m Před 29 dny +2

    Алла сіздердей сұлу ханымдарға ұзақ ғұмыр берсін 🤲🤲

  • @user-ey4oh7fc8p
    @user-ey4oh7fc8p Před 12 dny

    Керемет субхат болуптур Алла раазы болсун сиздерге❤

  • @aknura9333
    @aknura9333 Před 10 dny

    Алла разы болсын кыздар, керемет. Арбир подкасттарыныз мен ушин супер, журегиммен тындаймын. Айталмай, билмей журген дуниелеримди, осы подкасттарыныздан таптым👍👍👍🙏🙏🙏😘😘😘😘

  • @dauletmuratuly8606
    @dauletmuratuly8606 Před měsícem +4

    Жанға жайлы сұхбат 👏🏻! Рахмет Сізге Малика ұстаз🌷

  • @zhanbolatovnakenzhegulova6721

    Айгул ханыммен жылап алдым, тан намазын окып, журегиме жылулык, Аллахка деген маххабат ояттыныздар!❤ Аллам разы болсын❤

  • @snturalyy
    @snturalyy Před 14 dny

    Алла разы болсын сіздерге, коп рахмет Алла нын аркасында коп нарсе тусындым

  • @zhanarabdurasul8701
    @zhanarabdurasul8701 Před měsícem +2

    Айгульді сондай жақсы көремін.Салмақты жәйбарақат,сөзінің салмағы бар.❤❤❤❤❤

  • @user-wg3hl3jf2z
    @user-wg3hl3jf2z Před 13 dny

    Аллаға шүкір
    Осы подкасты күнде күтемін.
    Алла баршамызға жар болсын ❤

  • @user-mt8cx3ij2w
    @user-mt8cx3ij2w Před 13 dny

    Керемет айтып ,түсіндіресіз,ұнады.рахмет

  • @Maira-js2uk
    @Maira-js2uk Před měsícem +4

    1апта гана болды ,осындай багдарлама бар екенин билгениме,неге ертерек кормедим екен деп окинемин,кунине 1,2 еун коремин,керегин жазып алып журмин

  • @nazerkesaparbarva702
    @nazerkesaparbarva702 Před 29 dny +2

    Саламатсыздарма , рахмет сіздерге . Әпке мен осы подкастты қарап отырғанымды бұрын соңды көрген мін . Алла рухты жіберетіннен алдын өмірін көрсетеді ғой , Әпкемен бірге жылап сықтап отырдым . Рахмет сізге ❤️

  • @user-ig2kj8cc1h
    @user-ig2kj8cc1h Před 29 dny +2

    Балаңыздың болашағы жарқын болсын🙏🏻

  • @Azemmi
    @Azemmi Před měsícem +1

    Пайдалы подкаст болды шүкір ❤ Алла разы болсын әпкелер 🤲🏻 барлық жандарға берекелі өмір, табысы мол кәсіп тілеймін🩵

  • @user-bf4gd7ys8j
    @user-bf4gd7ys8j Před 6 dny

    Пайдалы акпарат көп болды.Алла разы БОЛСЫН.❤

  • @user-zb7wc6yq7g
    @user-zb7wc6yq7g Před 23 dny

    Қандай сауатты сөйлейсіз ! Аллаға сансыз шүкір ! Осындай білімді аруларымыз көп болғай !

  • @user-ko2bv6ex5q
    @user-ko2bv6ex5q Před měsícem

    Шукир АЛЛАГА. Керемет подкаст болды🎉

  • @user-yx5ee6pe2l
    @user-yx5ee6pe2l Před měsícem

    Өте тил байлығы дамыған, тили жатык, тусиникти тилде тусиндирген, керемет подкаст. Осы Айгуль ханым айткан сөздер маған тусиникти.

  • @infinity1462
    @infinity1462 Před 29 dny

    Ма ша Аллаһ🤲❤🤲 қандай мықты подкаст. Бір сұхбатта миллион сабақтан алатын ақпарат. Миды 180 градуске өзгертетін сөздер. Малика Ұстаз бен Айгүл ханымға Аллаһтың Нұры жаусын🤲❤🤲, керемет жандар ғой. Қазағым өсіп өркендеуіне үлкен үлес қосып жүрген осындай адамдар көп болсыншы

  • @qwertypoiuyt8589
    @qwertypoiuyt8589 Před 27 dny +2

    Подкаст бітпесе екен деп тілеп отырып көрген тек мен ғана ма? 😍

  • @user-hj4nu7uv3i
    @user-hj4nu7uv3i Před 25 dny

    Малика ұстаз Сізге Аллам разы болсын. Айгүл ханыммен өткен подкаст керемет. Айгүл ханым орыс тілді деп инстада сабақтарына қатысудан (орыс тілінде көп нәрсені еркін,жетіпті түсінбей қаламын ба деген оймен жүргенмен. Айгүл ханым қазақша таза сөйлетініне таң қалдым .Керемет. Рахмет

  • @rrryuan
    @rrryuan Před 20 dny

    МашАллаһ подкасттарыңыз көп болсын ❤️

  • @user-ff9yt6yb7h
    @user-ff9yt6yb7h Před 26 dny +1

    Менің ❤ бүгін махаббатқа толып тұр. Рас тыныш әдемі өмір сүріп жүрміз. Щүкірлік ете білуде тереңнен ұғыну нәсіп ету. Бұл бақыт 😘

  • @user-bv3bk2pz3v
    @user-bv3bk2pz3v Před měsícem

    Алланың нұры жаусын сіздерге, теңдессіз дұғалар ,кітабын оқыдым өте керемет екен Алла разы болсын

  • @sayajung4992
    @sayajung4992 Před měsícem +1

    Мә рақмет күшті инсайттар алдым енді сол дұғаны айтып жүремін Аллах разы болсын баршамызға🤲🏻❤️ешкімді Алла баламен сынамасын ата анамыз , өзіміз ,жұбайларымыз ,балаларымыз аман болсын денсаулықтарымыз мықты болсын🤲🏻🙌❤️

  • @user-fv2yn4yf4m
    @user-fv2yn4yf4m Před měsícem +1

    Ассаламу алейкум!
    Каншама курстардан алған білімдеріме қарағанда,осы подкастағы қонақтардың өмірлік тажірибелерінен үйренгенім көп болды.Әр ақпарат құнды мен үшін.Алла разы болсын,барлығыңыздан!❤

  • @Anara19913
    @Anara19913 Před měsícem

    Малика устаз сондай керемет жансыз! Сізді көрип карапайымдылыкты көремін!

  • @Manat710
    @Manat710 Před měsícem

    Малика айналайын Алла разы болсын саған.Жүректерің қандай кең.
    Подкасттарыңның бәрі сондай пайдалы.
    Қуана көреміз.
    Керегін жүрекке түйеміз.❤❤

  • @user-od4se2lv1k
    @user-od4se2lv1k Před měsícem

    Маша Аллах соз жок...Керемет Алла разы болсын...Ар подкастта Алла тагала сиздер аркылы коп нарселер уйретип жатыр...Ля хауля Валя кууата илля биллях!!!

  • @nafisa_2020
    @nafisa_2020 Před 25 dny

    МашАлла😍 Аллаға сансыз шүкіршіліктер мен мақтау-мадақтар болсын бізге осындай құнды білімдер беріп жатқан!!! Ұстаздарымызға да сансыз сауаптардан жазсын🤲🏻

  • @npoctoalina
    @npoctoalina Před měsícem

    Айгул ханым, рахмет сізге.Жылап сізбен , коп инсайт алдым.Алла разы болсын сізге.

  • @user-qo2gt1oj4q
    @user-qo2gt1oj4q Před měsícem

    Керемет, сіздің подкаст арқылы иманымды аштым, намаз оқуға ниетім күшейді. Дайындалып жүрмін!! Аллаһыма рақмет сізді тыңдатқан!! Өмірге деген көзқарасым, өмірім мәні де до и после дегендей мүлдем баскаша болды. Малика ұстаз сізден құран оқып шәкіртіңіз болуға нәсіп етсін Раббым. ❤

  • @galiyasultanova6017
    @galiyasultanova6017 Před měsícem

    Мен ен катты куткен сухбат Айгул ханымды жаксы коремин

  • @user-pg9dy9ri8j
    @user-pg9dy9ri8j Před 22 dny

    Алланын кудирети шексиз гой , окигасын естип сизбен бирге жыладым . Бала ауырса , омирдин астан кестени шыгады. Алла шексиз мейиримди , бала ауырмасын. ❤

  • @sulorynbayev1160
    @sulorynbayev1160 Před 28 dny

    Ракмет, Малика ханым! Сиздин дауысыныз сондай жагымды! Сондай позитивти жансыз❤ сизди жеке танымасам да, мен ушин жакын, улкен адамсыз.

  • @user-yh3ni7gd7p
    @user-yh3ni7gd7p Před měsícem +3

    Қазақстаным 🇰🇿❤️🥲
    Альхамдулилля 🤲🏻🇰🇿

  • @user-dv3tb3js7n
    @user-dv3tb3js7n Před 28 dny

    Жаксы болды, рахмет сиздерге ❤, Алла разы болсын❤

  • @AmeliaArgun
    @AmeliaArgun Před 28 dny

    Малика ұстаз, подкастарыңызға үлкен рахмет! Шыныменде, өте көп нәрсе туйіп аламын сіздің подкасыңыздан кейін! Бірақ, осы жолғы подкасыңыздың кейіпкері ұнамады! Не себептен, ол айтады: "Намаз окимайды, и олардын дұғалары қабыл болады" деп! Немесе "замельчали дұғалар" деп айта, не болса соған жасай береди дұғаны деп, әлбетте ата-әжелеріміз постоянно айтатын бәтеңкенін бауына дейін сұрандар Алладан деп!!! Всевышний настолько любящий и милосердный, у него можно и нужно просить все что пожелаешь, и благодарить за это все! И еще ваша героиня, очень много говорит "Алладан корку керек", почему у нас в Казахстана Всевышнего популяризуют через СТРАХ! Почему не через ЛЮБОВЬ, как это делается в Мекке, в Медине! Тогда бы может много людей пришли бы к религии, если правильно доносить информацию! И потом, никто не может говорить, у кого кабыл болады, и у кого кабыл болмайды, все мы люди, и только Аллах знает, кого и даже какого человека молитвы он услышит и примет! Ваша героиня реально ни о чем в этот, ели дослушала, все искала что-то полезное, как обычно, но ничего не нашла!! Думаю не правильно говорить что люди все подряд просят, что нужно просить это и так нужно просить! Каждый как и что хочет просит. Может Всевышний именно эту молитву или это его хотение всеялет в его сердце, чтобы именно это он просил, вы же знаете?! Поэтому считаю глупо говорить, что дуагалар измельчали и потеряли ценность, нужно подумать перед тем, как такое говорить!!!!

  • @user-nh2di3ls6z
    @user-nh2di3ls6z Před měsícem +1

    Подкаст керемет👍👍👍Айгул ханымнын баласы уйине аман есен жетти мекен

  • @kulow4
    @kulow4 Před měsícem

    Сіздің жургизетін сухбатты куттим го Аллаға шүкір! Жасай беріңіз Малика Айтжанқызы🙌🇰🇿

  • @user-ul1ze3nk4k
    @user-ul1ze3nk4k Před měsícem

    МашАлла, кандай керемет подкаст❤❤❤

  • @_cakeN
    @_cakeN Před měsícem +3

    Омирмдеги ен пайдали поткаст болди рахмет ❤

  • @user-dy1bp8ks4x
    @user-dy1bp8ks4x Před 28 dny

    Күшті эфирлер үшін рахмет, жүрегім тынышталып қалады кәдімгідей, Аллаға сансыз шүкір 🙏

  • @aikasulu9461
    @aikasulu9461 Před měsícem

    Машаллах! Өте керемет подкаст, әдемі сұхбат болды! Аллах разы болсын! Шынымен, әр адам өзі үшін өзі дұға жасау керек ішкімнен сұрамай. Асықпау қағидасы өте ұнады, маған да үйрену керек қасиет екен.
    Айгул ханымды тағы күтеміз!!! ❤❤

  • @user-hr7rm8qg2u
    @user-hr7rm8qg2u Před měsícem

    Керемет кой арбир подкасты Малика ханым өзим күтемин арбир эфирди