Ақтауда су тасқынан эвакуацияланған балаларға Ораза айт мейрамына орай арнайы шара ұйымдастырылды.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 16. 04. 2024
  • Су тасқынан эвакуацияланған балаларға мерекеге орай концерттік бағдардарлама ұйымдастырылды
    Ақтау қаласында су тасқынан эвакуацияланған балаларға Ораза айт мейрамына орай арнайы шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық Коммуникация орталығы.
    Бұл көршілес өңірдегі апаттық жағдайдан эвакуацияланған балаларға арнайы ойын-сауық кеші ұйымдастырылып, түрлі аниматорлар өнер көрсетіп, балаларға ойыншықтар сыйға тартылды. Онымен қоса, ағаш үйлер тігіліп, арнайы дастархан жайылды. Мейірім мен қамқорлық салтанат құрған кештің өтуіне «Tongal house» мейрамханасы басшысы Элмир Хазаин мұрындық болып, «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» Қоғамдық қорынын басшысы Роман Оразымбетов ерекше қолдау көрсетті.
    - Ораза айт мейрамына орай, балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарламаны ұйымдастыруды ұйғардық. Бұл шараға Құлсары аулындағы су апатынан эвакуацияланған балалармен қоса ата-аналар да қатысып, қызықты ойындар ойнап, түрлі ән айтты. Негізгі 3 б шағын-ауданда жатақханаға орналасқан балалар саны - 100, басқа жатақханадан 20 баланы арнайы бағдарламаға қатысуға шақырдық. Ата-аналарымен қоса толық 230 адамды құрайды. Басқосудағы басты мақсат - Ораза айтын тойлау, көңілге қаяу ұялатқан төтенше оқиғадан соң балалардың назарын аударып, көңілін аулау,-деді «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» Қоғамдық қорынын басшысы Роман Оразымбетов.
    Сонымен қатар, бүгіннен бастап мектеп жасындағы балаларға арнайы кабинеттер бөлініп, сабақтар өткізілетін болады. Ата-аналар алғыс айтып, жылы лебізін білдіруде.
    Құлсары қаласының тумасы Искакова Гаухар қол ұшын созған ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп жатырған демеушілерге ризалығын танытты.

Komentáře •