Ақтөбенің ауасы тазарады ма?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 09. 2024
  • Облысымыздың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жол картасына сәйкес, 2025 жылға дейін кәріз жүйелерін тазарту , қайта жаңарту мен жаңғырту көзделген. Ескі кәріз тазарту құрылыстарының тиімсіз жұмысынан қаламыздағы атмосфералық ауа күкіртті сутегімен ластанып отыр. Айнала" сасық" кәріз иісімен мүңкіп тұр. 40 жылдың желілерді жаңарту керек, дейді маман.Сондай-ақ, атмосфералық ауаны ластаушылардың қатарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бар. Аталған кәсіпорын- халықаралық стандарттарға сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізді. Зиянды түтінді тазалау дәрежесі кемінде 99% болатын № 1, №2 цехтардың газ тазарту құрылыстарын жаңғыртуда бүгінде жұмыстар аяқталды.
    Қоршаған ортаның бүлінуіне бірінші кезекте өнер­кәсіп қалдықтарының көлемі көбейіп келе жатқаны теріс әсе­рін тигізеді. Ауаның ластануы- адам денсаулығына, еккен егінге, жайылған малға да зиянын тигізбей қоймайды. Сондықтан, ауаға бөлінетін зиянды түтін, қалдықтарды бақылап, тексеріп, азайтуға мүмкіндік жасау керек,- дейді жауаптылар.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Komentáře •