«Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы (БАЛАПАН ҚАЗ) МЕКЕНІМ ҚАЗАҚСТАН!

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 5. 09. 2024
  • «Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан қасиетті Рамазан айында «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасы бастау алған болатын. Жоба аясында кезекті 5 отбасы еліміздің солтүстігіне қоныстандырылды. Олар:
    1. Сұлтамұратов Аманжол - Нұрғалиева Гүлзира
    Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы
    6 балалы отбасы
    2. Әйтімов Айдос - Сатыбалдиева Әлия
    Шымкент қаласы
    5 балалы отбасы
    3. Мақұлбеков Мұрат - Сұлтанбекова Ғалия
    Алматы облысы, Шамалған ауылы
    4 балалы отбасы
    4. Баймырзаев Абзал - Маханова Перизат
    Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті
    5 балалы отбасы
    5. Байғұлов Мұратбай - Ұзақова Гүлнұр
    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылы
    6 балалы отбасы
    Қор тарапынан жоба қатысушыларына:
    - Сергеевка қаласынан үй алынды;
    - Жарты жыл көлемінде 60 000 теңге;
    - Кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге;
    - Оқушы балалардың ЖАҢА оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары ;
    - Үйінің ауласына картоп, сәбіз, орамжапырақ егуге бір реттік дәні (семена);
    - Қыс басталғанда бірінші жылы 8-10 тонна отын;
    - Көшу, жол шығындары толығымен қор тарапынан төленді;
    - Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.
    Жоба Дәулет Төлеутайұлының ҚАЙЫРЫМДЫ ОҚЫРМАНЫ арқасында жүзеге асты.
    Дәулеттің оқырмандары - Қайырымдылықтың нағыз бренді!
    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне, кәсіпкерлерге, белсенділерге,еріктілерге алғыс білдіреміз!
    ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
    / dauletten_qory
    #Балашағаменсолтүстікке #солтүстікқазақстан #dauletten #қайырымдыжандар #дәулететтенқоры #qazaqstan #қазақстан #МекенімҚазақстан #Біздіңжер #Елімменің #Отаным #СҚО #сқожаңалықтары #тренды #отбасы #баспанағабағыт #ауылым

Komentáře • 42

  • @altaychultukov
    @altaychultukov Před 2 lety +6

    Қазағымның ырысы арта берсін! Өздеріңдей елге жаны ашитын азаматтар көп болғай! Ел болып бастамаларыңды қолдап жатқан қалың қазаққа мың алғыс! Аллам жобаларыңды баянды қылып, теріскейіміз қара көздерімізге толсын! Әумин!

  • @bakytkarabassova5296
    @bakytkarabassova5296 Před 2 lety +5

    Керемет!!! Өзіңдей ұлдарымыз көп болсын. Жүрегіңнен айналдым, жаным. Еңбегіңді ақтап барған отбасылары сол жерде өсіп- өркендеп, бақытты ғұмыр сүрсін. Бүлдіршіндер өзің сияқты білімді де саналы, салиқалы ұрпақ болып өссін 🤲🤲🤲. Артыңнан ерген армияң, халқың аман болсын. Берген садақаларымыз Алладан еселеніп қайтсын. Қазақ болып туғаныма мақтанамын!!!

  • @maulenoskenbay7786
    @maulenoskenbay7786 Před 2 lety +5

    Керемет, Дәке! Алыстағыны ойламаған, жақыннан уайым табады дегендей. Қазірден ел боламыз десек бесігімізді түзеп әр өңірде қазақ ұлтының санын арттыру керек.

  • @nurbolnassipov474
    @nurbolnassipov474 Před 2 lety +3

    Қазақтың болашағы үшін атқарып жатқан істеріңе береке берсін🤲

  • @user-nk2lg7td3c
    @user-nk2lg7td3c Před 2 lety +1

    Даулет мырзаға Алла разы болсын.

  • @user-oc8ju8dg7f
    @user-oc8ju8dg7f Před 2 lety +3

    Дәулет, әрбір игілікті істеріңнің берекесі арта берсін!

  • @user-he6if7mu5t
    @user-he6if7mu5t Před 2 lety +3

    Керемет шыгыпты мың алғыс сиздерге

  • @otdyhvkadre
    @otdyhvkadre Před 2 lety +4

    Керемет, Аллаға шүкір 🙏🙏🙏😍😍😍

  • @user-md4rk5vd3m
    @user-md4rk5vd3m Před 2 lety

    Дәулет, енбегиннин жемисин көре бер. Денин сау, отбасын аман болсын.

  • @shef.sultan
    @shef.sultan Před 2 lety

    Керемет!

  • @SamsungA-ix3vp
    @SamsungA-ix3vp Před 2 lety +2

    Керемет. Қолдаймын.👍

  • @user-oe8wx1ub5b
    @user-oe8wx1ub5b Před 2 lety +1

    Менің бауырым алтын ғо🥰 Алла ісіңе береке берсін 🙏❤

  • @aidarturymbekov541
    @aidarturymbekov541 Před 2 lety +2

    Тек қана алға, Даулет! ✊✊✊

  • @user-gw8vl1ch6u
    @user-gw8vl1ch6u Před 2 lety

    Бір Алла қолдасын

  • @Qazaq_zhihaz
    @Qazaq_zhihaz Před 2 lety +1

    Бәрекелді құтты берекелі болсын 👍👍👍👏👏👏✊️✊️✊️

  • @user-wq8vj2sj5w
    @user-wq8vj2sj5w Před 2 lety

    Ма шаа Аллах

  • @Sezin_tour01
    @Sezin_tour01 Před 2 lety +1

    Керемет. Қоныстары құтты болсын.

  • @janarbirimkulova1118
    @janarbirimkulova1118 Před 2 lety +4

    Қазақтар Алматы мен Шымкетке жинала бермей ,Солтүстікке барыңдар.Бір аулаға үш үй салмай қазақтың кең-байтақ даласына көшіңдер. Менде біраз жыл бұрын Павлодар облысы ,Екібастұз қаласына көшіп келгенде көп орыстар еді . Қазыр қазақтардың қарасы көбейді,шүкір

  • @nurbolnassipov474
    @nurbolnassipov474 Před 2 lety +1

    Дәука Алла разы болсын🤲❤️❤️

  • @doctor_makazhanova
    @doctor_makazhanova Před 2 lety

    Шал Ақын ауданы Сергеевка менім нағашыларымның мекені, керемет 👍жерғой

  • @issaazamat
    @issaazamat Před 2 lety +1

    Ісің оңға баса берсін, Дәулетжан👏🏻👏🏻👏🏻 Әркез қолдаймын!

  • @user-hz6el5gq1v
    @user-hz6el5gq1v Před 2 lety +1

    Керемет👏 Алла әрбір істің қайырын һәм берекесін берсін🙌

  • @user-vj8so1yp3n
    @user-vj8so1yp3n Před 2 lety +1

    Керемет 😍😍😍

  • @aminadaribekova4518
    @aminadaribekova4518 Před 2 lety

    👍👍👍

  • @shef.sultan
    @shef.sultan Před 2 lety

    🔥🔥🔥🔥

  • @user-dm7yy6hy8g
    @user-dm7yy6hy8g Před 2 lety +1

    🔥🔥🔥👏👏👏👍👍👍

  • @shef.sultan
    @shef.sultan Před 2 lety

    👏👏👏👏

  • @user-ul7cr1hh5l
    @user-ul7cr1hh5l Před 2 lety +1

    Тагы коширемекен менде отбасымммен баргым келеди 4бопем бар куиеуим екеумизде диплом бар казир жумысссызбыз тек 4баланын акшасымен отырмыз куйеуим ббалык аулаиды кысы жазы

    • @user-kb3xc5bl7f
      @user-kb3xc5bl7f Před 2 lety

      Солтүстікте балық аулауға көл көп барсаңыз жұмыс табылады

  • @moldirilyas5144
    @moldirilyas5144 Před 2 lety +1

    Өте керемет😻✨

  • @jarkinbeisenov3449
    @jarkinbeisenov3449 Před 2 lety +1

    👏🏻👏🏻👏🏻

  • @daulettenteam
    @daulettenteam Před 2 lety +1

    😍😍😍🔥

  • @user-oe8wx1ub5b
    @user-oe8wx1ub5b Před 2 lety

    🤩🤩🤩🤩❤❤❤❤❤

  • @khalelova08
    @khalelova08 Před 2 lety

    😍😍👏🏻👏🏻

  • @user-yx7wv3gt8y
    @user-yx7wv3gt8y Před 2 lety

    😍😍😍😍

  • @user-px8us8wq5k
    @user-px8us8wq5k Před 2 lety +1

    қалай көшсек болады? жас отбасымыз 3баламыз бар жолдасымда менде диплом бар! бірақ оңтүстікте жұмыссызбыз орын жоқ жұмысқа.

  • @user-ie3qd8ze7g
    @user-ie3qd8ze7g Před 2 lety

    Қандааай керемет

  • @user-pl2re2ig4r
    @user-pl2re2ig4r Před 2 lety

    Даулет мырза осы жаққа қалай бара аламыз барғым келер еді менің жолын білмеймін

  • @Big_family
    @Big_family Před 2 lety

    Әссәләму'алайкум менде 9 балам бар қалай қатысады екен

    • @bakytkarabassova5296
      @bakytkarabassova5296 Před 2 lety

      Инстаграм парақшасына кіріп жазыңыздар. @dauletten_qory

  • @user-rs9ni5xd3b
    @user-rs9ni5xd3b Před 2 lety

    😍😍😍